Әділет министрлігі Таразда республикалық ЖСО палатасымен бірлесіп, оңтайландырылған атқарушылық өндірісті енгізу бойынша пилот жобаны іске қосты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pexels

Осыған дейін азаматтар салынған айыппұлды уақытында өтей алмаса, оның 25%-ке дейінгі сомасын жеке сот орындаушыға төлеу міндеттелетін. Енді бұл қызметті робот тегін атқарады.

Жаңа жобаның арқасында Қазақстан азаматтары 2 млрд теңгеге дейін үнемдей алады. Жүйе алгоритмі мына тәртіппен жұмыс істейді:

  • Бас прокуратураның құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті 50 күн ішінде төленбеген әкімшілік құқықбұзушылық үшін айыппұл өндіріп алу туралы ұйғарым жібереді.
  • Робот 5 күнтізбелік күн ішінде талапты орындау қажет екені туралы SMS хабарлама жібереді.
  • Айыппұлды ерікті түрде төлемесе, жүйе жеке сот орындаушысына мәжбүрлеп орындау туралы атқару парағын ұсынады.
  • Уақытылы төлем жасалса, атқарушылық іс жүргізу артық шығынсыз тоқтатылады.

Жоба сәтті жүзеге асса, оны бүкіл Қазақстан аумағына енгізу жоспарланып отыр.


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.