Жақында ана атанып, декреттік демалысқа кеткен блогер Фариза Төреәлі жас аналарға кеңесін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/farizatoreali/

Блогердің айтуынша, бала күтімімен отырған аналар күйзеліске жиі түседі екен. 

“Ана Фаризаға 60 күн. Кей адамдар аналардың еңбегін, тіпті әйелдер өздерін құнсыздандырып жатады. “Үйде отырмын, бәрінен қалып қойдым, бәрі шаршатты” сынды хаттарды жиі оқыған соң айтқым келетіні: Алла сізге ең үлкен нығметті және сауапқа толы рөлді беріп қойған. Себебі пайғамбарымыздың (с.а.с) үмбетін өсіріп отырсыз, ертеңгі күні берген тәрбиеңіздің арқасында әрбір балаңыздың Алла жолында жасаған әр ісі үшін сауапты сіз аласыз! Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеп, азамат ету – ата-анаға ортақ парыз. Дегенмен, тар құрсағын кеңейтіп, тас емшегін жібітіп, тоғыз ай, тоғыз күн көтерген перзенті үшін ең негізгі ана тәлімінің орнын ешкім баса алмайды. Сондықтан да Жәннәтті ананың табанының астында деп құр айтылмаса керек”, – дейді блогер. 

Сондай-ақ, жас ана күйеуінің қызына ерекше қамқорлығын айтып мақтанды. Күн сайын тосынсый дайындап қояды екен.  

Скриншот: https://www.instagram.com/farizatoreali/

“Бұл – үлкен бақыт, онымен еретін үлкен жауапкершілік, үлкен еңбек және күн сайын дұрыс амалдармен дән егіп отыратын болсаң үлкен сауап. Өздеріңізді құнсыздандырмаңыздар, құрбылар. Алла әр ісіңізді, жақсылығыңызды көруде. Әр күніңізден, әр сәтіңізден, балаңыз бен жұбайыңыздың жанында болған минуттардан бақыт іздеңіз, бақытқа бөленіңіз, сезініңіз. Себебі бұл шақтар қайта келмейді. Әкетайы Даратайға күн сайын ерекше сыйлықпен қуантады. Алла разы болсын кіршіксіз махаббатыңыз бен қамқорлығыңыз үшін”, – деп алғыс айтты жас ана.  

Еске салайық, Фариза қызын қалай өсіріп жатқанын жазған болатынбыз. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.