Флорида штатының губернаторы, республикашыл Рон Десантис АҚШ президенттігіне үміткерліктен бас тартатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі саясаткердің X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісіндегі парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: wctechblog.com

Рон Десантис жеңіске апаратын жол анық болмағандықтан, өзін қолдайтын адамдардан босқа уақыт құртпауын сұрады. 

"Мені қалаған нәтижеме жеткізетін бір ғана нәрсе бар. Ол үгіт-насихат-шаралары мен сұхбаттар”, – деді ол. 

“Success is not final, failure is not fatal: it is the courage to continue that counts.”

— Winston Churchill pic.twitter.com/ECoR8YeiMm

— Ron DeSantis (@RonDeSantis) January 21, 2024

Осы сөздерден кейін ол өзінің сайлауалды науқанын тоқтатқанын хабарлады. Рон Десантис партия мүшесі Дональд Трампты қолдайтынын атап өтті.

16 қаңтарда америкалық кәсіпкер және АҚШ президенттігіне үміткер Вивек Рамасвами Айовадағы праймеризден кейін сайлау додасынан шығып, Дональд Трампты қолдайтынын айтты.

Сондай-ақ Нью-Джерси штатының экс-губернаторы Крис Кристи АҚШ-тағы сайлау додасынан бас тартуға ниетті екенін мәлімдеді.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.