Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім



жүктеу 66.85 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі66.85 Kb.


Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға өтінім


  1. Баяндамашының аты-жөні: Каландарова Райхан Азатқызы




  1. Ғылыми дәрежесі, атағы: жоқ



  1. Жұмыс орны, лауазымы: Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімінің шетел тілі пәнінінң әдіскері.




  1. Телефоны, (ұялы телефоны) факсы, E-mail: 8705 797 32 38,


abb_raihon@mail.ru


  1. Секцияның нөмірі және аталымы: № 5. Полилингвизм және тілдерді үйренудегі инновациялық технология.



  1. Қатысу формасы ( тікелей, сырттай): тікелей



  1. Қонақ үйге тапсырыс беру қажеттілігі: жоқ.


Каландарова Райхан Азхатқызы. 06. 03.2014жыл.

ЕТЕЛ ТІЛІН ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ


Каландарова Райхан Азатқызы

Шет тілі пәні әдіскері

Т. Рысқұлов аудандық білім бөлімі

Түйіндеме

Бұл мақалада жаңа ақпараттық технологиялардың шет тілін меңгерудегі рөлі туралы баяндалған. Шетел тілін оқытудың мақсаты - оқушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас біліктілігін қалыптастыру болып есептелсе, шетел тілін оқытуда жаңа ақпараттық технололгияларды қолдану осы мақсаттан туындап отырған қажеттілік болып саналмақ.



Резюме

В статье раскрывается специфика использования современных видео материалов как средств развития образовательных технологий. Особое внимание уделяется организации содеятельности субъектов образовательного процесса, использованию инновационных технологий при обучении иностранному языку.



Abstract.

The article reveals the specificity of using modern video resources as means for the development of educational technologies. Particular attention is paid to the organization of educational process subjects’ co-activity, and the use of innovative technologies in teaching foreign languages
Адамзат тарихында үнемі өзгерістер мен жаңалықтар орын алып тұрады. Әр кезеңде қоғамның барлық салаларында қажеттіліктен пайда болған жаңашылдықтар, жаңа көзқарастар, жаңа өзгерістер және жаңа технологиялар туындап отырады. Ғылыми- техникалық даму ХХ ғасыр соңына келіп тек қана көптеген өндіріс салаларында ғана жаңғыртуда себеп болып қалмай, алайда мәдениет саласы және білім беру салаларына да кіріп келді. Қазіргі таңда білім беру саласында оқытудың жаңа педагогикалық технологияларының көптеген түрлері қолданылуда.

Педагогикалық технология терминіне тоқталатын болсақ, бұл термин ағылшын тілінде “educational technology” деп айтылып, қазақ тілінде « педагогикалық технология », « оқыту технологиясы » сияқты бірнеше сөздермен қолданылады. Бұл термин бірінші рет педагогика бойынша ХХ ғасырдың 20 жылдарында тілде қолданылғанн. Қазіргі таңда педагогикалық технология түсінігінің түрлі сипаттамалары бар:



  1. 1. Технология — өнім алу үшін керекті материалдарды өндеу әдістері мен өнім шыгаруға керекті жүйелі процесс. [ ашық энциклопедия]

  2. Педагогикалық технология – бұл оқу процесін іске асырудың техникасы. [В.П.Беспалько]

  3. Педагогикалық технология – бұл оқытуда жоспарланған нәтижелерге жету процесін сипаттау. [И.П.Волков]

  4. Оқыту технологиясы - бұл оқушылар және оқытушы үшін қолайлы жағдайлар жаратып беру үшін оқу процессін ұйымдастыру және жүргізу бойынша жан-жақты қарастырылған біріккен педагогикалық іскерлік моделі. [ В. М.Малахов ]

Оқытудың инновациялық технологиялары да өз кезеңінде заман талабына сай дамып, өзгеріп отырады. Қазіргі таңда оқытуда баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларының көптеген түрлері бар. Республикамыздың білім беру саласында : мектепке дейінгі тәрбие беру, жалпыға міндетті орта білім беру және жоғары білім беру жүйесінде білім беру мазмұнын жаңғыртуда дамыған елдердің үздік оқыту технологиялары қолданысқа еңгізіліп отыр.

Сонымен қатар, Т. Рысқұлов ауданында шет тілі пәнін (ағылшын тілі) оқытуда оқушының шығармашылық, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру мақсатында озық технологиялардың оннан астам түрлерін қолдануда. Соның ішінде « Сын тұрғысынан ойлау технологиясы », « Модульдік оқыту технологиясын » ( М. Жанпеисова ) және де « Жаңа ақпараттық -коммуникативті технологиясының » түрлерін пән мұғалімдері сәттілікпен қолдануда.
Білім  беру үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану өзекті мәселелердің қатарынан орын алуда. Шетел тілін оқытудың мақсаты - субьектінің мәдениетаралық  қарым- қатынас  біліктілігін қалыптастыру  десек, онда  сол шетел  тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияларды қолдану шетел тілін оқытудың мақсатынан туындап отырған қажеттілік болмақ. Сондықтан, мен өз баяндамамда шет тілін оқытуда жаңа ақпараттық технологияны пайдалана отырып, шетел тілі сабағында бейнематериалдарды қолданудың тиімділігі туралы тәжірибемен бөліспекпін.
Сабақ барысында кез келген сыныпта бейнематериалдарды қолдану оқушыларда үлкен қызығушылық оятады. Бейнематериалдарын қолдану - тіл үйренушілердің сөз әрекетінің төрт түрінде де біліктілігін қалыптастыруға болады, бейнематериалдарын қолдану арқылы олардың оқу, жазу іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыруға , сөздік қорын байытуға мүмкіндік туғызады, тілін үйренуші жергілікті халықтың тілін дұрыс меңгеру мүмкіншілігі болады. Бейнематериалдарды қолдану арқылы оқушылардың тыңдап- түсіну және еркін сөйлеу дағдылары дұрыс дамиды.
Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, тақырыпқа байланысты бейнематериалдарын интернет жүйесінен іздеп табуға болады. Бейнематериалдарды сабақтың барлық кезеңдерінде төменде көрсетілген мақсаттарда қолдануға болады :






  1. Жоғарыда көрсетілген сабақ кезеңдерінен тысқары бейнематериалды немесе бейнефильмді бір сабақ бойы тұтас қолдануға да болады. Сабақ барысында

Жоғарыда көрсетілген сабақ кезеңдерінен тысқары бейнематериалды немесе бейнефильмді бір сабақ бойы тұтас қолдануға да болады. Сабақ барысында бейнематериалдарды қолдану 3 бөлім бойынша жоспарланады :




  1. Көруден алдындағы кезең. Бұл кезеңде қызығушылықты арттыру және оқушылардың назарларын сабаққа қарату мақсатында оқушыларға қойылатын бейнефильмнің тақырыбы таныстырылып, фильм туралы болжам жасатылады.

  2. Көру кезеңі. Бұл кезеңде оқушылардың материалды дұрыс және толық меңгеруіне мүмкіндік туғызатын тапсырмалар және оқушылардың біліктілік дағдыларын дамытушы тапсырмалар орындалады.

  3. Көруден соңғы кезең. Бұл кезеңде бейнематериал бойынша суреттеулер, ой- пікір білдіру, рольдік ойындар сияқты тапсырмалар топтық, жұптық және жеке жұмыстар арқылы ұйымдастырылады.

Сабақта бейнематериалдармен жұмыс барысында оқушылардың жас ерекшеліктері және мүмкіншіліктеріне қарай бірнеше әдістерді ұйымдастыруға болады. Мысалы:



Дауыссыз бейнелеу әдісін қолдануда оқушыларға дауыссыз қойылған фильм туралы әңгіме құрастыру бойынша топтық жұмыстар орындалады. Бұл тапсырманы орындауда әр топ өздерінің әнгімелерімен бөліседі. Тапсырма аяқталған соң фильм дауыстап көрсетіледі және топтардың құрастырған әнгімелері фильмнің мазмұнымен салыстырылады.

Байқау және жазу әдісі арқылы тамашаланған фильм туралы газетке мақала жазуға болады. Бұл тапсырмада оқушылар өздері байқаған көріністерді суреттейді.

Бұл тапсырмалар орта буын және жоғары буын оқушыларына ыңғайлы тапсырмалар болып табылады.



Тілді меңгертуде бейнематериалдарды қолдану арқылы төменде көрсетілген нәтижелерге қол жеткізуге болады. Олар:

  1. Оқушыларда сөздік қорының молаюы;

  2. Жергілікті тілде сөйлеуші адамдардың ағылшын тілін таза меңгеру;

  3. Күнделікті қарым- қатынаста қолданылатын сөз бірікпелерін меңгеру;

  4. Оқушылардың тыңдап- түсіну дағдыларының қалыптасуы;

  5. Сөздердің дұрыс айтылуын меңгеру;

  6. Кез келген оқушының қызығушылығын арттыру және тағы да басқалар.


Қорыта  айтқанда,   ақпараттық   технологияларды шет тілі сабақтарында   қолдану - оқушылардың жан-жақты білім алуына үлкен мүмкіншілік туғызады. Осылай, оқушыларға жан-жақты білім беру , алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрету- ұстаздардың үлкен міндеті.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:


  1. Беспалько В.П. « Слагаемые педагогической технологии ». М, Педагогика. 1989,-190 б .

  2. Бабанский Ю.К. « Методы обучения в современной общеобразовательной школе »-Москва : Просвещение, 1985 г.- 208 б.

  3. Педагогика. Учебное пособие для студентов педагогических вузов и педагогических колледж. / Под. ред. П. И. Пидкасистого. – М: Педаг. Общество,1998 г.

  4. А. П. Панфилова. « Деловая коммуникация в професииональной деятельности » - Санкт-петербург, 2001 -76 с.

  5. http://www.cambridge.org.br/for-teachers/esol?uk_url=/servlet/file/store7/item620223/version1/JoinIn_LALL_ART_VideoInPrimaryClassroom.pdf

  6. http://www.jiscdigitalmedia.ac.uk/guide/using-video-in-teaching-and-learninghttp://www.onestopenglish.com/support/methodology/teaching-technologies/teaching-technologies-teaching-english-using-video/146527.article#ID_bottom


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет