Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халық арасында белгілі бір тұлғаларға қатысты талқылау көбейіп бара жатқанына назар аударды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде президент Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкеновтің “Халқымыздың көрнекті тұлғалары бірін-бірі мойындап, өзара құрмет көрсете білсе, ұлтымыз ұйыса түседі” деген сөзін алға шығарады.

“Қазір ертеде өткен оқиғаларға, белгілі бір тұлғаларға қатысты талқылау көбейіп барады. Қаламгерлеріміз, тіпті, Шыңғыс ханның тегі кім деп, айтысып-тартысып жататын болды. Кеңес заманындағы тұлғаларды, әсіресе, Алаш көсемдері мен Кеңес қайраткерлерін салыстырып, бір-біріне қарсы қояды. Дәл осындай сөз тартыстарының ақиқатына жету қиын, жеткеннің өзінде ел ішіне іріткі салатын мұндай дау-дамайдың еш қажеті жоқ”, – дейді Тоқаев.

  • Құрылтай – ешқашан той тойлап, әңгіме-дүкен құратын жиын болған емес – Тоқаев
  • Қазақстан президенті Ұлттық құрылтайдың не себепті ертерек өткізіліп отырғанын түсіндірді

Мемлекет басшысы әр дәуірдің өз ерекшелігі бар екенін атап өтті.

“Әрбір тұлға өзінің көзқарасына, дүниетанымына қарай және өз қоғамының мүддесіне сәйкес елге қызмет етті. Олар, яғни, сол заманның қайраткерлері бір кездері ұстанған бағытына бола дауласса, ендігі ұрпақ кімнің ісі дұрыс, кімдікі бұрыс деп даурығып жүр. Жалпы бұрынғы және қазіргі тарихтың түрлі кезеңдерін, тұлғаларын бір-біріне қарсы қоюға болмайды. Түптеп келгенде, мұның бәрі – біздің тарихымыз. Бұл – халқымыздың жүріп өткен жолы. Сол себепті, қалай десек те, тарихымызға шынайы көзбен қарап, оны сол қалпында қабылдауымыз керек. Ұлт жылнамасы елді біріктіретін фактор болуға тиіс", – дейді Тоқаев.

Бұған дейін мемлекет басшысы тіліміздің қолданылу аясын кеңейту мәселесіне тоқталған.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.