Айтыс өнерінің атасы, ақын Жүрсін Ерман қазіргі айтыстың аяқ алысын баяндап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Жандарбек Бұлғақовтың youtube арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Өнер иелерінің жеке парақшасынан алынды

Соңғы кезде ұзақ сырқаттанып жатқан ақынның беті бері қарап, ел алдына шығып жүр. Жақында туған күнін атап өтті. Шәкірті Жандарбекке айтыс ақындары туралы кеңінен әңгімелеп берді. 

“Менің шашымды ағартқан ақындар – сендерсіңдер, Мақсат Ақанов, Иранғайып, өздерің бір жолы “айтысқа қатыспаймыз” деп шықтыңдар. "Алтын домбыраға бармаймыз, Жүрсін Ерман отырған жерде әділеттілік болмайды" деп айтты. Енді кеше ғана Мақсат Ақанов "Алтын домбыраны" жеңіп алды, қандай керемет болды?! Қазір жастар жақсы шығып келе жатыр. Бірақ солардың ішінде де мен жақтырмайтын ақындар бар. Теледидарға бір-екі мәрте шығып қалса жұлдыз боп кететін ақындар да жүр арасында. Мысалы, анау, Айшолпан Тілеутай деген қыздың айтысын жаратпаймын. Дөрекі сөздермен айтысады. Өзін ұстауы да сондай, айқай-шуға бейім. Бірақ халық сұрағасын, амал жоқ қосамыз. Халыққа не керек, шу керек, шоу керек. Ол бір өзінше шоумен болды”, – дейді ақын. 

  • "Айтыстың Мессиі – Айнұр Тұрсынбаева": Жандарбек Бұлғақов айтыстан не үшін көрінбей кеткенін түсіндірді

  • "Ешкім шақырмайды": Айнұр Тұрсынбаева сахнадан не үшін көрінбей кеткенін түсіндірді

Сонымен қатар, ақындардың ұпайын берерде әділқазы мүшелері жүргізушімен ақылдасатынын жасырмады. Белгілі бір деңгейде ықпалы жүретінін айтты. 

“ Шынын айту керек, мен өзі көңіліме жаққан ақынды хабарлаған кезде дауысымды көтеріңкіреп айтамын. Соны қазылар алқасы түсіне қояды. Жақтырмайтынымды жай дауыспен айта салам. "Иранғайып Күзенбаевтың бағасын беріңдер" десем, төмен боп қалады. Десе де қазылық етіп отырған адамдар – сөз құдіретін түсінетіндер. Өз пікірі бар. Бірақ, белгілі бір деңгейде ықпалым жүрді”, – деп шынын айтты әдебиет өкілі. 

Еске салайық, Жүрсін Ерман еміне дәрі табылғанын айтып, сүйіншілеген еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.