Шымкентте танымал "Nestle" маркасының 48 мың жалған тәттісі тәркіленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі OTYRAR басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: OTYRAR.KZ

Тауарлар "Kit Kat" және "Nesquik” сынды танымал брендтердің атын жамылған. 

Жалған өнімді Шымкентте “Б” ЖШС компаниясы көтерме сауда арқылы сатып, таратқан. Тексеріс "Nestle S.A." компаниясы арызданғандықтан жасалды. 

  • “Қойылымға айналды”: Антикор Шымкенттегі шенеуніктің жиналыс кезінде тұтқындалуына қатысты пікір білдірді
  • Шымкентте оқушы қыз сабақ кезінде өзіне қол жұмсады

“Қазіргі уақытта іс материалдарын Шымкент қаласы әділет департаменті қарап жатыр. Тауар белгісін заңсыз пайдаланғаны үшін компания иесін жауапқа тарту мәселесі қарастырылып жатыр”, – делінген әділет министрлігінің ресми мәлімдемесінде.  

Құқық иесіне келтірілген шығын көлеміне қарай іс материалдар сотқа немесе экономикалық тергеулер қызметіне жіберіледі. Айыпты тұлғалар қылмыстық жауапқа тартылады. 

 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.