Ы. Алтынсарин атындағы негізгі мектебінің



жүктеу 17.84 Kb.
Дата31.05.2018
өлшемі17.84 Kb.

Ы.Алтынсарин атындағы негізгі мектебінің

2014-2015 оқу жылы І-тоқсанындағы тәрбие жұмысының

сараптамасы

Ы. Алтынсарин атындағы негізгі мектебінде I тоқсан бойынша өткізілетін жұмыстар жоспары жасалынып, барлық іс-шаралар уақытымен өткізілді. Қыркүйекте «Сыңғырла алғашқы қоңырау» атты мерекелік кеш, 1- 9 сыныптарда « Қазақстан 2050 стратегиясы «Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты тәрбие сағаттары өткізілді. Психолог « Мемлекеттік рәміздер- ұлт мақтанышы» дөңгелек үстел жүргізді.Денсаулық күніне орай «Дені саудың –жаны сау» атты эстафеталық сайыс өткізіліп, қызықты жаттығулар жасалындыТуризм күніне орай 1- 9 сыныптарда «Қазақстандағы демалыс орындары» атты тәрбие сағаттары өткізілді. «Таза ауыл» тақырыбына байланысты әр бейсенбі сайын мектеп ауласында таза бейсенбілік жасалынды. Оқушылармен «Бала көсем» ұйымының жиналыстары өткізіліп, әртүрлі тақырыпта дәрістер оқылды. Ұстаздар күніне орай «Ұстаз болу - жүректің батырлығы» атты мерекелік кеш ұйымдастырылды. Қазан айында Қазақстан Республикасы халқының Тілдер апталығы аясында мемлекеттік тіл күніне орай іс- шаралар жоспары жасалынды.

1-9 сыныптарда «Тіл тұтастығы- ел тұтастығы» атты тәрбие сағаттары, «Жұлдызды сәт» мақал- мәтел сайысы, «Ана тілім- ардағым» тақырыбында шығармалар байқауы өтті. 1- қазан қарттар күніне орай «Қариясы бар елдің қазынасы бар» атты тәрбие сағаттары жүргізілді.Оқушылар қарт адамдарға көмек көрсетіп, мерекелерімен құттықтады. «Алтын күз» аясында «Еңбек түбі жеңбек» атты тәрбие сағаттары өткізілді. 1 -9сыныптар арасында «Күз көрінісі» атты сурет байқауы, «Күз көркі» тақырыбында таза бейсенбілік, «Алтын күз» байқауы жүргізілді. Байқауға 1-9сыныптар қатысты. Сайыс өз деңгейінде болды. Орындар беріліп, мадақтау қағаздарымен марапатталды. «Суицид –тығырықтан шығар жол емес» атты тақырыпта апталық өткізіді. Әр сыныпта «Өмір қымбат сый» тақырыбы бойынша тәрбие сағаттарын өткізілді. «Суицид –тығырықтан шығар жол емес» тақырыбында дөңгелек үстел болды, оқушылардың барлығы белсене қатысты, слайд көрсетіліп, оқушыларға шығып эссе жазғызылды. «Әр сенбі сайын би кештері өткізілді.

Аудандық іс-шараларға белсене қатыстық:

«Қазақстан – бақытымның ордасы» байқауына қатысып, 9-сынып оқушысы Давкин Александр екінші орын иеленді. « Рабиға Есімжанованың 100жылдық мерейтойына» байланысты өткізілген КВН сайысы болды. Мектептен 6 бала қатысты, балалар өз өнерлерін көрсетуге тырысты.

«Хан мен ханша» байқауы өтті. Оған жас мамандар Шәріп Айтолқын және Жұпархан Ержан қатысты. Сайысқа белсене қатысып мадақтау қағазымен, шағын сыйлықтармен иеленді.




Тәрбие ісінің меңгерушісі: Шәріп.А.Е

Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет