Халы Халық сөзі. 2013. №26-27. 03 мамыр



жүктеу 16.31 Kb.
Дата13.12.2017
өлшемі16.31 Kb.

Халы

Халық сөзі. – 2013. - №26-27. – 03 мамыр

Таудай З.



ЛӘҢГӀ ТЕБУ ДЕ БӀР ӨНЕР
Соңғы жылдары ұлттық ойындарды ұлықтау кеңінен қолға алынып келеді. Ұлттық спорттың ішінде көнеден келе жатқан қазақтың асық ату, арқан тарту, ләңгі секілді ойындарының жөні белек. Сәуірдің басында Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті асық ойынын өткізген болатын. Тың бастама жалғасын тауып, өткен жұмада университет ұжымы мен Бас редакторлар клубы және «Халық сөзі» газетінің ұйымдастыруымен ләңгіден жарыс болып өтті.

Университет ұстаздарынан бөлек студенттерден жасақталған қос құраманы жарысқа қосқан оқу ордасы журналистерден тұратын жеті топпен бірге өзара мықтыны анықтады. Ләңгіден жарыс өтеді дегелі Астанадағы тілші ағайын қалыс қалмай, белсене ат салысуы ұлттық ойындарға деген құрметті байқатады. «Қазақ радиосы», «Алаш айнасы», «Астана ақшамы», «Халық сөзі», «КТК», «7 арна», «Бақ.кз», «Еуразия» телеарнасының ұжымдары ләңгі ойынына ерекше дайындықпен келгенін көрсетті. Ләңгі шеберлері аяқ ұшы, қосаяқ, қайыру, теуіп беру, аяқтың ішімен және сыртымен бірдей тебу, ұпай жинау секілді сындарда аянып қалған жоқ. Жанкүйер делебесін қыздырған ойынды Бас редакторлар клубының Президенті Кенжеболат Жолдыбай, запастағы полковник Қамбар Ақтанов бағалап отырды. Университет ректоры Ақылбек Күрішбаев мұндай игі бастамалар алдағы уақытта жалғасын табатынын тілге тиек етіп, еліміздің басқа да аймақтарында бұқара қызығушылығын тудыратынына сенім білдірді.



Ерекше көңіл-күй сыйлаған сайыстың нәтижесінде «Ләңгінің хас шебері» арнайы номинациясымен «КТК» телеарнасы құрамасының ойыншысы Ербол Сейілхан, «Қайсар ойыншы» номина­циясымен «Халық сөзі» газетінің ойын­шысы, Бас редактордың орынбасары Дүрәлі Дүйсебай, «Ынтымағы жарасқан топ» номинациясымен «Алаш айнасы» газетінің ұжымы танылды. Сондай-ақ, «Ең ұтқыр» номинациясы КТК телеарнасына бұйырса, III орын «Қазақ радиосының» қанжығасына байланды. Қазақ радиосы құрамасының ка­питаны Мұхтар Тұртаев үздік ойын өрнегін көрсетіп, шеберлігімен қалың жанкүйерді тәнті етті. Жүлделі II орын «ҚазАТУ қырандарына» берілді. Ал барлық сыннан сүрінбей өткен «ҚазАТУ студенттер құрама командасы» үздік деп табылып, бірінші орынға ие болды. Арнайы Кубокты табыстаған универ­ситет ректоры, профессор Ақылбек Қажығұлұлы сайысқа ат салысқан журналистер қауымына алғыс білдірді.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет