Халықаралық білім беру корпорациясына қабылдау тәртібі



жүктеу 127.91 Kb.
Дата21.04.2019
өлшемі127.91 Kb.



Халықаралық білім беру корпорациясына

қабылдау тәртібі

Қабылдау ережелері Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 және №109 қаулысымен бекітілді) және оқу процесін қашықтықтан білiм беру технологиялары бойынша ұйымдастыру ережелері (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №112 қаулысымен бекітілді)
1. Жалпы ережелер

  1. Халықаралық білім беру корпорациясы (бұдан әрі - ХБҚ) - жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, ПОҚ қайта дайындау (біліктілікті арттыру) білім беру бағдарламаларын іске асырады.

  2. Корпорацияда күндізгі, сырттай және сырттай қатысу және де қашықтықтан білім беру технологиясын (ҚБТ) қолдану арқылы нысандары бойынша білім беріледі.

  3. Оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. 

  4. Корпорацияға орташа жалпы (орташа жалпы), техникалық және кәсіби (бастапқы және орташа кәсіби, орташа білімнен кейінгі), жоғары (жоғары кәсіби) білімі бар тұлғалар қабылданады. 


2. Бакалавриат мамандықтарына қабылдау тәртібі

5. Халықаралық білім беру корпорациясы (бұдан әрі - ХБҚ) келесі мамандықтар бойынша бакалаврларды дайындауды іске асырады:

5В020200 – Халықаралық қатынастар
5В020700 – Аударма ісі
5В030100 – Құқықтану

5В042000 – Сәулет

5В042100 – Дизайн

5В050400 – Журналистика

5В050600 – Экономика

5В050800 – Есеп және аудит

5В050900 – Қаржы

5B072500 – Ағаш өңдеу және ағаштан бұйымдар жасау технологиясы (қолданылу саласы бойынша)

5В070400 – Есептеуіш техника және бағдарламалық қамту
5В071100 – Геодезия және картография

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация

5В072900 – Құрылыс

5В073000 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрылымдарын өндіру.

5B075200 – Инженерлік жүйелер және желілер

5В090200 – Туризм

6. Мемлекеттік бюджеттік қаржыландыру, мамандарды даярлауға мемлекеттік білім беру гранттарын (білім беру гранттары) жайғастыру, сонымен қатар азаматтардың өзіндік қаражаттарының есебінен оқуды төлеу арқылы корпорацияға қабылдау жүргізіледі.

7. Қазақстан Республикасында тұрақты мекендейтін, дегенмен азаматтығы жоқ және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, дегенмен қазақ ұлтының тұлғаларына әскери оқу орындарынан басқа, мемлекеттік білім беру тапсырмасына сәйкес байқау негізінде бірінші реттік тегін жоғары білім алуға мүмкіндік беріледі.


Мемлекеттік білім беру тапсырмасына сәйкес байқау негізінде шетел азаматтарымен тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерімен анықталады. 

8. Корпорацияға талапкерлерді қабылдау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығымен (бұдан әрі - ҰТО) жасалған технологиялар бойынша өткізілетін Бірыңғай Ұлттық Тестілеу (бұдан әрі - БҰТ) немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификат балдарына сәйкес байқау негізінде азаматтардың өтініштері бойынша іске асырылады. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға қабылдау арнайы немесе шығармашылық емтихандарды есепке алу арқылы іске асырылады. БҰТ ағымдағы жылдың орташа жалпы білім беру ұйымдарының түлектері үшін өткізіледі. 

9. Кешенді тестілеу өткен жылдың орташа жалпы (жалпы орташа) білім беру ұйымдарының түліктері, техникалық және шығармашылық білім беру (бастапқы және орташа кәсіби, орташа білімнен кейінгі) ұйымдардың түлектері, БҰТ-қа қатыспаған жалпы білім беру мектептерінің түлектері, шетелде халықаралық алмасу бойынша оқыған тұлғалар, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың түлектері, шетелде оқу орындарын бітірген тұлғалар үшін өткізіледі.

10. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсетін тұлғаларды қабылдау жоғары оқу орындарымен іске асырылады. Техникалық және кәсіби, орташа білімнен кейінгі (колледж) білімі бар тұлғаларды жоғары оқу орындарының ұқсас мамандықтарына қысқартылған оқу мерзімі бойынша ақылы негізде қабылдау кешенді тестілеу нәтижелері бойынша іске асырылады. 


Ұқсас мамандықтардың тізімі білім беру саласындағы өкілетті органның шешімімен бекітіледі.

11. Жоғары кәсіби (жоғары) білімі бар тұлғаларды жоғары оқу орындарына қысқартылған оқу мерзімі бойынша ақылы негізде қабылдау әңгімелесу негізінде Қабылдау комиссиясымен іске асырылады. Аталған тұлғаларды 5В042000 – Сәулет, 5В042100 – Дизайн, 5В050400-Журналистика мамандығына қабылдаған кезде, әңгімелесуден басқа, екі шығармашылық емтихан (ұқсас мамандық бойынша бірінші білімі бар тұлғалардан басқа) тапсырылады. 

12. Мемлекетаралық келісім бойынша құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде белгіленген квота бойынша шетел азаматтарын қабылдау іске асырылады.
Жоғары оқу орындарына ақылы оқу негізінде шетел азаматтарын қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиясымен өткізілетін әңгімелесу негізінде іске асырылады.

13. Қабылдау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілген квота белгіленеді.  
Ауылдағы білім беру ұйымдарын бітірген тұлғалар үшін бакалавриат пен арнайы жоғары білім беру мамандықтарының тізімі білім беру саласындағы өкілетті органмен бекітіледі.
14. Шет тілінде ұсынылатын құжаттардың қазақ немесе орыс тіліндегі нотариалды расталған аудармасы болуы керек.

Шетел білім беру ұйымдары берген білім беру туралы құжаттары бірінші оқу семестрінің ішінде ағымдағы заңдылыққа сәйкес нострификация рәсімінен өткізіледі және «Білім беру құжаттарын қабылдау және нострификация» мемлекеттік қызмет стандартына (31.08.2012 жылғы ПП ҚР №1119) сәйкес қабылданады:

- білім беру құжатының түпнұсқасы (құжат апостилденген немесе ресмилендірілген болуы керек);
- білім беру құжатына келесі қосымшалар болуы керек: оқылған пәндердің сағаттар көлемі, қорытынды бағалар, курстық және бітіруші кәсіби жұмыстар, оқу үрдісінің басқа да құраушылары (құжат апостилденген немесе ресмилендірілген болуы керек);
- білім беру құжатының нотариалды расталған аудармасы және мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшалары. Аударманы растау Қазақстан Республикасының аумағындағы нотариуспен немесе құжат берілген мемлекеттегі ҚР дипломатиялық қызмет органымен іске асырылады.
Жеке жағдайларда (мысалы, прецедент бойынша расталғанда) құжат берілген мемлекеттегі ҚР дипломатиялық қызмет органымен орындалған аударма берілуі мүмкін;
- білім беру құжатының иегерінің куәләндыратын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі және мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріне аудармасы;
- жоғары оқу орнының мөрімен бекітілген (қажет болғанда, нотариалды расталған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі аудармасымен) негізгі орташа, жалпы орташа білім беру ұйымдарының құжаттарынан басқа, білім беру құжатын бірген жоғары оқу орнының аккредиттеу туралы лицензияның және/немесе куәлігінің көшірмесі.

15. Арнайы немесе шығармашылық дайындықты қажет ететін мамандықтарға (бұдан әрі - шығармашылық мамандықтар) қабылдау арнайы немесе шығармашылық емтихандарды (бұдан әрі – шығармашылық емтихан) ескере отырып іске асырылады. Шығармашылық мамандықтардың тізімі және арнайы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі білім беру саласындағы өкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.


Шығармашылық мамандықтарға өтініштерді қабылдау 20 маусымнан 1 шілде аралығында Қабылдау комиссиясымен іске асырылады. Шығармашылық емтихандардың саны екеу.
Шығармашылық емтихандар 2-7 шілде аралығында өткізіледі. Шығармашылық мамандықтарға түскен кезде, өтініштерді қабылдау ЖОО-ң орналасу мекенжайы бойынша іске асырылады.

16. Бір шығармашылық емтихан бойынша ең жоғары балл саны - 25. Шығармашылық емтихан бойынша 10 балдан кем алған немесе емтиханға қатыспаған талапкерлер кешенді тестілеуге жіберілмейді. Шығармашылық емтиханды қайта тапсыруға болмайды. Шығармашылық емтихан тапсыра алмаған немесе құжаттарын қайтарып алған талапкерлердің емтихан жұмыстары мен емтихан қағаздары талапкерлерге қайтарылмайды.

17. Кешенді тестілеу тестілеуді қабылдау пункттерінде (негізгі жоғары оқу орындары) өткізіледі, олардың тізімі білім беру саласындағы өкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.

Шығармашылық мамандықтарға түсетін, сонымен қатар құқық қорғау органдарына және арнайы органдарға бағынатын жоғары оқу орындарына түсетін тұлғаларды кешенді тестілеу негізгі жоғарғы оқу орнында өткізіледі.

18. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат қабылдау комиссиясына белгілі нысандағы өтінішті, орташа жалпы (жалпы орташа), техникалық және шығармашылық (бастапқы және орташа кәсіби, орташа білімнен кейінгі) білімі туралы аттестатты немесе дипломды (түпнұсқа), тестілеуді өткізу үшін төлем түбіртегін, 3х4 өлшемді екі фотосуретті (5В042000, 5В042100, 5В050400 мамандықтарына түсушілер үшін 3 фотосурет), 086-У нысандағы медициналық анықтаманы, жеке куәліктің көшірмесін өткізеді. 


  1. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылданады. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі.

  2. Кешенді тестілеу қазақ немесе орыс тілдерінде төрт пән: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика, таңдаған пәні бойынша өткізіледі.:

- 5В042000, 5В042100, 5В050400 мамандықтары үшін – Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі (оқыту тілі);
- 5В050600, 5В050800, 5В050900, 5В071100, 5В090200 мамандықтары үшін - Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі, математика, география;
- 5В070400, 5В071900, 5В072500, 5В072900, 5В073000, 5В075200 мамандықтары үшін - Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі, математика, физика;
- 5В020700, 5В020200 мамандықтары үшін - Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі, математика, шет тілі;
- 5В030100 мамандығы үшін - Қазақстан тарихы, қазақ/орыс тілі, математика, дүниежүзілік тарих.
21. Әр пән бойынша тестілік тапсырмалардың саны - 25. Әр дұрыс жауап бір балға тең.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін азаматтар үшін кешенді тестілеудің екі пәні бойынша балдар саналады: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы.

22. Кешенді тестілеуге 2 сағат 30 минут беріледі. Тестіні қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

23. Дұрыс жауаптардың кодтары жауап парақтарын сканерден өткізгеннен кейін ілінеді.

24. Кешенді тестілеудің нәтижелерін өңдеу кешенді тестілеу өткізілген жоғары оқу орнында іске асырылады.


25. Кешенді тестілеудің нәтижелері өткізілгн күні мемлекеттік комиссиямен жарияланады.
26. Кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша әр қатысушыға тестілеуден кейін үш күнтізбелік күннің ішінде берілетін белгілі нысандағы сертификат жазып беріледі. 
27. Тестілеудің нәтижелерімен келіспейтін азамат апелляцияға өтініш беруі мүмкін. Апелляцияға өтініш мемлекеттік комиссияның төрағасымен бекітілген апелляциялық комиссияға тестілеудің нәтижелерін жариялағаннан кейін күндізгі 13 сағатқа дейін өткізіледі.
28. Білім беру гранттарын беру нақты мамандықтар және оқыту тілдерінің бөлімдері бойынша байқау негізінде іске асырылады. Білім беру гранттарын тағайындауға қатысу үшін өтініш 23-31 шілде аралығында қабылданады.
Гранттарды тағайындау білім беру саласындағы өкілетті органның Байқау комиссиясы іске асырады.
29. Мемлекеттік білім беру грантын алуға қатысу үшін азамат Қабылдау комиссиясына белгілі нысандағы өтінішті, білімі туралы құжатты (түпнұсқа), бірыңғай ұлттық немесе кешенді тестілеу сертификатын, 3х4 өлшемді екі фотосуретті, 086-У нысандағы медициналық анықтаманы, жеке куәліктің көшірмесін өткізеді.
30. Білім беру грантын алуға қатысатын азамат өтініште таңдалған мамандық пен ЖОО көрсетеді. Таңдау бойынша пән сәйкес келгенде, азамат төрт мамандықты жазуы мүмкін.
31. білім беру грантын алуға артықшылық құқығы бар азаматтар қабылдау комиссиясына осындай құқықты растайтын құжатты ұсынады.
32. І және ІІ топтағы мүгедектер, мүгедек балалар, сонымен қатар бала кезінен мүгедектер таңдалған мамандық бойынша оқуға кері әсерлері жоқ медико-әлеуметтік сараптаманың (МӘС) қорытындысын ұсынады. 
Мемлекеттік білім беру гранттарын алуға қатысатын азаматтар (жетім балалар және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар, соғысқа қатысушыларға және соғыс мүгедектеріне теңестірілген І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын қазақ ұлтының тұлғалары үшін) үшін белгіленген квоталар аталған мамандықтар үшін жарамды. 
33. Шығармашылық мамандықтарды таңдаған және «Алтын белгі»-не ие талапкерлер шығармашылық емтихан тапсырған ЖОО мен бір мамандықты белгілейді.
34. Білім беру гранттарын тағайындау үшін қажетті минималды балдар деңгейі 50 балды құрайды, оның ішінде бейінді пән бойынша 7 балдан кем болмауы керек (әр шығармашылық емтихан бойынша 10 кем емес), ал қалған пәндер бойынша 4 балдан кем болмауы тиіс. 
35. Бірыңғай ұлттық немесе кешенді тестілеу балдарына сәйкес білім беру гранттарын тағайындай үшін байқауды өткізу кезінде артықшылық құқықтары мына талапкерлерде бар:
1) «Алтын белгі»-сімен марапатталған оқушылар;
2) жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың және ғылыми сайыстардың жеңімпаздары (І, ІІ, ІІ деңгейдегі дипломдармен марапатталған), соңғы үш жылдағы республикалық және халықаралық ән байқауларының және спорттық жарыстардың жеңімпаздары (І, ІІ, ІІ деңгейдегі дипломдармен марапатталған), сонымен қатар таңдалған мамандыққа сәйкес ағымдағы жылдың жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми сайыстардың жеңімпаздары (І, ІІ, ІІ деңгейдегі дипломдармен марапатталған).  Халықаралық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми сайыстардың, ән байқауларының және спорттық жарыстардың пәндеріне сәйкес мамандықтардың тізімі Министрлікпен бекітіледі.
36. Білім беру гранттары, ең алдымен 35 тармаққа сәйкес артықшылық құқығы бар азаматтарға беріледі.
Бұдан кейін білім беру гранттары байқау негізінде оқыту тілінің бөлімі, ЖОО, мамандықтардың тізімі бойынша сертификаттарға сәйкес беріледі. 
37. Бір тіл бөлімі бойынша бос орындар мамандықтар арасында тағайындау үшін беріледі.
Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындаудан кейін қалған бос орындар жоғары өту балдарына сәйкес мамандықтардың арасында реттестіріледі. 
38. Бірыңғай ұлттық немесе кешенді тестілеудің сертификат балдары бірдей болғанда, артықшылық құқыққа жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; І және ІІ топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, үздік білім беру құжаты (аттестат, куәлік, диплом) бар азаматтар, аттестат пен дипломның орташа балы жоғары тұлғалар ие болады. 
39. Ауыл жастары үшін квота бойынша мамандықтарға байқау төмендегідей өткізіледі: гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы байқаудың тәртібіне сәйкес беріледі, ал қалған 30 пайыз ауыл жастарының арасында таратылады. Мемлекеттік білім беру грантына ие болған азаматтарға білім беру саласындағы өкілетті орган белгілі нысандағы куәліктерді береді. Сәйкес куәліктердің иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. 
40. Мемлекеттік білім беру гранттарына ие болған тұлғаларды мемлекеттік комиссия сәйкес куәліктерді алу қажеттігі туралы хабарландырады.
Мемлекеттік білім беру грантын тағайындау туралы куәлік қабылдау комиссиясына тапсырылған құжаттармен бірге 15 тамыздан кешіктірмей қайтарылады. 
41. Корпорацияның қабылдау комиссиясына өтінішпен қатар, орташа жалпы (жалпы орташа), бастапқы кәсіби (техникалық және кәсіби), орташа кәсіби (орташа білімнен кейінгі) немесе жоғары кәсіби туралы білім құжаттары (түпнұсқа), 3х4 өлшемдегі 6 сурет, тіркеу жарнасын төлеу туралы түбіртек, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, білім беру грантын тағайындау туралы сертификат пен куәлік (бар болғанда) өткізіледі.  
42. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті алған азаматтар өтінішті ЖОО-на өткізеді және ЖОО –ң жетекшісінің бұйрығымен студенттердің қатарына тіркеледі.
Шығармашылық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәліктің иегерлері шығармашылық емтиханды тапсырғаннан кейін оқуға қабылданады. 
43.  Ақылы оқу негізіне бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсырып, 50 балдан (қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау бойынша пән, оның ішінде бейінді пән бойынша 7 балдан кем болмауы керек (әр шығармашылық емтихан бойынша 10 кем емес), ал қалған пәндер бойынша 4 балдан кем болмауы тиіс)) кем емес балл жинаған ағымдағы жылдың орташа білім беру ұйымдарының түлектері алынады. 
44. Студенттердің қатарына қабылдау, қабылдау комиссиясымен 10-25 тамыз арылығында іске асырылады.
Қабылдау мамандықтар және тіл бөлімдері бойынша жеке өткізіледі.  
Шығармашылық емтихандары бар мамандықтарға қабылдау осы емтихандардың нәтижелері бойынша іске асырылады.
45. БҰТ немесе кешенді тестілеу нәтижелері бойынша жоғары балдарға ие талапкерлер үшін, сонымен қатар аз қамтылған жанұялардан шыққан талапкерлер үшін корпорация «Scholarships» білім беру гранттарына байқау өткізеді, арнайы «Scholarships» стипендиясын тағайындау туралы тәртібінің 8т. сәйкес.

Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқуға қабылдау тәртібі
1. Халықаралық білім беру корпорациясы (ХБК) келесі мамандықтар бойынша қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып бакалавр дайындауды жүзеге асырады:

5В020200 – Халықаралық қатынастар

5В020700 – Аударма ісі

5В030100 – Заңтану

5В050600 – Экономика

5В050800 – Есеп және аудит

5В050900 – Қаржы

5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету

5В071100 – Геодезия и картография

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникации

5В072900 – Құрылыс

5В073000 – Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және конструкцияларын өндіру

5В075200 – Инженерлік жүйелер және желілер.

2. ҚБТ қолдана отырып оқуға келесі тұлғалар түсе алады:



  1. техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім беру базасында қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша;

  2. барлық білім беру деңгейінде физикалық мүмкіндіктері шектеулі тұлғалар, соның ішінде мүгедек балалар, І және ІІ топтардағы мүгедектер;

  3. жоғары білім деңгейінде білім алушылардың алмасу бағдарламасы бойынша мемлекет аумағынан тысқары шыққан тұлғалар, «Болашақ» бағдарламасы степендиаттарын есептемегенде;

  4. жоғары білім деңгейінде әскери қызметке шұғыл шақырылғандар;

  5. жоғары білім деңгейінде шетелде ұзақ мерзімді іссапарда жүретін тұлғалар (4 айдан артық).

3. ҚБТ бойынша оқуға ниет білдірген тұлғалар ХБК президент-ректорының атына төмендегі растайтын құжаттарын ұсына отырып ҚБТ қолдану мүмкіндігі туралы дәлелді негіздемесі бар өтініш жазады:

  1. мамндық бойынша жұмыс істейтін тұлғалар, жұмыс орнан анықтама;

  2. мүгедек-балалар үшін психолог-педагог кеңесінің ұсынысы.

4. Өтініш бес күнтізбелік күн ішінде қарастырылады. ҚБТ қолдана отырып ХБК-ға білім алушыны оқуға қабылдау туралы бұйрық екі күнтізбелік күн ішінде рәсімделеді.

5. Бұйрыққа тіркеледі:



  1. білім алушының өтініші;

  2. білім алушының жеке оқу жоспары;

  3. әрбір білім алушының оқу әрекетін ұйымдастырудың жеке кестесі;

  4. қашықтықтан білім беру технологиясы бойынша оқу үрдісінде мүгедек-балалардың қатысу мүмкіндігі туралы психолог-дәрігер-педагог кеңесінің ұсынысы.

ХБК оқуға қабылдау туралы бұйрық шыққаннан кейін екі күнтізбелік күн ішінде білім алушыларды ҚБТ-да қолданылатын оқу үрдісіндегі жоспармен және кестемен таныстырады.

6. ҚБТ қолдана отырып тұлғаларды оқуға қабылдау мен алу осы ережелердің 8-35, 43-44 тармақтарға сәйкес жүзеге асырылады.





Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет