Ақтөбеде 14 жастағы бала мен 15 жастағы қыз жыныстық қатынасқа түскен. Аталған жағдай кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі сотта қаралып, ұлдың анасы жазаланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: iStock/rg.ru

38 жастағы ақтөбелік әйелге "кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау" бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы айып тағылды.

  • Балаларға ақша үшін жыныстық қатынасқа түсуді ұсынған қарағандылық 8 жылға сотталды
  • "Әлеуметтік желіде танысқан": Павлодар облысында 26 жастағы жігіт оқушы қызды жыныстық қатынасқа итермеледі деген күдікке ілінді

"Оның 14 жастағы ұлы үйде 15 жастағы қызбен жыныстық қатынасқа түскен. Кішкентай балалардың орынсыз ісі үшін енді ересектер жауап беретін болады. Жасөспірімнің анасы сотта кінәсін мойындап, ұлына қарамағанын, қазір оның тәрбиесін қадағалап жатқанын айтты", — делінген хабарламада.

Сот әйел адам кінәсін мойындағанын және отбасының материалдық жағдайын ескеріп, 48 мың 300 теңге айыппұл салды.

Айта кетейік, бұған дейін Абай облысында 8 жасар баланы боранды күні малға жіберген ата-ана ешқандай жауапкершілікке тартылмайтыны туралы жазған едік. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.