Айтыскер ақын Сара Тоқтамысова бас қаланың ең қымбат мейрамханаларының бірінде қызының 1 жасқа толуын дүркіретіп атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

фото: https://www.instagram.com/sarkanai/

Өнер иесі қызына Сүйкімді деген ат қойған болатын.

Аллаға сансыз мадақ! Алла ұлық! Жолдасым екеуміз Меккеге барып Қағбаны айналып алақанымызды жайып Алладан тілеп алған қызымыз ғой🤲🏻
Бүгін қызығын жақындарымызбен бөлісіп жатырмыз. Отбасы деген қара орманда түрлі-түрлі сүрлеулі жолдар бар. Сол жолдарды жұбайлар қол ұстасып бір-біріне қолдау болып жүре алса ғана адаспайды. Жемісін жей алады. Жолдасымыз екеуміздің де жолымыз түп-түзу даңғыл болған жоқ. Әр түрлі қиындықты да, сынақты да көрдік. Әлхамдулилля, береке-бірліктің арқасында осы күнге жетіп отырмыз”, – деп қуанышын жасырмады ақын.

Сондай-ақ, айтыскер ақын ұл мен қызды бөліп, “ұл керек”, “қыз жақсы” дейтіндерді сынап тастады. 
“Бір нәрсені ескерткім келеді. “Ұл тумадым” немесе “қыз тумадым”, “төрт қыз боп кетті” немесе “бес ұл боп кетті” “Бала тумай жатырмын” деген күпіршіліктен аулақ болайық. Біз үшін ненің және қашан қайырлы болатынын Алладан артық ешкім білмейді. Алланың бергеніне шүкіршілік ете білейік! Тек Алладан ғана тілейік”, – деп кеңес айтады өнер иесі. 

Айта кетейік, Сүйкімді сәбидің тұсауын әнші Бейбіт Сейдуалиева кескен. 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Сара Тоқтамысова. (@sarkanai)


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.