Наурыз мерекесі аясында тойланатын онкүндіктің бірі – “Шаңырақ” күні. Осы орайда танымал журналист Ләйлә Сұлтанқызы өзінің туып-өскен ауылын көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/sultankyzy/

Бұл күні үлгілі отбасыларға, адамгершілік тәрбие мәселелеріне арналған отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады. 

“Шымкент қаласында туып-өстім. Әлі күнге дейін тұрған көшеміздің атын жатқа білемін. 1986 жылы Қайтпас деген жерге көштік. Жер үй салу оңай емес, әжеміз бастап, әке-шешеміз бен бала-шаға қостап жер үй салдық. 5-6 жыл өткеннен кейін сол үйге кірдік. Әжем өте керемет кісі болды. Жаңадан соғылған үйдің алдында екі бөлмелі сарай болатын. Сол жерге от жағамыз. Әжем сол пештің түбінде отырып, түрлі ертегі-әңгімелер айтатын. Менің бала күнімнен ішім көп ауырды. Сондай кезде әжем жанып жатқан пештің үстіне асқабақтың дәнін лақтырып отыратын. Ол қап-қара болып, жарылады. Соны ағам мен інім үшеуіміз отырып, аузы-басымыз күйе болып жеп алушы едік”, – деп еске алады журналист. 

  • 10 күн тойланады: Қазақстанда Наурызға жаңа мән беріп, мерекені ұзарту туралы шешім қабылданды

  • Астанада "Ұлттық аспаптар әлеміне саяхат" кеші өтті

Журналистің айтуынша, өз қолдарымен салған қара шаңырақты сатып, қалаға көшіп кеткен көрінеді. 

“2004 жылы әкем дүниеден озғаннан кейін, әжем мен анамды қалаға көшіріп алдық. Қара шаңырақты сатып жібердік. Балалығың қалған үйді сатпаған дұрыс деп те ойлаймын. Егер әлі күнге дейін қара шаңырақтың түтінін түтетіп отырсаңыздар, естеліктерді айта отырыңыздар! Бүгін ата-әжені, ауылды еске алатын күн”, – деді медиа маман. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.