26 наурызда Mycar.kz нарықта 19 жыл жұмыс істеген, Subaru, Haval, Tank және басқа да танымал брендтердің дилері болып табылатын "Камкор" компаниялар тобымен франшиза шартына қол қою рәсімін өткізді.

Ортада (солдан оңға қарай): "Камкор" компаниялар тобының бас директоры Виталий Бохан және Mycar Group даму жөніндегі директоры Тимур Григорьев

Mycar.kz автоорталығының франшизасының ресми ашылуы Павлодарда 2024 жылдың сәуір айына жоспарланған. Қазіргі уақытта автоорталықта құрылыс жұмыстары аяқталуда.

Ресми ашылғаннан кейін Павлодар тұрғындары Mycar.kz-тің автоорталық пен супер-қосымшалар қызметтерін пайдалана алады. Бұл  автокөліктерді сатып алу және сату процесін қала тұрғындары мен бүкіл аймақ үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Mycar.kz жаңа автокөліктердің дилерлік орталықтарымен ғимаратты бөлісетін болады. Бұл жүрілген көлікті жаңа автокөлікке алмастыруға болатын trade-in auto моделі бойынша тамаша жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 

Mycar.kz франшизасы жүрілген автокөліктерді сату мүмкіндігін ғана емес, сонымен қатар бүкіл экожүйеге толық қосылуды қамтамасыз етеді. Атап айтқанда бизнес-процестерді пайдалануды, қызметкерлерді оқытуды, маркетингтік қолдау мен Mycar Finance сияқты қаржылық өнімдерге қол жеткізуді қамтиды.

Mycar.kz қосымшадан бастап микроқаржы ұйымы және бизнес пен автоорталықтарды автоматтандыру жүйесінен тұратын экожүйе. Қазір Mycar.kz-тің жеке автоорталықтар желісі Алматы, Астана, Шымкент қалаларында бар. Сондай-ақ Ақтау, Орал, Қызылорда қалаларында франшизасы ашылды. Енді бұл қалалардың тізіміне Павлодар да қосылады.

Франшизаның ашылуы Mycar.kz құрамына кіретін барлық өнімдердің аймақта онлайн алуға мүмкіндік береді. Атап айтқанда:

  • автоорталықтар мен жеке тұлғалардың хабарландырулары арқылы көлікті ыңғайлы іздеу;
  • автонесиеге онлайн өтініш беру және банктерден алдын ала шешім алу;
  • кез-келген көліктің техникалық және заңды тазалығын автоорталықта да, қосымшада да онлайн тексеру мүмкіндігі;
  • иелік ету тарихын алдын-ала жүктей отырып, автокөлікті сатуға арналған хабарландыруларды ыңғайлы жариялау. Бұл көлікті жылдам сатуға мүмкіндік береді.

Mycar.kz-пен бұл ынтымақтастық Павлодарда автокөлік сатып алуды жергілікті тұрғындар үшін анағұрлым тиімді әрі ыңғайлы ете түспек. 

Қызметтер туралы толығырақ ақпаратты Mycar.kz сайтынан немесе қосымшасынан біле аласыз.    

Фотоны бір рет басып, ақпаратты үлкейтіп көруге болады


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.