І бөлім. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық-әдіснамалық негіздері



жүктеу 0.71 Mb.
бет1/5
Дата19.04.2019
өлшемі0.71 Mb.
  1   2   3   4   5

Мазмұны

Кіріспе
І бөлім. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық-әдіснамалық негіздері.



    1. Экологиялық тәрбие және оны оқушы тұлғасында қалыптастыру.

    2. Экологиялық тәрбие педагогика және психология ғылымдарының өзекті мәселесі.

ІІ бөлім. Оқушы тұлғасында экологиялық тәрбиені қалыптастырудағы оқу процесінің қызметі

2.1 Экологиялық тәрбиені қалыптастыруда оқу процесінің мүмкіндіктері.

2.2 Оқыту теориясы мен практикасының экологиялық аспектісі.

2.3 Экологиялық жұмыстарды ұйымдастыру формалары мен әдістері.
ІІІ - бөлім. Оқу процесінде экологиялық тәрбиені қалыптастырудың жолдары

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер.

Қосымшалар



Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының дамуы стратегиясында көрсетілгендей, жас ұрпаққа экологиялық білім беруді жетілдіру педагогика ғылымында негізгі міндеттердің бірінен саналады. Ендеше, экологиялық тәрбие жұмысын мектеп жасына дейінгі балалардан бастап жүргізу – бүгінгі күннің өмірлік талабынан, табиғи қажеттіліктен туындап отырған мәселе. Жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарында экологиялық тәрбие жұмысын жүргізуде мынандай екі ұстанымды басшылыққа алу ұсынылады:


  1. Балаларға табиғат туралы қарапайым мағлұмат беріп, оның әдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту;

  2. Балалардың табиғат туралы білімдерін тереңдетіп, оның әдемілігін көріп, сезіне білуге үйрету арқылы рухани жан дүниесін дамыту;

Бұдан балалардың ізгілікті – адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда экологиялық тәрбие берудің құқықтық үлгісіне сәйкес, экологиялық тәрбие жұмысын адамгершілік, эстетикалық және халақтық педагогиканың тағылымы мол мұраларын пайдалану арқылы жүргізу қажеттілігі байқалады. Адамгершілік тәрбиесінің басты мақсаттарының бірі де балаларды туған өлкенің табиғатын сүйе білуге, оны қадірлеп – қастерлеуге тәрбиелеу болып табылады. Ал ол – ұлттық тіл, көркемөнер туындылары арқылы жүзеге асады. Табиғаттың бағалы байлығы саналатын аң – құстарды жақсылықтың жаршысы деп бағалаған дана халқымыз оларға тамаша туындылар да арнай білген. Бұған ақын Сырбай Мәуленовтың мына жолдары мысал бола алады:

Аң да адамды жағалайды,

Санап туған бауырласы.

Ұя салып паналайды,

Үйді дала қарлығашы.

Әрқашанда зәру аң – құс,

Адамдардың мейіріміне,

Айтатындай іштей алғыс

Адал, аппақ пейіліне.

Баланың бойындағы әдемілікке, әсемдікке іңкәрлігін (инстинкт) оятып, табиғат сұлулығын сезіне білу қасиетін арттыруда экология тақырыбы таптырмайтын құрал. Айналадағы орман, өзен – көл, тау – тас, жайқалған жасыл желек, құстардың сайраған дауысы – осылардың бәрі балалардың ой – қиялын, әдемілікті көре білу қасиетін дамытады, талғамын қалыптастырады. Мысалы, ежелгі грек аңыздарында айтылғандай, Марстың жорыққа киетін дулығасына кептер ұя салғандықтан, ол соғысқа аттануды кейінге қалдырған көрінеді. Ықылым заманнан бері әдемі де сүйкімді құс – кептердің бейбітшілік жаршысы саналуы, әдемілік символы – аққу, ұлар, ал қарлығаш – бақыттың бастамасы, игіліктің иесі ретінде бағалануы баланың жан дүниесін байытады. Бұл тақырыпқа қалам тартпаған ақын – жазушы, ғалым кемде – кем. Мысалы, табиғаттың сұлу көрінісін ақын Жамбыл Жабаев:

Табиғат - әсемдіктің төркінісің,

Ән саламын бір сенің көркің үшін.

Жан – жануар табынып бір өзіңе,

Сенен алып тұрғандай бар тынысын, - деп жырласа, көрнекті педагог В.А.Сухомлинский: «Табиғаттың әдемілігі бала жанының тазалығын тәрбиелеу мен жан дүниесін дамытуда үлкен орын алады»,-деген болатын. Осы сынды оқыту мазмұнындағы шығармаларды экологиялық тәрбиеге тірек ету – педагогтың басты міндеті.

Халықтық тәрбие хатқа түскен ереже күйінде емес, тәжірибелік негізінде жұрттың этникалық мінезінде қалыптасады. Болашақ ұрпақты табиғат сырын ұғып – түсініп, онымен жақын қарым – қатынаста болуға тәрбиелеуге ерекше мән берген ата – бабаларымыз өмірдің өзінен қалыптасқан кейбір салт – дәстүрлерді елеп – екшеп, жақсысын санада сақтап, жаманынан жирендіріп отырған. Мәселен, күнделікті тұрмыс – тіршілікте «обал - сауап», «ынсап - қанағат» қағидаларын берік ұстаған олар табиғаттың ешқандай жанды – жансыз туындыларына қиянат жасамаған. Табиғатпен үйлесімді қарым – қатынас жасаудағы дәстүрдің озық үлгілерін кейінгі ұрпаққа мұра етіп қалдырған. Халық даналығынан туған «Орман – жер сәулеті, ел дәулеті», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Күте білсең, жер жомарт», т.б. аталы сөздер бала құлағына жастайынан сіңіп, ұлттық рухын қалыптастырады. Белгілі ақын Мұзафар Әлімбаевтың:

Танымай өтеміз бе киелі не?

Қырсығы білместіктің тиерін де…

Ұрпағың дал болар ма, ағаш таппай

Кәдімгі домбыраның тиегіне, - деген көңіл тебіренісі табиғатты дер кезінде бағалай білуге үндейді. Табиғат жайындағы ақындардың мұндай жан айқайы, өнегелі өсиеттері – баланың экологиялық мәдениеті мен жан дүниесн дамытуда баға жетпес дүниелер.

«Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім-адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі» - деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің көрегендік сөзі егемен қазақ елі үшін де тәрбие саласындағы бағдараламаларды мемлекеттік тұрғыдан қайта көз сүзіп қараудың қажеттігін алға тартып отыр. Қуана айтар жайт сол, Республика бойынша оқушылардың мектепте, оқу орындарында білім алуы, мектептердің ішкі жағдайының жақсаруы, техникамен, көрнекті-құралдармен, жиһаздармен жабдықталуы біршама шешілген мәселе. Дегенмен оқушылардың мектептен кейінгі бос уақытын тиімді ұйымдастыру, олармен жүргізілетін сыныптан және мекетептен тыс тәрбие жұмыстарын нақты жоспарлау, бағдарламалар жасау күні бүгінгі дейін өз шешімін таппай келеді. Соның салдарынан байқаулар, кездесулер, көрмелер тек қана наухандық сипат алып отырған сыңайлы. Оқушылардың мектептен тыс уақытының көптігі белгілі. Алайда, сол бос уақытты тиімді пайдаланбауынан жастар арасында келеңсіздіктер мен ірілі-ұсақты қылмыстардың кездесіп жататыны кім-кімді болса да алаңдататыны ақиқат. Бұған айғақ ретінде «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаеваның тәртіп сақшыларымен өткізген кеңесінде үлкен ділгірлік болып көтерілді. Оқушыларды темір тордың ар-жағында ұстағанша, тәрбиені күшейту керектігі айтылды. Ендеше, мектептен тыс мекемелерде жүргізілетін сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарының мән-мазмұнын арттырмай, тәуелсіз еліміздің ірге тасын биіктетіп, бекітетін жастарды табу қиынға соқпақ.



Зерттеу жұмысының мақсаты

Оқу үрдісінде экологиялық тәрбие берудің психологиялық негізін зерттеу.



Зерттеудің болжамы

Егер, жеке тұлғалық бағдар негізінде оқу үрдісінде оқушыларға экологиялық жұмыстардың мазмұндық, ұйымдастырушылық және әдістемелік шарттарын жасаса, бұл олардың елге, жерге, табиғатқа деген көзқарасын арттырады, өйткені ол білім беру жүйесіне қойылып отырған қазіргі заман талаптарынан шығады.



Зерттеудің объектісі

Оқу үрдісінде экологиялық тәрбие беруді ұйымдастыру.



Зерттеудің міндеті.

  1. Зерттеудің теориялық негізі ретінде экологиялық жұмыстардың даму бағыттарын ашып көрсету.

  2. Оқу үрдісінде экологиялық жұмыстардың мәні мен ерекшеліктеріне мазмұндық сипаттама беру.

  3. Экологиялық тәрбиені қалыптастыруда оқу процесінің мүмкіндіктерін айқындау.

  4. Оқыту теориясы мен практикасының экологиялық аспектісін негіздеу.

Зерттеудің әдістері

Педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді талдау, әңгіме, әңгімелесу, сауалнама, құжаттарды талдау.



Зерттеудің ғылыми жаңалығы

  1. Оқыту үрдісінде берілетін экологиялық тәрбиені ұйымдастырудың теориялық-әдіснамалық негізі қарастырылды.

  2. Оқу үрдісінде экологиялық тәрбиені ұйымдастырудың мәні мен ерекшеліктері, даму бағытары зерттелінді.

Зерттеудің практикалық мәні.

  1. Зерттеу барысында оқу үрдісінде экологиялық жұмыстардың диагностикалық деңгейі жасалынды.

  2. Оқу үрдісінде экологиялық тәрбие берудің бағдарламалары жасалынды.


І бөлім. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық-әдіснамалық негіздері.

    1. Экологиялық тәрбие және оны оқушы тұлғасында қалыптастыру.

Өркениетті елдердің экологиялық тәрбие беру және табиғатты қорғаудың жалпы стратегиясын жасап белгілеуі, соған байланысты іс-шараны үйлестіріп отыруы Біріккен Ұлттар Ұйымының білім беру, ғылым мен мәдениет (ЮНЕСКО) жөніндегі мәселелер деңгейінде жүзеге асырылып келеді. Сол себепті ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ф.Майор экология мәселесін барлық оқу бағдарламасына өзек ете отырып, оны мектепке дейінгі мекемелерден бастап жоғары оқу орындарына дейін жүргізу, мұғалімдер мен басқару аппаратын осы бағытта дайындау экологиялық проблеманы шешудегі ең маңызды фактор болуы тиіс деп есептейді. Оның «біздер, адамдар – табиғаттың бөлшегі, біз өз ағаштарымыз бен өзендерімізді, егістік пен орманымызды жанымыздай сүйе білуге тиіспіз, осы қарапайым қағиданы әрбір бүлдіршіннің бойына сіңіре білмесек, онда қоршаған ортаны қорғаудағы қазіргі қол жеткізіп жүргеніміз тек жадағай түсінік болып қала береді», - деген болатын.

Алғаш рет ғылыми әдебиеттерде табиғат қорғауды педагогикалық проблема деп көрсеткен профессор В.Н.Скалон: «Гүлденген табиғат арман емес, бұл – шындық, бірақ оны сақтау көбіне бізге, біздің балаларымызды тәрбиелеу іскерлігімізге байланысты» - дей келііп, - «Баланы жастайынан тірі затты аяушылыққа дағдыландыруға тиістіміз, мейлі ол жануар болсын, мейлі ол өсімдік болсын» - деген еді.

Ал, көрнекті ағартушы М.Жұмабаев «балалық шақта алынған әсер ер жеткенде адамның ақалының, ой-пікірінің һәм мінезінің қандай дәрежеде болуына негіз салады»,- деді. Балаға кішкене кезінде табиғат әсері күшті болатындығына ерекше мән беріп, «жаратылыста неше түрлі сұлулықтың бәрі бар. Бала бұлақтың былдырын, судың сылдырын, жапырақтың сыбдырын, орманның күңіренгенін, теңіздің гүрілдегенін естісін, жымыңдаған жұлдыздар себілген көк шатырды, түрлі-түсті кемпірқосағын, буыны жоқ бұраңдаған қайыңды көрсін. Жаратылыс сұлу.Бала сол сұлу жаратылыстың құшағында болсын. Осылайша балада сұлулық сезімдері еріксіз оянады» - деген тұжырым жасайды. «Әрине, жас кезінен табиғат сұлулығынан әсер алып өскен баланың оны аялай білу сезімі де қатар дамитындығына шек келтіруге болмайды» деп жазды.

Ағартушы айтып отырған мұндай сезімдер мектепке деиінгі мекемелер мен баланы мектепалды дайындау сыныптарынан басталып, әрі қарай жалғасын тапқанда ғана нәтижелі болары сөзсіз. Сонда ғана бала бойындағы табиғаттан алған әсерлі сезімі есейе келе оның қоршаған ортаны қадірлеуімен, оған деген қамқорлық сезімімен ұштасуына , сөйтіп экологиялық тәрбиенің алғашқы нышаны қалыптасуына жетелейді.

Баланың жеке тұлға болып қалыптасуына тәрбиенің табиғаттың қатысында, табиғат арқылы берілуіне байланысты екендігін бүгінде ғылыми педагогикалық зерттеулер дәлелдеп отыр. Табиғатпен қарым-қатынас баланың ойлау, есте сақтау, бақылағыштық қабілеттеріне, сана-сезімінің жылдам өсіп жетілуіне, түйсігіне т.б. оңды әсер ету мүмкіндігі шексіз. Себебі, Адам табиғи тірі ағзаның бірі. Адам өзінің болмысы мен игерген білім жүйесі нәтижесінде өзін кейінгі өмір кезеңдерінде көрсете алады.

Адамның тура және жанама іс-әрекеттерінің қатысында еліміздің экологиялық жағдайының асқындап, оның дүниежүзілік қауіпті жағдайға айналып отырғандығы бәрімізге мәлім. Сондықтан да қоғамның қазіргі талабы - әрбір адамның экологиялық сауатты, мәдениетті болуы. Осы тұста білім саласының барлық буынына экологиялық мазмұнның берілу қажеттігі туындайды. Қажеттілік экологиялық білім беру мәселесін шешуді төменнен жоғары қарай жүргізілуін, оны жеке пәндермен ғылыми негізде ұштастыра және тәжірибе жүзіне дамыта оқыту барысында, барлық мүмкіндіктерін тиімді пайдаланумен байланыстырады. Сонда бесіктен бастап, ата-анаға дейін экологиялық тәрбие, мәдениет дағдысын қалыптасу қажеттігі туындайды.

Кейінгі кездегі мектептерге арналып шығарылып жатқан жаңа оқулықтарда экологиялық түсініктер беріліп жүр. Себебі, жоғары мектеп өзінің іргетасы саналып жүрген орта мектептерден сапалық өзгерістерді талап етеді. Кезкелген пәнді оқытуда, ондағы тақырып материалдарының мәтінінің мазмұнын баяндағанда, түсіндіргенде оған табиғатты қорғау және көркейту шараларын үйретуді көздейтін, табиғат байлықтарына жауапкершілікпен қарайтын, яғни экологиялық білімді орнықтырудың мүмкіндіктерін арттыратын педагогикалық іс-әрекет қажеттіігі туындайды. Осы қажеттлік қанағаттандырылса ғана тұлғаны экологиялық тәрбиеге қалыптастыру үрдісінің алғашқы сатысы жүзеге асырылды деуіміізге болады.

Оқу үрдісі тәрбие үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде жалпы мақсаттан бастау алып, ортақ белгілі бір талаптарға жүгінетіні белгілі. Сондықтан да мектеп қабырғасында жас ұрпаққа экологиялық білім ме тәрбие берудің мақсаты – білім мен білікті қалыптастыру ғана емес, ол тұлғаның дүниетанымын дамытып, жан – жақты етіп тәрбиелеу.

Сабақ оқу үрдісіндегі тәрбие жұмысының шешуші құраушыларының бірі болғандықтан, экологиялық білім берудегі оқу және тәрбие жұмысы біртұтас екендігі өзінен-өзі белгілі. Бастауыш сыныптардан бастап біліім беру үрдісінде аймақтық, ұлттық, географиялық ерекшеліктерді негізге ала отырып, экологиялық білім иен тәрбиені пәндермен өзара сабақтастыра, бір-біріне кіріктіре отырып беруді қалыптастыру қажет.

Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруде халықтық педагогиканың алатын орны ерекше. Себебі, ол тариха тәлімдік тәжірибелердің мәйегі ретінде ұрпақтан-ұрпаққа мұра ретінде беріліп келе жатқан, іскерлік пен дағдылардың, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың жиынтығы. Экологиялық білім мен тәрбиені бала жанына сіңіруде ауыз-әдебиет үлгілерін пайдаланудың да орны ерекше. Мысалы, «Ер - еліне, гүл - жеріне», «Ер – туған жеріне», «Батыр туса – ел ырысы, жаңбыр жауса – жер ырысы», «Қарағайға қарап тал өсер, қырға қарап бала өсер», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ құрағымен көрікті», «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын», «Дәрі шөптен шығады, дана көптен шығады», «Бір тал кессең, он тал ек» т.б. Мұндағы басты насихаттайтын ұстаным:


  • Тәрбиенің негізі әдептілік, сондықтан өзінің өмір сүрген ортасында әдептілікті сақтау;

  • Кемтар, күші аз жандарға қайырымдылық жасап, қол үшін беруге шақыру;

  • Баланы жасынан еңбек сүйгіштікке шақырып, еңбекке баулу;

  • Әруақытта білімге қызығып, дүниені тануға ұмтылу;

  • Қоршаған ортаны, табиғат – ананы сыйлау;

  • Қолыңдағы барды ысырапсыз шашпауға, яғни үнемділікке шақыру;

  • Елдің қорғаны болып, халқыңа адал қызмет жаса деген сезімді қалыптастыру;

  • Оқушылардың экологиялық білімі мен мәдениетін қалыптастырудың ең тиімді жолы бастауыш сыныптарда оқылатын «Қоршаған орта» пәнінің сабақтарын жүйелі де, тиімді де өткізу, т.б.

Демек, осы жоғарыда айтылғандардан әрбір ата-ана, әрбір ұстаз бала тәрбиесін табиғаттың қатысында, табиғаттың көмегімен жүргізгенде ғана шынайы экологиялық білім мен мәдениетке жететіндігін қорытындылауымызға болады.

Бүгінгі таңда халық ағарту саласы алдына жаңа да биік талаптар қойылып отыр. Жеткіншек ұрпаққа біліммен жан-жақты тәрбие беруді одан әрі жетілдіру ісін түбегейлі жақсарту міндеті тұр. Қазақстан Республикасының Білім беру туралы заңында мемлекеттік маңызы зор шаралар қатарында оқу-тәрбие ісі де терең талданып, мектеп реформасына байланысты көтерілген мәселелерді шешуге мүдделікпен қарап, мазмұнды жұмыспен ат салысу керектігі атап айтылды. Республикамызда білім беру жүйесінің міндеттерін ойдағыдай шешу, заңда атап көрсетілгендей, бүкіл тәрбие ісін жинақты жүргізуге, идеялық-саяси, еңбек және адамгершілік тәрбиесінің тығыз бірлігін қамтамасыз етуге байланысты. Егер оқу-тәрбие барысының даму кезеңдеріне бір сәт көз жіберіп қарасақ, қазақ мектептерін былай қойғанда, алғашқы кездерде орта білім беретін орыс мектептерінде сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың ролі тіптен жоқтың қасы болды. Тек алпысыншы жылдарда ғана бұл жұмыстар Қазақстанның түпкір-түпкірінде орналасқан барлық ауыл, қала мектептерінде шұғыл қолға алына бастады. Оқушылар шығармашылығын дамытуда сыныптан, мектептен тыс жұмыстар үлкен рол атқарады. Ол үшін сыныптан және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырудың ең тиімді деген түрлері мен әдістерін іріктеп ала білудің маңызы өте зор. Сыныптан және мектептен тыс жұмыстар белгілі бір пән бойынша білім негіздерін оқушыларға үйретіп қоймайды, сонымен қатар болашақ жастарды өмірге әзірлеп, мамандықты еркін таңдай білулеріне көп септігін тигізеді.

Экологиялық білім беру бағдарламасы. Ол білім беру ұйымдарымен республикалық басқа да мекемелерінің үздіксіз экологиялақ білім беруге бағытталған қызметін қолдап, үйлестіруді мақсат етеді.

Білім беру саласы бойынша қабылданған осы және басқа да бағдарламалардың орындалуын үкімет, білім және ғылым минстрлігі, өкіметтің жергілікті органдары үнемі бақылауға алған. Үкімет олардың орындалу барысында мониторинг жүргізіп отырады.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жолына түскеннен бастап, халыққа білім беру, тәрбие беру саласында жүргізген саясатында мына екі жағдайды үнемі ескеріп отырады. Оның біріншісі, Кеңес одағы құрамында болған жылдарда халыққа білім беру, тәрбие беру ісінде жинақталған құнды тәжірибені мүмкіндігінше пайдалану, екіншісі тәуелсіздікке байланысты мемлекеттің қоғамдық-саяси құрылысы мен экономикасындағы қайта құруларды ескере отырып халыққа білім беру, тәрбие беру саласын да тиімді жаңалықтарды кеңінен енгізу.

Осы жағдайларға сәйкес білім беру, тәрбие беру аймағына алдыменен жаңаша ғылыми тұрғыда қарау қажет болды. Қазақстанда енді ғана қалыптасып келе жатқан экологиялық, саяси, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, Қазақстан мектебінің үлгісі-моделі жасалды. Бұл модель Қазақстан Республткасының дүниежүзілік білім кеңістігіне елдің және мемлекеттік тіл мен қазақ халқы мәдениетінің қажеттілігі мен дамуын, сондай-ақ Қазақстандағы басқа да халықтардың тілдері мен мәдениетін сақтауды және дамытуды қамтамасыз етуі тиіс еді.

Ескеретін бір жағдай, 1991 жылдың соңына дейін, яғни Қазақстан Кеңес одағы құрамында болған кезде халыққа білім беру, тәрбие беру саласына қатысты нормативтік негіздер мен заңдар одақтық талаптарды ескере отырып жасалған болатын, сондықтан да оларда ұлттық ерекшеліктерге көңіл бөлінбеді. Осыны ескере отырып Қазақстан Үкіметі республиканың тәуелсіздігі жарияланысымен іле-шала 1992 жылы 18 қаңтарда «Білім туралы» заңды қабылдады, онда тәуелсіз мемлекеттің орта білім жүйесінің мақсаты мен міндеттері анықталған еді. Бұл заңда білім берудің басты міндеттері-жеке тұлғаны ұлттық және дүниежүзілік мәдениеттің адамзат жинаған құндылықтарына тәрбиелеу, сонымен қатар оның қалаған мектебінде, қалаған тілде оқуына мемлекет қажетті жағдай жасайтыны атап көрсетілді. Заңға байланысты білім беру, тәрбие беру мекемелері жоғарыда жасалып келген ұсақ қамқорлықтан құтылып, оқыту мен тәрбиелеудің бағдарламаларын, формалары мен әдістерін өздігінше таңдауға заң жүзінде мүмкіндік алды. Мұның өзі білімнің мемлекеттік емес секторының дамуына, білім саласына қызмет көрсету рыногінің ұлғаюына мүмкіндік жасады. Түрлі мамандыққа баулитын лицей, гимназия сияқты жаңа типті оқу орындары пайда болды, жеке пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер саны көбейді.

1.2. Экологиялық тәрбие педагогика және психология ғылымдарының өзекті мәселесі.

Табиғат адамзаттың өмір кешуіне мүмкіндік тудырып, жер – ана елді асырап бағып, орман – тоғай елге дәулет ретінде, су, ауа райы денсаулықтың кепілі ретінде көрініс тауып отырғанын халық даналығы дөп басып түсіндірген.

Табиғат – ана адамзатты осыншама байлықпен қамтамасыз етіп, өсіріп - өрбітіп отырғанда, адамзатта өз тарапынан оған қамқор болуы парыз. Көл-көсір табиғат байлығын үстемелеп молайтып, ұқыптап пайдалану, көзінің қарашығындай сақтау, жанашырлықпен қорғау әр адамның міндеті.

Жаратылыс әлемінің сұлулығы, байлықтары, әлем мен кеңістіктің құдіретті рухы адамзаттың көңіл-күйін, денсаулығын, оған деген құштарлығын, ынтықтығын, сүйспеншілігін дамытады. Сондықтан табиғат пен адам арасындағы үйлесімділік диалектикалық дамудың көзі болып есептеледі. Өйткені, экология адам баласының өмір сүруіне, жалпы планетаның амандығына әсер ететін ғылым ғана емес, ол тірі организмдердің, өсімдіктер мен жануарлардың, хайуанаттардың да ортамен қарым – қатынасын зерттеуге бағытталған ғылым.

Экология – жоғарыда аталған қарым-қатынастарын реттеп тұратын принциптерді анықтауды, қарастыруды мақсат ететін ғылым деген америка ғалымы Э.Макфедьен. Қоршаған ортадағы үйлесімділіктің бұзылуы адамзат пен табиғаттың, қоғамның экономикалық құлдырауына, қоғамның бірті-бірте күйреуіне әкеліп тірейді.

Бұл ғылымғы алғаш қызыға қараған Аристотель болса, оның оқушысы «Ботаниканың әкесі» атанған Теофраст өз еңбектерінде өсімдіктерге де топографиялық, географиялық жағдайлардың ықпал ететінін, климат пен ауа райының, өсімдіктердің өсуіне, жемісінің түсуіне, гүлінің исіне де әсер ететінін атап көрсеткен. Екі мың жыл бойы өсімдіктер мен жан-жануарлардың қоршаған ортамен байланысы зерттеліп келген. Табиғатты үнемдеу туралы пікірді айтқан Карл Линней болғанымен, экология сөзін алғаш австрияның ғалымы – Э.Геккель болды (ботаник, зоолог, морфолог, биолог, эколог) Ол «Экология – табиғатты үнемдеу туралы ғылым» деп анықтаған және экология - организм мен қоршаған ортаның бір - біріне қарым – қатынасы туралы жалпы ғылым деп түсіндірген.

Экология (грек оікоs – үй, мекен, және … логия) – тірі организмдердің тіршілік ортасымен арақатынасын зерттейтін биология ғылымына «Экология» терминін 1866 жылы биолог Э.Геккль ұсынған. Экологияның негізі организм мен ортаның бірлестігі және организмдердіңэволюциялық процесінде өзгеруі деген ұғымнан туындаған. Қазіргі экология ортаның жеке әсерлерінің және олардың жиынтығының өсімдік пен жануарлар организміне тигізетін әсерін популяция санын сақтау жолын, оның құрылымын, биогеоценоз және экосистема әрекеттері заңдылықтарын т.б. зерттейді. Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімі бойынша жыл сайын маусым айының бесінші жұлдызы қоршаған ортаны қорғаудың бүкіл дүниежүзілік күні деп аталып өтілуде. Қазіргі кезде барлық елдерде бүкіл адамзат қауымына, оның ішінде жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беруге ерекше көңіл бөлінуде.

Педагогикалық бұл бағыттағы соңғы жылдардағы ізденіс, зерттеу нәтижелері (Я.С.Сабаев, Л.А.Родова, А.П.Момотова) жастардың табиғат қорғау жұмыстарына белсене қатысатынын дәлелдейді.

Табиғатты қорғауға бағытталған тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыруда балалардың жас шамасын және олардың психологиялық ерекшеліктерін ескерудің мәні зор. Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие беруді барлық тәрбие саласы бойынша кешенді жүргізіп, әрбір жұмыстың нақты мазмұнына сүйене отырып, іске асыру қажет.

1974 жылы америка экологы Гарри Коммонер «Замкнутый круг» деген кітабында төмендегі экологиялық тәрбие берудің бірнеше заңдылықтарын атап көрсеткен болатын.

Міне, осы заңдылықтар бүгінгі таңда да көкейкесті заңдылықтар. Оны оқып үйрену, түсіну әр адамның міндеті.

Бүгінгі таңда табиғат – анаға тіземізді батырып, көкірегін қарумен тілгілеп, қопарыс жасап, ойран салудан табиғат әсемдігінен, үйлесімділігінен айырылды, экологиялық дағдарыс жекелеген ел көлемінен асып, бүкіл әлемдік қасіретке, проблемаға айналып отыр. Біздің елімізде 160-қа жуық қала күрделі экологиялық жағдайда – табиғи орта ластанған. Аралдай теңіз жоғалып кетуі қаупінде тұр. Өзен суларында 20 есе ратық мұнай, т.б. зиянды өнімдер бар. Бүгінгі таңда табиғатты қорғап қалу шешуін талап етіп отырған мәселе. Атап айтсақ, ол Арал тағдыры. Арал теңізінің суының тартылып, балығының азайғаны дүние жүзінде сирек кездесетін жағдай. Онда 34 түрлі балық болған, қазір олардың бәрі жойылып бітті.

Табиғат – ананы қорғау – адамзаттың парызы. Осыны жас ұрпаққа ұғындыра тәрбиелеу – мектептің (орта, орта арнаулы, жоғары мектептің) міндеті.

Экологиялық тәрбие бала шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті сезіну мен бірге тәрбиеленуі керек. Түпкі мақсаттың бірлігі жүргізілетін оқу -–тәрбие жұмыстарының жүйелілігін, оқу, тәрбие мазмұнының құралдарымен әдістерінің бір жүйеге ыңғайлануын қарастыруды талап етеді. Оның бәрі табиғатқа біртұтас көзқарасты қалыптастырып, жас адамның бойында қамқорлық, аяушылық, жауапкершіліік сезіміін оятады. Жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру міндеттерін шешу, олардың қоршаған ортаны ой және сезім арқылы түсініп, тәжірибелік іс - әрекеттерінің қалыптасуына мүмкіндік жасайды. Теориялық таным мен эмоциялық сезіну және тәжірибелік белсенділік балалардың табиғатпен қатынасының әртүрлі жақтарын қалыптастыруды қамтамасыз етеді.

Экология тек биология ғылымының саласы ретінде қаралу шеңберінен шығып, қазір көптеген ғылым салаларының басын біріктіретін синтетикалық ғылымға айналды.

Барлық ғылым салалары мен экономикалық шаруашылық жұмыстарын жүргізушілердің негізгі қызметі қоршаған ортаның байлығын ысырап етпеуге бағытталуда, өйткені табиғат адам мен оның мүддесіін қорғайтын ғылымның бәріне де ортақ.

Қоршаған ортаның бірлігін үйретудің тұтас жүйесі бұл саладағы негізгі проблеманы туған өлкенің жануарлары мен өсімдіктері дүниесінің байлығын сезіну мен қорғау, оны адамның айналамыздағы табиғаттың басты өзгешелігі ретінде түсінуі, басты идеяны, табиғат адам өмірініің негізгі көзі, адам еңбек ететін, демалатын орын, адамның еңбегі, оның тұтастығын сақтауға арналатыны және экологиялық ұғымдарды айырып алуды қажет етеді.

Әрбір азамат өзін қоршаған ортаның құрылысын, оның ерекшеліктерін, заңдылықтарын, оларды бұзбай сақтаудың жолдарын, табиғатты қорғаудағы өзінің жауапкершілігін білуге міндетті.

Экологиялық тәрбиенің мақсат міндеті жас ұрпаққа өзі мекен еткен табиғи ортаның әсемдігін, мөлдірлігін көре, түсіне, сезіне, сүйе білуге үйрету, тұнық ауасын бұзбауға, үйлесімділігін сақтауға, қамқорлықпен, жанашырлықпен, мейрімділікпен, сезімталдықпен, қатынас жасауға тәрбиелеу. Табиғат қазынасын ұқыпты пайдаланып, аялауға, үнемдеп жұмсауға үйрету. Жас ұрпаққа табиғатты қорғау мен байлығын ысырап етпеудің ғылыми негіздерін, басты заңдылықтарын үйрету.


  • Дүниедегінің бәрі барлығымен байланысты.

  • Дүниедегі бар материя жоғалмайды, бір орыннан екінші орынға (желмен, сумен, т.б.) ауысады, бір молекулалы формадан екнші формаға айналады.

  • Табиғат бәрінен де артық біледі.

  • Ешнәрсе тегін істелмейді, бәрінің де өтеуі болады. Ұтыс, ұтылыс болмайды.

  • Шындық тазалайды. «Шындықтың маңдайы жарық».

Экологиялық тәрбие берудегі осы біртұтас байланысты шартты түрде бөле отырып, ең соңғысына, балалардың табиғатты жаңартуға бағытталған тәжірибелік іс – шараларының кейбір педагогикалық аспектіісін қарастырамыз.

Ол төмендегідей экологиялық міндеттерді жүзеге асырады:



  1. Табиғи ортаны сақтау: жануарларға, құстарға, балықтарға қамқорлық жасау, қоректендіру, ұялар жасап, оны орнату.

  2. Табиғи ортаны жақсарту: алаңдарды көгалдандыру, бұлақ көздерін ашу, айналасына ағаш егу, көшелерді, аулаларды, айналаны көгалдандыру.

  3. Эстетикалық бағалы өңірлерді сақтау.

  4. Экологиямен айналысқан ғалымдардың еңбектерін оқып үйрену.

  5. Экология тақырыбына кештер, кездесулер, кітап оқушылар конференцияларын өткізу.

  6. Экологиялық тақырыпқа дәрістер, әңгімелер, баяндамалар, сұрақ-жауап кештерін өткізу.

  7. Орта арнаулы оқу орындарында табиғатқа экскурсиялар ұйымдастыру, викториналар жасау, шештіру.

  8. «Невада – Семей қозғалысы» туралы әңгімелер циклын ұйымдастыру.

Тәрбие –халықтың ғасырлар бойы жинақтаған іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, баланың қоршаған ортадағы қарым-қатынасын, дүние танымын, өмірге деген көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру. Қазіргі қоғамның саяси және экономикалық жағдайының өзгеру кезінде, әлеуметтік үлкен өзгерістер байқалуда. Оның өзі қоғамда үлкен проблемаларды тудырады. Мысалы:

  1. Қоғамда әлеуметтік жағынан адамдар бай, кедей болып бөлінгені анық байқалуда;

  2. Көпшілік жанұялық бірлігінің, түсінушілігінің бұзылуы;

  3. Жасөспірімдер арасында қылмыстың, нашақорлықтың өсуі;

  4. Жұмыссыздықтың әлі де белең алуы;

  5. Діни ұйымдардың кобеюі;

  6. Халықаралық экстремизм мен терроризмнің өрлеуі;

  7. Өз ана тілін, ұлтының салт-дәстүрін үйренуге ынта-жігердің аздығы.

Қоғамның осы кездегі қалыптасқан келеңсіз жағдайлары тәрбиенің мектепте, жанұяда, қоғамда бүгінгі таңда ерекше орын алатындығын көрсетеді. Осы мәселелерді ескере отырып болашақ егеменді елдің азаматын тәрбиелеуде мынадай мақсат қою керек: дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар ожданы мол, еңбекқор, іскер, өзін-өзі сын көзбен қарап дамыта алатын, саяси экономикалық жағынан жетілген, өмірде кездескен қиыншылықтарды шеше білетін бойында игі қасиеттері бар адамдарды тәрбиелеп шығару. Осыған орай оқушыны жан-жақты мәдениетті тұлға етіп қалыптастыру үшін сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың жүйелі құрылуына ерекше көңіл бөлген жөн.

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатта болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әр түрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте оқу процесінде және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді. Олар тәрбие берудің жалпы жүйесінің ажырамас бөлігін құрайды. Оқушылармен оқудан тыс жүргізілетін бұл тәрбие жұмыстарының мақсаты-сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.



Оқу процесінде экологиялық жұмыстарының маңызы, тәрбие үрдісінің бірізділігін қамтамасыз ету. Оқу процесінде экологиялық жұмыстарының дәстүрлі қалыптасқан түрлері өте көп. Оны таңдау тәрбиенің жалпы немесе жекелеген оқушылардың тәрбие міндеттеріне байланысты атқарылады.

  1. Тақырыптық сынып сағаттарын өткізу және оған дайындық жұмыстарын ұйымдастыру: қабырға газетін шығару, альбом жасау, плакаттар, лозунгтар әзірлеу, нақыл сөздер жазу, оқушыларға ән, би, күй, тақпақ оқуды үйрету.

  2. Қызықты кездесулер, кештер, ертеңгіліктер өткізу (ақын-жазушылармен, әртістермен, соғыс ардагерлерімен және интернационалдық жауынгерлермен).

  3. Сыныптағы саяси хабарламаның жүргізілуін ұйымдастыру: тақырыптық, шолулық, жедел хабар.

  4. Әр түрлі тақырыпта ән айту, би билеу, өлең оқу, сурет салуға арналған байқауларды ұйымдастыру

  5. Оқушылардың қолымен жасалған шығармашылық жұмыстарына сай көрмелер өткізу.

  6. Көңілділер мен тапқырлар клубы байқауларының жұмысын жүргізу.

  7. Оқушылармен ток-шоу, дөңгелек стол, пікір талас, әңгіме түрінде тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру

  8. Спорттық жарыстар өткізу: шахмат, дойбы, тоғыз құмалақ, волейбол, баскетбол, футбол, шаңғы тебу т.с.с.

  9. Оқушылардың оқудан тыс қызықты кітап, газеттер мен журналдар оқуын, оны өзара талқылауын, пікір алысуын ұйымдастыру

  10. Әдебиет пәні және мектеп кітапхана қызметкерімен бірлесе отырып оқырмандар конференциясын өткізіп отыру.

  11. Мектептегі үйірме жұмыстарына оқушылардың талап-тілектері, спорттық, өлке тану, жас техниктер т.б.

  12. Үйірме жұмыстарының нәтижесіне сай байқаулар, олимпиада, жарыстар өткізу.

  13. «Атамекен» бағдарламасына сай жұмыстарды жүргізу.

  14. Мейрам күндерін, Республиканың атаулы мейрамдарын атап өту.

  15. Сынып жиналыстарын өткізу.

  16. Оқушылардың сыныптағы, мектептегі кезекшілігін, жалпы тазалыққа қатысуын, кабинетті жабдықтау, темір сынықтарын жинау, оқу-өндірістік алаңын жөндеу, мектеп маңайын тазалау, безендіру, сенбіліктерге қатысу секілді қоғамдық пайдалы жұмыстарын ұйымдастыру, олардың нәтижелеріне талдау жасап отыру.

  17. Мұражайларға, көрмелерге, демалыс-мәдени орындарға, кино, театр, өндіріс орындарына саяхат жасау.

  18. Соғыс, еңбек ардагерлеріне, жалғызлікті қарттарға көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру.

  19. Оқушылардың қысқы, жазғы демалыстары кезінде мәдени жорықтарын ұйымдастыру.

  20. Мектептен тыс тәрбие мекемелерінің жұмысына қатысу.


ІІ бөлім. Оқушы тұлғасында экологиялық тәрбиені қалыптастырудағы оқу процесінің қызметі

2.1 Экологиялық тәрбиені қалыптастыруда оқу процесінің мүмкіндіктері.
Мектеп басшылары мен педагогтық ұжым оқушыларды тәрбиелеудің негізгі орталығы мектеп екенін жақсы біледі. Әр педагог оқу процесінде жүргізілетін экологиялық жұмыстардың жүйесін ұтымды ойластыруға міндетті. Оқу процесінде экологиялық жұмыстардың мазмұны оқушының теориялық білімін кеңейте, молықтыра түсуге лайықталып, оқушылардың жеке қабілетін дамыта түсерліктей болған жөн. Оқу процесінде экологиялық жұмысы материалының мазмұндылығы идеялық, методикалық сапасы мұғалімнің шеберлігіне, ұйымдастыру тәсіліне байланысты. Оқушыларға әңгіменің тақырыбын ұғындырып, материал табуға, ізденуге тапсырма берілуі қажет. Балалар мұғалімнің тапсырмасын орындай отырып, мәселенің мән-мазмұнына қанығады, пайдалы жағын ұғады. Оқу процесінде экологиялық жұмысты жүргізгенде, еңбек және эстетикалық тәрбиенің қалыптасуына жүргізілген жұмыстардың әсерінің болуын қарастырған жөн.

Мұғалім оқу процесінде экологиялық жұмыстарға оқушыларды түгелдей қытыстыра отырып, ұялшақ, бұйығы, нашар үлгеретін балаларды танып біледі, оларға нақты көмек көрсетуге, қабілетін арттыру үшін іске үздіксіз жаттықтыруға міндетті. Мұның өзі жүйелі және жоспарлы шығармашылық еңбек арқылы іске асады.

Оқу процесінде экологиялық жұмыстарды жүргізгенде, оған оқушыларды көптеп қатыстыру жағын ойластыру керек. Оқу процесінде экологиялық жұмыстар қабілетті кейбір оқушылардың үлесіне тимей, барлық оқушыны қамтитын дәрежеде болады.

Оқыту мен тәрбие жұмысы тұтас процесс есебінде оқушының ақыл – ойын жетілдіріп және моральдық адамгершілік сапасын қалыптастыруға бағытталуы керек.

Оқу процесінде экологиялық жұмыстарды негізгі екі бағытқа бөлуге болады: біріншісіне оқушылардың жалпы жан- жақты тәрбиесі жатады. Әсіресе шәкірттерді саяси - идеялық, моральдық – адамгершілік, еңбекшілдік , эстетикалық жағынанан тәрбиелеуге және олардың тәртібін нығайтуға көңіл бөлу керек. Бұл бағыттағы жұмыстар мектептің жылдық жоспарында көрсетіледі.

Екінші бағыттағы мәселелерге жастары шамалас оқушылар тобынна арналған сыныптық жұмыстар. Бұл сынып жетекшісінің жұмыс жоспарында көрсетіледі. Жұмыстың бұл бағыттағы түрлеріне оқушылармен әңгіме, шәкірттердің жеке кітап оқуы, оқылған кітаптарға конференция ұйымдастыру, музыкалық шығармаларды тыңдау және сол бойынша балалармен әңгімелесу, баяндамалар жасату, балалардың тақпақ, өлең, ертегі айтып беруі тарихи оқиғалар туралы әңгімелер айтқызу, монтаждар құрастыру т.б. жатады.

Оқу процесінде экологиялық тәрбие жұмыстарында педагогтар мыналарды есте ұстағаны абзал:


  1. Оқу процесінде экологиялық жұмыстарға оқушыларды түгелдей қамту

  2. Әрбір оқушылардың талап - тілегі мен қабілетін ескере отырып тапсырмалар беру.

  3. Оқу процесінде экологиялық тәрбие жұмыстарының процесінде балалардың инициативасын үздік дамыту және қоғамдық тапсырманы ықыласпен жақсы орындағандарды мадақтап отыру.

  4. Балаларды қоғамдық істердің ұйымдастырушысы болуға және жетекшінің айтқанына бағынып, тәртіп сақтауға дағдыландыру.

  5. Балаларды жоғары идеялықтың үлгі - өнегесіне, ғылым негіздерін үйреніп білуге тәрбиелеу.

  6. Сынып ұжымын білімге, жаңаға құштар да асқақ арманды ұшқыр, ойлы шабытты етіп тәрбиелеу, үздіксіз алға ұмтылдырып отыру.

Оқу процесінде экологиялық жұмысының түрлері көп. Қандай формада жүргізуді сынып жетекшісі таңдап алады. Оқу процесінде экологиялық тәрбие жұмыстарының мектеп баспасөз кғонференциясы, мектеп радиогазеті, конкурстар тақырыбы, ауызша журналдар, белгілі тақырыпқа әңгіме өткізу сияқты мәселелер жатады. Бұлардың әрқайсысын тақырыбына қарай түрлендіріп отыру жетекшінің шеберлігіне байлаысты. Шамамен осындай тақырыптарға үлгі материалдар беріледі және тақырыптық тізімдер көрсетіледі. Материалды тауып, оны жоспарлап алу- әр жетекшінің міндеті. Сабақтан тыс уақытта оқушылармен ұйымдастырылатын жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар мыналар: оқудан және сабақтан тыс жұмыстардың етене бірлігі, оқудан тыс уақытта әрбір оқушыға оның мүддесін, бейімділігі мен қабілеттілігін ескере отырып, пайдалы іс тапсыру; жоғары идеялық пен мақсаттылық, қоғамдық пайдалы бағыттылық, сан алуандық, тартымдылық, сыныптан және мектептен тыс істердің романтикасы; оқушылардың өзін- өзі басқару ұйымдарының рөлін арттыру; мектептердің, мекептен тыс мекемелер мен ұйымдардың өзара әрекеті; оқушылардың сабақтан тыс уақытын ұйымдастыруға жұртшылықтың, ата- аналардың қатысуы болып табылады.

Осы талаптардың кейбіреулерін толығырақ қарастырып көрелік.

Оқудан және оқу процесінде экологиялық жұмыстардың оқушылармен етене бірлігі. Оқу процесінде уақытта оқушылардың белгілі мақсаттағы іс- әрекеті бүкіл тәрбие жүйесіндегі құрамды бөлік болып табылады. Оқу процесінде экологиялық жұмысының нәтижелері мектеп оқушыларының білімге деген құмарлығы, қоғамдық істерге қатысу талабының қаншама дамығандығымен анықталады. Оқу процесінде экологиялық жұмысы едәуір дәрежеде сабақ үстінде басталады да, сол жағдайдың өзінде оның логикалық жалғасы болып табылады. Оқыту әдістері неғұрлым жетіле түскен сайын үйірмелерді, конкурстарды, олимпиадаларды және т.б. ұйымдастырудың да қажеттігі соғұрлым арта түседі. Қандай да болсын пәнге мектеп оқушылардың қызығуын арттыруды оқу программасының шеңбері іс жүзінде қанағаттандыра алмайды. Оқу және оқудан тыс жұмыстардың бірыңғай жүйеде бір мақсатқа бағындырыла құрылуы қажеттігі осыдан келіп туады.

Мұндай жүйені жүзеге асыруда жалпы мектептік жұмыс жоспарының ролі зор. Ол мұғалімдердің әрқайсысына әр баланың бойындағы үздік қасеттердің бәрін дамытып, оның қабілеттері мен дарынының гүлденуіне толық жол ашатындай шараларды белгілеуге мүмкіндік береді. Егер мұнда сынып жетекшісінің, мұғалімнің, ата- ананың, жұртшылықтың ролі анықталған болса, мұндай жоспар соғұрлым пәрменді болады. Бірақ жоспар болғанмен де, ол істің табысты болуына кепілдік бере алмайды. Мектеп директоры, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысының ұйымдастырушысы сынып жетекшілерінің қызметін үнемі бағыттап отыруы, тәрбие мәселелері педагогикалық кеңестер мен әдістемелік бірлестіктерге үнемі қамқорлық жасайтын пән болуы үшін үздік мұғалімдердің тәжірибесін таратуы қажет.

Оқу процесінде жүргізілетін экологиялық жұмыстардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бола тұра, бірдей ортақ принциптері де болады:

1. Оқу процесінде экологиялық жұмыс түрлеріне оқушыларды қатыстыру ерікті түрде іске асырылады. Бұл жұмыстардың қандай түріне қатысқысы келеді, қай түрін қалайтынын оқушы өзі таңдайды. Оқу процесінде экологиялық жұмыс түрлері мен немесе мектептен тыс мекемелер жұмысымен оқушыларды қамту үшін (анкета тарату, әңгімелесу арқылы т.б. жолдармен) күн ілгері оқушыларды зерттеп білу қажет.

2. Оқушы қатыстырылған қандай жұмыстың түрі болса да оның қоғамдық бағыты болу керек. Оқушы өзі қатысып, айналысып жүрген ісінің қоғам үшін, адам өмірі үшін қажет, пайдалы іс екенін білу керек.

3. Сныптан тыс экологиялық жүргізілетін жұмыс түрін белгілегенде оқушы инициативасына, ұсынысына, құштарлығы мен құмарлығына сүйенген жөн. Бұл принцип әсіресе қазір ерекше көңіл бөлуді қажет етеді. Өйткені қазіргі халық белсенділігін қажетсінетін демократиялық бағыт жас ұрпақтың өсуіне осы талапты ерекше қояды.

4. Ұйымдастырылған жұмыс түрі оқушылардың белсеніп қатысуын тілейтіндей, ізденушілікке итермелейтіндей болу керек.

5. Балалар мен ұйымдастырылатын жұмыстардың бұл түрінде романтика және ойын басым болу керек. Көбінесе қызығушылық пен эмоциялық әсер етерліктей болғаны жөн.

6.Нәтижелі болуы үшін бұл жұмыстардың нақты белгіленген күні, мерзімі немесе айқын жасалған графигі болуы керек.

7.Тәрбие жұмысының кешенді түрде іске асырылу талабы үнемі сақталып отыруы қажет. Яғни жүргізілетін тәрбие жұмыстарының бәрінде мақсат тұтастығы, көзделген міндет бірлігі, оның мазмұны мен жүргізілуге қойылатын талап белгілі қатаң сақталуы керек. Мұндай тұтастық пен бірлік баланың санасына, сезіміне және тәртібіне ықпал ету мүмкіндігін туғызады.

8.Соңғы жылдары оқу процесінде экологиялық жүргізілетін жұмыстарға оқушыларды түгел қатыстыру принципі іске асырылуда. Мұның жақсы нәтиже беріп жүргендері де бар. Мұндай жүргізілетін жұмыстың мазмұны мен түрін балалардың ұғымына, жас ерекшелігіне сәйкес келетіндей етіп таңдау керек.

9. Барлық жұмыс түріне тартылатын оқушымен жұмыс жүргізгенде жас және дара ерекшеліктерін ескеру қажет.



Енді мектеп қабырғасында сабақтан немесе оқу процесінде жүргізілетін экологиялық жұмыстардың түріне, ұйымдастыру жолына тоқталайық. Мектеп өмірінде кеңінен орын тапқан оқу процесінде жұмыстың бір түрі – үйірме .Үйірмелер түрі: «Жас натуралистер», «Өлке танушы химиктер үйірмесі», «Табиғатты қорғау үйірмесі», «Орманды қорғаушылар үйірмесі» т.б. Бұларға мұғалімдер немесе ата- аналар арасынан мамандығы бар біреу жетекшілік етеді.

Оқу процесінде экологиялық жұмыстың екінші бір тиімді түрі тақырыптық кештер мен ертеңгіліктер. Бұл жұмыс түрі оқушының танымдық мүмкіндігін кеңейтеді. Белгілі бір тақырыпқа арналып өткізіледі. Мысалы, «Табиғатты қорғау – сенің міндетің», «Мен және экология» т.б.

Оқушылардың адамгершілік қасиетін нығайтуда, табиғатты қорғауға деген көзқарасын қалыптастыруда, қоғамдық көзқарасқа сенімін арттыруда моральдық тақырыпқа арнап сұрақ - жауап кешін өткізу де өте қажет.

Үлкен тәрбиелік үлгі ретінде ықпал ету үшін мектепке қонақ шақырудың немесе кездесу өткізудің де мәні зор. Кездесуде де айқын мақсат болу керек. Қонақ жай мереке күніне келе ме, жоқ мамандықтың мән- жайын айтуға келе ме?,- деген сияқты күн ілгері тәрбиелік мақсаты анықталып отыру қажет.

Мектеп өмірінде бұрыннан бар, ал қазіргі өмір бағыты бұрынғыдан ерекше бір түрі – сайыстар, түрлі байқаулар мен олимпиада, турнирлер мен фистивальдар немесе тапқыр мен ептілердің, іскерлер мен шешендердің, ой тапқырлығы мен қимыл шапшаңдығын қоғамның болашағына үлес қосуға әзірленген кадрдың білімділігі мен іскерлік сапасын жақсарту міндетін іске асыру мақсатында ерекше тиімді. Сондықтан бұл жұмыстардың түрін кеңінен өрістету- бүгінгі күннің тілегі.

Оқушының елін, жерін жете тануда, өз өлкесін білуде тиімді жұмыс түрі - туристік және өлкетану жұмысы. Қазіргі уақытта жастарға өзі шыққан тегін, түп- тамырын жете білмеу, оны қадірлемеу сияқты айтып көбірек тағылып отырған жағдайда, олқылықтың орнын толтыру мақсатында бұл жұмыстардың тиімді екені анық. Мұражайлар жұмысы арқылы олардың тәрбиелік ролін арттыру үшін ондағы экспозицияларды, мұражай мүліктерінің орындарын жиі өзгертіп, оларды толықтырып, жаңартып, кейде жеке тақырыптық көрме түрлеріне айналдырып тарихи күндерге үндестіре өзгертіп отыру қажет.

Қызықты етіп шығарған қабырға газеттерінің де тәрбиелік мәні зор. Сол сияқты оқушылар шығармашылығына жол ашатын «ауызша журнал» деп аталатын жұмыстар да тәрбиелік ықпал етеді. Қазіргі ұлттық дәстүрге мән берумен байланысты қазақ мектептерін де өткізіліп жүрген айтыстар- осы бағыттағы жұмыс түрі.

Соңғы жылдарда мектеп өмірінің дәстүріне айналып, тиімді нәтиже беріп жүрген жұмыстың бір түрі- оқушылардың біліміне қоғамдық байқау жүргізу. Бұл байқау тоқсан ішінде бір рет жеке пәндерден жүргізіледі. Егер бұл байқауға арналған дайындық жұмысы ойланып жүргізілсе, үлкен тәрбиелік мәнге ие болады. Дайындық кезінде жақсы оқитын оқушылардан кеңесшілер дайындалып, олар өздерінің жолдастарына көмектесу тиіс. Оған қоса олар кабинеттер жабдықталуына, көрнекі құралдардың түгелденуіне жауапты болады, мұғаліммен бірлесе отырып, қоғамдық байқауға іліккен пәннен сұрақ әзірлеуге қатысады. Оқушылардың мұндай жұмыстарға қатысуы оқушының өзін- өзі бағалау өз тұсынан іс істеуге ұмтылысын арттырады.

Соңғы жылдарда оқу процесінде денешынықтыру – спорттық жұмыстардың жүргізілуіне көп көңіл арттырылуда. Мектеп тарапынан оқушыларды түгел қамту мақсатымен жаппай спорттық ойын түрлері көп ұйымдастырылуда.

2.2. Оқыту теориясы мен практикасының экологиялық аспектісі.

Экологияның өзі мынадай ұғымды береді: экос-қоғам, табиғат; логос-ілім, ал осы ұғым тылсым дүниенің бір үлгісі болып келетін адам баласының жоғарғы санасынан туған қоғам тазалығы, қоршаған дүние тазалығы адамзат экологиясы деп аталады, яғни адам баласының табиғи қалпында дұрыс дамып жетілуі немесе жасанды зияндықтардан шылым, ішімдік, нашақорлық, зиянды уландырудан сақтау, яғни балалық экология, адамзат экологиясы.

Екінші бөлімі, адамзат баласының дұрыс өсіп жетілуі үшін айналаны қоршаған табиғат және онда өмір сүруші жан-жануарлардың натуралды қозғалыста дами отырып, бүкіл адамзатқа тигізетін жағымды әсерлерін сақтау. Міне, осы айтылған проблемалар қоғамды ізгілендіру, табиғат пен адам арасындағы биологиялық байланыстылықты жоғалтып алмай ұстау және қалпына келтіру.

Сонымен бірге жалпы адамзаттың жоғарғы рухани мәдениет үлгілерін үйрене отырып, қоғамның дамуы процесін тығыз байланыстыра қарастыру үлкен педагогикалық проблема болып отыр. Бұл проблема жеке адамның жалпы дүние танымының негізгі орталығы болып табылады.

Экология – дүниетаным процесінің негізгі компоненті.

Әрбір адамзат баласы өмірді оқып-тани алмайынша болашаққа қадам басуы мүмкін емес. Сондықтан да мектеп жасына дейінгі және мектеп қабырғасында оқушыларға экологиялық тәрбие беру басты міндеттердің бірі. Экологиялық тәрбие берудің өзі баланың табиғатқа, табиғат сұлулығын өзен-көлмен, гүлденген даламен, сайраған құстармен, жеміс-жидектермен, орманмен кездесуі мектептен бұрын басталады. Табиғаттың таңғажайып сұлулығын, оны аялау туралы алғашқы сөзді ата-анасынан, одан кейін бала-бақшадан, кейін мектептің бастауыш сыныбынан естиді. Экологиялық білім беру мен тәрбиелеу мәселелері жалпы білім берудің жеке дара элементі ретінде оқушыларда айналадағы орта мен табиғатқа жауапкершілік қарым-қатынасты қалыптастыруымен және табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланысты ғылыми негізде меңгеруімен сабақтас қаралады. Экологиялық білім беру оқушыларға педагогикалық тұтастық тұрғыда әсер етеді.

Экологиялық терең білімді мектепте дүниетану, география, табиғаттану, биология пәндерінен алу керек. Оқу программасындағы география курсынан: табиғатты қорғау, оны дұрыс пайдалану биосфера, табиғаттың пайдалы қазбалары жөнінде мәліметтерді қарастырады. Осының нәтижесінде географиялық білім арқылы экологиялық тәрбие беру және тәрбиелеу үшін басқа да пәндерді, материалдарды қолдану керек. Қоршаған ортаны сақтау жастардың экологиялық тәрбие алуына байланысты. Экологиялық тәрбие – адамның білімділігінен, ізденушілігінен, қоршаған ортаға көз-қарасынан қалыптасады. Әрбір адамзат баласының табиғатты қорғау және оған дұрыс көз-қарасымен қарау конституцияда белгіленген.

Жалпы білім беретін мектептерде экология саласы бойынша ойлаудың дүниетанымдық тұтасы әлі қалыптасып жетілмеген. Ал оның қалыптасуы үшін жалпы білім беру мен тәрбиенің ең басты міндеттері. Әрбір оқу жылында оның үздіксіздігі сақталып байланыса жалғасып отыруы керек. Оқушылардан экологиялық білімі мен экологиялық көзқарасын қалыптастыруда биология пәні де негізгі орын алады. Биология пәнінің мұғалімдерінің алдында- табиғат пен қоғамның өзара ықпал процесінің мәнін түсіну негізінде, өскен ұрпақты еліміздің табиғи байлығына саналы түрде қарауға тәрбиелеу жөніндегі мектеп реформасының негізгі бағыттары ұсынған жауапты да, қиын міндеттер тұр.

Табиғаттану пәні бойынша экологиялық білім беру сабақтарында жүйелі түрде жұмыс жүргізу оқушылардың табиғат қорғаудың мәні туралы хабарын тереңдетіп, кеңейтіп түсінуіне мүмкіндік береді, адамзаттың ойлау қабілетін сезіммен қалыптастырады, табиғатты ластау мен құрып бітуден қорғаудың әдістерін үйретеді. Жаңа бағдарламаның талаптардан ескертуі оқушылардың экология саласында білім алу мен тәлім-тәрбие алуындағы білімін практикалық дағдарысын бұрынғыдан да кеңейте түседі. Міне, сондықтан да биология, география және басқа пәндердің сабақ бергенде экологиялық білім жүйесін мейлінше толық аша түсудің қажеттілігіне, пәнаралық байланыстың ерекшелігіне, оқушылардың айналадағы орта мен қорғау жөніндегі пәнді жұмыстардың бағыт бағдарына назар аударуға мүмкіндік туады.

Оқу процесі кезінде оқушыларға экологиялық көзқарас қалыптастыру үшін, әр бала біріншіден –адамзат жаратылысынан бәрі өмірдегі барша қажеттілігін қоршаған орта табиғаттан алып отырғанын естен шығармауы керек. Бастауыш сыныптардың оқушылары жасыл-желекті күтіп –баптау керектігін өсімдіктің өсуі бәрімізді де қуанышқа бөлейді, олардың өсуі бәрімізге ұнайды, олар даламызға сән береді, біздің айналамызда көріктендіре түседі... деп түсінуге қажет. Бірақ олардың көбі қолындағы қарындашы мен сауаты, алдарындағы дәптер оқулықтары, парталары сол жасыл желектен жасалғанын біле бермейді. Бұл жерде оқушыларға экологиялық көзқарасы дұрыс қалыптастыру, әрине мұғалімге байланысты.

Табиғатты сүю, аялау, оны қамқорлыққа алу деген түсініктер терең экологиялық біліммен негізделуі қажет. Дүниетаным адам санасының арнайы формасы, оны қоршаған дүниеге, яғни қоғамдық өмірге, табиғатқа, өзіне көзқарасы және сенімі. Сонымен қатар жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы.

Атақты ағылшын ғалымы, табиғат зерттеушісі Ч.Дарвиннің табиғи сұрыптау теориясы олардың себептерін материалистік негізде түсіндіріп мистикалық ұғымдарға, ғылымға қарсы көзқарастарына соққы берді. Жеке адамның дамуында және мінез-қылығында дүниетанымның ролін баса айта келіп, А.С.Макаренко «біз мектептерімізден әр уақытта, өз өмірінің әрбір кезеңінде өзінің бағыты үшін қобалжымай, дұрыс өлшем табатын, жігерлі, қоғам мүшелерін бітіртуіміз керек» – деді. Сондықтан ғылыми дүниетанымның қалыптасуы тұтас педагогикалық процестің барлық салаларына енуі керек. Сонымен, оқыту және тәрбие жұмыстарының әртүрлі құралдарын әдістері мен тәсілдерін жинақы пайдалануымыздың нәтижесінде оқушылардың ғылыми көзқарастары, сенімі және мұраты қалыптасады. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру үшін оқулықтар мен оқу құралдардың мазмұнында табиғат пен қоғамның заңдарын ашатын және дәлелдейтін көп мүмкіншіліктердің негізі салынған. Мектепте оқытылатын дүниетану, жаратылыстану, математика ғылымдары табиғаттың құбылыстары мен процестері және заңдылықтары туралы белгілі ұғым жүйесін қалыптастырады.

Дүниетану курсынан мектептің оқу-тәрбие учаскелерінде жұмыс істей жүріп, өсімдіктердің даму процесіне адам баласының толық меңгере алатындығына көзі жетеді. Бастауыш мектептерде оқу процесінде экологиялық жұмыстардың орны ерекше. Оқу процесінде экологиялық жұмыстардың мазмұны - оқушының теориялық білімін кеңейтіп, толықтыра түседі және оқушылардың жеке қабілетін дамыта түседі.

Оқушылардың сабақ үстіндегі және сабақтан тыс әректеттерінің кірігуі қоршаған орта туралы біртұтас түсінік қалыптастыруға, теориямен практика арасында байланысты қамтамасыз етуге, оқу - тәрбие құруда және оқушы тұлғасын қалыптастыруда үйлесімдікке жетуге, мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің педагогикалық шеберліктерін жетілдіруге, мұғалімдер мен оқушылыр арасындағы ынтымақтастықтың дамуына ықпал етеді.

Бастауыш мектептерде оқу мен тәрбиенің кіріктірілуі мына төмендегі жұмыстар арқылы жүзеге асады:

- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мұражайларда, мекемелерде, мектептен тыс сабақтар ұйымдастыру;



  • ауылдық гимназияларда, лицейлерде оқыту үшін әртүрлі жастағы дарынды балалар топтарын құру;

  • таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша олимпиадалар жүргізу;

  • кәсіптік бағдар бойынша соған сәйкес оқу бағдарламаларын оқыту кезінде арнаулы сабақтар өткізіу;

  • Кіріктірілген пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу;

Оқушылардың сабақ үстіндегі және оқу процесінде әрекеттерін кіріктіру біріңғай педагогикалық жүйе құруға бағытталған, онда әрбір тәрбиелік және білімділік кешенін шешуге көмектеседі.

Жалпы білім беретін мектептің басшыларынан, мұғалімдерден кәсіби икемділіктерімен шығармашылық қызметте, басқаруда, ақпаратты қамтамасыуз ету, талдау, жоспарлау, ұйымдастыру әрекетінде біліктілікті талап етеді. Яғни, ауылдық мектеп жағдайында егер мұғалімдер оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарын ескеруді көздеген болса, онда атқарылатын жұмыстардың түрлері оқу пәндері мен сабақтан тыс экологиялық жұмыстың мазмұынын мақсат міндеттерін кіріктіре алатын болады. Бұған мектеп ұжымының және сыныптардың аздығы оқу үрдісін икемді құру мүмкіндігі, қоршаған ортамен неғұрлым терең байланыстар септік етеді.

Оқушылардың оқу процесінде экологиялық әрекеттеріндегі оқу мен тәрбие үрдістерін кіріктіруді жүзеге асырудың шарттары:


  • ұлттық және жергілікті дәстүрлерді ескере отырып, мектептің тәрбие қызметінің ауыл істерімен, ауыл тіршілігімен байланыстырылуын (мектеп пен ауылдың мерекелерді бірлесіп өткізуі, қоршаған ортаны қорғау және оған қамқорлық жасау) қамтамасыз ету;

  • оқушылардың қызығушылықтары мен сұраныстарына қарай шығармашылық бірлестіктер, үйірмелер, секциялар ұйымдастыру;

  • оқушылардың мектепте демалыс уақытын (шығармашылық байқаулар, пікір сайыстар, тақырыптық кештер, көңілділер мен тапқырлар клубы, спорттық жарыстар және т.б.) ұйымдастыру;

  • оқушылардың клубтық бірлестіктерін, үлкендер мен балалардың шығармашылық ұжымдарын ұйымдастыру үшін жергілікті мамандар мен мұғалімдерді тарту;

  • оқушылардың саналы түрде кәсіп таңдауға экономикалық білімдерді, ауылдағы өндірістік технологияларды меңгеруге дайындау;

  • оқушылар ұжымында өзіндік басқаруды дамыту: оқушылар арасынан үлкен оқушылар мен кішкене оқушылардың ынтымақтастық қатынастарына негізделетін әртүрлі жастағы топтардың әрекеттерін ұйымдастыруға ықпал етуге қабілетті, үздіктерді анықтау;

  • мектептің қоршаған ортамен байланысын кеңейту, ауыл оқушыларының қарым қатынасқа зәрулігін болдырмау.

Оқушылардың оқу процесінде уақыттағы ақыл - ой, танымдық сипаттағы әрекеттерін күшейту - пәндік үйірмелер, бірлестіктер, қызығуы бойынша клубтар оқушылардың ғылыми қоғамдағы желісін құру, ұжымдық танымдық шығармашылық істерді жүргізу арқылы жүзеге асады.

Жалпы алғанда, сабақтан тыс әрекеттер оқушылардың білімдерін кеңейтіп, жан- жақты ізденулеріне мүмкіндік жасайды, өзіндік таным іс- әрекеттердің қорытындысы шығады және оқу процесінде экологиялық жұмыстар арқылы балалар тылсым дүниенің әртүрлі сырларын ұғынады.

түседі.

2.3. Экологиялық жұмыстарды ұйымдастыру формалары мен әдістері

Оқу процесінде экологиялық жұмыстар белгілі бір мақсатқа сай жүйелі де нәтижелі болуы керек. Оқу-тәрбие барысында экологиялық жұмыстардың өзара байланыстылығын жетілдіру, мұнымен бірге оқушылардың білімге, жеке пәнге деген құштарлығын дамыту, сондай-ақ оларды қоғамдық пайдалы еңбекке неғұрлым белсенді қатыстырып, белгілі бір кәсіптік мамандықты игеруге әзірлеу-мұғалімдердің негізгі міндеті. Сондай-ақ мұғалімнің оқу материалын түсінікті етіп, әсерлі баяндауы, тәжірибелерді шеберлікпен, көрнекі көрсетіп, сабаққа танымдық ойын қисындарын ендіріп отыруы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, қиялын қозғауға әсер етеді. Мұғалім оқу процесінде экологиялық жұмыстарды жеке оқушыға ғана әсер ететіндей емес, көпшілік оқушыларды қызықтыратындай етіп ұйымдастыруы тиіс. Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызығушылығы арта бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсіндірудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай, әрбір нақты материалды жүйелі меңгертетіндей етіліп құрылғаны жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді. Оқу процесінде экологиялық жұмыстар оқушылардың білімін ғана дамытып қоймайды, оларды жан-жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар, өз бетінше жеке-дара жұмыс істейтінін де ұжым алдындағы жауапкершілігінде жақсы сезінуі керек. Оқу процесінде экологиялық жұмыстардың жоспарын жасаған кезде әрбір үйірме мүшелерінің жеке міндеттері де көрсетіледі. Бұл үйірме мүшелерінің арасында ұжымдық сезімді тудырады. Ұжымдық жұмыстардың нәтижесі сан алуан түрде тұжырымдалады. Оқушылар үйірмедегі бастаған жеке тапсырманы ұжымдық тапсырмаға ұластырып, қоғамдық пайдалы жұмыстарды атқарып отырады.

Оқушылардың сабақтан бос уақытын пайдалы істерге жұмсауда балалар қайткенде де бір нәрсемен шұғылданса болды деген негізде құруға болмайды. Бұл істе кездейсоқтыққа, жоспарсыздыққа, немқұрайлыққа жол бермеген жөн. Бос уақыт ұғымы күрделі әлеуметтік категория. Бұл уақыт –(оқушылар үшін шынында да бос болғанымен) әрқашан мектептің, мектептен тыс мекемелердің бақылауындағы уақыт.

Балалардың бос уақытын қалай ұйымдастыру керек? Оларды қайткенде пәнге (дүниетану) қызықтырып, бос уақыттарын пайдалы іспен үйлестіруге болады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын оқу бағдарламасы шеңберінде қанағаттандандыру мүмкін емес, сондықтанда оқу процесінде әр түрлі экологиялық жұмыстар жүргізіледі. Мұндай жұмыстар білім сапасын арттыруға септігін тигізіп, кәсіптік бағдар беріп, мамандықты еркін таңдауға көмектеседі. Бұдан шығатын қорытынды оқу процесінде жүргізілетін пәндік жұмыстардың негізгі мақсаты әр-түрлі үйірмелермен қамтылған оқушылардың қоғамдық және шығармашылық белсенділігін көтермелеуге тиіс. Оқушы өз күші жететеін ғана іспен айналысса оқушының үйірмедегі немесе бірлестіктегі ісі жемісті болады. Оқу процесінде жүргізілетін экологиялық жұмыстар оқушылардың ықыласы мен қабылетін арттырып қана қоймай, мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жоғары деңгейге көтеруі тиіс. Ең бастысы оқушылардың өздігінен істейтін жұмыстарға, пәнге деген қызығушылығы мен жауапкершілігі артып, алған білімдерін бір-біріне үйрететін болуға тиіс.

Жастарды қоғамның жан-жақты жетілген белсенді азаматы етіп тәрбиелеу үшін сыныпта өтілетін бағдарлама материалдарын қазіргі өмір талабына сай оқытумен қатар, оқытудың білім беру, тәрбиелік және одан әрі дамыту міндеттерін жүзеге асыруда оқу процесінде жұмыстардың сапасын жақсартып, ролін арттыра түсу көзделеді.

Оқу жоспарынан тыс, оқушылардың қалауы бойынша ұйымдастырылатын оқу-тәрбие жұмысын оқу процесінде жұмыстар деп атайды. Сабаққа байланысты мұғалімнің тапсырамасы бойынша бүкіл бір сыныптың оқушылары орындайтын сабақтан тыс экологиялық жұмыстар бар. Бұлар күнделікті сабақпен, зертханалық және сарамандық жұмыстармен байланысып жатады. Осы жұмыстарды орындағы үшін оқушыларға сынып журналына баға қойылады. Сабақтан тыс жұмыстарға сарамандық сипаттағы үйге берілген есептерді шешіп, жаттығуларды орындауларында т.б.

Оқу процесінде экологиялық жұмыстар мектепте, оқушылардың бос уақыттарында, өз еріктері бойынша түрлі үйірмелер арқылы жүргізіледі. Бұл оқу бағдарламасынан өзгеше танымдық, іскерлік пен дағдылар қалыптастыруды, оқушылардың өз беттерінше қоғамдық пайдалы жұмыстар атқаруын көздейі. Оған қатысатын оқушылардың білім дәрежесі, сыныбы, жас ерекшелігі бірдей болмауы мүмкін, осыған орай орындайтын жұмыстар да әртүрлі болады. Оқу процесінде экологиялық жұмыстардың мазмұнына қарай көп түрі бар.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет