І. Балалардың ҚҰҚЫҚтарын қОРҒау саласындағы нормативтік қҰжаттар



жүктеу 100.15 Kb.
Дата12.09.2017
өлшемі100.15 Kb.


Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы 2017 жылдың 1 тоқсанына арналған нәтижелер мен 2017 жылдың соңына дейінгі қызметтердің басымдықтары
І. БАЛАЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ НОРМАТИВТІК ҚҰЖАТТАР:

Комитетте 2017 жылы 4 нормативтік құқықтық акті әзірленіп, қабылданды ( ҚР БҒМ-нің 4 бұйрығы, тізімдері қоса берілді).



II. БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ЖӘНЕ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ҚҰЖАТТАРДЫ ІСКЕ АСЫРУ:

Комитетте стратегиялық жоспардың 2 индикаторы бекітілген.



Индикатор «Балалардың өздерінің құқықтары мен міндеттері туралы хабардарлық деңгейі», 2016 ж. жоспар бойынша - 68% (2015 ж.- 63%).

Индикатор «Жыл сайынғы, қазақстандық азаматтардың отбасыларына берілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйым тәрбиеленушілерінің үлесі» жоспар бойынша – 2016 жылы-15%, (2015 ж.-14%, факт-18%, жоспар-1095, факт-1519).

Білім беруді дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру кезінде іс-шаралар - 2.

Республикада 20 кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жұмыс жасайды. 2017 жылдың 1 тоқсан қорытындысы бойынша кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына 2157 кәмелетке толмаған бала орналастырылды, оның ішінде 321 - ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандар, 1759 бақылаусыз және қадағалаусыз қалғандар, 48 - девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы ұйымдарға жіберілгендер, 29 - өмірдің қиын жағдайына тап болған кәмелетке толмағандар.

Келіп түскен кәмелетке толмағандардың санынан 2040 бала орналастырылды: оладың ішінде 1751 кәмелетке толмаған бала отбасыға орналастырылды, 189 - жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарға жіберілді, 28 бала қамқоршылыққа берілді, 17- бала патронаттық тәрбиеге берілді, 34- бала арнайы мектептерге жіберілді, 10- бала басқа облыстардағы бейімдеу орталықтары үлгісіндегі ұйымдарға жіберілді, 4- бала басқа елдердегі бейімдеу орталықтары үлгісіндегі ұйымдарға жіберілді және 7- қонақ отбасыларға берілді. Барлық бейімдеу орталықтарында отбасыларды қолдау қызметі жұмысы жасайды.

28 ата-анаға және 32 кәмелетке толмағандарға құжатты рәсімдеу сұрағы бойынша көмек көрсетілді, 21 ата-ана мен 52 кәмелетке толмағандарға кеңестер берілді. 12 отбасы, 15 оқу орны және 9 жетім балаларға арналған ұйымдар тексерілді.
III. ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ІС-ШАРАЛАРДЫҢ ӨТУІ:

Ведомствоаралық әрекеттестік шеңберінде, сондай-ақ 2016 жылға арналған ҚР БҒМ және Комитет жоспарының орындалуы бойынша балалардың құқықтарын қорғау саласында 27 әлеуметтік маңызы бар іс-шаралар (2015 ж.-41) өткізілді.

Олардың ішінде: 1) әлеуметтік көмек алу құқығына ие отбасы жағдайы төмен, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету мақсатында өңірлерде «Қамқорлық» республикалық қамқорлық акциясы өткізілді. «Қамқорлық» акциясы шеңберінде 160 000-ға жуық балаға 700 млн. теңгеге жуық көмек көрсетілді, оның ішінде 90 мың балаға 300 млн. теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетілді (10 қаңтар-10 ақпан).

2) «Қазақстан-мейірімділік мекені»-республикалық балалар бастамасы (24 қаңтар)

3) «Өзін-өзі тану» республикалық декада «Өзін-өзі тану: сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» ( 2-13 ақпан).

4) «Скажи жизни - ДА!» республикалық ақпараттық компаниясы (10 ақпан - 10 наурыз).

4) «Под счастливой звездой» жас жеткіншек тілшілер мен жастар бұқаралық ақпараттық құралдардарының медиа фестивалінің салтанатты шығармашылығы (29 наурыз).

5) ҚР Премьер-Министрінің орынбасары И.Тасмағанбетовтың төрағалығымен корпоративтік қорының «SOS Қазақстандағы балалар ауылына» ықпал ету мәселесі бойынша селекторлық кеңесі (24 қаңтар).

6) төмендегі мәселелер бойынша 10 жиналыс:

Өзін өзі басқару ұйымдары мен бәсекеге қабылетті ортаға беру үшін ұсынылған мемлекеттік органдардың қызметтерін инвентаризациялау бойынша;

Видеоконференция режиміндегі қорғаншылық кеңесі (10 наурыз);

7) 3 ақпараттық кездесулер:

«Фресно» халықаралық консалтингті ұйымдардың сарапшыларымен (15 ақпан);

Ақтөбе облысына ҚР Президентінің жолдауын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде (17 ақпан);

Атырау облысына ҚР Президентінің жолдауын іске асыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде (22 ақпан);

14) 5 телевизиялық бағдарламаларға қатысты:

«Астана» телеарнасында «Кеш емес» бағдарламасында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша (20 қаңтар);

«Қазақстан» телеарнасында «Әйел бақыты» ток-шоуында балаларға білім беруде тәрбие беру әдісін қолдану мәселесі бойынша (2 ақпан);

«Безопасный детский интернет» тақырыбында брифинг (14 наурыз);

«Астана» телеарнасында «Открытая студия» бағдарламасында балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша (28 наурыз);

«Астана» телеарнасында жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың республикалық банк мәліметтерін құру бойынша (29 наурыз).

IV. ЕСЕПТІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН НЕГІЗГІ НӘТИЖЕЛЕР:
1. 1726 жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала қазақстандық отбасыларға қамқорлыққа және қорғаншылыққа (453), патронаттық тәрбиеге (281), асырап алуға (214), оның ішінде 16-сы халықаралық асырап алуға берілді. Туған отбасыларына 778 бала қайтарылды.

Республика бойынша жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны - 28 419:

Қамқоршылықта-19 321,

Патронаттық тәрбиеде-1 862,

Ұйымдарда – 7 236.

2. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны артты (2006-2013 жж. аралығында-1441, 2014ж.-951, 2015 ж.-1169), 2016 жылы -1 399, оның ішінде балалар үйінің тәрбиеленушілері-459.



3. Ыстық тамақ 6071 (86,9%) мектепте 2 638 143 (94,3%) балаға ұйымдастырылды. 2016 жылы ыстық тамақпен аз қамтылған отбасыдан шыққан 255 023 (100%) бала қамтылған.

4. 2015-2016 оқу жылында білім беру ұйымдары жоқ 1539 елді мекендерде 22 278 (97,8%) оқушыны тасымалдау ұйымдастырылған. Тасымалдауға қатысты қажеттілік 186 бірлікті құрайды. Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында балаларды мектепке дейін және мектептен үйлеріне тасымалдау ұйымдастырылмаған.

5. Қамқорлық акциясы шеңберінде әлеуметтік көмек алу құқығына ие отбасы жағдайы төмен, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы 180 мың 952 балаға 824 млн. 119 мың теңге сомасында әлеуметтік көмек көрсетілді, оның ішінде 160 мың бала демеушілік көмекпен 421 млн. 122 мың теңгеден артық сомаға көмек берілді.

7. 2017 жылдың 1 тоқсаны бойынша 954 рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды және өткізілді, оған 17 512 адам қатысты (білім беру ұйымдары мен органдарының, ішкі істер, денсаулық сақтау, үкіметтік емес ұйымдардың, жастар және ата-аналар қауымдастығының өкілдері).

Есепті кезеңде 10-мыңнан астам нысандар тексерілді (624-саяжай мен саяжай шаруашылығы, 745-фермерлік шаруашылық, 1675-жағдайы төмен отбасы, 1986-үйдің жертөлесі, 785-темір жол және автобус вокзалы, 1854-ойын-сауық орны, 1546-компьютер салоны, 869-шағын аудандар мен базарлар, 875-авто жуу, авто жанармай станциялары).

Балалардың құқықтарының бұзылу фактыларын анықтау, балалар еңбегін қанау, панасыздық пен қадағалаусыздықтың алу мақсатында, сондай-ақ «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» ҚР Заңын іске асыру мақсатында республикада тоқсан сайын «Түнгі қаладағы балалар» атты рейдтер өткізіледі.

8. Комитеттің ресми сайтында (www.bala.kz) 16 негізгі айдар, 30 кіші айдар және 15 маңызды сілтемелер жұмыс жасайды, олар үнемі жаңартылып отырады.

2017 жылдың 1 тоқсанында веб-сайтқа 35 637 астам интернет желісін қолданушылар кірген (күн сайын 600-ден астам интернет желісін қолданушылар).

Әлеуметтік желілерде Комитеттің қызметтері туралы ақпараттар орналастырылатын ресми аккаунттар құрылған және жұмыс жасайды.

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру және іске асыру үшін БАҚ құралдарында балалар туралы 80 астам жағымсыз басылымдарға талдау жүргізілді (ОҚО-12, Қарағанды облысы-11, Алматы қаласы-8, Астана қаласы-8).

БАҚ-тағы резонанстың көпшілігі балалардың құқықтарының бұзылуы, өмір сүруге, денсаулығына, балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа қатысты.

9. Сенім телефонына хабарласқан 355 өтініш бойынша шаралар қабылданып, түсіндірмелер берілді, Комитет төрағасының блогына 85 өтініш келіп түсті және109 заңды және жеке тұлға жазбаша өтініштерге жазбаша жауап берілді (20- заңды тұлға, 89 жеке тұлға).

10. Комитеттегі құжат айналым 2493 бірлікті құрайды, оның ішінде ҚР Президенті Әкімшілігінен-15, Премьер-Министрінің кеңсесінен-16, Парламенті Мәжілісінен-19 (барлығы-50 бірлік).

11. 12 келісім-шарт бекітілді, олардың ішінде 2 маңызды ұсыныстарды сұрату, мемлекеттік тапсырыс шеңберінде-1.

Мемлекеттік сатып алу жоспарында қарастырылған жоспарланған мемлекеттік сатып алуға өткізілген мемлекеттік сатып алу саны Комитет бойынша 100%-ды құрайды.

Бюджеттік жоспарлау

Төлем бойынша қаржыландыру жоспарында 2017 жылғы қаңтар-наурыз айлары аралығында 76 679,1 мың теңгенің 45 335,3 мың теңгесі немесе 59,1 %. игерілді. Қалғаны 31 343,8 мың теңге.


V. 2017 жылғы 1 тоқсанға арналған НЕГІЗГІ БАСЫМДЫҚТАР:


  1. Нормативтік қызметтер:

3 нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және іске асыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады.

2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының индикаторлары.

3) әлеуметтік маңызы бар іс-шараларды өткізу және ақпараттық-насихаттық жұмыстар. Олардың ішінде негізгі іс-шаралар:

«Біз-тәуелсіз Қазақстанның ұрпақтары» атты оқушылар арасында сауалнама;

Оқушылардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері бойынша республиканың білім беру ұйымдары м ен органдарының басшыларына арналған республикалық ведомствоаралық кеңес;

«Қауіпсіз интернет» ақпараттық кампаниясы;

Әлеуметтік жетімдіктің алдын алуға бағытталған қазақстандық отбасыларға жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру бойынша және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша видео-баяндарды әзірлеу және шығару;

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Нұрлы болашақ» республикалық акцияны ұйымдастыру және өткізу;

«Мгновения нравственной Высоты» республикалық балалар бастауы;

«Балалар бастауы» балалардың әлеуметтік жобасының конкурсы;

ҚР Үкіметі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері мен олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы;

Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған білім беру ұйымдары мен кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталықтары басшыларымен семинар кеңес;

Халықаралық балаларды қорғау күні шеңберінде «Балдаурен» орталығының базасында жас отансүйгіштер республикалық форумын үйымдастыру және өткізу;

Республиканың сауықтыру лагерлерінің республикалық инструктивті-әдістемелік слеты.;

Әдістемелік, ақпараттық материалдарды шығару ( «Қазақстан балалары» журналы; «Балалардың құқықтық орғалу деңгейі» атты әлеуметтік зертеу).
6) АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТ:

Отбасын қолдау қызметі

Қонақтайтын отбасы; Отбасын қолдау

«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол!»

«Каникулда – отбасыға»

«Табысты болу құқығы», «Өзіңнен баста»

«Балалар бастауы-2017»
7) АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТ:

«Қазақстан балалары» журналын шығару

Әдістемелік, ақпараттық, буклеттер, жинақтар

БҚҚК, ҮЕҰ, әлеуметтік желілердің интернет-ресурстарын пайдалану Конференция, брифингтер, интервью, ток-шоу

PR-кампания «Әрбір балаға отбасы»

Адамның рухани-адамгершілік дамуын ақпараттық-насихаттық сүйемелдеу



Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесін іске асыру бойынша ақпараттық-насихаттық компания


Каталог: sites -> default -> files -> upload -> files
files -> Астана қаласының Балалардың құқығын қорғау департаментіне
files -> О положении детей в Республике Казахстан
files -> Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 24 мамырдағы №415 Қаулысы
files -> І. Балалардың құқықтарын қорғау саласындағы нормативтік құжаттар
files -> Адамгершілік-рухани білім мен тјрбие жґнінде
files -> Методическое руководство по обучению правам ребенка с использованием сюжетов и персонажей детских книг и анимационных фильмов
files -> Сведения о летних загородных лагерях для детей в Республике Казахстан по состоянию на июнь 2012 г


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет