Енді елімізде ғалымдар үшін жаңа үстемақыны енгізілетін болады. Мәжіліс отырысында депутат Асхат Аймағамбетов ғылым және білім саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша заң жобасы таныстырылымында профессор немесе доцент сияқты ғылыми атақтары үшін жалақысына қосымша ақы беру бастамасын көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: видеодан скрин

Депуттаттың сөзінше, қазіргі уақытта ғылыми зерттеу институттарда немесе университеттерде істейтін ғалымдар өздерінің доктор PhD, ғылым докторы, ғылым кандидаты сияқты ғылыми дәрежелері үшін ай сайын жалақысына қосымша үстемақы алады.

"Енді оларға профессор немесе доцент сияқты ғылыми атақтары үшін жалақысына қосымша ақы беру ұсынылып отыр.  Мысалы доктор PhD, ғылым кандидаты қазір ай сайынғы жалақысына аталған ғылыми дәрежесі үшін 62 мың теңге үстемақы алса, енді ол қосымша доцент деген ғылыми атағы үшін тағы 30 мың үстемақы, яғни жалпы 92 мың теңгені ай сайынғы жалақысына қосымша үстемақы ретінде алатын болады.  Ал енді ол ғылым докторы болса, және қазіргі уақытта ол 125 мың  теңге үстемақы алса, бұл заң қабылданғаннан кейін ол енді қосымша профессор атағы үшін тағы да 60 мың  теңге, сонда жалпы алғанда 185 мың теңге көлемінде жалақысының үстіне қосымша ақы алатын болады", — деді депутат.

Аймағамбетов тағы да бір қолдау тетігі туралы баяндады. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың жетекші ғалымдары үшін шығармашылық демалыс беру мәселесі көтерілді. Депутат берген мәліметке сәйкес, бұл халықаралық тәжірбиеде қолданылып жүр. 

"Халықаралық тәжірибеде кеңінен таралған саббатикал институты. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың жетекші ғалымдары үшін шығармашылық демалыс беру ұсынылады. Бұл шығармашылық демалыстың мерзімі бір жылға дейін, және осы кезеңде жетекші ғалым орташа жалақы деңгейіндегі төлемдерлі алып отыруына да мүмкіндік беріледі. Бұл шығармашылық демалыс, ғалымдарымызға ғылыми, ғылыми-педагогикалық жұмыстарымен айналысуға, монографияларын , ғылыми мақалаларын шығаруға мүмкіндік береді", — деді ол.

Бұған дейін Қазақстанда университет оқытушыларының жалақысы өскенін жазған болатынбыз.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.