Государственные нормативы в области архитектуры, градостроительства и строительства



жүктеу 0.75 Mb.
бет2/4
Дата07.02.2019
өлшемі0.75 Mb.
1   2   3   4


Енгізілген күні 2015-07-01
1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ
1.1 Осы құрылыс нормалары сұйық мотор отынына арналған резервуарлары жер астында және жер үстінде орналасқан стационарлық типтегі автожанармай станцияларын (АЖС) орналастыруға, жобалауға, құрылысына және пайдалануға беруге қойылатын негізгі талаптарды белгіленеді.

1.2 Құрылыс нормалары өндірістегі еңбек қызметіне қажетті жағдай туғызу мен АЖС құрылысын салу және пайдалануға беру кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қоса, адамның өмірі мен денсаулығын өндірістік ортаның жағымсыз әсерлерінен қорғау мақсатында АЖС орналастыруға, жобалауға, құрылысын салуға, реконструкциялауға және техникалық қайта жарақтандыруға қойылатын жалпы талаптар негізделеді.

1.3 Құрылыс нормалары ведомстволық тиістілігіне, меншік түрі мен әртүрлі ұйымдастырушылық-құқықтық түрлеріне тәуелсіз, стационарлық АЖС барлық түрлеріне тарайды.
2 НормативТІК сІЛТЕМЕЛЕР
Осы құрылыс нормаларын қолдану үшін келесі сілтемелік құқықтық және нормативтік құжаттар керек:

Қазақстан Республикасының 03.04.2002 жылғы № 314-II «Қауіпті өндірістік объектілердегі өнеркәсіптік қауіпсіздік туралы» заңы.

Қазақстан Республикасының 22.11.1996 ж. № 48-I «Өрт қауіпсіздігі туралы» заңы.

Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 қарашадағы № 603-II ЗРК «Техникалық реттеу туралы» заңы.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі № 242-ІІ «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» заңы.

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі № 245-II «Автокөлік жолдары туралы» заңы.



2002 жылғы 4 желтоқсандағы N 361-2 «Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салатауаттылығы туралы» заңы.

Қазақстан Республикасының 09.01.07 ж. № 212-III Экологиялық кодексі.

Қазақстан Республикасының 2003 ж. 20 маусымдағы № 442-II ЗРК Жер кодексі.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 16.01.2009 ж. №14 қаулысымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламенті.



Ресми басылым
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29-мамырдағы № 514 қаулысымен бекітілген «Мұнай базалары мен автокөлікке жанармай құю станцияларының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29-тамыздағы № 803 қаулысымен бекітілген «Өндірістік нысандардағы дабылдық түсті белгілерге, қауіпсіздік белгі таңбалары мен белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 29-тамыздағы № 796 қаулысымен бекітілген «Ғимараттарды, үй-жайларды және имараттарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы, хабарландыру және өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтауға қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 17-қарашадағы №1202 қаулысымен бекітілген «Ғимараттар мен имараттардың, құрылыс материалдары мен өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

ҚР ҚН 3.01-03-2011 Өнеркәсіп кәсіпорындарының бас жоспарлары.

ҚР ҚН 3.02-15-2003 Технологиялық жобалау нормалары. Мұнай және мұнай өнімдерінің қоймалары.

ҚР ҚН 3.06-01-2011 Ғимараттар мен имараттардың қозғалысы шектеулі топтарға қолжетімділігі.

ҚР ҚН 4.04-23-2004* Тұрғын және қоғамдық ғимараттарды электр құрал-жабдықтарымен жадықтау. Жобалау нормалары.

ҚН 527-80 10 МПА дейінгі ру болат құбырларын жобалау жөніндегі нұсқаулық.
ЕСКЕРТПЕ Осы мемлекеттік нормативті пайдалану кезінде сілтемелік нормативтік құжаттардың қолданысын жыл сайын басып шығарылатын тізімдемелер мен ағымдағы жылдың көрсеткіштері және ай сайын басып шығарылатын тиісті ақпараттық бюллетендер мен ағымдағы жылы жарияланған көрсеткіштер бойынша тексеру мақсатқа сай келеді.

Сілтемелік нормативтік құжат ауыстырылған (өзгертілген) жағдайда, осы мемлекеттік нормативті қолданған кезде ауыстырылған (өзгертілген) құжатты қолданған жөн.

Сілтемелік құжат ауыстырусыз күші жойылған жағдайда, оған сілтеме жасалған ереже сол сілтемеге қатысы жоқ тұрғысында ғана қолданылады.
3 ТерминДЕР, АНЫҚТАМАЛАР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
3.1 Осы құрылыс нормаларында тиісті анықтамалары бар келесі терминдер қолданылады:

3.1.1 Автоматтандырылған АЖС: технологиялық жүйесі көлік құралдарына сұйық мотор майын құюға арналған және резервуарларының жер астында орналасуымен және мұнай өнімдерін ОТК арқылы автоматтандырылған (оператордың қатысуысыз) жіберумен сипатталатын стационарлық АЖС.

3.1.2 ААЖС қызметтік ғимараты: ААЖС қызмет көрсетуші жұмыскерлердің үнемі болуын талап етпейтін құрал-жабдықтары мен аспаптарын орналастыруға арналған ғимарат.

3.1.3 Модуль: АЖС көлік құралдарына сұйық мотор майын құюға арналған және резервуарларының жерүсті орналасуымен және ОТК мен біртұтас зауыт өнім ретінде отын сақтайтын резервуарлардың әр жерге қойылуымен сипатталатын технологиялық жүйесі.

3.2 Осы нормативтік құжатта келесі қысқартулар қолданылады:

3.2.1 АЖС: Автокөлікке жанармай құю станциясы.

3.2.2 ААЖС: Автоматтандырылған автокөлікке жанармай құю станциясы.

3.2.3 ОТАЦ: Отын тасымалдауға арналған автокөлік цистернасы.

3.2.4 ЖЖМ: Жанар-жағар майлар.

3.2.5 БӨО: Бақылау-өлшеу орны.

3.2.6 АТКШ: Алаудың таралуының төменгі концентрациялық шегі.

3.2.7 ОТШ: Оталудың төменгі шегі.

3.2.8 СҚА: Санитарлық қорғаныс аймағы.

3.2.9 ОТК: Отын тарату колонкасы.


4 МАҚСАТТАРЫ МЕН ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ТАЛАПТАРЫ
4.1 Мақсаттары
Құрылыс нормалары:

- еңбек қызметі үшін қажетті жағдайларды жасауды қоса, адамның өмірі мен денсаулығын өндірістік ортаның жағымсыз әсерінен сақтау;

- АЖС пайдалану кезінде адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

- әртүрлі табиғи және техногендік әсерлер мен құбылыстар жағдайында АЖС қорғаудың қажетті деңгейін қамтамасыз ету;

- өрттің көршілес ғимараттар мен имараттарға таралуының алдын-алу, кәсіпорындарды өртке қарсы құралдармен жабдықтау, өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды қамтамасыз ету;

- қозғалыс мүмкіндігі шектеулі адамдардың кәсіпорын аумағына кіруге қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсаттарында сұйық мотор отынына арналған резервуарлары жер астында және жер үстінде орналасқан АЖС-ге ҚР аумағында тікелей қолдану мен орындау үшін міндетті болып табылатын жалпы қауіпсіздік талаптарын белгілейді.


4.2 Функциональдық талаптар
4.2.1 АЖС және оның төңірегіндегі аумақтар пайдалануға қойылатын талаптарды орындау кезінде жазатайым оқиғалардың, адамдарды жарақаттау және оның өмірі мен денсаулығына қауіп төну ықтималдығы барынша кем болатындай жобаланып, салынуы керек.

4.2.2 АЖС орналастыру, жобалау, құрылысын салу мен пайдалануға беру табиғи-климаттық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы, қоршаған ортаны қорғау, гигиена, адам денсаулығын сақтау талаптарының есебімен, өнеркәсіптік және өртке қарсы қауіпсіздік талаптарына, ҚР ҚН 3.01-03, [3] нормаларға сай орындалуы керек.

4.2.3 АЖС ғимараттары мен имараттары өмір циклының барлық кезеңдерінде қауіпсіздік талаптарына жауап беруі керек.

4.2.4 Адамдардың қауіпсіз жүруі келесі санитарлық-эпидемиологиялық және микроклиматтық жағдайлармен: жұмыс аймағының ауасындағы зиянды заттар мөлшерінің шекті рұқсатты мөлшерден астам мөлшерде болмауымен; үй-жайларда жылу мен ылғалдың барынша кем мөлшерде шығарылуымен; шу, діріл, ультрадыбыс деңгейінің, электр-магнитті толқындар деңгейінің, радиожиіліктердің, статикалық электр мен иондағыш сәулелендірудің шекті рұқсатты мөлшерден астам болмауымен, сонымен қатар дене жүктемелерінің, адам зейінінің шектеулі болуымен және жұмыскерлердің қажуының алдын алумен – қамтамасыз етілуі керек.

4.2.5 АЖС ғимараттары мен имараттары ғимарат пен имараттың ықтимал өртенуінің есебімен ең жағымсыз ауа-райы жағдайында да өрт көршілес ғимараттар мен имараттарға берілмейтіндей етіп орналастырылуы керек.

4.2.6 АЖС аумағының оған өрт сөндіру техникасы, техникалық құралдар, құтқару және медициналық қызметтер барлық жақтан кедергісіз кіре алатындай аралық жолдары, кіреберістері болуы керек.

4.2.7 АЖС аумағында өртке қарсы сумен жабдықтау жүйелерін орналастыруды қарастыру керек.

4.2.8 АЖС аумағы, ғимараттары мен имараттары өртті табу және сөндіруге арналған техникалық құралдармен жабдықталуы керек.

4.2.9 АЖС және оған жанасқан аумақтар пайдалануға беруге қойылатын талаптарды орындау кезінде жазатайым оқиғаларды, адамды жарақаттау және жүргіншілер, соның ішінде балалар мен егде адамдар жүрген кезде адам өміріне қауіп төндірмейтіндей және мүмкіндігі шектеулі адамдардың еңбек орнына кедергісіз жетуін қамтамасыз ететіндей жобаланып, салынуы керек.
5 СТАЦИОНАРЛЫҚ ТИПТЕГІ АЖС ҚОЙЫЛАТЫН ЖАЛПЫ ТАЛАПТАР
5.1 АЖС үш типке жіктеледі:

А типі – тәулігіне 500 және одан астам рет май құятын (қарбалас уақытында 135 және одан астам рет май құятын) және резервуарларының жалпы сыйымдылығы қоса алғанда 150 м3 құрайтын АЖС;

В типі – тәулігіне 250-ден 500 ретке дейін май құятын (қарбалас уақытында 80-нен 135 ретке дейін май құятын) және резервуарларының жалпы сыйымдылығы қоса алғанда 100 м3 құрайтын АЖС;

С типі – тәулігіне 250 ретке дейін май құятын (қарбалас уақытында 80 ретке дейін май құятын) және резервуарларының жалпы сыйымдылығы қоса алғанда 75м3 құрайтын АЖС.

5.2 АЖС жобалау осы құрылыс нормаларына, «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар», «Өндірістік объектілердегі дабылдық түсті белгілерге, қауіпсіздік белгі таңбалары мен белгілеріне қойылатын талаптар», «Ғимараттарды, үй-жайларды және имараттарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы, хабарландыру және өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтауға қойылатын талаптар», «Мұнай базалары мен автокөлікке жанармай құю станцияларының өнеркәсіпьік қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенттеріне және Қазақстан Республикасының басқа да белгіленген тәртіппен бекітілген заңнамалық және нормативтік-техникалық актілеріне сәйкес жүзеге асырылуы керек. АЖС бекітілген қала құрылысы құжаттамасына, Жерді пайдалану және құрылыс салу ережесіне, қала құрылысы регламенттеріне және ҚР ҚН 3.01-01, ҚР ҚН 3.02-15, [17] нормаларға сәйкес орналасуы керек.

5.3 АЖС қауіпсіз еңбек жағдайын жасауды, еңбек процестерін барынша автоматтандыру мен механикаландыруды, сонымен қатар қызмет көрсетуші жұмыскерлерге әдеттегі жағдайларда және апатты жағдайларда санитарлық-гигиеналық және тұрмыс жағдайын қамтамасыз етуді көздейтін бекітілген жобалар бойынша салынуы керек.

5.4 АЖС арнайы бөлінген алаңдарда, көліктерге кіру қолайлы болатындай етіп, құрылыс нормалары мен ережелерін, санитариялық, экологиялық және өртке қарсы талаптарды сақтап ұйымдастырылған магистралдарда орналасуы керек.

5.5 АЖС құрылысына арналған алаңды таңдау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылуы керек. АЖС алаңын таңдау актісіне техногендік технологиялық жүктемелер бөлігінде бағалау материалдары қоса беріледі.

5.6 Жол жиегінде немесе олардан тыс объектілерде кіреберіс жасау қажет болған жағдайда АЖС орналастыру үшін жер телімдерін беру туралы шешімдерді автокөлік жолдары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісу арқылы белгіленген тәртіп бойынша жергілікті атқару органы қабылдайды.

5.7 Қалалар мен басқа да елді мекендерде отынды сақтайтын резервуары жер астында болатын АЖС ғана орналастыруға рұқсат беріледі.

5.8 АЖС жобалаған кезде ҚР белгіленген тәртіппен қолдануға рұқсат етілген отын қабылдау, сақтау және беру технологиялық жүйелерін қолдану, ҚР ҚН 3.02-15 және [16] талаптары бойынша қарастырылуы керек.

5.9 АЖС отынды жеткізу арнайы автокөлік, теміржол көлігі, құбырлы көлік арқылы жүзеге асырылуы керек.

5.10 АЖС аумағында көлік құралдарының қозғалысы біржақты болуы керек. Осы жерде бөлек кіру және шығу жолдары қарастырылуы керек.

5.11 АЖС отынды төгу үшін отын құйылған автоцистернаның (АЦ) тұрағына арналған алаң қарастырылуы керек.

5.12 АЖС үшін өндірістік бъектілерді жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай санитарлық қорғаныс аймақтары жобаланады.

5.13 АЖС санитарлық қорғаныс аймағы АЖС құрылысын салу немесе реконструкциялау жобасымен бір уақытта әзірленетін абаттандыру және көгалдандыру жобасына сәйкес абаттандырылып, көгалдандырылуы керек.

5.14 Елді мекендердің селитебтік аумағынан АЖС ластану аймағының есебімен жеке жасыл желек жолағымен бөлектенеді. Жасылдандыру ауданы қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сай болуы керек.

5.15 АЖС аумағында транзиттік инженерлік жүйелерді жасауға болмайды.

АЖС аумағының үстіне байланыс және электр берілісі желілерін ауамен өткізуге де тыйым салынады.

5.16 АЖС инженерлік желілерін қолданыстағы нормативтік құжаттардың талаптарына сай орналастыру керек.

5.17 АЖС пайдалануға беруге дейін алаңда «Өндірістік объектілердегі дабылдық түсті белгілерге, қауіпсіздік белгі таңбалары мен белгілеріне қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сай өрт қауіпсіздігі белгілері ілінуі (орнатылуы) керек.

5.18 АЖС қолданылатын жабдықтар мен материалдар Қазақстан Республикасының аумағында сертификатталуы керек. Отын қабылдау, сақтау және беру технологиялық жүйесінің модульдері зауытта жасалған болуы керек.

5.19 Қоршаған орта әсерінің қарқындылығы дәрежесін бағалау мен жерүсті резервуарлары мен құбырлардың сыртқы үстіңгі қабатын тот басудан қорғау [2] сәйкес жүзеге асырылады.

5.20 Технологиялық процестерді әзірлеу, өндірістік ғимараттар мен имараттарды жобалау барысында, сондай-ақ, жұмыс орнын ұйымдастыру кезінде адамға жұмыс орнында әсер ететін шуды рұқсатты мәндерден аспайтын мәнге дейін азайтуға қатысты барлық тиісті шараларды:

- шу қаупі жоқ техниканы әзірлеу;

- [11] бойынша ұжымдық қорғаныс құралдары мен әдістерін қолдану;

- [12] бойынша жеке қорғаныс құралдарын қолдану керек.
6 СТАЦИОНАРЛЫҚ ТИПТЕГІ АЖС БАС ЖОСПАРЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
6.1 АЖС келесі жерлерге:

- қала құрылысы, тарихи-мәдени құндылығы жоғары аймақтарда;

- жол өтпелеріне және олардың астына;

- қалқымалы құралдарда;

- электр берілісі желілерінің астында және электр берілісі әуе жолының белдемінен тіреудің бір жарым еселік биіктігінен кем қашықтықта;

- «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 11-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес анықталған минималдық рұқсатты қашықтық жоқ болған кезде өндірістік аймақта орналастыруға тыйым салынады.

6.2 АЖС оқшауланған жер телімінде, көбінесе басым болатын желдерге қатысты тұрғын үйлердің ық жағына әне халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы, қоршаған ортаны қорғау, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар саласындағы уәкілетті органдармен келісілген жобалық құжаттамаға қатаң сәйкестікпен орналастыру керек. ҚР ҚН 3.01-03, ҚР ҚН 3.01-01 нормаларына сай, АЖС аумағын келесі функционалдық аймақтарға бөлу керек: кіру аймағы, май құю аймағы, қызмет көрсету аймағы, май сақтайтын резервуарлар аймағы, тазартқыш имараттар аймағы және көмекші аймақ.

6.3 ТҚКС, АЖС, автокөлік жуу орындары мен басқа қызмет көрсету объектілерін бір алаңда біріктірілген жағдайда, олар мен отын сақтайтын резервуарлар арасындағы қашықтықты сақтау керек.

6.4 АЖС автокөлік кәсіпорындарының аумағында орналастырған жағдайда, АЖС ғимараттары мен имараттарының осы кәсіпорындардың өндірістік ғимараттары мен имараттарына дейінгі қашықтығы [17] бойынша қабылданады.

6.5 АЖС аумағы, ғимараттары, имараттары мен құрылыстары:

- ҚН РК 2.02-06 талаптары бойынша «Ғимараттарды, үй-жайларды және имараттарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы, хабарландыру және өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтауға қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сәйкес автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы, хабарландыру және өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен;

- «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 17-қосымшасының талаптарына сай бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталуы керек.

6.6 АЖС аумағына кіретін жолдар мен кіреберістерді ҚР ҚН 3.01-03 талаптары бойынша жобалау керек.

6.7 АЖС аумағына кіреберісте сервис белгілері орнатылуы керек.

6.8 Көлік құралдарын қоюға арналған алаңдарда олардың АЖС аумағынан еркін шығуы ескерілген автомобильдерді қоюды қамтамасыз ететін белгілер болуы керек.

6.9 АЖС аумағы мен мұнай өнімдерін резервуарларға құюға арналған алаңдардың жабындары мұнай өнімдерінің әсеріне төзімді, ақаба суды кәріз суға арналған резервуарға немесе АЖС өндірістік-жауын-шашындық кәрізге жинауға арналған кәріз астауларына қарай еңістетіп жобалау керек.

6.10 Кәріз суды ағызуға арналған бөлек алаңның аумағы сәл еңістетіп, автоцистернадан немесе резервуардан (мөлшерінен асырып құйғанда) мұнай өнімдері төгілген жағдайда, олар АЖС басқа аумағына және оның маңындағы нысандардың аумағына, соның ішінде жолға ағып кетпейтіндей етіп жобалануы керек.

6.11 АЖС аумағында [17] бойынша келесі жол белгілері орнатылуы керек:

- «Кіруге тыйым салынған» (АЖС автокөлік кіру үшін жабық болған жағдайда);

- «Ең үлкен жылдамдықты шектеу»;

- АЖС телімінің орналасу жағдайы ескерілген өзге де белгілер.

6.12 АЖС аумағының жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлармен қиысуына жол берілмейді.

6.13 АЖС аумағының жабыны қатты болуы, жер үстіндегі және жауын-шашын ағыстарын жинауға арналған резервуар орналасқан жерге дейінгі жалпы еңісі болуы керек, ол түнгі уақытта жарықтандырылуы керек.

Вертикаль жоспарлау, абаттандыру, инженерлік желілерді орналастыру ҚР ҚН 3.01-01 талаптарына сай орындалуы керек.

6.14 АЖС аумағы абаттандырылған болуы керек.

6.15 Тұрмыстық қалдықтарды жинау үшін қақпақты контейнерлерді орнатуға арналған су оқшаулайтын жабынмен жабдықталған арнайы алаң бөлінуі керек.


7 ҒИМАРАТТАР МЕН ИМАРАТТАРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
7.1 АЖС алаңдарының (телімдерінің) жоспарлануы өндірістік процесс пен еңбекке қолайлы жағдай туғызуды, жер телімдері ұтымды әрі үнемді пайдалануды және капитал салымдарының барынша тиімділігін қамтамасыз етуі керек.

7.2 АЖС ғимараттары мен имараттарын жобалау және құрылысын салу сейсмикалық аудандастыру, орналасқан аумағы және инженерлік-геологиялық жағдай ерекшеліктері (топырақтың қопсуы, топырақтың отыруын, мұздан ісінуін т.с.с.) сияқты ерекше жағдайлардың есебімен орындалуы керек.

7.3 Құрылыс конструкциялары ықтимал қауіпті әсерлердің есебі бар ғұмырлық пен сенімділікке ие болуы керек.

7.4 Конструкциялар құрылыс аймағындағы қауіпті геологиялық процестердің әсерін, сондай-ақ, сейсмикалық аудандастыруды ескере отырып, өз салмағы мен өздері тіреп тұрған құрылғылардың жүктемесіне, қар мен жел жүктемесіне, технологиялық құрал-жабдықтардың, көлік және инженерлік құрал-жабдықтардың жүктемесіне төзімді болып орнатылуы керек.

7.5 Жобалау кезінде құрылыс конструкцияларын есептеу үйлестірілген Еуропалық нормативтік құжаттарға сай орындалып, қауіпсіздік, сенімділік және төзімділік талаптарына жауап беретін материалдар мен технологиялардың қолданылуын шектемеуі керек.

7.6 Құрылыс салу және пайдалану беру барысында имараттардың іргелері мен күш түсетін конструкцияларының имараттардың пайдалануға беру қасиеттерін төмендетуге әкелетін сызаттары, зақымдары мен деформациялары болмауы керек.

7.7 Көлемдік-жоспарлық және конструктивтік шешімдерді жобаның технологиялық жобалау нормаларына сай әзірленетін технологиялық бөлігіне сәйкес қабылдау керек.

7.8 АЖС аумағында «А», «Б» санаттарының үй-жайларын (көлік жуу ғимараттарындағы көлік қоятын үй-жайлар мен техникалық қызмет көрсету орындарынан басқа), сонымен қатар «Г» санатты (АЖС үй-жайларының жарылыс-өрт және өрт қауіптілігі санаттары бойынша) үй-жайларды орналастыруға жол берілмейді.

7.9 АЖС аумағында АЖС жұмыскерлеріне арналған, көлік жүргізушілер мен жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған, көлік құралдарына қызмет көрсетуге арналған қызметтік және тұрмыстық ғимараттарды (үй-жайларды) орналастыруға болады.

7.10 АЖС аумағында бос орны бар жерасты үй-жайларды, жасырын кеңістіктерді, сонымен қатар жерасты имараттарын (тоннельдерді, арналарды т.с.с.) жасауға жол берілмейді. АЖС ғимараттарының астына және эвакуациялық есіктер жаққа отын құбырларын салуға болмайды.

7.11 Көлік құралдарына сервистік қызмет көрсету үй-жайларын және көлік жүргізушілері мен жолаушыларға сервистік қызмет көрсету үй-жайларын; сұйық мотор отынын сатуға арналған дүкен мен қоғамдық тамақтану жайын бір ғимаратта орналастыруға болмайды.

7.12 «В» санатты үй-жайларды, сондай-ақ, жанғыш сұйықтықтарды сақтауға арналған дүкеннің қоймаларын ғимараттардың терезесі бар сыртқы қабырғаларының бойына орналастыру керек.

7.13 АЖС ғимараттары мен имараттары өртке төзімділіктің I, II, IIIa дәрежелі бір қабатты болуы керек. Ғимараттардың ең үлкен жалпы ауданы [6] сәйкес келуі керек.

7.14 Технологиялық процесс нәтижесінде мұнай өнімдерінің буы шығуы ықтимал үй-жайлардың қарама-қарсы орналасқан екі не одан астам есік болуын қамтамасыз ету қажет.

7.15 Еденнің үстін жабуға арналған материалдар мұнай өнімдерінің әсеріне төзімді болуы керек.

7.16 Өрт, жарылыс қаупі бар, улы және күйдіргіш заттарды тасымалдауға арналған құбыр жолдарын тұрмыстық, қосалқы және әкімшілік-шаруашылық үй-жайлар, электр құрылғыларына арналған үй-жайлар, желдету камералары арқылы өткізуге болмайды.

7.17 Технологиялық құрал-жабдықтар мен май құю бағаналарының үстіндегі шатырлар жанбайтын материалдардан жасалуы керек. Желдетілмейтін бөліктері (қуыстары) бар шатырларды жасауға болмайды.

Автоцистерналардан отын төгу алаңдарының және сұйық мотор отынын сақтауға арналған жерүсті резервуарларының үстіне шатыр жабуға жол берілмейді.

7.18 АЖС ғимаратының конструктивтік элементтері қалыпты пайдалану жағдайында оның жарылыс және өрт қауіпсіздігін және төтенше жағдайларда қорғалуын қамтамасыз етуі керек.

7.19 Электр желілерін қайта жабдықтауға, стандартқа сай келмейтін сақтандырғыштарды қондыруға, қолдан жасалған және жарамсыз электр-жылу аспаптарын пайдалануға (жобада бекітілмеген) болмайды.


8 ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІНЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
8.1 АЖС өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар
8.1.1 Барлық үй-жайлар, ғимараттар және сыртқы құрылғылар үшін жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттар белгіленуі керек.

8.1.2 Үй-жайлардың, ғимараттар мен имараттардың және (болған жағдайда) сыртқы құрылғылардың жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша санаттары «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 3-қосымшасының талаптарына сай, «Автокөлікке жанармай құю станцияларының (АЖС) және отын құю орындарының (ОҚО) нысандарын жарылыс-өрт қауіптілігі және жарылыс қауіпті аймақтарын жіктеу бойынша санаттарға бөлу» құжатының есебімен белгіленуі керек.

8.1.3 Өрттің көршілес ғимараттар мен имараттарға таралуының алдын-алу, өрттен келген залалды қысқарту, ғимараттардың адамдар мен мүлікті қорғау үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында келесі өртке қарсы талаптарды орындау керек:

а) өртке қарсы нормаларда реттелетін ғимараттар мен имараттардың арасындағы минималдық қашықтықты қатаң сақтау;

б) АЖС-да ықтимал өртті сөндіруге арналған сыртқы және ішкі сумен қамсыздандыру көздері болуы керек;

в) өзендер мен су айдыны маңында өрт машиналарының су алуына арналған кіру жолдары болуы керек;

г) ғимараттар мен имараттарға барлық тарапынан өрт сөндіру техникасының, құтқару және медициналық қызметтердің техникалық құралдарының кедергісіз кіруін қамтамасыз ету керек;

д) АЖС аумағы, ғимараттары мен имараттары және құрылыстары «Ғимараттарды, үй-жайларды және имараттарды автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы, хабарландыру және өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықтауға қойылатын талаптар» техникалық регламентінің талаптарына сай автоматты өрт сөндіру және автоматты өрт дабылы, хабарландыру және өрт кезінде адамдарды эвакуациялауды басқару жүйелерімен жабдықталуы керек.

8.1.4 АЖС аумағының қоршауы желдетілетін және жанбайтын материалдардан жасалуы керек.

8.1.5 АЖС аумағын гүлдену кезінде үлпек, талшықты заттар немесе мамықты ұрық шығаратын бұталармен және ағаштармен көгалдандыруға жол берілмейді.

8.1.6 АЖС ғимараттарында отты және дәнекерлеу жұмыстарын жүргізуге арналған үй-жайларды қарастыруға тыйым салынады.
8.2 АЖС жарылыс қауіпсіздігі
8.2.1 Жарылыс қауіпті аймақтарда орналасқан электр жабдықтары мен АЖС БӨА жарылыстан қорғайтын етіп жасау керек.

8.2.2 Үй-жайларды желдету жүйесінде ауа шығару қарастырылады, ол үй-жайлардың жоғарғы бөлігінен, қабырғалардағы ойықтар немесе шатыр аралығындағы дефлектор арқылы жүзеге асырылады.


9 АЖС ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЖАБДЫҚТАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
9.1 АЖС ғимараттары мен үй-жайларының өрт-жарылыс қаупіне қатысты санаттары «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінің 3-қосымшасының талаптарына сай белгіленеді.

9.2 АЖС автокөліктің багынан ластағыш заттарды газбен қайтарып жинау жүйесін қамтамасыз ететін отын тарату бағаналарымен және Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген және сәйкестік сертификаты бар басқа да технологиялық жабдықтармен жабдықталуы керек. Ластағыш заттарды газбен қайтарып жинап алу жүйесі жоқ отын тарату бағаналарын қолдану мемлекеттік санитариялық және экологиялық қадағалау органдарымен келісіледі.

9.3 Отын сақтайтын резервуарларды [13] және [16] сәйкес қолдану керек.

Резервуарлардың конструкциясында оны жөндеу кезінде сақталған отынның қалдығынан тазарту, желдету және газын шығару мүмкіндігі қарастырылуы керек.

9.4 Отын тарату бағаналарына отын беру құбырларын жабу үшін отын беру құбырларының резервуарлардың алдындағы жерлеріне жапқыш бұрамаларды орнатуды қарастыру керек. Жапқыш бұрамалар еркін қолжетімділікті болуы керек.

9.5 Бензин сақтауға арналған резервуарлар өте жоғары қысымды ауа қақпақтары мен резервуарлардан автоцистернаға шығарылатын бу-ауа қоспасын қайтару қолданылатын газ теңестіру жүйесімен жабдықталуы керек. Газ теңестіру жүйесінің резервуарлар арасында орналасқан құбырларында, ауа беру жүйесі құбырлары шығатын жерлерде және олардың резервуарларға қосылатын жерлерінде от тоқтатқыштарды қондыру қарастырылуы керек.

Бензин және дизель отыны құйылған резервуарлар (камералар) арасында ортақ газ теңестіру жүйесін қондыруға жол берілмейді.

9.6 Газ теңестіру жүйесінің құбырлары жанбайтын материалдардан жасалып, жылдың кез-келген мезгілінде оның жұмыс қабілеттілігін сақтайтын от тоқтатқыштармен немесе от тоқтатқыш қондырылған ауа бергіштермен жабдықталуы керек.

9.7 Отынды жер астында сақтауға арналған резервуарлар олардың герметикалықтығын бақылау жүйелерімен жабдықталуы керек.

9.8 Толтыру сорғылары (автоматты қосылуна қарамастан) оператор жайында және сорғылардың жанында немесе ОТАЦ арналған алаңда орналасатын электр қоректенуін қолмен ажыратқыштармен жабдықталуы керек.

9.9 Отынды жер астында сақтау резервуарларына енгізілетін құбырды олардың номиналдық толтыру деңгейінен жоғары орналастыру қарастырылуы керек. Люктарды, тығындарды, қысқа құбырларды және тағы басқа құрал-жабдықтарды осы көрсетілген деңгейден төмен орнатуға тыйым салынады.

9.10 Технологиялық шахта мен оның қабырғалары арқылы құбырларды енгізу құрылғылары оның ішіндегі отынның топыраққа ағып шығу мүмкіндігін болдырмауы керек.

9.11 Қоршаған орта әсерінің қарқындылық дәрежесін бағалау және жерүсті резервуарлар мен құбырлардың сыртқы үстіңгі қабатын тотығудан қорғау [2] сәйкес жүзеге асырылады.

9.12 Болат құбырларды төсеу кезінде ҚН 527-80 басшылыққа алу керек. Құбыр жолдарының ұзындығы барынша аз болуы керек және олар мұнай өнімдерінің саны мен сапасын сақтай отырып, АЖС-ғы барлық технологиялық операцияларды орындау мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.

9.13 Технологиялық жабдықтар гигиеналық нормативтердің талаптарына сәйкес шу мен дірілдің шекті рұқсатты мөлшерінен аспайтын деңгейін қамтамасыз етуі керек.

9.14 Қажет болған жағдайда, АЖС маңындағы елді мекендерге құралдардан болатын шудың әсерін төмендету үшін шудан қорғайтын қабырғалар орнатылуы керек.

9.15 Нормалардың талаптарына сай [3], АЖС найзағайдан қорғаумен жабдықтау керек.

9.16 АЖС көлік құралының багы номиналды толған кезде отын құюды автоматты түрде бұғаттауды қамтамасыз ететін ОТБ қолданылуы керек.

9.17 Резервуарларға ОТАЦ-тағы отынды толтыру оттың резервуарды толтыру желісі бойынша таралуына тосқауыл қоятын құрылғыларды қолдана отырып, жерасты өткізілген отын құю құбыры арқылы жүзеге асырылуы керек.

9.18 Жерүсті немесе резервуарлар мен технологиялық құдықтардың бос шахталарында орналасқан барлық отын құбырлары металдан жасалып, олардың жалғасқан жерлері саңылауды болдырмайтын құрылғылармен жабдықталуы керек.

9.19 Отын тасымалдау үшін пластмассадан жасалған құбырларды пайдалануға рұқсат беріледі, бұл жерде олардың жер астымен арнасыз өткізіліп, механикалық зақымнан қорғалуы міндетті.

9.20 Отын беру желілері қысым немесе сол желілердің сорғылары орындайтын ажырату жолымен ашылатын және осы аталған сорғылар ажыратылған кезде тығыз жабылатын кері қақпақтармен жабдықталуы тиіс.

9.21 Бір не бірнеше ОТБ-да бір не бірнеше резервуардан отын беруге арналған ортақ құбырды пайдалануға болады, бұл жерде сол құбырларда әрбір ОТБ мен әрбір резервуардың алдында ілмекті арматураның болуы міндетті.

9.22 Отын немесе оның буы бар құрал-жабдықтар орналастырылған, сондай-ақ, бос орны бар резервуарлардың технологиялық шахталарының және құдықтардың қабырғалары жанбайтын материалдардан жасалуы тиіс. Басқа жағдайларда жануы қиын материалдарды қолдануға болады. Аталған құрал-жабдықтар қойылған технологиялық шахталардың не құдықтардың құрылысы атмосфералық жауын-шашындар тимейтіндей және қаұпақты ашып-жапқанда ұшқын пайда болу мүмкіндігін болдырмауы керек.

9.23 Отын сақтауға арналған (жерасты, жерүсті) резервуарлардың мұнай өнімдері мөлшерінен асырып құйылу кезінде төгілген немесе таралып төгілген не апат жағдайында қорғайтын астаулары болуы керек.

9.24 Мұнай өнімдерін сақтауға арналған контейнерде шатырға шығуға және резервуардың ернеуі мен құрал-жабдықтарға кіруге арналған баспалдақ болуы керек.


10 АЖС ИНЖЕНЕРЛІК-ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАМСЫЗДАНДЫРУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
10.1 Сумен жабдықтау және кәріз жүйелері
10.1.1 Стационарлық АЖС аумағында шаруашылық-ауыз су, өндірістік және өртке қарсы сумен қамсыздандыру жүйелерін орнату қарастырылуы керек. Өртке қарсы су құбырын шаруашылық-ауыз су және/немесе өндірістік су құбырымен біріктіруге болады.

Шаруашылық-ауыз су құбырларын ішуге жарамсыз су құбырлары жүйесімен біріктіруге болмайды.

10.1.2 АЖС сумен қамсыздандыру және су шығару жүйелерін жобалау барысында [5], [7], [8], [17] және осы құрылыс нормаларының талаптары сақталуы керек.

10.1.3 АЖС су құбырлары жүйесінен сумен қамсыздандырылуы қарастырылуы керек. Шаруашылық-ауыз су мұқтаждығы үшін тасымал суды қолдануға болады. Тасымал су Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген материалдардан жасалған резервуарларда сақталуы керек.

Шаруашылық-ауыз судың сапасы қолданыстағы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен «Ауыз сумен қамсыздандыратын орталықтандырылған жүйелердегі судың сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» нормаларының талаптарына жауап беруі керек.

Техникалық су құбырларын техникалық суды ауыз су ретінде қолдану мүмкіндігін жоятындай арнайы бояумен бояу қарастырылуы керек.

10.1.4 Сыртқы өрт сөндіруге жұмсалатын су шығысын есептеп шығару керек. Өрт сөндіруге жұмсалатын есептік су шығысын анықтау кезінде шаруашылық мұқтаждыққа жұмсалатын су шығысын есепке алынбайды.

10.1.5 Автокөлік жуғыштың су қамсыздандыруы айналымды болуы керек.

10.1.6 АЖС аумағында су шығаратын төмендегйдей жүйелерді:

– ғимараттар мен имараттардан шығатын өндірістік ақаба суларды және су шығару құрылғыларының ашық алаңдарынан, мұнай өнімдерінің резервуарлары орналасқан алаңнан жауын-шашын суларын қабылдауға арналған өндірістік немесе өндірістік-жауын-шашын кәрізін;

– санитарлық аспаптар мен душтардан тұрмыстық ақаба суды қабылдауға арналған тұрмыстық кәрізді орнатуды қарастыру керек.

10.1.7 Көлік жуынды сулары мен мұнай өнімдерінің резервуарларын тазарту суларын кәрізге ағызуға болмайды. Ол ағыстар құбырлармен арнайы резервуарларға ағызылып, кейіннен кәдеге жаратылуы тиіс.

10.1.8 Тұрмыстық ақаба суды елді мекеннің кәріз желісіне ағызу керек. АЖС салынып жатқан аймақта су ағызу жүйесі болмаған жағдайда, жергілікті тазарту имараттарын салу қарастырылуы керек, оларды жобалау [5] талаптарына сай орындалуы керек.

10.1.9 АЖС ақаба суының тұнбасын өңдеу амалдарын жобалау кезінде нақты жағдайға қарай белгілеу керек.

10.1.10 АЖС аумағында кәріздік сорғы станцияларын жобалау [5] талаптарына сай орындалуы керек.

10.1.11 Тұрмыстық кәріз бен өндірістік кәрізді біріктіруге жол берілмейді.

10.1.12 Өндірістік-жауын-шашын кәрізі тазарту имараттарымен (мұнай ұстағыштармен және жабық типті тұндырғыштармен) жабдықталуы керек. Жауын-шашын кәрізіне алып-салынатын тақталармен жабылған астауларды орнатуға болады.

10.1.13 Мұнай өнімдерін жерүсті резервуарларында сақтау алаңдарындағы жауын-шашын суын қалыпты жағдайда суды жауын-шашын кәрізіне, ал резервуарлар тесіліп, суы сыртқа аққан жағдайда мұнай резервуарларының құрамына кіретін апаттық қабылдауыш резервуарға ағызуға мүмкіндік беретін ысырмалы үлестіргіш құдық арқылы ағызу қарастырылуы керек.

10.1.14 Ақаба суды жинау және тазарту жүйесі жоқ АЖС пайдалануға болмайды.
10.2 Жылыту және желдету
10.2.1 АЖС жылу және желдету жүйелерін жобалау кезінде [9] және осы құрылыс нормаларының, сонымен қатар [17] және [19] талаптары орындалуы керек.

10.2.2 АЖС ғимаратын жылытуды жарылыстан қорғайтындай етіп зауытта ғана жасалған жабық электр жылытқыштарымен жүзеге асыру керек.

10.2.3 АЖС ғимаратын табиғи немесе автономиялық кондиционерлерді (Сплит жүйелерін) қолданып желдету қарастырылуы керек.

10.2.4 Ауа ортасының қажетті жағдайын қамтамасыз ету үшін, техникалық қызмет көрсету үй-жайларында кәсіпорынның жұмыс тәртібі мен жобаның технологиялық бөлімінде белгіленетін зиянды заттардың мөлшерін ескере отырып, механикалық түрде іске қосылатын жалпы алмастырғыш ауаны енгізіп тартқыш желдету жүйесін орнату қарастырылуы керек.

10.2.5 «А» және «Б» санатты өндірістік үй-жайларда негізгі енгізіп тартқыш желдету жүйесімен қатар жарылыс қауіпті концентрациялар туралы белгі бергіш әсерінен желдеткіштер автоматты түрде қосылатын апаттық желдеткіштерді орнату қарастырылуы керек.

10.2.6 Апаттық желдету жүйесі негізгі желдету жүйесіне қосымша бір сағат ішінде үй-жайдың толық көлемінде 8 мәрте ауа алмастыруды қамтамасыз етуі керек.

10.2.7 Жылу және желдету жүйелері өндірістік үй-жайларда микроклимат өлшемдерінің және ауа ортасының өндіруші зауыттардың техникалық талаптары мен өндірістік объектілерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай сақталуын қамтамасыз ететіндей болуы керек.

10.2.8 «А» санатының үй-жайларына қызмет көрсететін желдету құралдары жарылыс қауіпсіз болып жасалуы керек.


10.3 Электрмен қамсыздандыру, электрмен жабдықтау, найзағайдан қорғау, байланыс, өндірістік процестерді автоматтандыру
10.3.1 Ғимараттар мен үй-жайларды электрмен жабдықтау ЭҚЕ, ҚР ҚН 4.04-23, [10] және осы құрылыс нормаларының талаптарына сай жүргізілуі керек.

10.3.2 Жарылыс қауіпті аймақтарда орналастырылатын электр құрал-жабдықтары мен автоматандыру құралдарының жасалуы ғимарттар мен сыртқы құрылғылардың өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша жіктеліміне сай келуі тиіс.

10.3.3 АЖС ғимараттары мен имараттарын жергілікті жағдайлардың есебімен [3] талаптарына сай найзағайдан қорғау құрылғыларымен жабдықтау керек.

10.3.4 Резервуарларды, азық-түдік құбырларын және технологиялық құрал-жабдықтарды статикалық электр тогының зарядынан қорғау үшін, жерлендіру контурына жалғау керек. Статикалық электр зарядын шығару үшін, автоцистерналарды мұнай өнімдерін төгу кезінде және автоцистерналарды АЖС аумағына уақытша қою кезінде жерлендіру құрылғыларын орнату қарастырылуы керек.

10.3.5 Барлық электр құрылғылары, металл құрылғылар жерлендірілуге тиесілі.

10.3.6 Жерлендіру [10] сәйкес орындалады.

10.3.7 Ток шығарғыштармен және жерлендіру құрылғыларымен жабдықталған барлық жай тартқыштар дәнекерленіп жасалуы керек.

10.3.8 АЖС-ның жарылыс қауіпті жерде орналасқан электр құрал-жабдықтары жарылыстан қорғалатындай етіп жасалуы керек.

Жарылыс қаупі бар аймақтарға жарылыстан қорғау жөніндегі таңбалануы жоқ электр құралдарын орнатуға жол берілмейді.

10.3.9 АЖС электр қабылдағыштары электрмен қамсыздандыру сенімділігін қамтамасыз ету дәрежесі бойынша ІІІ санатқа жатады.

Автоматты өрт дабылының электр қабылдағыштары, автоматты өрт сөндіру және адамдарға өрт туралы хабарлау құрылғылары І сенімділік санатына жатады, сондықтан олардың қосымша автономиялы электрмен қамсыздандыру көзі болуы керек.

10.3.10 АЖС аумағында қолданыстағы нормаларға сай тәуліктің қараңғы мезгілінде қосылатын сыртқы жарықтандыруы болуы керек.

Көлікке май құю және мұнай өнімдерін ағызу орындарының жарықтандыруына баса назар аудару қажет.

10.3.11 Күзет жарықтандыру сыртқы жарықтандырудан бөлек қарастырылады.

10.3.12 АЖС (сымды немесе сымсыз) телефон байланысымен немесе радио байланыспен және қатты дауысты байланыспен жабдықталуы керек.

Қызмет көрсетуші жұмыскерлер тұрақты отыратын жұмыс орындары мұнай базаларының диспетчер бекетімен байланысуға арналған телефондармен (радиотелефондармен) жабдықталады.

10.3.13 АЖС ғимараттары, үй-жайлары және имараттары [4] талаптарының есебімен автоматты өрт дабылы жүйесімен және адамдарға өрт туралы хабарлау құрылғыларымен жабдықталуы керек.

10.3.14 Автоматты өрт дабылы іске қосылған кезде:

- қызмет көрсетуші жұмыскерлер мен АЖС аумағындағы адамдарға өрт туралы хабарлау;

- резервуарларға отын толтыру операцияларын тоқтату;

- резервуарға отын беру құбырларының қақпақ арматурасын жабу;

- барлық отын тарату бағаналары мен компрессорлық құрал-жабдықтардың автоматты түрде ажыратылуы қамтамасыз етілуі керек.

10.3.15 Отын тарату бағаналарының жұмысын басқару қашықта немесе жергілікті болады.

10.3.16 Автокөлікке құйылатын отынның шығыны ОТБ-на орнатылатын санауыштар арқылы есептелінеді.

10.3.17 Барлық қолданылатын өлшеу құралдары стандартталған және тексерілгені туралы сертификаттары (қажет болған жағдайда) болуы керек.

10.3.18 Өлшеуді орындаудың қолданылатын әдістемелері аттестатталған болуы тиіс.

10.3.19 АЖС автоматика жүйесі негізгі технологиялық құрал-жабдықтардың техникалық талаптарына сай жасалуы керек.

10.3.20 АЖС басқару жүйесі өрт туындаған немесе төтенше жағдаймен байланысты тағы басқа жағдайлар туындаған кезде отын беруді автоматты түрде ажыратуы керек.


11 ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
11.1 АЖС жобалау, орналастыру, құрылысын салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарының орындалуы қамтамасыз етілуі керек.

11.2 Атмосфералық ауаның, топырақтың және су қоймаларының ластануын кеміту үшін АЖС аумағында:

– резервуарлар мен технологиялық құрал-жабдықтарды толық техникалық іске жарамдылығын сақтап, тығыз жабылуын қамтамасыз ету;

– резервуарлардың ауа кіргізу қақпақтарын артық қысым мен вакуумның талап етілетін мөлшеріне ыңғайлап реттеп, олардың іске жарамдылығын қадағалау;

– бензин құйылған резервуарларды аса жоғары қысымды ауа кіргізу қақпақтарын қолдана отырып, газ бекіткіштерімен жабдықтау;

– автоцистерналардағы мұнай өнімдерін жылдам ажыратылатын тығыз ағызу муфталарын қолданып қана ағызу;

– «үлкен» ағыспен резервуардан автоцистернаға шығарылатын бу-ауа қоспасының қайта шығуын қамтамасыз ету;

– газ қайтару жүйелерін қолданып, автокөлік бактарынан бу-ауа қоспасының қайта шығарылуын қамтамасыз ету;

– жергілікті тазартуды қолданып, жерүсті-жауын-шашын ағыстарын жинауды ұйымдастыру;

– ластану аймағын ескере отырып және ластағыш заттарды жинақтау әсерін қолданып, АЖС төңірегіне жасыл аймақтар жасау керек.

Жерүсті және жерасты суларын ластанудан қорғау [14], [15], Қазақстан Республикасының «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» заңына сәйкес жүргізілуі керек.

11.3 Ауаның газдалу мөлшерін анықтау, мұнай өнімдерінің апатты төгілулері мен жайылып таралуын жою іс-шаралары, соның ішінде ластанған топырақты жинау мен шығару экологиялық қауіпсіздік бойынша қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес іске асырылуы керек.

11.4 АЖС аумағынан құрамында мұнай бар қалдықтар, ластанған өндірістік-жауын-шашын ақаба сулары мен қоқысты шығару жиналуына сай жүйелі болуы және жергілікті санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қадағалау органдарымен келісілуі керек.

11.5 АЖС арналған санитарлық-қорғаныс аймағының (СҚА) көлемі атмосфераға зиянды заттардың таралуын есептеумен расталып, [18] сай келуі керек.

11.6 АЖС жұмыс аймағының ауасындағы және СҚА шегіндегі (тұрғын аймақтары үшін) зиянды заттардың мөлшері шекті рұқсатты мөлшерден (ШРМ) аспауы керек.

11.7 Жобаның технологиялық бөлігін әзірлеу барысында апат жағдайында және жөндеу кезінде технологгиялық имараттардағы және құбырлардағы мұнай мен мұнай өнімдерін жинау, сондай-ақ, барлық ықтимал жоғалту нүктелеріндегі мұнай өнімдерін жинау қарастырылуы керек.

11.8 Апат кезінде мұнай өнімдерін кәрізге төгуге болмайды.

11.9 АЖС орнатылған барлық жабдықтар технологиялық операцияларды механикаландырылған тәсілмен орындау шарттарына сәйкес келіп, АЖС аумағының ластануын болдырмауы керек.

11.10 Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бақылау және автоматтандыру жүйесіне қойылатын негізгі талаптар:

– қабылдағыш электр жетекші ысырмаларды автоматты түрде жабу немесе өнім сорғыларын тоқтату жолымен мұнайдың (мұнай өнімдерінің) резервуарға құю кезінде төгілуінің алдын-алу;

– бергіш магистралдық құбыр тарапынан қабылдау орнында қысым көтерілген кезде нысанның технологиялық құбырларын жарылудан қорғау;

– стационарлық газ анализаторлары көмегімен мұнай және мұнай өнімдері машина залдары үй-жайларының газдалу мөлшерін бақылау;

– атмосфераға шығарылатын зиянды заттарды кезең сайын бақылау;

– стационарлық анализаторлар көмегімен (тиісті құралдар болған жағдайда) тазартылған ақаба судағы мұнай (мұнай өнімдері) мөлшерін бақылау немесе зертханалық жағдайда кезең сайын бақылау.

11.11 АЖС бас жоспарын әзірлеген кезде вертикаль жоспарлау су ағызу жүйесінің болуын қамтамасыз етуі керек.

11.12 Жерасты суы мен маңындағы жерлердің ластануын болдырмау үшін, жерде орналасқан тазарту немесе қорғағыш имараттар сүзбейтін (шлам жинауыштар, су тұндырғыш тоғандар, қоймалар т.с.с.) болуы керек.

11.13 Табиғатты қорғау іс-шаралары кешені мен табиғи ортаға келтірілген зиян үшін төленетін толық өтемақы мөлшері қоршаған ортаға әсерді бағалау өткізілген соң анықталады.

11.14 АЖС жобаларында жұмыс аймақтарының және аумақтың жерге жақын бөлігінің газдалу мөлшерін стационарлық (өнеркәсіпте шығарылуына қарай) және тасымалы газ анализаторлары көмегімен тұрақты түрде бақылап отыру жүйелерін жасау қарастырылуы керек. АЖС пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сай қоршаған ортаның өндірістік мониторингін жүргізу керек.


12 ЭЛЕКТР-ХИМИЯЛЫҚ ҚОРҒАНЫСҚА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
12.1 АЖС жобаланатын жерастылық болат имараттары топырақ бұзылуынан қорғайтын жабындармен және электр-химиялық қорғаныс құралдарымен кешенді қорғалуы керек.

12.2 АЖС жобаланатын алаңындағы коммуникациялардың электр-химиялық қорғанысын оған жанасқан алаң және желілік имараттардың электр-химиялық қорғанысының есебімен орындау керек. Бұл жерде оның қорғанысы АЖС басқа имараттарына зиынды әсерін тигізбеуі керек.


13 АЖС ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
13.1 Жалпы талаптар
АЖС пайдалану қолданыстағы заңнамаға және «Мұнай базалары мен автокөлікке жанармай құю станцияларын пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары» техникалық регламентке сай жүргізіледі.
13.2 Машиналарға қызмет көрсету мен АЖС жабдықтарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар
13.2.1 АЖС пайдалануға беру кезінде топырақ, ашық су қоймаларындағы су, атмосфералық ауа ластануының алдын-алу шаралары қабылдануы керек.

13.2.2 Отын құю кезінде резервуарлардағы отын деңгейін бақылауды қамтамасыз ететін жабдықтар дұрыс күйде болуы және кезең сайын бақылануы керек.

13.2.3 Барлық АЖС жиынтықталған медициналық дәрі қобдишаларымен және жұмыскерлерді жеке қорғайтын жабдықтармен қамтамасыз ету керек [19].
14 ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАР ҚАУІПСІЗДІГІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНУДАҒЫ ҚОЛЖЕТІМДІЛІККЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
14.1 АЖС жобалаған кезде жергілікті жағдайлар мен ҚР ҚН 3.06-01 қосымша талаптарының есебімен мүгедектер мен халықтың басқа да қозғалысы шектеулі топтары үшін аумақтың қолжетімді болуына қатысты нақты іс-шаралар орындалуы керек.

14.2 Халықтың қозғалысы шектеулі топтарына жататын көлік жүргізушілер мен жолаушыларға ААЖС қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін:

– суланған кезде тайғақ болмайтын жабындар;

– халықтың қозғалысы кем топтарының автоматтандырылған автокөлікке жанармай құю станциясының аумағында кедергісіз және қолайлы жүріп-тұру жағдайы қарастырылуы керек.

14.3 Автокөлікке жанармай құю станциясының аумағына кіру жолдарында мүгедектер үшін қолжетімді объекті туралы ақпараттың элементтерімен жабдықталады.

14.4 Халықтың қозғалысы шектеулі топтарына қолжетімді ақпарат жүйесінде ақпараттың үздіксіздігі, уақтылы бағытталуы және объектілер мен баратын жерлерді бірден танулары қамтамасыз етілуі керек. Ақпарат құралдары жүйесінде көрсетілетін қызметтердің ассортименті, эвакуациялау жолдарының орналасуы туралы ақпарат беріліп, сонымен қатар экстремалды жағдайларда қауіп төнуі туралы ескерту жасалуы, т.с.с. ақпараттар берілуі керек.

14.5 Көзбен көретін ақпарат бірден көрінетіндей болып басқа түспен айқындалуы, алыстан көре алатындай көлемде болуы және интерьердің көркемдік шешіміне сай келуі керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
[1] ҚР ҚН 1.02-03-2011 Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамы.

[2] ҚР ҚН 2.01-06-2013 Құрылыс конструкцияларын тот басудан қорғау.

[3] ҚР ҚНжЕ 2.02-05-2009* Ғимараттар мен имараттардың өрт қауіпсіздігі.

[4] ҚР ҚН 2.02-06-2003 Ғимараттар мен имараттардың өрт автоматикасы.

[5] ҚР ҚНжЕ 2.04.03-85 Кәріз. Сыртқы желілері мен имараттары.

[6] ҚР ҚНжЕ 3.02-09-2010 Өндірістік ғимараттар.

[7] ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2011 Сумен қамсыздандыру. Сыртқы желілер мен имараттары.

[8] ҚР ҚН 4.01-02-2011 Ғимараттар мен имараттардың ішкі су құбыры және кәрізі.

[17] ҚР ҚНжЕ 4.02-08-2003 Қазандық құрылғылары.

[9] ҚР ҚНжЕ 4.02-42-2011 Ауаны жылыту, желдету және кондиционерлеу.

[10] ҚР ҚН 4.04-20-2013 Электр-техникалық құрылғылар.

[11] МемСТ 12.1.029-80 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Шудан қорғаудың құралдары мен әдістері. Жіктеу.

[12] МемСТ 12.4.051-87 Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Есту органын қорғаудың жеке құралдары. Жалпы техникалық талаптары мен сынау әдістері.

[13] МемСТ 1510-84 Мұнай және мұнай өнімдері. Маркалау, орау, тасымалдау және сақтау.

[14] МемСТ 17.1.3.05-82 Табиғатты қорғау. Гидросфера. Жерүстілік және жерастылық суларды мұнай және мұнай өнімдерінің ластануынан қорғауға қойылатын жалпы талаптар.

[15] МемСТ 17.1.3.06-82 Табиғатты қорғау. Гидросфера. Жерастылық суларды қорғауға қойылатын жалпы талаптар.

[16] МемСТ 17032-71 Мұнай өнімдеріне арналған горизонталь болат резервуарлар. Типтері және негізгі көлемдері.

[17] ВҚН 01-89 Автокөліктерге қызмет көрсететін кәсіпорындар.

[18] Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2004 жылғы 28-маусымдағы № 506 бұйрығымен бекітілген «Орталықтандырылған ауыз сумен қамсыздандыру жүйелерінің суының сапасына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары.

[19] СанЕжН 1.02.006-94 Өндірістік үй-жайлардың микроклиматының санитарлық нормалары.



ӘОЖ 658.562 МСЖ 91.020
Негізгі сөздер: автожанармай станциясы, бас жоспар, ғимараттар мен имараттардың ара қашықтығы, вертикаль жоспарлау, инженерлік желілер, санитарлық-қорғау аймағы

Содержание

ВВЕДЕНИЕ




1 ОБЛАСТЬ ПРИМЕНЕНИЯ……………….………………………………..……………..


1

2 НОРМАТИВНЫЕ ССЫЛКИ…………………………..………………………....…….…

1

3 ТЕРМИНЫ, ОПРЕДЕЛЕНИЯ И СОКРАЩЕНИЯ………………………………….…

2

4 ЦЕЛИ И ФУНКЦИОНАЛЬНЫЕ ТРЕБОВАНИЯ…………………………………..…

    1. Цели…………………………………………………………………………………

    2. Функциональные требования……………………………………………………….

3

3

3



5 ОБЩИЕ ТРЕБОВАНИЯ К АЗС СТАЦИОНАРНОГО ТИПА………………………..

4

6 ТРЕБОВАНИЯ К ГЕНЕРАЛЬНОМУ ПЛАНУ АЗС СТАЦИОНАРНОГО ТИПА...

6

7 ТРЕБОВАНИЯ К ЗДАНИЯМ И СООРУЖЕНИЯМ…….……………………………

8

8 ТРЕБОВАНИЯ ПОЖАРНОЙ БЕЗОПАСНОСТИ……………….…………………….

9

8.1 Общие требования пожарной безопасности на АЗС………………………………..

9

8.2 Взрывобезопасность АЗС…………………………………………………….……….

10

9 ТРЕБОВАНИЯ К ТЕХНОЛОГИЧЕСКОМУ ОБОРУДОВАНИЮ АЗС…………….

10

10 ТРЕБОВАНИЯ К ИНЖЕНЕРНО-ТЕХНИЧЕСКОМУ ОБЕСПЕЧЕНИЮ АЗС.....

12

10.1 Системы водоснабжения и канализации……………………………………………..

12

10.2 Отопление и вентиляции…………………………………………………………..…

14

10.3 Электроснабжение, электрооборудование, молниезащита, связь, автоматизация производственных процессов………………………………………………………..………..

14


11 ТРЕБОВАНИЯ ПО ОХРАНЕ ОКРУЖАЮЩЕЙ СРЕДЫ…………………………

16

12 ТРЕБОВАНИЯ К ЭЛЕКТРОХИМИЧЕСКОЙ ЗАЩИТЕ…………….…………….

17

13 ТРЕБОВАНИЯ К ЭКСПЛУАТАЦИИ АЗС……………………………………………

18

13.1 Общие требования…………………………………………………………………….

18

13.2 Требования к безопасности при обслуживании машин и оборудования АЗС……

18

14 ТРЕБОВАНИЯ БЕЗОПАСНОСТИ ОТ НЕСЧАСТНЫХ СЛУЧАЕВ И ДОСТУПНОСТИ ПОЛЬЗОВАНИИ…………………….………………………………….

18


БИБЛИОГРАФИЯ……………………………………………………………………………

19


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет