Графиктік режим



жүктеу 19.59 Kb.
Дата17.04.2018
өлшемі19.59 Kb.
түріСабақ

Тақырыбы: Графиктік режим. Экранның координаталық жазықтығы.
Мақсаты: оқушыларды Паскаль тілінде графиктік режимде сурет салу үшін қолданылатын экранның координаталар жазықтығымен, іске қосу процедураларымен және операторлармен таныстыру.
Оқушы біліміне қойылатын талаптар: оқушылар экранның координаталар жазықтығын дұрыс ұғынып, графиктік суреттерді шығару үшін режимді инициализациялауды меңгеруі қажет; графиктік режимді іске қосу процедураларын және суреттерді координаталар жазықтығына сала білу.
Сабақ түрі: Түсіндіріп көрсету, практикалық сабақ.
Көрнекілік: Netop бағдарламасымен қолдану, компьютер жұмыс дәптері.
Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі – 2 мин.



  1. Үй тапсырмасын тексеру - 5 мин.

  2. Жаңа сабақ - 20 мин.

  3. Бекіту – 15 мин

  4. Бағалау, үй тапсырмасы – 3 мин.

1. Оқушылармен амандасу. Жоқ оқушыларды белгілеп, себебін білу.

Назарларын сабаққа аударып, өткен сабақты қысқаша шолыу.

2. Үйге берілген тақырыпты сұрау.
Анықтама

Бейнеадаптерэкранды басқару блогы, оны дисплей адаптері немесе адаптер деп те атайды.

Драйверлер деп – дербес компьютерлердің техникалық құрылғыларын басқаратын арнайы программаларды айтады.
Графиктік драйверлер негізінен барлық адаптерлер үшін жасалған, олар файл атының типі BGI болып дискіде сақталады.

GRAPH модулінде орналасқан кітапханадағы процедуралар мен функцияларды қолдану үшін программа элементтерін сипаттау бөлігінде: USES GRAPH түйінді сөздерін жазу керек. График сызуда CRT кітапханасындағы процедураларды пайдалану қажет болса, онда: USES GRAPH, CRT жолы жазылады.

Графиктік режимді алғашқы рет іске қосу үшін initgraph процедурасы қолданылады, оның жазылуы:



initgraph (DriverVar, ModeVar:integer, Gol:string); мұндағы DriverVar, ModeVar деп аталатын бүтін типтегі екі айнымалы драйверді және жұмыс режимін анықтайды. Мысалы: DriverVar:=VGA; ModeVar:=VGAHI;

Процедураның Gol деп аталған үшінші параметрі GRAPH модулінің маршрутын, яғни орналасу жолын көрсетеді.



Координаталар жүйесі



Мысалы: Үй суретін салатын программа




Program dom;

Uses crt,graph;

Var gd,gm:integer;

Begin

Gd:=vga; gm:=vgahi;



Initgraph(gd,gm,’C:\BP\BGI’);

Begin


Setcolor(4);

Line(100,200,200,50);

Setcolor(2);

Line(200,50,300,200);

Rectangle(100,200,300,425);

End;


End.
Үйге тапсырма:

  1. 167-182 беттерді оқу



2. Мына суретке программа құрыңдар.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет