Халықаралық қатынастар факультеті



жүктеу 0.96 Mb.
бет1/5
Дата14.10.2017
өлшемі0.96 Mb.
  1   2   3   4   5


АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАғЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ
Халықаралық қатынастар факультеті
Халықаралық құқық кафедрасы

Бітіру жұмысы
Каспий теңізі құрлықтық шельфінің минералды ресурстарын игерудің құқықтық мәселелері
Орындаған – 4-курс студенті Керімбаева А.Н.

ғылыми жетекшісі – Имангалиев С.С.
«Қорғауға рұқсат етілді»

« » 200ғж.

Халықаралық құқық кафедрасының

меңгерушісі, з.ғ.к., Нурахметова Г.Г.



Алматы 2008 ж.
Мазмұны

Кіріспе .............................................................................................................3


  1. Құрлықтық шельфтің минералды ресурстарын игеру сұрақтарын реттейтін халықаралық шарттардың жалпы талдауы.........................................................................................7

1.1. Халықаралық құқықта Әлем мұхитының минералды ресурстарын игеру.............................................................................................................7

1.2. Құрлықтық шельфтің ресурстарын делимитациялау мен игеру сұрақтары бойынша мемлекеттердің халықаралық тәжірибесі...........14


  1. Каспий теңізінің минералды ресурстарын игеру сұрағы бойынша Каспий маңы мемлекеттерінің халықаралық құқықтық ұстанымы........................23

2.1 Теңіздің минералды ресурстарын игерудің алғышарты ретінде Каспий құқықтық мәртебесін реттеу мәселесі. ...............................23



    1. Каспий минералды ресурстарын игеру сұрағы бойынша Каспий маңы мемлекеттерінің ұстанымы. ............................................3ғ

    2. Каспий минералды ресурстарын әлемдік сауда рыноктарына тасымалдаудың саяси-құқықтық мәселелері..........................................ғ1



Қорытынды.................................................................................................….....69
Библиография .....................................................................................................72

Кіріспе
Зерттеу тақырыбының µзектілігі. Жаңа мемлекеттердің қалыптасуымен және Каспий бассейні тµңірегінде жағдайдың µзгеруімен Каспий мәселесінің құқықтық сұрақтары қазіргі заң ғылымында маңызды орындардың бірін алып отыр. Бұл Каспий мәртебесінің анықталмағандығымен, мұнаймен байланысты жаңа м‰мкіндіктердің ашылуымен, м‰дделердің µсуімен, сондай-ақ, осы аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен т‰сіндіріледі.

Каспий теңізінің минералды ресурстарын игерудің құқықтық мәселелері астарында оның мәртебесін анықтау мәселесі жатыр. Дәлірек айтсақ, мәртебесін кµл немесе теңіз ретінде анықтау емес, жағалау мемлекеттің теңіздің бай кµмірсутегі ресурстарына юрисдикциясының сипатын анықтауға саяды, яғни теңізді ұлттық секторларға бµлу немесе кондоминиум режимін бекіту. Қазақстан Республикасының ұстанымы 19 шілде 1994 жылы алғаш рет жарияланды. Қазақстан тарабы Каспийге теңіз мәртебесін беруді жµн деп тапты. Бұл Каспий теңізіне қатысты 1982 жылғы теңіз құқы туралы Б¦¦ Конвенциясының қолданылуын білдіріп, автоматты т‰рде теңіз бен оның пайдалы қазбаларын пайдалану бойынша кµптеген мәселелерді шешер еді. Ал кµл мәртебесін беру кµлдерді делимитациялау мен жағалау мемлекеттердің қызметін реттеу тәжірибесінің жеткіліксіздігі себебінен пайда болуы м‰мкін мәселелерді шешуде қосымша ережелер қабылдауды қажет етеді, бұл жағалау мемлекеттерге ‰лкен ж‰к артады.

Минералды ресурстарды игерудің бірден-бір мәселесі - шикізатты әлем рыноктарына тасымалдау. Ашық теңізге қол жетпей және мұнайды әлем рыноктарында сатпай, бұл аймақтың болашақта дамуы м‰мкін емес. Қазақстанда әлем рыноктарына жолы м‰лдем жоқ деп айтуға болмайды. Магистралды жолдар бар, бірақ олардың барлығы Ресей территориясымен µтеді. Бұл Қазақстанды Ресейге тәуелді етеді. Қазақстанға мұнай тасымалдаудың әрт‰рлі бағыттағы баламалы жолдар қажет. Сондай-ақ, ол жолдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау қажет.

Каспийді тек жағалау мемлекеттердің ғана емес, АҚШ, Қытай, Ресей, Иран сияқты ірі мемлекеттердің стратегиялық м‰дделері т‰йіскен жер деп жариялап қойды.1 Табылған және болжанатын мұнайдың ірі қоры бұл аймақты екінші Парсы шығанағына айналдыруы м‰мкін. Каспий теңізінің тәжірибесінде мұнай кен орындарына қатысты µз м‰дделерін қорғап қалу мақсатында мемлекеттер “кез келген әдістерді” қолданатынын да жариялаған еді.2 КСРО ыдырағаннан кейін әлем картасында пайда болған жаңа мемлекеттердің экономикалары құлдыраған еді. Ал Каспий бассейнімен байланысты ашылған жаңа м‰мкіндіктер экономиканы дағдарыстан шығарудың негізгі тірегі еді. Қазақстан ‰шін де Каспийдің маңыздылығы – экономикасын демеуде, басқа саладағы инфрақұрылымды қолдауда. Сейсмикалық зерттеулердің нәтижесінде Каспий теңізінің қазақстандық бµлігінде қор 10 млрд.тонна мұнай мен 2 трлн.метр3 газдан тұратыны белгілі болды.3 салыстыратын болсақ, егер тек Тенгиз кен орнында 1 млрд.тонна мұнай табылса, осы кµлемдегі он кен орны барын айтуға болады. Мұнай қоры бойынша Каспий теңізі Парсы шығанағынан кейін тұр, бірақ Солт‰стік теңіздің қорынан екі есе асып т‰седі.



Зерттеу мақсаты. Бітіру жұмысының кµздеген мақсаты - теоретикалық, нормативтік және эмпирикалық материалдарды талдау мен зерттеу және осының негізінде мемлекеттердің Каспий ресурстарын игерудегі қызметінің құқықтық жақтарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу. Мақсатына жету ‰шін автор келесі талаптарды алға қояды:

  • 1982 жылғы теңіз құқы туралы Б¦¦ Конвенциясына және мемлекеттердің кµл мәртебесін бекітудегі тәжірибесін талдау. Соған сәйкес, Каспий су айдынынының ерекшеліктерін кµрсете отырып, оған теңіз мәртебесін берудің артықшылықтарын келтіру;

  • Каспий мәртебесі және 1991 жылға дейін минералды ресурстарды игеруді реттеуге қатысты ИРИ мен КСРО арасындағы шарттық тәжірибеге талдау жасау, сондай-ақ оның Каспий аймағында қалыптасқан жаңа геосаяси жағдайға қолдану м‰мкіндігін зерделеу;

  • Қазақстанның Каспий мұнайын әлемдік рыноктарға тасымалдаудың құқықтық мәселелеріне талдау жасау;

  • теңіз құрлықтық шельфінің ресурстарын игерудің алғышарты ретінде Каспий аймағының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын зерделеу.

Әдістемелік негізі мен қайнар кµздері. Бітіру жұмысының заң ғылымында қолданылатын құқықтық т‰сініктерді талдаудың жалпы юридикалық әдістері қолданылады: реми-құқықтық, салыстырмалы-құқықтық және тарихи-құқықтық.

Бітіру жұмысының нормативтік негізі ретінде: Кеңес-Иран келісімдері, 1982 жылғы теңіз құқы туралы Б¦¦ Конвенциясы, 19ғ8 жылғы құрлықтық шельф туралы Конвенция, Қазақстан мен Ресейдің Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобалары, халықаралық µзен мен кµлдер мәртебесі туралы мемлекетаралық келісімдер, құрлықтық шельфте мемлекеттердің қызметіне қатысты құжаттар мен µзге де су айдындарын пайдалану туралы, теңіз кеңістіктерін делимитациялау, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша халықаралық құжаттарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ұлттық заңнамасына с‰йенеді.

Бітіру жұмысында Ресей мен қазақстандық халықаралық құқық ғылымының теоретикалық ережелері мен қорытындыларын да пайдаландым. Мысалға, Ю.Н.Колосов, С.В.Молодцов, Л.А.Иванащенко, И.П.Блищенко, В.Я.Шестопалов, Б.М.Клименко, Р.Ф.Захарова, қазақстандық ғалымдардан Н.Ә.Назарбаев, Қ.Т.Тоқаев, М.А.Сәрсембаев, Ж.М.Аманжолов, А.А.Сәлімгерей, У.Т.Қасенов, В.Х.ғиззатов, К.С.Мауленов жұмыстарын атауға болады. Батыс халықаралық-құқықтық әдебиетінен Л.Опенгейм, В.Е.Батлер, Х.Лаутерпахт, Я.Броунли, Д.Коломбос, Ф.Пондавен жұмыстары қолданылды.



Мәселенің зерттелу дәрежесі. Қазақстандық халықаралық-құқытық ғылымда “Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтауда Қазақстанның қатысуының құқықтық жақтары” атты А.А.Сәлімгерейдің диссертациялық жұмысын ерекше атап кеткен жµн. Бұл жұмыста Каспий мәртебесін анықтау мәселесін барлық қырларынан қарастырдым. Жұмысында Каспий бассейнін теңіз ретінде қараудың барлық негіздемелерін келтірдім. Сондай-ақ совет халықаралық құқық ғылымында әзірбайжандық заңгер Р.Ф.Мамедовтың “Каспий теңізінің халықаралық-құқықтық режимі” атты жұмысын келтіруге болады. Бірақ мұнда Каспийді кµл деп есептеудің негізі келтіріледі. Осы екі жұмыс та бітіру жұмысын жазуда ‰лкен септігін тигізді.

ғылыми жаңалығы. Барлық Каспий маңы мемлекеттерінің ұстанымы жағынан Каспий теңізінің минералды ресурстарын игеру мәселесі халықаралық және мемлекеттік теория мен тәжірибені ескере отырып кешенді т‰рде зерттеледі. Солайша келесі қорытындыларды қорғауды кµздеймін:

  • жұмыста әрбір мемлекеттің бұл мәселеге қатысты ұстанымы дәйектелгендігі, негізделгендігі ескеріледі;

  • халықаралық құқықтық теорияны зерделеу барысында 1982 жылғы теңіз құқы туралы Б¦¦ Конвенциясын қолданған ең тиімді, ол мемлекеттердің теңізде қызметін реттеуде кµптеген мәселелерді автоматты т‰рде шешеді деген қорытындыға келуге болады. Бірақ мұнда міндетті т‰рде Каспий теңізінің ерекше тарихы мен геосаяси және географиялық жағдайын ескеру керектігін айта кеткен жµн;

  • 1921-1940 жылғы шарттарды зерттей келе, бұл шарттар Каспийдің қазіргі жағдайын реттеуге сәйкес келмейді деген қорытынды жасалады. Олар мемлекеттердің минералды ресурстарды игеру бойынша қызметін толық кµлемде реттемейді және пайда болған халықаралық құқықтың жаңа субъектілеріне қатысты юридикалық к‰ші жоқ.

  • Мемлекетердің тәжірибесін зерттеу негізінде Каспий бастан-ақ de facto теңіз болып есептелген деген қорытынды жасалады. Бірақ мәртебесі нақты бекітілмегендіктен, Каспийді теңіз немесе кµл ретінде санауға қатысты дау туындайды. Жұмыста Каспийге қатысты кµл мәртебесін бекіту тиімсіз екендігінің негіздері келтіріледі. Ол мемлекеттерге жаңа ережелерді қалыптастырумен байланысты қосымша міндет артып, теңіз ресурстарын игеруде, мұнай құбырларын µткізуде, кеме қатынасы мен балық аулауда, µзге де қызметте қиыншылықтар мен даулар тудыруы м‰мкін. Ал 1982 жылғы теңіз құқы туралы Б¦¦ Конвенциясы бірнеше жылдар бойы кµпшілік мемлекеттердің тәжірибесін жиып келген жалпы қолдау тапқан халықаралық теңіз құқының негізгі құжаты;

  • Талдаудың нәтижесінде теңіздің су мен ауа қабатын ортақ пайдалануда қалдыра отырып, т‰бін модификациялы медиана сызығымен сабақтастыра отырып, т‰зу сызықтармен бµлу ең тиімді деп танылып отыр. Бұл біріншіден Каспий экологиясын қорғауға, екіншіден жағалау мемлекеттердің ынтымақтастығы мен кеме қатынасының еркіндігін қамтамасыз етуге бағытталған шешім екені дәйектеледі;

  • Зерттеуде барлық м‰мкін және іске қосылған мұнай тасымалы бағыттарына талдау жасалады. Осы бағыттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жағалау мемлекеттердің ынтымақтастығына ерекше рµл бµлінеді;

  • Каспий мұнайы тµңірегіндегі жағдайды зерделей отырып, аймақтың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және болуы м‰мкін қақтығыстардың алдын алудың құқықтық механизмдерінің қажеттілігі туралы ұсыныс негізделеді.

Зерттеу пәнін Каспий маңы мемлекеттерінің теңіз құрлықтық шельфінің минералды ресурстарын игерудің құқықтық мәселелері құрайды.

Тәжірибелік маңызы. Каспий теңізінің құрлықтық шельф минералды ресурстарын игеруге қатысты сұрақтардың ғылыми зерттелуіне ‰лес қосу.

Құрлықтық шельфтің минералды ресурстарын игеру сұрақтарын реттейтін халықаралық шарттардың жалпы талдауы
1.1. Халықаралық құқықта Әлемдік мұхит минералды ресурстарын игеру
Құрлықтық шельфті құрайтын теңіз т‰бінің құқықтық режимі мемлекеттердің құрлықтық шельфте қызметін реттеуде негізін құрайтын әрт‰рлі құжаттарда анықталған. Теңіз т‰бінің құқықтық режимі ғылыми техниканың дамуымен соңғы кезде µзекті сұрақ ретінде Б¦¦ қарауына алынды. 1966 жылдан бастап Б¦¦ теңіз т‰бі мен оның ресурстарын жан-жақты зерделеп келеді. 1966 жылдың наурызында Б¦¦ Экономикалық және Әлеуметтік Кеңесінің сессиясында Б¦¦ Бас Хатшысына теңіз ресурстары және оларды µндіру әдістері туралы жалпы мәліметке шолу жасау тапсырылды. Б¦¦ Бас Ассамблеясының жиырма бірінші сессиясында бұл сұрақ талқыланып, теңіз ресурстары әлем халықтарының экономикалық дамуына септігін тигізетіні ерекше белгіленіп ғана қоймай, табиғи ресурстар туралы білімді кеңейту қажеттігі айтылды. 1967 жылы Б¦¦ жанындағы Мальта тұрақты µкілдігі 17 тамыз 1967 жылы Бас Хатшы атына меморандум жіберді.4

Тұжырымдаманың бірі бойынша, теңіз т‰бі жағалау мемлекеттердің арасында бµліну керек.5 Американдық юрист С.Бернфельдің ойы бойынша: құрлықтық шельф туралы Конвенцияның мақсаты теңіз т‰бін жағалау мемлекеттердің арасында бµлу. Оның негізгі қажеттілігі болашақ қақтығыстың алдын алу сұрақтары. Заңгердің ойынша Конвенция негізгі мақсатына жете алмағандықтан, оған қажеттілік те жоқ, оның орнына, б‰кіл теңіз т‰бі мемлекеттер арасында бµліну керек. Бұл концепция теңіздерді "ұлттық кµлге" бµліп икемсіз келді. Оған қарсы идея бойынша бұл сұрақтарды Женева Конвенциясына с‰йене отырып шешілу керек делінді.6

Конвенцияға сәйкес құрлықтық шельфтің сыртқы шекарасы екі белгінің негізінде анықталады - 200 м. тереңдікте µтетін не бұл шектен аса табиғи байлықтарды µңдеу м‰мкіндігі жеткенге дейін делінген. Демек, ғылыми техника дамуымен бұл шек ашық теңізге қарай ығыса береді. Ал мемлекет құрлықтық шельфте табиғи байлықтарды зерттеу және µңдеуде ерекше құқықтарға ие болғандықтан, бұл құқықтар ашық теңізге де м‰мкіндіктің кеңеюімен бірге тарайды. Бұл тұжырымдама АҚШ, ¦лыбритания, Франция сияқты дамыған мемлекеттерге ‰лкен м‰мкіндіктер берер еді. Теңіз т‰біне мемлекеттер юрисдикциясын шектеусіз тарату т‰бін бµлу ғана емес, оған бақылау орнатуға да әкелер еді. Халықаралық тәжірибемен дәлелденгендей, алдында шектеліп берілген юрисдикция, яғни біздің жағдайымызда теңіз т‰біне тарайтын юрисдикцияны бекіту кейін егемендікке, яғни бұл аумаққа территориялық сулар режимін бекітуге әкелуі м‰мкін.

Теңіз т‰бін бµлуде негізделген концепция керек екені белгілі. Женева Конвенциясы құрлықтық шельфтің шегін нақты анықтамағандықтан оны µз пайдасына қарай т‰сіндіру талпыныстары кµп. Конференцияда кµптеген делегациялар ғғ0 метр деп ұсынды. Бірақ бұл шек теңізге қарай ұзақ созылатындықтан қолдау таппады. Сондықтан негізгі белгі ретінде су т‰бін қаптайтын 200 метр тереңдік негізге алынды. Су т‰біндегі ерекшеліктерді ескере отырып, Комиссия ауытқуларды да кµздеді.7 Бірақ бірінші бапта кµрсетілгендей, құрлықтық шельф деп жағалауға жанасатын теңіз т‰бі аумағының беткі қабаты мен жер қойнауы жатады. Яғни жалпы теңіз т‰бі емес, жағалауға жанасатын бµлігі ғана, сондықтан теңіз т‰біне мемлекет шексіз юрисдикциясын тарата алмайды. Американдық заңгер У.Гриффинің айтуы бойынша құрлықтық шельф “жақындық” біткен жерде бітеді. Құрлықтық шельфке жағалау мемлекеттің ерекше құқықтары шельфтің жағалау мемлекет территориясының жалғасы деп есептелуіне негізделеді.

Құрлықтық шельфтің т‰сінігі ғылыми техниканың дамуымен, теңіз т‰бі ресурстарын тиімді пайдалану м‰мкіндіктерінің ашылуымен пайда болды. Құрлықтық шельф ресурстарын игеруде мемлекеттердің әрекеттері территориялық сулардан тыс теңіз т‰бі мен оның қойнауына ерекше құқықтарын бекітумен ұштасты. Алғаш рет талпыныстар АҚШ, кейін Аргентина, Сауд Арабиясы, ‡ндістан, Иран, Гондурас әрекеттерінде байқалды.8 Сол себепті бұл аймақта мемлекеттер қызметін реттеудің халықаралық құқықтық шараларын қабылдау қажеттігі туындады. Бұл сұрақпен халықаралық құқықтық комиссия айналысып, екінші (19ғ0ж.), ‰шінші (19ғ1ж.), бесінші (19ғ3ж.), сегізінші (19ғ6ж.) сессияларын арнады. Комиссия құрлықтық шельф туралы Конвенция жобасын дайындап, 19ғ8 жылы халықаралық құқық бойынша Б¦¦ конференциясында ұсынды.9 Конференция Конвенция жобасын қабылдап, қол қоюға ашық деп жариялады. Комиссия бұл мәселені қабылдауға алғанда, алдымен жағалау мемлекеттердің территориялық сулардан тыс теңіз т‰бі аймақтарына юрисдикциясын таратуы құқыққа сәйкестігі сұрағын шешу керек болды. Комиссия жағалау мемлекет территориялық сулардан тыс жатқан теңіз т‰бі аймағында жер қойнауы мен бетіне ондағы табиғи ресурстарды игеру мақсатында юрисдикция мен бақылауды ж‰зеге асыра алатын ұстанымда болды.

Нәтижесінде мұндай аймақтарды анықтау қажеттігі туды. Мұндай аймақтарды кейбір мемлекеттердің ұлттық заңдарында, халықаралық құжаттарда, ғылыми жұмыстарда қолданылғандай “су асты аймақтары” деп атау ұсынылды. Бірақ бұл термин қарастырылып жатқан аймақтардың сипатын нақты анықтамайтындықтан қолдау таппады. Нәтижесінде Комиссия геологиялық ғылымдағы "құрлықтық шельф" ұғымын таңдауды ұйғарды.10 Комиссия мемлекеттердің теңіз т‰бі пайдалы қазбаларын игеруде құқықтары "құрлықтық шельфтің" геологиялық сипатына тәуелді етпеу мақсатында "құрлықтық шельфтің" геологиялық т‰сінігінен ауытқыды, оған қоса, геолог ғалымдар да құрлықтық шельфтің шекараларына қатысты әрт‰рлі ұстанымда болды. Сұрақты қандай да бір аймақтың құрлықтық шельфке жататындығы және оған сәйкесінше құқықтың тарайтындығы туралы дауларды болдырмайтындай шешу керек болды. Комиссия егер құрлықтық шельфтегідей қалыпты жолмен тіпті геологиялық сипатында құрлықтық шельфке жатпайтын теңіз т‰бі аймақтарында пайдалы қазбаларды игеретін болса, қысымшылдық кµрсетпеуді әділ деп білді. Геологиялық сипатта құрлықтық шельфке жатпайтын теңіз т‰бі аймағында игеру жұмыстарын ж‰ргізуге м‰дделі мемлекетке қандай да бір кері салдар туындамау керек.11

Құрлықтық шельфтің юридикалық т‰сінігін анықтау оның территориялық таралу шегі сұрағымен тығыз байланысты. Құрлықтық шельфтің юридикалық т‰сінігіне жағалау мемлекетпен жанасатын, бірақ территориялық теңіз зонасынан тыс жатқан аймақ кіреді, яғни ішкі шегі территориялық теңіз шекарасынан басталады. Құрлықтық шельфтің сыртқы шегіне қатысты ережелерді қалыптастыру бірқатар қиыншылықтар тудырды. Алдымен бұл сұрақты халықаралық құқық комиссиясы қарастырды. ‡шінші сессияда дайындаған Конвенцияның бірінші жобасында Комиссия құрлықтық шельф ұғымын оның игерілу м‰мкіндігіне с‰йене отырып анықтады. Және бұл термин қаптайтын су тереңдігі теңіз т‰бі мен оның пайдалы қазбаларын игеруге м‰мкіндік беретін су т‰бі аймақтарындағы пайдалы қазбаларға қатысты. Талқылауда Комиссия 200 метр тереңдіктегі шекті қолданбауын ғылыми техниканың дамуымен 200 метрден асатындай жетістіктерге жеткенде болашақта тұрақсыздық тудыратындығымен т‰сіндірді. Дегенмен Комиссия кейін бұл шекті мақұлдайды. Оны Комиссия айқындалмаған бұрынғы мәтіндегі бап кейін т‰сінбеушілік пен дауға әкелуі м‰мкін деп себептеді. Барлық қажеттіліктерді µтейтін 200 метрдегі шек дәл осы тереңдікте құрлықтық шельф геологиялық ұғымында тамамдалып, материктік ойыс басталатындығы белгіленген. Сонымен, сегізінші сессияда Комиссия айтылған екі белгіні қосып, құрлықтық шельф ретінде жағалауға жанасатын, бірақ территориялық сулар зонасына енбейтін 200 метрге дейінгі, не одан асып, пайдалы қазбаларды су қалыңдығы игеруге м‰мкіндік беретін тереңдікке дейінгі теңіз т‰бінің беті мен қойнауы белгіленеді. Мұндай шешім ұзақ талқылаудың нәтижесінде қабылданады, µйткені Комиссия м‰шесінің кµбі "игеру м‰мкіндігі" белгісі алдында қабылдаған 200 метр тереңдік белгісіне тұрақсыздық енгізетіндіктен қарсы болды.12 Теңіз т‰бінің режимі талқылауға алынғанда жағдай к‰рделене т‰сті. 19ғ8 жылы Конвенцияның құрлықтық шельфке қатысты нақты шекара белгілемеуі және бұл сұрақтағы әрт‰рлі тәжірбиелер мемлекеттердің теңіз т‰бінде қызмет етуін реттеу мақсатында негізгі құқықтық қағидаларды қалыптастыруда қиындық тудырады. Құрлықтық шельф режимі шельфтен тыс теңіз т‰бінің құқықтық статусынан ерекшелену керек, сондықтан оларды бµлу сызығын нақты анықтай білу қажет. Сондай-ақ кейбір мемлекеттер конвенцияның ақаулығын пайдаланып, техникасы кез келген тереңдікте игеруге жарамды деп танып µз құқықтарын теңіз т‰бінің шектелмеген аймақтарына таратуға талпынады.

¤зінің соңғы жобасында 19ғ6 жылы Комиссия бақылау мен юрисдикция терминін "егеменді құқық" терминімен алмастырды, және бұл соңғысы құрлықтық шельфтің табиғи байлықтарын бақылау мен игеруге қатысты барлық құқықтарын қамтыды. Т‰сіндірмесінде Комиссия жағалау мемлекет теңіз т‰бінің сол аймағына толық егемендікке иеленетінін белгілеп кµрсетті. Комиссия теңіз т‰бі аймағына мемлекет егемендігінен гµрі ашық теңіз қағидасын шешуші деп таныды.13

Құрлықтық шельф туралы Конвенция кµптеген сұрақтарды қамтығанмен оларға толық жауап бермейді. Мысалы, мемлекеттің құрлықтық шельфке қатысты құқықтың юридикалық табиғатына қатысты нақты ережелері жоқ. Конвенцияда кейбір мемлекеттің пайымдауынша, жағалау мемлекеттің құрлықтық шельфтегі пайдалы қазбаларға құқықтар сол аумақты басып, бақылау орнатқанда ғана танылады.14 Дегенмен, бұл әрекеттерді жағалау мемлекет қабылдамаған жағдайда кез келген µзге мемлекет оны басып, бақылау орнатса, тонау ретінде бағаланып, к‰рделі салдарға соқтырар еді. Сол себепті кубалық делегацияның ұсынысымен жағалау мемлекеттің құрлықтық шельфке құқықтары сол аймақты басып бақылаудан тәуелсіз қамтамасыз ететін ереже бекітілді (2 бап,3 пункт).

ГФР, Жапония сияқты µзге де мемлекеттер құрлықтық шельфке жағалау мемлекеттің ерекше құқықтарын мойындамай, шельф байлықтарын барлық мемлекеттің теңдік пен толық еркіндік қағидасына негізделіп игеру тұжырымын ұстанады.15 Бұдан ГФР-ң µзге елдердің құрлықтық шельфіне ену талпынысымен байланысты м‰дделерін байқауға болады. Әрине мемлекеттің егемендігі территориялық суларымен шектеледі де, ашық теңіз қағидасы к‰шіне енеді. Бірақ бұл территориялық сулардан тыс аймақта жағалау мемлекеттің артықшылықтың құқықтары тарамайтынын білдірмейді. Бұл аймақ территориялық суларға жанасқандықтан құрлық жалғасы ретінде жағалау мемлекеттің айрықша м‰дделері ескеріліп, халықаралық кеме ж‰зу м‰дделерімен сабақтастырылады, осы жолмен ашық теңіз қағидасы µз к‰шін сақтайды.

Мысалы, 1733 жылы 3 мильдік територриялық сулары бар Англия 24 мильге созылған кеден аймағын белгіледі. Осындай аймақтарды кейін АҚШ, Франция, Т‰ркия, Польша, Югославия белгіледі. Кеденнен µзге мемлекеттің тәжірбиесінде балық аулау, санитарлық, фискалды, қауіпсіздік аймақтары да бекітілгені белгілі.16 Солайша, територриялық сулардан тыс арнайы мақсаттарда аймақтарды белгілеу тәжірбиесі 19ғ8 жылғы Конвенцияда халықаралық құқық нормасы ретінде орынын тапты. Сондай-ақ Конвенция бұл аймақта мемлекеттерге берілетін құқықтарды нақты анықтап берумен шектеледі. Конвенцияның 24-бабына сәйкес територриялық суларға жанасатын ашық теңіз аумақта мемлекет: а) µзінің територриясы не територриялық сулары шегінде кедендік, фискалды, иммиграциялық, санитарлық ережелерді бұзуды болдырмау; б) µз територриясы не територриялық сулары шегінде осы айтылған ережелерді бұзғаны ‰шін жазалауға қажет бақылау ж‰ргізіледі.

Дәл осылайша құрлықтық шельф туралы Конвенция шельф табиғи байлықтарын барлау мен µңдеу мақсатында територриялық суларынан тыс аймаққа жағалау мемлекеттің юрисдикциясы таралу м‰мкіндігін мақұлдады.

Територриялық сулардан тыс аумақта жағалау мемлекетке артықшылықты құқықтарды беруді кµздейтін кез келген, соның ішінде құрлықтық шельф концепциясының да бұлжытпас шартының бірі - мұндай құқықтар ж‰ретін аумақты шектеу. Құрлықтық шельф туралы конвенцияны дайындауда да µзге су аумақтарынікі сияқты мемлекеттер µз артықшылықты құқықтарын ж‰зеге асыратын теңіз т‰бі аумағының шекараларын бекітуді дұрыс деп тапты.

Дегенмен, конференцияда бұл талпынысты ж‰зеге асыратындай нақты ережені бекітуге қол жетпеді.

Әрине бұл құрлықтық шельф мәртебесінің құқықтық сипатын µзгертпейді. Осы мақсатпен құрлықтық шельф туралы конвенцияға осы ережені бекітетін бірқатар баптар енгізілді. Солайша, мысалға ‰шінші бапта құрлықтық шельфке жағалау мемлекеттердің құқықтары ашық теңіз бетін қаптайтын сулардың және ‰стіндегі ауа қабатының құқықтық мәртебесін қамтымайтыны бекітілген. Бұл алғышартты Конвенцияның су асты кабельдері мен құбыр жолдарын салуға қатысты тµртінші бап та бекітеді. Халықаралық құқық комиссиясының жобасы жағалау мемлекеттің құрлықтық шельфте кабель мен құбыр жолдарын салуға салуға кедергі етуге тыйым салады.

Конференцияда Венесуэла жағалау мемлекеттерге кабельдердің µту жолдарын анықтаудың жалпы ережелерін белгілеу құқын беруді ұсынды.17 Бірақ ұсыныс кейін тәжірибеде су асты кабельдерін салуда қиындық тудыруы м‰мкін болғандықтан және ашық теңіз еркіндігі қағидасына қайшы болғандықтан мардымсыз болды. Бесінші бапта да құрлықтық шельфте табиғи байлықтарды барлау мен µңдеу ашық теңіз еркіндігі қағидасына қайшы келмеуінің алғышарт ережелері бекітілді. Осы бапқа сәйкес жағалау мемлекетке табиғи ресурстарды барлау мен µңдеуге қажет бекініс пен құрылыс салуға, сондай-ақ шеткі н‰ктесінен бастап ғ00 метрден аспайтын айналасында қауіпсіздік аймағын белгілеуге құқық берілді. Бапта табиғи байлықтарды барлау мен µңдеу кеме ж‰зуіне, балық аулау мен теңіз тірі ресурстарын қорғауға себепсіз кедергі етпеуді талап етеді. Құрлықтық шельфте табиғи ресурстарды барлау және µңдеумен байланысы жоқ кедергі ашық теңіз қағидасын бұза алмайды. Бұл кең қолдау тауып конвенцияда бірқатар ережелермен бекітілген.

Құрлықтық шельф байлықтарын барлау мен игеру жариялау мақсатымен орындалатын ғылыми зерттеуге кедергі келтірмеуі тиіс делінген. Дания делегациясының ұсынысы кең қолдау тауып, ғ-баптың бірінші пунктісімен бекітілді. Кейін µзге делегациялардың ұсынысымен осы бапқа қосымша пункт қосылып, құрлықтық шельф аймағында зерттеу ж‰ргізу ‰шін жағалау мемлекеттің рұқсатын қажет ететін ереже бекітілді: егер ұсыныс беруші сәйкесінше маманданған мекеме болып, құрлықтық шельфтің биологиялық және физикалық қасиеттерін ғылыми зерттеумен айналысқан жағдайда, жағалау мемлекет жалпы тәртіп пен тәжірибе бойынша бас тартпауы тиіс, және де бір шарт - жағалау мемлекет қалаған жағдайда нәтижелері жариялануға жататын зерттеулерге қатысуға құқылы. Бұл шарт жағалау мемлекеттен рұқсат алу тәртібін жеңілдетуге бағытталған ереже.18

Осы айтылғанды қорытындылайтын болсақ, мемлекеттің құрлықтық шельфке құқықтарының юридикалық табиғаты ашық теңіз еркіндігі қағидасына қайшы емес, керсінше оны ұстана отырып, ашық теңіздің кейбір аймақтарда жағалау мемлекетке артықшылықты құқықтар беруді кµздейді.

Халықаралық құқық комиссиясы конвенцияны дайындауда теңіз және оның ‰стіндегі ауа қабатының еркіндігі қағидасын сақтай отырып, континенталлды шельф режимін анықтауы тиіс болды. Бұл қағиданы µзгету немесе одан ауытқуларға жол берілмейді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет