Гүлмира Темірова



жүктеу 35.97 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі35.97 Kb.

Гүлмира Темірова,

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік

Қазақстан мемлекеттік

университетінің пайдаланушыларға

қызмет көрсету және корларды

сақтау бөлімінің басшысы.



Әлемдік білім қазынасы -қазақ тілінде
"Біздің әлеуметтік және гуманитарлық біліміміз ұзақ жылдар бойы бір ғана ілімнің аясында шектеліп, дүниеге бір ғана көзқараспен қарауға мәжбүр болдық. Әлемнің үздік 100 оқулығының қазақ тілінде шығуы 5-6 жылдан кейін-ақ жемісін бере бастайды. Сол себепті, уақыт ұттырмай, ең заманауи, таңдаулы үлгілерді алып, олардың қазақ тіліндегі аудармасын жасауымыз керек" - деген болатын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында. Айналасы бір жылдық ішінде сол сөздердің шындығына көз жеткізіп отырмыз.

Елбасымыздың аталмыш мақалада атап көрсеткен арнайы жобаларының қатарында "Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық" бастамасы бар. Бұл жобаны іске асыру үшін "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қоры құрылып, ол еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарымен бірлесе отырып, алғашқы он сегіз оқулықты қазақ ті-ліне аударды. Оқулықтар философия, әлеуметтану, психология, дінтану, мәдениеттану, тіл білімі, антропология, экономика, менеджмент және кәсіпкерлік бағыттарын қамтиды. Аударма жұмысына жүзден аса оқытушы ғалым, аудармашы, редакторлар мен баспагерлер тартылды.

Ғылыми таным - заманауи ұлттың бәсекеге қабілетті болуының басты шарты. Жаңа оқулықтар білімнің нағыз энциклопедиясы және олар эксклюзивті гуманитарлық кітапхана болып саналады. Бұл оқулықтар көпшілік үшін кітап түрінде, электронды онлайн нұсқасында және үздік лекторлардың ашық дәрістерінің видеотекасы сияқты үш форматта қолжетімді болмақ. Кітаптар латын қарпінде басылып шығарылғаннан кейін, оларды шетелде тұратын жастарымыз да оқи алатын болады.

Бүгінгі таңда М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасына 18 жаңа кітап келіп түсті. Жаңа оқулықтар ғылымның дамуына және білім беру ісінің одан әрі жетілуіне өз үлестерін қосатын болады.

Гарвард университетінің профессоры, экономист Николас Грегори Мэнкью мен

Марк Тейлор жазған "Экономикс" оқулығында қаржы дағдарысы мен оның себептері, дағдарыстан кейінгі әлем және жаңа теориялардың пайда болуына қатысты тың деректер келтірілген. Экономика қай кезде де бүкіл әлемнің ең басты мәселесі екенін ескерсек, бұл оқулықтың қаншалықты маңызды екені айтпаса да түсінікті. "Экономикс" кітабы Оксфорд, Кембридж университеттерінде оқытылуының өзі-ақ көп жайтты білдіреді.

"Менеджмент" оқулығы жоспарлау, жүргізу, ұйымдастыру және бақылау ісінің қыр-сырын түсіндіреді. Әлемнің ең мықты алты бірдей жоғары оқу орнында оқытылатын бұл еңбекте жасыл технологиялардың әлемдік менеджментке әсері, басқару саласындағы жедел өзгерістерге бейімделу және тағы басқа өзекті мәселелер қамтылған.

Давос Бүкіләлемдік экономикалық форумының негізін қалаушы және президенті, әлемге әйгілі экономист, профессор Клаус Швабтың қаламынан туған "Тертінші индустриялық революция" кітабының да қазақ тіліне аударылуы отандық ғылымның дамуына елеулі үлес қосатыны сөзсіз.

Бүгінгі техника мен байланыс құралдарының дамуымен жеке адамдар арасындағы, ұлтаралық, мәдениетаралық байланыс еш кедергісіз, саяси немесе экономикалық шектеуді елемей, табиғи жолмен еркін өріс алуда. Сондықтаң Светлана Тер-Минасованың "Тіл және мәдениетаралық коммуникациялар" атты кітабы кез келген салада қызмет ететін мамандарға қажет.

Виктория Фромкин, Роберт Родман, Нина Хайамстың "Тіл біліміне кіріспе" деп аталатын оқулығы студенттерге лингвистика мәселелері жөнінде жүйелі білім алуға, фонетика, грамматика, морфология және синтаксис туралы ақпарат береді.

Дэвид Бринкерхоф, Роуз Уейтс, Сюзан Ортеганың "Әлеуметтану негіздері" атты оқулығында әлеуметтанудың негізгі ұғымдары, зерттеу әдістері мен теориялары сараланып, үкіметтегі, бизнестегі, коммерциялық емес ұйымдардағы және қоғамдағы рөлі көрсетіледі.

Біздің мақсатымыз айқың бағытымыз белгілі, ол - әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу болса, философия, әлеуметтану, психология, экономика, менеджмент, кәсіпкерлік, дінтану, лингвистика, мәдениеттану, антропология, журналистика ғылымдарын қамтитын бұл оқулықтар жастарымыздың әлемдік озық үлгіде білім алуына даңғыл жол ашып отыр. Сондай-ақ, аталған кітаптар өзіміз емір сүріп отырған қоғамды тануға, әлемдегі жаңа тенденциялардың мәні мен маңызын түсінуге мол мүмкіндік береді.



Оқулықтар арқылы санамызды жаңғырта отырып, бәсекеге қабілетті маман даярлай аламыз. Экономикамыз дамыса, рухани көкжиегіміз кеңейеді. Жағдайымыз да жақсарады. "100 жаңа оқулық" жобасы біздің университеттің оқытушылары мен студенттері үшін - таптырмас құндылық, теңдессіз олжа. Алдағы жаңа оқу жылынан осы оқулықтар білім бағдарламасына енгізіліп, оқытыла бастайды. Бұл оқулықтар - өзге этнос өкілдерімен жұ-мыс істейтін әлеуметтанушылар, дипломаттар, экономистер үшін таптырмас құрал Сонымен қатар оларда барлық ғалымдар мен оқытушыларға пайдалы ғылыми ақпарат молынан беріледі.

// Қызылжар нұры.- 2018.- 15 маусым.
Каталог: files -> user
user -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
user -> Виктор бондаренко
user -> Д. А.ҚОнаевтың туғанына 105 жыл толуына орай «ДӘуір данасы» даналық баспалдағының Өткізілу сценарийі
user -> «Тәуелсіздік» алаңы 20. 09. 2014 ж сағ. 12. 00
user -> Регламент государственной услуги «Выдача пропуска на въезд в пограничную зону иностранцам и лицам без гражданства»
user -> Жылдың басты оқИҒалары
user -> «балалар әдебиетін зерттеу» АҚпарат сағаты


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет