Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жаңарту, сол сияқты облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобаларының басым өлшемдерін бекіту



жүктеу 41.06 Kb.
Дата20.03.2018
өлшемі41.06 Kb.



Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жаңарту, сол сияқты облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарын күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобаларының басым өлшемдерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 11-бабының  8-4 ) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республкасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жаңарту, сол сияқты облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобаларына ұсынылған басым өлшемдерін бекіту (бұдан әрі - Өлшемдер).

2. Қазақстан Республикасы көлік және коммуникация министрлігіне және жергілікті атқарушы органдарына халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жөндеу, сол сияқты облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобаларының басымдылығын анықтауда Өлшемдерді басшылыққа алу.

3.Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.



Қазақстан Республикасының

Премьер министрі                   С. Ахметов

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген

« » 2013жыл



Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының құрылысы мен қайтажаңарту, солсияқтыоблыстықжәнеаудандықмаңызы бар автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу жөніндегі жобаларының басым өлшемдерін бекіту туралы





  1. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жаңарту жөніндегі жобаларын жоспарлауда келесі басымдылық тәртіпті басшылыққа алу қажет:

  1. мемлекет Басшысының Қазақстан халықтарына жолдауы аясындағы тапсырысы, мемлекет басшысы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімдерімен бекітілген стратегиялық құжаттары және бағдарламаларында анықталған;

  2. Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланған халықаралық келісімдері мен шарттары;

  3. халықаралық транспорттық бағдар құрамына енетін автокөлік жолдары;

  4. жылына 100 км-ге 10 жағдайдан кем болмайтын жол–көлік оқиғаларына назар қойдыратын апаттық-қауіпті автокөлік жолдарының телімдері;

  5. Қазақстан Республикасының астанасын қосып алғанда, облыс орталықтарына хабарламаны қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, облыс орталықтары өз алдына;

  6. геометриялық (техникалық категориялы) және техникалық өлшемдерге жауап бермейтін автокөлік жолдары;

  7. баламалы жолдары немесе темір жолдары болмаған автомобиль жолдары.

  1. Облыстық және аудандық маңызы бар жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарының құрылысы мен қайта жаңарту, сол сияқты күрделі жөндеу жөніндегі жобаларын жоспарлауда келесі басымдылық тәртіпті басшылыққа алу қажет:

құрылыс және қайта жасау жобаларын жоспарлаған кезде:

1) мемлекет Басшысының Қазақстан халықтарына жолдауы аясындағы тапсырысы, Мемлекет басшысы немесе Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімдерімен бекітілген стратегиялық құжаттары және бағдарламаларында анықталған;


2) Қазақстан Республикасының заңымен ратификацияланған халықаралық келісімдері мен шарттары;

3) халықаралық транспорттық бағдар құрамына енетін автомобиль жолдары;

4) жалпы тұрғындар 25 000 адам санынан кем болмайтын 20 км-ден кем емес елді-мекендерге тиесілі автомобиль жолдары;

5) жол бойында маусымына 100 адам санынан артық болатын жұмыскерлерімен 20 км артық емес ара қашықтықтағы екіден кем емес өндірістік немесе нан қабылдау кәсіпорындары болуы.



күрделі жөндеу жобасын жоспарлаған кезде:

  1. Қазақстан Республикасының астанасын қосып алғанда, аудан орталықтарына хабарламаны қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, аудан орталықтары өз алдына;

  2. жалпы тұрғындар 15 000 адам санынан кем болмайтын 20 км-ден кем емес елді-мекендерге тиесілі автомобиль жолдары;

  3. жол бойында маусымына 50 адам санынан артық болатын жұмыскерлерімен 20 км артық емес ара қашықтықтағы екіден кем емес өндірістік (өнеркәсіптік, ауылшаруашылық) немесе нан қабылдау кәсіпорындары болуы;

  4. жол жөндеу аралығының қызметін 15 жылдан асырмау.

орташа жөндеу жұмыстарын жоспарлаған кезде:

  1. Қазақстан Республикасының астанасын қосып алғанда, аудан орталықтарына хабарламаны қамтамасыз ететін автомобиль жолдары, аудан орталықтары өз алдына;

  2. жалпы тұрғындар 7 000 адам санынан кем болмайтын 20 км-ден кем емес елді-мекендерге тиесілі автомобиль жолдары;

  3. жол төсемін жөндеу аралығының қызметін 5 жылдан асырмау.

________________________




Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет