Хандық билік Қазақ хандығының қалыптасуы. Ортағасырлық дерек көздерінде



жүктеу 103.03 Kb.
Дата29.04.2018
өлшемі103.03 Kb.

Хандық билік

Қазақ хандығының қалыптасуы. Ортағасырлық дерек көздерінде Ханның кейбір кездері ғана шексіз билікке ие болғандығы айтылады. Кейде олар әулеттің басқа мүшесімен билігін бөлісіп отырды. Өз билігінің қандай дәрежеде болуы ең алдымен Ханның жеке басындағы қасиеттеріне тікелей байланысты еді. Дерек көздерінде билеушілер екі топқа бөлінеді: біріншілері — үлгілі, атақ-даңқымен еліне елеулі болғандар (Хайду, Мұхаммед Шайбани, Қасым хан, Есім хан, Тәуке хан); екіншілері — ел басқаруға қабілетсіз билеушілер (Темір Мәлік хан, Әзиз хан, Таһир хан, Болат хан). Соңғыларының билік құруы ұзаққа созылмаған. Оларды билікке жақын орта тақтан тайдырып, орнына басқа ханзаданы Хан көтеріп отырды. Елді басқаруда Хан өзі тағайындаған адамдардың көмегіне сүйенді. Мемлекеттегі белді қайраткерлермен санасып отырды. Көбіне Ханды белгілі бір ру не тайпа өкілдері қолдап, сүйеу көрсетті, оның мемлекеттегі негізгі тірегі болды.

Мысалы: Моғолстан мемлекетінің Хандары дулат тайпасының әмірлеріне сүйенді, Хан оларды ұлысбегі етіп тағайындады. Тіпті кімнің Хан болатындығын да солар алдын ала шешіп отырды. Ханға бектер, билер өз ақыл-кеңестерін беріп қана қоймай, жүргізетін саясатына өз ықпалдарын тигізді. Егер Ханның жүргізген саясаты белгілі бір руды не тайпаны қанағаттандырмаса, олардың басқа елдерге көшіп кетуі, қоныс аударуы көшпелі қоғамдағы негізгі наразылықтың бірі болды. Көбіне Хан жарлығы мүлтіксіз орындалды. Ол өзіне тиесілі аймақтардан, ұлыстан әскер жинатты, тәуелді елдерден алым-салық алып тұрды. Еңбегі сіңген адамдарға иелік жерлер бөліп берді, ру, тайпа араларындағы қақтығыстарды реттеді. Хан мемлекеттің саяси-экономикалық өмірінде маңызды рөл атқарды. Алым-салық институттарын қадағалады, ақша реформасын жүргізді (Кебек хан). Салтанатты жиындарда тақта отырды. Егер Хан беделді тұлға болса, оның билігі шексіз болды. Ал ол шектен тыс шығып кетсе онда оған Жасақ заңы, тағы басқа дәстүрлі құқықтық ережелердің талаптары ескертіліп, билігі шектелді. Кейде Хан лауазымын бірнеше адам иемденді. Сондықтан да деректерде ұлы Хан, кіші Хан сынды лауазымдар кездесіп тұрады

Дәстүрлі көшпелі түркі-моңғол қоғамында Хан болып Шыңғыс хан ұрпақтары ғана сайланды. Билікке келген басқа әулет өкілдері өздерін Хан деп атай алмай, көбіне әмір (Ақсақ Темір), би, тағы басқа лауазымдарды иемденді. Қазақ хандығын басқарған билеушілердің барлығы Шыңғыс хан әулетінен тағайындалды. Әулеттің Хан сайланбағандары жеке әлеуметтік топ құрап, мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатында елеулі рөл атқарды. Мемлекетті басқаруда Хан шексіз билікке ұмтылғанымен, ру-тайпа билеушілерімен санасуға мәжбүр болды. Халықтың қалың бұқарасына жақын әрі оның тікелей қолдауына сүйенген жергілікті билік иелері — билер мен батырлар Хан билігін белгілі бір дәрежеде шектеп, өздерінің әлеуметтік-саяси мәртебесін нығайтуға тырысты. Ханға тура сөйлеп, кемшіліктерін бетке айтқан ақын-жырауларды, билерді халық әрдайым дәріптеген (Би, Жырау). Ақыл-парасатымен танылған Хандарды данагөйлер оның ізбасарларына үлгі тұтты. Мемлекеттік және мемлекетаралық деңгейдегі мәселелерді қамтитын жоғары билікті жүргізген хандық билік қазақ қоғамындағы маңызды саяси жүйелердің бірі болды. Ол ең алдымен билер институтына арқа сүйеді.

Дәстүрлі қазақ қоғамындағы елдік тұтастық осы билік жүйелерінің өзара тепе-теңдігі мен бір-біріне қарама-қарсылығы ұстанымдарына негізделді. Қазақ жерін Ресей империясы отарлағаннан кейін, құқықтық-әкімшілік реформалар жүргізіп, саяси құрылымды өзгертті. 18221824 жылғы реформадан соң Ханның билік жүйесі күйреді. Дегенмен, хандық қазақ халқының негізгі билік жүйесі болғандықтан патшалық үкіметтің отаршылдық саясатына, кеңестік озбырлыққа қарсы ұлт-азаттық күрестер туындағанда, көтерілісшілердің ең алдымен Хан сайлап, сардарбек тағайындап отыруы ХХ ғасырдың 1930-жылдарына дейін сақталды.

Хандық үкімет көшпелі өркениет елдеріндегі алғашқы мемлекеттік басқару жүйесінің түрі болып табылады. Үкіметтің бұл басқару түрі алғаш ру-тайпа көсемдерінің іскерлігінен, ақыл-парасаттылығынан, ел басқара білу қабілетінен туған. Ондай көрнекті адамдарды халық сайлаған. Алғашқы қазақ хандары Керей мен Жәнібек Қазақ хандығын мансапқорлық мақсатпен құрмаған. Шындығында, Әбілқайыр хандығының ішіндегі әділетсіздікке қарсы күрестен пайда болған өкімет.


Керей мен Жәнібек хандар
Хандық билік. ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығындағы ең жоғарғы билеуші хан болды. Хан өзінен кейінгі сұлтан, билердің көмегімен билік жүргізді. Хандық билік мұрагерлікпен беріліп, тек сұлтан атағы бар адам ғана хан тағына отыра алған. Ал сұлтан атағы тек Шыңғыс тұқымдарына берілетін. Алғашқы кезде таққа хан тұқымдарының жасы үлкендері ие болатын. Алайда бұл әдет қатаң түрде сақтала бермеген. Қазақ қоғамында хан сайлауына ерекше мән берілген. Сайлауға сұлтандар, ұлысбектер, билер, ақсүйектер, т.б. беделді халық өкілдері қатысқан. Ертеден келе жатқан салт бойынша хан сайлайтын адамды ақ киізге отырғызып, оны ең беделді сұлтан-билер үш рет көтеріп: «Хан! Хан! Хан!» - деп айғайлайтын. Одан кейін ақ киізді «тәбәрік» деп, бір жапырақтан бөлісіп алған. Бұл – хан сайлауына қатысқандықтың белгісі. Ханның бес түрлі құқығы мен міндеті болған:

1.Мемлекеттің жеріне билік жүргізу құқығы. Ал мұның негізгі міндеті- елді сыртқы жаудан қорғау.

2. Ханның соғыс жариялауға, билік жасауға құқығы болса, әскерді басқаруы міндетті болды.

3.Хан шет мемлекеттермен келіссөз жүргізуге құқылы, мемлекеттің сыртқы саяси бағытын белгілеп отыруға міндетті болды

4.Хан өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кесуге не оны тірі қалдыруға құқылы болды.

5. Ханның заң шығаруға, бұйрық беруге құқығы болды.

Хан бұл құқықтары мен міндеттерін «хан кеңесінде» өзінің көптеген кеңесшілері, әскербасылары арқылы жүзеге асырды. Хандықты билеуде Құрылтай жиналысының маңызы зор. Ол жаз айында жылына бір рет шақырылып отырған. Сонымен қатар «хан кеңесі» де ел билеуде жоғары рөл атқарған. Бұл жиындарға ұлысбектер, сұлтандар, билер, баһадүрлер қатысқан. Жиында мемлекеттің ішкі-сыртқы саяси жағдайы, көші-қон, талас-тартыс, т.б. мәселелер қаралған. Ең ықпалды рубасылары кірген хан жанындағы «билер кеңесі» хандықтың басқару жүйесіндегі маңызды буын болған. Бұлар басты төрт қызмет атқарған:

1) әскербасылық;

2) әкімшілік;

3) билік;

4) ақсүйектердің өкілдік қызметі;

Билер қоғамның белсенді мүшелері болған. Қазақ қоғамының басқару жүйесі ұлыстық жерге билік жүргізу арқылы іске асырылды. Сондықтан да ұлыс – Қазақ хандығының басты саяси-экономикалық басқару жүйесі болған. Ұлысты Шыңғыс хан тұқымдары басқарып отырды. Ұлыс сұлтандары ұлыстың әскерін құрып, оған қолбасшы болған. Ұлыс аумағының жері де билеуші сұлтанның меншігі болып есептелді. Ол бірнеше ру-тайпалардан тұрып, ұлыс тұрғындарын «ел» немесе «халық» деп атаған. Ұлыстың жерін «жұрт» деп те атайды. Ол туралы тарихшы Рузбихан: «Сырдария бойында Жаныш пен Таныш сұлтандардың жұрты болған»,-дейді. Шындығында, бұл көрсетілген- сұлтандардың ұлыстық жерлері болатын. Ұлыстардың аумағының үлкен-кішілігі әрқалай болатын. Әрбір ұлыс 50 мыңнан астам әскер шығара алған. Ал ұлыстардың этностық құрамы да, әлеуметтік құрамы да алуан түрлі болды. Онда Шыңғыс тұқымынан бастап, жергілікті ру-тайпалардың барлық өкілдері қатар өмір сүрген. Ұлыстың белгілі аты болмаған, ұлыс иесінің атымен аталып отырған.



Қазақ хандығының аумағы

Қазақ мемлекетінің әлеуметтік құрылымы. Қазақ халқы, әлеуметтік құрамы жағынан екі әлеуметтік топқа бөлінеді:

1. Ақсүйектер – бұларға Шыңғыс тұқымынан шыққан сұлтандар мен қожалар жатты. Ал бұлардан бір саты төмен жергілікті ру-тайпалардан шыққан билер, байлар, батырлар, ақсақалдар тұрды. Ақсүйектерді «төрелер» немесе «оғландар» деп те атаған. Ақсүйектерге қарама-қарсы халықтың өзге тобын «қарасүйектер» деп атаған. Бұларға жергілікті ру-тайпа адамдары жатты. Қарасүйектердің арасында рулар мен тайпалар басшыларының, билердің ерекше құқықтары болды. Қарапайым халық сұлтандардың атын атамай, төре немесе тақсыр деп атаған. «Тақсыр-тақсыр» дегізіп тамсандырды, сөйтіп жүріп аяққа қан салдырды» деген сөз осыдан қалған.

2. Қарапайым халыққа қараша, қара кісі, шаруа, бұқара, құлдар деген сөздер қолданылған. Қараша мал-мүлкі бар, өзіндік құқығы бар еркін адам. Сонымен қатар қарашаның еркін көше алатын, қалауы бойынша мүлкін мұраға қалдыра алатын, куәлік, айғақ бере алатын, т.б. құқығы болған. Хандық қоғамының төменгі сатысында қатардағы малшылар тұрды. Бас бостандығы жоқ ер адамдарды құлдар, ал бас бостандығы жоқ әйелдерді күңдер деп атаған. Бұлар көп жағдайда соғыс кезінде қолға түскен тұтқындар немесе қарызын, алым-салығын өтей алмаған адамдар. Құлдардың ешбір куәлік беруге құқығы болмаған. Қожайыны оған қандай қаталдық жасап жатса да, оның үстінен шағым жасай алмады. Құлдардың жасаған қылмысы үшін қожайыны жауап берген. Құлдар мемлекеттік жұмыстарға жіберілмеген.

XV ғасырдың екінші жартысынан бастап қалыптаса бастаған Қазақ мемлекеттігі Тәуке ханның билігі тұсында өзін басқа көршілеріне мойындатқан Орталық Азиядағы мемлекеттердің біріне айналды. Оның бұл кездегі ішкі құрылымы мен сыртқы жағдайынан дербес мемлекетке тән негізгі белгілерді анық байқауға болатын. Бұл уақыт мемлекеттік құрылымның түзілуіне негіз болған, өзіне тән тілі, салт-дәстүрі, мінез ерекшелігі, атамекені, сондай-ақ ортақ мүддесі бар қазақ ұлтының қалыптасу кезеңі еді. Қазақ хандығының құрамына енген ру-тайпалардың өзара экономикалық, мәдениет және қоғамдық-саяси байланыстарының нығая түсуі, этностық аумағының анықталуы, осының негізінде ортақ жалпы ұлттық мүдденің қалыптасуы және оны сырттан төнген қауіптен ұйымдаскан түрде қорғау қажеттігі белгілі дәрежеде орталықтандырылған басқарушы билік жүйесінің пайда болып, оның ширай түсуіне алып келді.

XV—XVII ғасырлардағы қазақ тарихы ру-тайпалық мүдде мен жалпымемлекеттік мүдделердің өзара тартысы жағдайында өтті. Еларалық қатынастар тынымсыз жаугершілік пен қақтығыстардан тұрған бұл тарихи кезең жалпыұлттық мүдденің маңызын тура түсініп, мақсатты және саналы түрде қызмет жасаған белсенді тұлғаларды да өмірге алып келді. Бұл тұлғалар, ұлттың өзін-өзі тануы, басқа этностармен қатынаста өз мүддесін түсінуі нәтижесінде өмірге келсе, өз ретінде олар ұлттық ұюдың тезірек жүруіне, ұлттық құндылықтардың пісіп-жетілуіне пәрменді ықпал жасады. XVII ғасырда қазақ халқы сандық және сапалық өсу жолында тұрды, ол жалпыұлттық сананың қалыптасуына ұласты, ал бұл рухани-интеллектуалдық дәрежеде жүретін жинақы көрініс, мемлекеттік құрылымның бой көтеруі болатын. Тарих бізге аксүйек төре (сұлтан) тұқымынан қазақ ұлты мен мемлекеттігінің қалыптасуы жолында еңбек еткен тұлғалардың есімі мен қызметін жеткізді. Солардың алдыңғы легінде Орыс ханның ұрпақтары — қазақ хандары мен сұлтандары Жәнібек пен Керей, Бұрындық, Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Салқам Жәңгір, Тәуке хандар тұр. Мәселен, егер жалпыұлттық мүддесін жеке өмірінен жоғары қойған Салқам Жәңгір 600 жауынгерімен 50 мың қалмақ әскеріне қарсы шығып, оны тоқтата алмаған болса немесе ханзадалық жағдайына қарамастан майдан даласындағы жекпе-жекте мерт болып, азаматтықтың биік үлгісін көрсетпесе, кейін "ақтабан шұбырындыға" ұшыраған қазақ жұртынан Қабанбай, Бөгенбай, Тайлақ және Саурық сияқты батырлар шығар ма еді?



Шайқас кезі

XVII ғасырдың соңындағы Қазақ хандығында дербес мемлекеттікке тән қандай нышандар болды? Қазақ хандығы бұл кезде шығысында — Алтай таулары, батысында Жайық өзені, солтүстігінде — Орал таулары, оңтүстігінде Алатаудың батыс етегі аралығындағы алып еуразиялық кеңістікті өзінің атамекені деп білген қазақ елінің басын біріктірген тұтас мемлекеттік құрылым болатын. Оның экономикасы кең аумақтағы табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан өзара тығыз байланысты көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілікке негізделді. Қоғамдағы саяси қатынастың бастау алар буыны және әуелгі субъекті — рулық қауым болды, Рулық қауым — тайпалық, тайпалық жүздік иерархияға ұласты.



Глосарий:

Хан -ХV-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ хандығындағы ең жоғарғы билеушісі. Ханның бес түрлі құқығы мен міндеті:

1.Мемлекеттің жеріне билік жүргізу құқығы. Ал мұның негізгі міндеті- елді сыртқы жаудан қорғау.

2.Ханның соғыс жариялауға, билік жасауға құқығы болса, әскерді басқаруы міндетті болды.

3.Хан шет мемлекеттермен келіссөз жүргізуге құқылы, мемлекеттің сыртқы саяси бағытын белгілеп отыруға міндетті болды.

4. Хан өзіне бағынышты адамдарды өлім жазасына кесуге не оны тірі қалдыруға құқылы болды.

5. Ханның заң шығаруға, бұйрық беруге құқығы болды. Ақсүйектер - бұларға Шыңғыс тұқымынан шыққан сұлтандар мен қожалар жатты. Қарапайым халық түсінігі - қараша, қара кісі, шаруа, бұқара, құлдар деген сөздер қолданылған.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан тарихы: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық / Ә. Төлеубаев, Ж. Қасымбаев, М. Қойгелдиев, т.б. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006.

  2. Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005

  3. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

Каталог: media
media -> «Қазақстан Республикасының аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, ауылдық округтің құрамына кірмейтін кенттері мен ауылдары әкімдерінің сайлауын өткізудің кейбір мәселелері туралы»
media -> 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
media -> Бағдарламасы қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
media -> Кеңестік тарихнамада 1917 жылғы қос революция тұсындағы Қазақстанның саяси және әлеуметтік жағдайы туралы аз жазылған жоқ
media -> Утверждено
media -> Урок алгебры в 11 классе


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет