Гүлжаухар айтқҰлова, «Қ. Бектаев атындағы жалпы орта мектебі» кмм-нің бастауыш сынып мұғалімі. Мақсаты айқын айбынды мемлекетке айналдық



жүктеу 14.68 Kb.
Дата05.08.2018
өлшемі14.68 Kb.

Гүлжаухар АЙТҚҰЛОВА,

«Қ.Бектаев атындағы жалпы орта мектебі» кмм-нің бастауыш сынып мұғалімі.
Мақсаты айқын айбынды мемлекетке айналдық
Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жыл сайын халыққа өз Жолдауын арнап, тәуелсіз Қазақстанның дамуының басты бағыттарын белгілеп келеді.

Соның нәтижесінде, егемен еліміз жаңа биіктерді бағындырып, мақсаты айқын айбынды мемлекетке айналдық.

Президенттің қай Жолдауын алсақ та, халықтың тұрмысын жақсартып, ел экономикасын көтерумен қатар, жастарды білім мен ғылымға шақырғанын аңғарамыз.

Жолдаудың ең салмақты тұсының бірі – білім мен ғылым саласы.

Биылғы Жолдауда да білім саласына айрықша көңіл бөлінді. Еліміз болашағынан мол үміт күтетін ұрпақтың, білім деңгейін, шығармашылық қасиетін дамытуға барлық жағдай жасалған. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев әр жылғы Жолдауларында жастардың дұрыс тәрбие алуы мен білім деңгейлеріне ерекше назар аударып келеді.

Президентіміздің «Төртінші өнеркәсіптік рево­лю­ция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында ел дамуына қатысты ең негізгі 10 басым бағытын айқындап берді.

Жолдаудың жетінші бағыты – адам капиталының жаңа сапасы туралы мәселе болып табылады.

«Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет», - деген Елбасы одан әрі бұл міндетті шешудің жолдарын нақтылай түседі. Соның ең бастысы білім беру бағдарламаларын өзгерістерге үнемі бейімдеу және жаңа білімді меңгерту қабілетін дамыту.



Қазақ тілін оқыту, орыс және ағылшын тілдерінде білім беру арқылы жастардың интеллектуалды қабілетін жоғарылату мәселесі де назардан тыс қалмады. Білім беру жүйесінің барлық деңгейі экономиканың бүгінгі қажеттілігіне сай болуы тиіс. Бұл орайда мұғалім мамандығының қадір-қасиетін барынша арттыру қажет делінген. Елбасының биылғы Жолдауы – барша қазақстандықтарды ортақ мақсатқа жұмылдыратын, біртұтас ұлт болу қадамымызды айқын көрсететін маңызды құжат. Оны жүзеге асыруда ұстаздар қауымының қосар үлесі мол.

Ордабасы ауданы.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Алтын күз Атырау облысы Атырау қаласы Махамбет ауданы Алға орта мектебінің Шағын орталық топ
2018 -> Ысқақова Айнұр Жанболатовқызы, СҚО, Ақжар ауданы, Айсары ауылы, «Айсары негізгі мектебі»
2018 -> Қуыршақты шомылдыру
2018 -> Жарманың өнімдерінің құрамында
2018 -> Мектеп: №46 жобб мектебі Мерзімі: 5. 01. 2018ж №7 Мұғалім Митанова г сынып «Г» Оқушылар саны 12 Тақырып
2018 -> Сабақ тақырыбы: «Дәнекерлеудің мәні қызметі және түрлері»


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет