Ханафи ғалымдары «құт-берекелі» («табарак») заттар туралы



жүктеу 15.01 Kb.
Дата26.06.2018
өлшемі15.01 Kb.

Ханафи ғалымдары «құт-берекелі» («табарак») заттар туралы

  • Ақида

Орта Азия мұсылман халықтарының арасында және мұсылман әлемінің басқа да аймақтарында мазарлар, кесенелер, ағаштар, тастар, тәспілер т.с.с. заттарды «құт-берекелі» деп сыйлап-қастерлеу өте кең таралған. Адамдар осы заттар қасиетті сипаттарға ие және оларға қол тигізіп сипау арқылы осы қасиеттіліктен өзіңе де үлес алуға болады деп есептейді.

Ханафи мәзһабының имамдары мұның барлығының тыйым салынғандығы туралы айтқандарына қарамастан, жоғарыда аталған іс-әрекеттер іске асуда. Бұл іс-әрекеттердің кейбіреулерін ханафи ғалымдары көпқұдайшылық, ал кейбіреулерін көпқұдайшылықтың есігі деп атаған. Қз.: «Зиярат ул-қубур» 42-бет; «Мажалис ул-абрар» 129-130-бет; «Нафаис ул-Азхар» 161-бет; Ибн Туркумани «әл-Люма’» 1/52; «Фатх ул-Маннан» 445, 521-522-беттер; «Ғаят ул-Амани» 1/297-298; «Мифтах ул-жәнна» 47-бет.

Бұдан қалса, ханафи имамдары адамдар қасиетті және құт-береке сыйлаушы деп санайтын барлық заттарды, мейлі олар ағаштар, құрылыстар немесе басқа да нәрселер болсын, алып тастауды бұйырған. Дәл осындай пұтқа табынушылық сенімдердің негізінде адамдар оларға шүберектерді, жіптерді, бауларды т.с.с. нәрселерді іліп қояды. Қз.:«Зиярат ул-қубур» 51-52-бет; «Мажалис ул-абрар» 129-бет; «Нафаис ул-Азхар» 160-161-бет.

Өзге мәзһабтардың имамдары да ханафи ғалымдарын осы мәселеде қолдайды. Имам Абу Бакр әт-Тартуши былай деген: «Қараңыздар, Аллаһ сіздерді рақым етсін! Сендер қай жерде болса да адамдардың зиярат жасап баратын, оларды ұлықтап, олардан ауруларынан шипа сұрайтын және оларға баулар мен шүберектерін ілетін талды немесе бұтаны тапсаңдар, сол ағашты шауып тастаңдар». Қз.: «ал-Хауадис уал-бида’» 105-бет.



Сондай-ақ мыналарды оқуды ұсынамыз:

  1. Ханафи ғалымдары әт-Таухид (Бірқұдайшылық) туралы

  2. Ханафи ғалымдары «Лә иләһа иллә-Ллаһ» куәлігінің мәні туралы

  3. Ханафи ғалымдары ташаһһудта саусақ көтеру туралы

  4. Төрт имамның ақидасы негізінде бір болғаны туралы

  5. Ханафи мәзһабындағы тауассул және истиғаса


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет