«Халық ауыз әдебиеті» пәнінен 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша



жүктеу 107.67 Kb.
Дата16.12.2018
өлшемі107.67 Kb.
түріНұсқаулар




Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулардың; әдістемелік ұсыныстардың; әдістемелік нұсқаулардың титул парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/40


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті


Филология, журналистика және өнер кафедрасы

«Халық ауыз әдебиеті» пәнінен 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған пәнді оқыту бойынша



ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР МЕН НҰСҚАУЛЫҚТАР

Павлодар



Әдістемелік ұсыныстар мен нұсқауларды; әдістемелік ұсыныстарды; әдістемелік нұсқауларды бекіту парағы






Нысан

ПМУ ҰС Н 7.18.3/41






БЕКІТЕМІН

ОІ жөніндегі проректор __________ Пфейфер Н.Э.

(қолы) (аты-жөні)

20__ж. «___»____________


Қ ұрастырушы: _____________ ф.ғ.д., профессор Н.Қ.Жүсіпов

( қолы) (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер кафедрасы

(кафедра атауы)


«Халық ауыз әдебиеті» пәні бойынша 5В011700-«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне арналған

Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
Кафедраның отырысында ұсынылды

20__ж. «___»______________,№__ Хаттама


Кафедра меңгерушісі _____________ Жүсіпов Н.Қ. 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)

Филология, журналистика және өнер факультетінің ОӘК мақұлданды

(факультет атауы)

20__ж. «___»______________, №____ Хаттама

ОӘК төрағасы _______________ Жұманқұлова Е.Н. 20__ж. «____» ________


(қолы) (аты-жөні)


МАҚҰЛДАНДЫ:

ЖжӘҚБ бастығы _____________ А.А.Варакута 20__ж. «____» ________

(қолы) (аты-жөні)


Университеттің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды

20__ж. «___»______________ №____ Хаттама

Курс бойынша қамтылатын тақырыптар
1-таќырып. Кіріспе.

1-тақырып. Ауыз әдебиеті пәні және оның ерекшеліктері.

Халық әдебиетінің көп қырлы болмыс-бітімі мен синкреттілігі, әдет-ғұрып, наным-сенім, өнердің басқа түрлерімен байланыста болуы. Қазақ фольклорының халықтық сипатта болуы.

Фольклортану – халықтың ауызша сөз өнерін зерттейтін классикалық ғылым саласы. Фольклортану ғылымының басты объектісі мен негізгі міндеті халық шығармашылығын зерттеу екендігі. Фольклордың қалыптасу, даму тарихы жөніндегі ой-пікірлер. Халық өнерінің түрлері және олардың ішінде фольклордың алатын орны. Фольклортанудың әдебиеттану, тіл, этнография, тарих, археология, философия, мәдениеттану, психология т.б. ғылым салаларымен байланысы.

Фольклордың көп қырлы бітімі мен синкреттілігі. Халықтық сипаты. Ауыз әдебиетінің табиғаты мен қоғамдық маңызын танудағы атақты ғалымдар мен ойшылдар пікірі. Ауызша сөз өнерінің типтік табиғаты. Оған тән ерекшеліктер мен белгілер. Ауызша туындылардағы сөздің жетекші қызметі мен өрісі.

Фольклордың көркемдік жүйесі, жанрлары, поэтикалық тәсілдері мен құралдары. Ауыз әдебиетінде шындықты бейнелеудің өзгешелігі, көпқабаттылығы (Полистадиялығы). Фольклор мен жазба әдебиет. Ауызша сөз өнерінің табиғаты, шығарманың туу, таралу және сақталу ерекшеліктері, мезгілі мен мекені. Ауызша айтудың дәстүрлігі мен формулалығы, стильдік кестесі. Шындықты бейнелеудің көркемдік әдістері.

Ауыз әдебиетінің ұжымдық шығармашылықтың жемісі екендігі. Оның шығу, айтылу, даму процесіндегі коллективтіліктің көрінісі және түрлері. Жеке шығарманың коллективтілік аясындағы сипаты. Дәстүрлілік пен коллективтілік.

Ауыз әдебиетінің әлеуметтік маңызы. Халықтық және жалпы адамзаттық заңдылықтары. Идеялық, тәрбиелік, эстетикалық, танымдық қызметтері. Фольклордың халық өмірінің барлық саласын сол халықтың рухани түсініктеріне, ұлттық ерекшеліктеріне қарай бейнелейтіндігі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [5], [13], [15], [3], [4], [2].
2-тақырып. Қазақ халық әдебиеті туралы фольклористика ғылымы.

Қазақ халық поэзиясының ерте замандағы хатқа түскен үлгілері. Қазақ фольклорын зерттеу кезеңдері: ХҮ-ХҮІІ, ХҮІІІ-ХІХ ғғ.

Қазақ халқының ауыз әдебиетін жинау, жариялау, зерттеудегі В.В.Радлов, Г.Н.Потанин, А.В.Василиев, Н.И.Пантусов, И.Березин, А.И.Левшин, П.И.Рычков, П.С.Паллас, Н.Ильминский, Ы. Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, Ә.Диваевтардың ғылыми еңбектері.

Қазіргі заман халық фольклористикасының дамуы мен қалыптасуы. Қазақ ауыз әдебиетін зерттеу ғылымының көрнекті өкілдері: М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Сейфуллин, М.Ғабдуллин, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайлов, Ә.Қоңыратбаев, О.Нұрмағанбетова, Б.Уахатов, С.Садырбаев, М.Жолдасбеков, Н.Төреқұлов, С.Қасқабасов, Ш.Ибраев, Р.Бердібаев, Б.Адамбаев, Т.Сыдықов, К.Сейдаханов, Е.Тұрсынов т.б.

Аталған ғалымдардың басты-басты ғылыми еңбектері. Орыс ғалымдары: В.М.Сидельников, С.Смирнова, А.С.Орлов, М.И.Фетисов, т.б. қазақ фольклорын зерттеулері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [5], [13], [3], [4], [2].

3-тақырып. Тұрмыс-салт өлеңдері.

Халық өлеңдерінің зерттелу тарихы мен классификациясы. Ш.Уәлиханов, В.Радлов, М.Әуезов жіктеулері. Тұрмыс-салт жырларын қазіргі зерттеудің жайы мен классификациялаудың проблемалары. Жанрдың жалпы сипаттамасы мен анықтамасы. Тұрмыс-салт жырларының отбасы, шаруашылық, еңбек процестеріндегі түрлі салт, ырым, әдет-ғұрып, наным-сенімдермен байланысы.

Еңбек-кәсіппен байланысты туған өлең-жырлардың жанрлық түрлері. Төрт түлік жырлары. Көшпелі шаруашылықтың бейнеленуі.

Отбасы салтына байланысты өлең түрлері. Сыңсу, жұбану, той бастар, жар-жар, беташар, той тарқар. Өлген кісіге байланысты айтылатын естірту, көңіл айту, жоқтау өлеңдерінің салтпен байланысы.



Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [3], [4], [2].
4-тақырып. Аңшылық жырлары.

Аңшылық жырлары. Маусымдық салт жырлары. Наурыз туралы өлеңдер. Егіншілік кәсіппен байланысты өлең-жырлардың ерекшеліктері.


5-тақырып. Наным-сенімдерге байланысты өлеңдер.

Сөздің мифологиялық қасиеті туралы ұғым. Бәдік, бақсы сарыны. Арбау, жалбарыну өлеңдері. Халықтың алғыс, қарғыс, бата беру салтына байланысты өлең жырлары.



Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [8], [13], [5], [3], [11], [2].

6-тақырып. Үйлену салт өлеңдері.

Отбасы салтына байланысты өлең түрлері. Сыңсу, жұбаиу, той бастар, жар-жар, беташар, той тарқар. Қайтыс болған адамға байланысты айтылатын естірту, көңіл айту, жоқтау өлеңдерінің салтпен байланысы.



Ұсынылатын әдебиеттер: [4], [8], [7], [12], [3], [5].
7-тақырып. Лирикалық өлеңдер.

Халық лирикасының жанрлық ерекшеліктері. Классификациялану мәселелері. Тұрмыс-салт жырларымен ұқсастығы және айырмашылығы. Лирикалық өлеңдердің алуан тақырыпта болуы. Қара өлең мен, тарихи өлеңдер. Идеялық-көркемдік ерекшеліктері. Бейнелеу жүйесі. Композициясы. Поэтикалық тәсілдері мен құралдары. Тарихи өлеңдердің тарихи жырлардан өзгешелігі. Лирикалық өлеңдердегі қазақ халқының эстетикалық дүниетанымы.



Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [5], [13], [15], [3], [4], [2].

8-тақырып. Мақалдар мен мәтелдер. Жұмбақтар.

Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен классификациялаудың принциптері.Тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер туралы түсінік. Мақал-мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және тура және ауыспалы жалпы және жалқы мағыналары. Қүрылыс, ұйқас, ырғақ ерекшеліктері. Мәтелдің мақалдан айырмашылығы. Қанатты сөздердің, афоризмдердің, фразеологиялық тіркестердің мақал-мәтелдермен арақатынасы.

Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық белгілері мен жасалу жолдары Жұмбақтардың шығуына табудың әсері. Жаңылтпаш, өтірік өлеңдердің өзіндік ерекшеліктері. Жұмбақтардың айтылу формасы мен көркемдік тәсілдері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [8], [5], [10], [11], [3], [4].

9-тақырып. Шешендік сөздер. Аңыз -әңгімелер. Ертегілер.

Қызметі мен қоғамдық мәні. Жанрлық өзгешеліктері. Шешендік сөздердің жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық түрлері: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Шешендік сөздердің көркемдік сипаты., ырғақты қара сөз бен өлең формасының аралас келуі. Шешендік сөздердің аңыздармен, мақал-мәтелдермен байланысы. Майқы би, Қазыбек би, Әйтеке би, Сырым т.б. туралы шешендік сөздердің авторын анықтау принциптері. Эстетикалық, тәрбиелік маңызы.

Аңыз-әңгімелер. Жанрлық сипаты. Анықтамасы. Тарихи, мекендік және күй аңыздары. Әпсана/ легенда/. Жанрдың анықтамасы. Әпсананың түрлері. Аңыз-әңгімеден айырмашылығы. Ертегісімек /Былички/. Ескі наным-сенім, халық демонологиясының көрінісі. Тақырыбы мен баяндау тәсілдері.

Халық прозасы туралы түсінік. Оның ертегілер және ертегілерден тыс көптеген түрлерінің бар екендігі. Айырмашылығы мен ұқсастықтары. Ертегілердің өзіндік ерекшеліктері. Жиналуы мен зерттелуі. Ертегілердің халықтық сипаты., ондағы қиялдың шығу негіздері, шындыққа қатысы. Қазақ ертегілерінің жанрлық түрлері.

Хайуанаттар жайлы ертегілердің пайда болу жолдары. Ондағы миф пен тотемизмнің көрінісі. Астарлау (иносказание) мен кейіптеудің атқаратын қызметі. Әлеуметтік, халықтық сипаттары.

Қиял-ғажайып ертегілердің жанрлық ерекшеліктері. Олардың сюжетіндегі қиял мен мифтің сабақтастығы. Сюжеттердің халықаралық сипаты. Оларды ғылымда жүйелеу мен классификациялау. Қиял-ғажайып ертегілердің көркемдік-эстетикалық бітімі, композициясы, оқиғаларының бірсызықты дамуы, кездейсоқтығы, баяндау тәсіліндегі стильдік формулалар. Батырлық ертегілер. Новеллалық ертегілер. Сатиралық ертегілер.



Ұсынылатын әдебиеттер: [8], [5], [15], [15], [13], [4], [12].

10-тақырып. Батырлар жыры.

Қазақ эпосының жанрлық классификациясы. Көне эпос, батырлық эпос, лиро-эпос, тарихи жырлар. Жиналу мен зерттелу тарихы. Эпос және тарих.

Батырлар эпос. Жанрлық белгілері. Жиналу, жариялану, зерттелу тарихы. Шығу мезгілдері туралы. Ноғайлы заманымен Жоңғар хандығы шапқыншылығы кезіндегі оқиғалардың бейнеленуі. Историзм (тарихилық) мәселесі.

«Қобыланды батыр», «Ер Тарғын», «Қамбар батыр», «Алпамыс батыр», «Ерсайын батыр», «Едіге батыр», «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Шора батыр», «Қарабек батыр», «Төрехан» жырларының сюжеттері.

Образдар жүйесі: әйелдер образы. Кейіпкерлерді типтендіру мен идеализациялау мәселесі.

Мұрын жыраудың «Қырымның 40 батыры» жырының тарихи негіздері мен циклизация мәселесі. Жырдың зерттелуі.

Батырлар жырының құрылысы, көркемдік ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [11], [15], [13], [10], [3], [14], [12].

11-тақырып. Тарихи жырлар.

Тарихи жырлардың негізгі ерекшеліктеі. ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы тарихи жырлар: «Олжабай батыр», «Қабанбай батыр», «Бөгенбай батыр», «Өтеген батыр», «Абылай», «Арқалық батыр», «Бекет батыр», «Жанқожа батыр», «Сұраншы батыр», «Досан батыр».

Тарихи жырлардың жиналуы, жариялануы, зерттелуі. Тарихи жырлардың тарихқа қарым-қатынасы. Қазақ халқының ХҮІІІ-ХІХ ғасырдағы ұлт-азаттық күресін бейнелейтін өлең-жырлар мен аңыз-әңгімелер.

Ұсынылатын әдебиеттер: [12], [15], [13], [11], [4], [10].

12-тақырып. Лиро-эпостық жырлар.

Бір алуандас жырлардың шығуы халықтың тұрмыс-салтына және әдет-ғұрпына байланысты екендігі.

1. «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» жыры. Жырдың көп нұсқалық сипаты. Жырдың жиналуы, зерттелу. Қарабай образының жағымсыз бейнеде берілуі, Қозы мен Баянның трагедиясы. Қодардың қатігездігі мен жауыздығы. Жырдың стилі мен композициясы, зерттелуі.

2. «Қыз Жібек». Жырдың халықтық сипаты. Жырдағы семьялық салттар, көшпелі тұрмыстың көрінісі, махаббат, сүйіспеншілік мәселесі, трагедиялық тартыстар. 1887-1900 жылғы варианттарды салыстыру. Жырдың көркемдік ерекшелігі, құрылысы, стилі, тілі.

3. «Айман-Шолпан». Жырдыңэтнографиялық сипаты. Үстем тап өкілдерінің өзара тартыстары. Жастардың бейнесі. Жырдың көркемдік ерекшелігі, құрылысы, стилі, тілі.

4. «Еңлік-Кебек». 1892 жылы «Дала уалаяты газетінде» жарияланған нұсқасы мен Қазақстан ғылым академиясының сирек қолжазбалар кітапханасында сақталған М.Құнанбаевтың қолжазбасы. Сол сияқты, 1932 жылы Семей облысы, Шыңғыстаудан жазып алынған Оразалы нұсқаларының бір-біріне ұқсастығы мен айырмашылықтары.

5. «Қалқаман-Мамыр». 1892 жылы «Дала уалаяты газетінің» 34-40 сандарында жарияланған нұсқасы мен Қазақстан ғылым академиясында сақталға қолжазбаларды салыстыру. Жырдың көркемдік кестесі.

Ұсынылатын әдебиеттер: [10], [15], [13], [11], [3], [14], [12].

13-тақырып. Айтыс.

«Айтыс» деген атаудың мағынасы. Зерттелу тарихы. Жанрдың сипаттамасы. Айтысты мазмұны мен тақырыбына,түрінеқарай жіктеу. Әдеп-ғұрыппен, салтпен байланысты айтылатын айтыстар. Бәдік, жұмбақ айтыстары. Айтыс үлгісінде орындалатын мал мен иесі, өлі мен тірі, жар-жар, мысал өлеңдерінің осы жанрға қатысы. Салтпен байланысты айтыстардың көне екендігі. Сүре айтыс, түре айтыс, қайым айтыс – айтыс формаларының түрлері.

Айтыстың айрықша дамыған түрі – ақындар айтысы. Атақты ақындар айтысының даралық сипаты, әдебиетке ұласуы. Айтыста саяси-әлеуметтік мәселелерінің көтерілуі, теңсіздіктің, әділетсіздіктің, қоғамдық кемшіліктердің сыналуы. Айтыстың тамашалық сипаты. Ақындық шеберлік пен тапқырлық. Тәуелсіздік кезеңіндегі айтыстар. Өркендеу себептері.

Айтыстың көркемдік ерекшеліктері.



Ұсынылатын әдебиеттер: [14], [5], [13], [15], [13], [14].

14-тақырып. Халық әдебиетінің көркемдік бейнелеу құралдары.

Фольклорлық шығарманың тақырыбы мен идеясы, образ, композиция және сюжет, портрет, мінездеу, уақиғаның шарықтау шегі және эпилог.

Ауыз әдебиетінің суреттеу құралдары: синоним, омоним, архаизм, диалектизм, эпитет, теңеу, троп, метафора, метонимия, символ, аллегория, ирония, сарказм, әірелеу, литота, арнау, анафора, шендестіру, дамыту, эллипсис, параллелизм.

Өлең сөз және оның құрылысы: ырғақ, шумақ (екі тармақты, төрт тармақты, алты тармақты, жеті тармақты, сегіз тармақты, он тармақты шумақтар).

Өлеңнің бунағы мен буыны дегеніміз не?

Қазақ халық әдебиетінің өлең ұйқастары: қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы ұйқас, ерікті ұйқас, кезекті ұйқас, шалыс ұйқас, егіз ұйқас, аралас ұйқас.

Фольклорлық стиль.

Ұсынылатын әдебиеттер: [11], [15], [13], [4], [12].

15-тақырып. Қазіргі заман халық поэзиясы.

Ж.Жабаев (1846-1945), И.Байзақов (1900-1946), Н.Байғанин (1860-1945), К.Әзірбаев (1884-1976), О.Шипин (1879-1963), Ү.Кәрібаев (1889-), Н.Бекежанов (1890-1954), Т.Көбдіков (1874-1954), Қ.Айнабеков (1885-1955), І.Манкин (1880-1954), Қ.Жапсарбаев (1886-).

Бүгінгі айтыс және оның өзіне тән ерекшеліктері.

Ұсынылатын әдебиеттер: [1], [5], [13], [15], [3], [4], [2].
Әдебиеттер тізімі


  1. Әуезов М. Әдебиет тарихы. –А: 1991

  2. Байтұрсынов.А. Ақ жол. –А: 1991

  3. Веселовский А.Н. Историческая поэтика.-М., 1940

  4. Ғабдуллин М. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. – А: 1974.

  5. Садырбаев С. Қазақ халқының ауыз әдебиеті. –А 1977.

  6. Садырбаев С. Фольклор және эстетика. –А. 1976.

  7. Сейфуллин С. Қазақ әдебиеті // Шығармалар. 6-том. А. 1964.

  8. Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том. –А. 1960, 1964.

  9. Қазақ фольклористикасының тарихы. –А. 1988.

  10. Қазақ фольклорының тарихилығы. –А. 1993.

Ќосымша:

11. Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. –А., 1985.

12. Қасқабасов С. Қазақтың халық прозасы. –А. 1985.

13. Қоңыратбаев Ә. Қазақ эпосы және тюркология. –А., 1987.



14. Төреқұлов Н. Қазақ совет халық поэзиясының жанрлық ерекшеліктері. – А., 1979.

15. Уахатов Б. Қазақтың тұрмыс-салт жырларының типологиясы. –А., 1983.

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет