“Жігіттер” тобының әншісі, кинопродюсер Бағлан Әбдірайымов жеке парақшасына көшеде қайыр сұрап отырған фотосын жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/baglan_abdraimov_official/

Сәуір айында әншінің жаңа киносы жарық көреді. Желі қолданушылары кинодан кадр деп топшылап жатыр. Суреттен сақал-мұрты қауғадай өсіп, бетон үстінде қайыр сұрап отырған өнер иесін көруге болады. Әнші алдына садақа тастайтын қорап қойып қойған. 

“Өзгенің күйін түсіну үшін 5-ақ минут жеткілікті. Бәрі түсінеді, сезеді. Бірақ мейірім жоқ”, – деп жазды эстрада жұлдызы. 

  • Өскеменде қайыр сұрайтын әйелдің үнемі ұйықтап жататын бүлдіршіні тұрғындарды алаңдатты

  • "15 жылға сотталған": Жалғыз ұлын түрмеден шығару үшін көшеде қайыр сұрап, шырылдаған ана жұртты жылатты

Сонымен қатар, жақында әкесінен айырылған өнер иесі марқұмның 40 күндік асын берді. 

“Жалған дүние-ай! Кеше ғана бақилық мекенге кеткен әкемізге 40 күн толыпты. Енді еске алып, дұға жасап қана отырамыз. Әлжан Нұрлыбекұлының әнін алып, арнайы әкеме арнап, көзі тірісінде тыңдатып, ризашылығын алып едім… Десек те Құдайға өкпе жоқ. Бұған да шүкір! Қалғандарымыз аман болайық! Ал, суреттер сағынышты басып, естелік болып осында қалсын! Жақсы күндерде жолығайық!”, – деді әнші. 

Еске салайық, өнер иесі біреудің өмірін аңдып жүретіндерге ескерту жасаған еді. 


Автор: Гульжан Оразбаева

Гульжан — исследовательница жизни и достижений знаменитых личностей Казахстана. Ее статьи позволяют читателям взглянуть на страну через призму вкладов ее ярких представителей.