Танымал отандық киножұлдыз, актер Айдар Асқарбек блогер Сабина Мовлаевамен қол ұстасып жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.tiktok.com/@sss.sabinaa

Видеоны блогер ару Tik Tok желісіндегі жеке парақшасына жүктеді. Бүгінде бейнежазбаны 3 миллионға жуық оқырман көрген. Бірі жарасымды жұп десе, енді бірі үнемі жігіттердің жанынан табылатын бойжеткенде сөгіп жатыр. 

“Сабина – Айдардың бұрынғы әйелі Жарқындайдың жан құрбысы”, “Осы-ақ жігіттермен жабысып жүреді екен”, "Екеуі жарасып-ақ тұр. Әркім бақытты болуға лайық", "Мүлдем жараспайды. Айдар, әйелің мен қызың мынаны көріп ренжіген шығар", "Жарқынай мың есе көрікті", "Сабина “Бір болайыққа” қатысып, танымал болып кетті”, деп жазып жатыр оқырман қауым. 

  • Жарқынай Ханайымның бұрынғы күйеуі кинодағы ашық сахналар туралы айтты

  • "Араласқым келген жоқ": Актриса Жарқынай Ханайым бұрынғы күйеуімен және Аша Матаймен қарым-қатынасы туралы ашық айтты

Айта кетейік, актер танымал тележүргізуші Анара Батырханға сезімін білдірген еді. 

“Мен саған ғашық болып қалдым. Не болды? Күтпедің бе? Әлде бұл сөздердің басқа мағынасы бар ме еді?”, – деп айтты актер. 

Әріптесінің тосыннан білдірген сезіміне Анара таңданып қалды. 

“1400 адамның алдында айтпайтын шығарсың. Біз дос едік қой. Мына сөзіңді жеке отырғанда да айтсаң болады ғой”, – деп ренжіген еді актриса. 

Еске салайық, Айдар Асқарбектің бірінші некесінен Айлана есімді қызы бар. 

@sss.sabinaa

Предпоказ фильма “Сакура”🔥

♬ оригинальный звук — Zat


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.