Ақтау маңында 10 тоннадан астам шетелдік сусын қоқысқа лақтырылды. Ал балалар полигонға лақтырылған мерзімі өтіп кеткен газдалған сусынды ішіп отыр. Үлкендер танымал орынның құпиясын біліп, дабыл қақты. Олар бөтелкелерде қандай сұйықтық бар екенін анықтауды талап етіп отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан алынған скрин

Жергілікті тұрғынның айтуынша, бір көлік полигонға келіп, Кола, Фанта және Спрайт сусындарын лақтырып кеткен. 

"Балалар ол сусындарды ішіп жүр. Олар жарамдылық мерзімі өткен өнімдер. Сертификаттары да жоқ. Мұны тоқтату керек", — дейді видео авторы. 

Балалардың сүйікті орнына айналған қоқыс полигоны Ақтаудан бір-екі шақырым жердегі Басқұдық ауылының маңында орналасқан. 

  • "Тұрғындардың өздері қоқысты балконнан тастайды": Жаңаөзен әкімдігі қоқыс үйілген жатақханаға байланысты пікір білдірді
  • Атырауда қоқыс полигонына 20 тонна пияз төгілген

Видео авторының айтуынша, сусындар ол жерге жақында ғана әкелінген. Ал жергілікті балалар қоқысқа тасталған сусынның біраз бөлігін ішіп қойған. Кейбіреулері тіпті үйлеріне блоктап алып кеткен. Ересектер балалар сусыннан уланып қала ма деп қорқып отыр. Олар шенеуніктерден батыл шара қолдануды талап етуде. Қоқыс алаңы 10 тоннадан аса газды сусыннан тазартылған. Бірақ кінәлілер әлі табылған жоқ.

"10 техника мен тиегіштің көмегімен қоқыс пен бөтелкелерді көму жұмыстары жүргізілді. Жарамдылық мерзімі өтіп кеткен сусындар әкелінген көлікті анықтадық. Бірақ видеода көлік нөмірін көру қиын. Сондықтан кінәліні іздеу әлі жалғасуда", — деді Басқұдық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Айбек Жангелдин.

Айта кетейік, бұған дейін Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев сұрыптау мәдениетін қалыптастыруды түсіндіру төмен деңгейде екенін мойындап, ақпараттандыруды күшейтуге уәде бергені туралы жазған едік. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.