Гомосексуализм және житс дәрігерлер осы ауруды бастапқыда «гомосексуалистердің иммун тапшылығы»



жүктеу 30.07 Kb.
Дата07.03.2019
өлшемі30.07 Kb.

Гомосексуализм және ЖИТС

Дәрігерлер осы ауруды бастапқыда «гомосексуалистердің иммун тапшылығы» деп атады. Ешкім де ЖИТС-тен емделіп шыға алмады. Осы аурумен алғаш рет Лос-Анжелестен американ докторы Майкл Готтлиб ұшырасты деп ресми саналады.Оны 1980 жылғы күзде өкпесі қабынған өлейін деп жатқан адамға консультация беруге шақыртады. Отыз жастағы пациент, гомосексуалистің түрі жаман еді: бозарған, боп-боз, арықтаған. Табанды Готтлиб ауруды зерттеуді ұйғарады, және нәтижесін алып қатты таң қалады. Өкпенің аса қатты ауруы - тіпті сәбиге де зиян тигізуге қауқарсыз әлсіз микроорганизм — пневмоцист болып шықты. Ересек пациенттің организмі осындай күлкі тудыратын инфекцияға қарсы тұруға неге шамасы келмеген? Науқас иммунитетінің талдамасы, микробтармен күресуге тиіс жасушалардың толықтай жоқ екендігін көрсетті. Готтлибке оғаш ауру туралы ой тыныштық бермеді, және ол иммун тапшылығының басқа да оғаш жағдайлары туралы әріптестері арасынан анықтама жинайды. Оның жеке дәрігер Джойл Вайсманмен кездесуі шешуші іс болды. Джойл клиенттерінің едәуір бөлігін жас гомосексуалистер құрады. Содан бастап доктор бірнеше жыл бойына, осылардың біресе біреуінен, біресе тағы басқасынан салыстармалы түрде әлсіз микроорганизмнен туындаған, ауруды бақылайды. Оларға ешқандай дәрі-дәрмек көмектеспеді, науқастар күн өткен сайын өздерін нашар сезінді. Иммунитетін тексергенде Вайсман пациентінің бойында инфекцияны жоюға жауапты иммунды жасушалардың жоқ екендігін көрсетті. Осы кезде Готтлибке тағы да өкпесі қабынған пневмоцисті бар бірнеше науқастар өтініш жасайды.



«Пациент zero» ретінде Гаэтан Дугас тарихта қалады. ЖИТС-тің бар екендігін әлі ешкім білмейтін кезде, сонау 1979 жылы Дугастың бойында қатерлі аурудың алғашқы белгілері пайда болады. Ісінген жұлын жүйесі мен әлсіздігін, жас гей тұмаудың ауыр түрі деп қабылдайды. Кейінірек ол пневмоцисті өкпе қабынуынан қиындықпен емделіп шығады. Екі жылдан кейін ғана дәрігерлер оған «саркома Капоши» диагнозын қояды, Гаэтан өз денсаулығындағы қиын проблеманы ұғынады. 1984 жылы «пациент zero» ЖИТС-тен өледі. ЖИТС-тің жұқпалы екендігі түпкілікті анықталған кезде, ғалымдар ауруды қоздырушыны іздей бастайды. Вирусты ашу артықшылығы французға бұйырады. 1983 жылы Люк Монтанье құпия ЖИТС –тың себебін – ретровирустар тұқымынан, лентивирустар кіші тұқымдасынан (латынның “lente” — «баяу») шығатын уақ микроорганизм екендігін дәлелдейді. ЖИТС вирусынан басқа, осыған қойлар мен жылқыларды болатын баяу өлімге ұшыратын инфекцияларды қоздырушылар да кіреді. Жаңа микроорганизм әр түрлі зертханалардан бірден бірнеше атауға: LAV (lymphoadenovirus — лимфоаденовирус), HTLV-2 (human T-lymphotropic virus — адамның Т-лимфотропты вирусы) және HIV (human immunodeficiency virus — адамның иммун тапшылығы вирусы, АИТВ) ие болады. Кейіннен осы вирусты АИТВ деп атауға келіседі. Қазіргі кезде ол АИТВ-1 атауына ие болды, себебі АИТВ-2 деп аталатын, онымен ұқсас тағы бір қоздырғыш бөлініп шықты. Көп ұзамай өз вирустарын американдықтар да табады. Шындығында, қатерлі ісіктің такаппар институты француздың LAV екінші рет ашады, ал америка ғалымдары адам иммунитетін растайтын ретровирустың жаңа тұрпатын (ARV) анықтады. Сол 1983 жылдың ортасында дүние жүзінде ЖИТС-пен ауыратындар саны бір жарым мыңдай болды, дегенмен де ғалымдар жасымады. Енді, «жауын түрінен» тани отырып, олар таяудағы бірнеше жылда оны емдейтін дәрі ойлап табатындығына үміт артты. Бірінші кезекте, неге АИТВ адамды өлімге ұшырататынын ұғыну керек болды. Оның жауабы бірден табылды. Өйткені, вирус барлық жасушаларда көбеймейді, қайта инфекциядан қорғануға жауапты иммундарда ғана (Т-лимфоциттерде) көбеюге қабілетті екен. АИТВ қожайынның жасушасына жабысып алып, ішке еніп, оның жұмысын өзгерте бастайды екен. Осыған шалдыққан жасуша тез арада жаңа вирустарды жинақтайды, ал өзі қырылып жойылады. Ақыр соңында, адам қорғайтын жасушаларсыз қалады, және кез келген бейкүнә инфекция олны өлімге ұшыратады. Сырқаттануды шартты түрде үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезеңінде иммун тапшылығының вирусы адамның қанына келіп түседі. Организм басқыншыдан құтылуға талаптанғанмен қабынумен қабыл алады. Пациенттің бойында температура көтеріледі, әлсіздік пен жұлын жүйесінің ұлғаюы пайда болады. 1-ден 12 жылға дейін созылатын екінші кезеңінде, адам толықтай дені сау көрінеді, алайда оның бойындағы лимфоциттер саны үнемі азаяды. Вирус уақытша енжар күйге ауысады («қалғиды»), дәрігерлер мұндай пациентті вирус тасымалдаушы деп атайды. Алайда, АИТВ кез-келген уақытта белсенді бола алады, бұл ЖИТС – инфекциясының үшінші кезеңіне әкеледі. Бұл саты, жиі және ауыр түрде қайталанатын не қатерлі ісіктің пайда болатындығымен сипатталады. Мұндай инфекциялар оппортунистік, ал осылардың ЖИТС кезінде тән болатын жинағы – байланысқан кешенді ЖИТС деген атауға ие болды.

Сенім пунктінің Жаңаөзен қ. филиалының меңгерушісі Э.Акгушаков.
Каталог: pagefoto -> docfile
docfile -> Жыныстық жолмен және аитв арқылы берілетін жұқпалар
docfile -> Аутрич работа
docfile -> Внеочередное донесение о смерти вич-инфицированного больного Косый Сергей Анатольевича 1977гр
docfile -> Вич и Беременность
docfile -> «житс-21 ғасыр дерті»
docfile -> Туберкулёз у людей, живущих с вич
docfile -> Туберкулёз у людей, живущих с вич
docfile -> Профилактика единственное доступное и достаточно эффективное средство, которое мы можем использовать в широких масштабах и которое может помочь населению противостоять этой болезни
docfile -> Вич-инфекция среди наркоманов


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет