І бөлім. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық-әдіснамалық негіздері



жүктеу 0.71 Mb.
бет4/5
Дата19.04.2019
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5

Қызықты кездесулер


Тәрбие мен оқуды өмірмен, өндіріспен, қоғамдық құрылыспен тығыз байланыстыру-мектептегі тәрбие жұмысының өзекті мәселесі. Осы тұрғыдан алғанда, мектеп оқушыларының экология саласында қызмет етіп жүрген адамдармен кездесуі тәрбиенің маңызды да қажетті саласы.

Мұндай қызықты кездесулер барысында оқушылардың табиғат пен орман, жер, су, ауа, өсімдіктер, жан-жануарлар туралы көзқарастарымен, адамгершілік қасиеттерін, еңбекке, еңбек адамдарына деген сүйіспеншілігін тәрбиелеуге солардың негізінде түрлі мамандық адамдарымен жақынырақ танысуға көмектеседі.

Кездесулерді ұйымдастыруда оқушылар арасында оған алдын-ала дайындық жұмыстарын жүргізудің маңызы ерекше. Ол үшін, сынып жетекшісі, кездесудің нақтылы мақсатының белгіленуі және оқушылармен кездесуге кімді шақыру керек деген мәселені дұрыс шешіп алған жөн. Одан кейін конақты шақыруға балалар өкілдері жіберіледі. Бұл оқушылардың белсенділігімен, жауапкершілігін арттыруға болатын кездесуде олардың ықыластарын оятуға көмектеседі.

Дайындықтың маңызды бір саласы сынып жетекшісінің шақырылатын қонақтармен алдын-ала сөйлесіп, пікірлесуі болып табылады. Онда оқушылардың құрамымен, олардың жас шамасы дара ерекшеліктерімен бірге, кездесудің көздейтін мақсаты таныстырылуы керек. Осы орайда сынып жетекшісінің педагогикалық кеңес беруіне болады. Кездесуді бұлай ұйымдастыру шақырылған қонақ сөзінің шашырамай, нақтылы мәселе төңірегінде айтылуына көмектеседі.

Кездесудің болатын уақытын алдын-ала дұрыс ойластыру, оның тәрбиелік маңызын арттырудың оң кепілі. Бүгінгі таңда мектеп тәжірибесінде қалыптасқан дәстүр, ол кездесуді сабақ артынан іле-шала өткізу. Бұл тиімсіз әдіс. Өйткені, бес-алты сабақтан шаршап шыққан балалар көп жағдайда кездесуге онша ниетті бола қоймайды. Кездесуді өткізетін орынды да алдын-ала белгілеп алған жоқ. Еліміздің көптеген мектептерінде оқу екі мезгілде жүргізіледі. Оқу процесінде уақыттарында оқушылармен тәрбие сағатын өткізуде сынып бөлмелерінің тапшылығын тудырады, белгіленген тәрбиелік шараларын атқаруда оқушылардың орын іздеп, сендей соғылуына душар етеді. Осыған қарамастан аталмыш тәрбиелік шараларды сынып жетекшісі тарапынан атқару шарт болса, оған оқушылардың қатынасуы міндетті. Осының нәтижесінде, атқарылған шаралардың тәрбиелік мәні жойылып, оған деген оқушылардың қызығушылығы бәсеңдейді.

Ол үшін кездесудің сипатына қарай орынды таңдаған жөн болар еді. Атап айтсақ, еңбек ардагерлеімен кездесу өндіріс орындарында, соғыс және еңбек ардагерлерімен мектеп мұражайларында, ал өнер адамдарымен мектеп клубтары, не болмаса мәдени бөлмелерінде өткізген жөн болар еді.

Ал кездесу мерзімі негізінен апта соңында сенбі күндері өткізу мұғалімдерге де, оқушыларға да, тіпті шақырылған қонақтарғада тиімді болмақ. Тәрбие жұмысын бұлай ұйымдастыруда сабақтың тиімділігі артып, оқушыларда кез-келген іске алаңдамай біржақты болған болар еді, әрі оның нәтижесі оқу үшінде тәрбие жұмысында нәтижелі болмақ.

Кездесуге оқушылардың өздерін даярлаудың да педагогикалық тұрғыдан құнды екенін ескеру қажет. Ол үшін сынып жетекшісі оқушыларға кездесудің кіммен болатынын, оның уақыты мен өткізу орнын алдын-ала хабарлап қояды. Жекелеген оқушыларға тапсырмалар беріп, олардың ықыласын оятады. Кездесуге арналып қабырға газеттерін шығарады, кездесу орнын безендіреді, ән-би, тақпақ, көрме секілді оқушылардың өздерінің өнер туындылары әзірленеді. Мұның бәрі сөз жоқ кездесудің әсерін күшейте түседі.

Көзқарас, түсінік, сенімді қалыптастыру үшін тұлғаның ақыл – ойын қалыптастыру әдістері қолданылады. Бұл әдістер сенім, қажетті құлықтың эмоционалдық жақтарын қалыптастыруда да маңызды орын алады. Егер оқушылыа әсерден тыс қалып отырса, онда қойылған мақсатқа жету процесі өте баяу жүреді. Тәрбиеленушілердің тәрбие іс - әрекетіне белсенді араласу дайындығы қалыптасқан жағдайда ғана әдістер өз мақсатына жетеді. Әрбір әдістің өзіндік сипаты және қолдау аумағы болады. Педагогтың деңгейі жоғары болған жағдайда бұл топтағы әдістер жүйелі әрі басқалармен бірлескен түрде қолданылады. Мазмұны мен қолданылуына қарай сөздік – эмоционалдық әсер етуші әдістер мыналар: әңгімелесу, түсіндіру, этикалық кеңес, дисут, және көрнекі тәжірибелік әсер ету әдісі, өнеге - өрнек келтіру.

Бастауыш сыныптарда пайдаланылатын этика тақырыбындағы әңгіме – бұл адамгершілік мазмұны бар нақты деректер мен оқиғалардың эмоционалды, айқын көрінісі. Сезімге әсер ету әңгімелері тәрбиеленушілерді моральды жайттарды бағалауға, олардың мәнін түсінуге көмектеседі. Этика тақырыбындағы әңгіме бірнеше қызмет орындайды: баланың білім деңгейін көтеру, басқа адамдардың тәжірибесін баланың тұлғалық, адамгершілік тәжірибесін байытуға бағыттау.

Этикалық әңгімелерді өткізудің жағдайлары:

1.Әңгіме оқушының әлеуметтік деңгейіне сай келуі керек.

2.Әңгіме көрсетпе – көрнекі құралдармен бірге жүрілуі керек.

3.Қоршаған ортаның эмоциялы әсері әңгіменің мәні мен мазмұнына сай болуы керек.

4.Әңгіме кәсіптік деңгейде өткенде ғана тартымды болады.

5.Әңгіме тыңдаушыларды толғандыруы міндетті.

Түсіндіру – тәрбиеленушіге эмоционалды – сөзді әсер ету әдісі. Бұл әдісті қолдануда педагог ұжым мүшелерінің тұлғалақ сапасына, сыныптың білім ерекшеліктеріне сүйенеді. Бастауыш сынып оқушылары үшін түсіндірудің қарапайым тәсілдері мен құралдары қолданылады: «Былай істеу керек», «Барлығы осылай істейді» т.с.с. Бұл әдіс мынадай жағдайларда қолданылады:


  • қылық формасы немесе жаңа моральдық сапаны қалыптастыру және бекіту үшін;

  • болған іске тәрбиеленушінің дұрыс қатынасын орнықтыру үшін.

Мектеп тәжірибесінде түсіндіру адам психикасына еніп, іс - әрекеттің себептерін тудыратын және тұлғаға жалпы әсер ететінін сендіруге сүйенеді.

Этикалы сұхбат тәрбиеші мен тәрбиеленушілердің пікір алысуға екі жақты кірісуін керек ететін жүйелі және бірізді әдіс. Сұхбаттың әңгімеден айырмашылығы – сөйлеушіні тыңдап, оның ойын ескере отырып, онымен қарым – қатынас жасау жолдарын құру. Мұндай әңгіме моральды, этикалы, тәрбиелі мәні бар тақырыптардан тұрады. Этикалы сұхбат мақсаты – адамгершілік түсініктерін тереңдету, бекіту, білімді жалпылау, нақтылап орнықтыру және адамгершілік көзқарастары мен нанымдар жүйесін қалыптастыру.

Пікірталастар – тәрбиеленушілерді қызықтыратын әртүрлі тақырыптарға арналған қызу пікір сайысы. Пікірталас мақсаты – белгілі бір шешім шығару емес, оның маңызы балаларды прцеске қосу әрі оны басқара жүргізу.

Өнеге - өрнек - өте күшті тәрбие әдісі. Бұл әдіс мына заңдылыққа негізделеді: көру арқылы қабылданатын құбылыстар тез әрі ешбір қиындықсыз санада бекиді. Сонымен қатар кітаптағы, кинодағы бас кейіпкерлерді, тарихи тұлғаларды, атақты ғалымдарды, саяси майталмандарды т.б өнеге ету үлкен тәрбиелік мәнге ие.

Тұлғаның қажетті қасиеттерін қалыптастырудың біртұтас әдісі – жаттықтыру.

Жаттығу – автоматты түрде жеткізілетін талап әрекетті көп қайталап орындаудан болатын тәрбиенің тәжірибелік әдісі. Жаттығу нәтижесі тұлғаның тұрақты қасиеттері дағдылар мен әдеттерді қалыптастыру.

Талап – бұл тәрбиеленушінің белгілі бір іс - әрекетін тежеп не ынталандырып, жекелей қарым – қатынаста жоғарылайтын, баланың белгілі қасиеттерінің көрінуіне себепші әсер ететін тәрбие әдістерінің бір түрі. Қойылу формасына қарай талаптар мынадай болып бөлінеді:

1.тікелей талап (жеке, нақты, дәл, түсінікті)

2.қосымша (кеңес, өтініш, сенім, қолдау т.б)

3.талап – кеңес

4.ойын түріндегі талап

5.сенім арқылы талап

6.талап - өтініш

7.талап – ишара

8.талап – қуаттау

9.позитивті және негативті талаптар.

Үйрету – бұл тез және жоғары деңгейде керекті сапаны қалыптастыру қажеттілігі туғанда қолданылатын әдіс. Гуманистік педагогика қатал үйретуге қарсы, себебі ол адам құқығына қайшы келеді. Үйрету әдістерін дұрыс пайдалану шарттары:

1.мақсаттың айқын болуы,

2.түсінімді үйрету;

3.тапсырманы беру уақытымен санасу;

4.орындау жолдарын және нәтижені көрсету;

5.сапалардың бірізді және қатар тәрбиесі;

6.үнемі бақылау жасау.

Тапсырма беру әдісі – жақсы нәтижелер береді.Жүйелі тапсырмалар беру арқылы оқушыларды дұрыс істерге үйретуге болады.

Ынталандыру әдістері мақтау және жазалау болып екіге бөлінеді. Мақтаудың түрлеріне қолдау, қуаттау, алғыс айту, мадақтау жатады. Мақтау әдісі мына жағдайда нәтиже береді:

1.балалардың мақтау алуға іштей сенімді талпыныстары болуы;

2.мақтау арқылы тәрбиеленушіні ұжымның қалған мүшелеріне қарсы қоймау;

3.мақтаудың қылық – ісіне сай болуы;

4.мақтау арқылы оқушыға жекелей шешім табуды үйрету;

5.мақтаудың шындыққа негізделуі.

Жазалау – қате қылықты ескертіп тежеу, өз ар – ұяты алдында, басқа адамдар алдында кінәсін түсінуге әсерін тигізетін педагогикалық әдіс.Жазалаудың мынадай түрлері белгілі:

1.қосымша тапсырмалар беру;

2.белгілі бір құқынан айыру немесе уақытша рұқсат етпеу;

3.моральдық кемшілігін таныту.

Жарыс – адамға, қоғамға қажеттісапаларды тәрбиелеуде оқушылардың табиғи, бәсекелестік қасиеттерін бағыттайтын әдіс.

Адамгершілік сапаларын индивидтің өзі анықтап, адамгершілік ұстанымын да өзі қалыптастырады. Мысалы, индивидуализм, коллективизм, эгоизм, альтруизм деген сияқты. Ұстанымды таңдағанда біз тұтастай моральдік бағытты таңдаймыз. Ұстанымды таңдау жеке ережелерге, норма, сапаларға тәуелді. Моральдік жүйеде жеке бастың өз ұстанымын дұрыс таңдауы жеке бастың үлкен жетістігі болвп табылады. Адамгершілік ұстанымын дұрыс таңдап алған адамның жолы – дұрыс адамгершілік жол. Халықтық педагогиканың баға жетпес мұрасы, ілкі бстауы – дәстүр. Әдіс ретінде дәстүр де адамгершілікке тәрбиелеуде қолданылады. П.Пидкасистый ұсынған тәрбие әдістерінің топтамасы мыналар:

1.тәрбиеленушілерде дүниеге қөзқарас қалыптастыру және мәлімет ауыстыруды жүзеге асыру;

2.тәрбиеленушінің әрекетін ұйымдастырушы және олардың мотивін ынталандырушы;

3.тәрбиеленушілерге көмек көрсету және олардың мінез – құлқын бағалау әдістері.

Осы әдістердің қай тобына болсын моральдік – этикалық дәстүрді жатқызуға болады.Тәрбие әдісін балалардың моральдік мінез – құлқын, адамгершілік сапаларын стимулдандыру тәсілі деп түсінеміз. Американ психологы Л.Кольберг адамгершілікке тәрбиелеудің басты мақсаты мінез – құлықты қалыптастыру емес, ұтымды пікір айту қабілеті деп түсіндіреді.Сонымен бірге ол тәрбие бағытын автономды моральдық ұстанымды қалыптастыру үшін жұмысты күшейту бағытына баруды ұсынады.

Оқушылармен жұмыс істеу формаларын ұйымдастыруда олардың ынтасына, күштеріне және әрекеттеріне иек арту қажет.

ІІІ – бөлім. Оқу процесінде экологиялық тәрбиені қалыптастырудың жолдары

Оқу процесінде балалардың қабілетін жетілдіру үшін зор мүмкіндіктер бар. Сондықтан білім берудің жалпы мәселелерін оқу процесінде жұмыстар деңгейінде қарастыру қажет. Осы тұрғыдан алып қарағанда терең рухани мәні бар, таным процесінің әр қилы ағымдарын тоғыстырған тәрбиелеудің ұлттық тәсілдері мен жүйелерін пайдалану айырықша маңызды, бірақ жете зерттелмеген сала болып табылады. Бұл жұмыстардың мақсаты да осыдан туындайды– уақыт талқысынан өткен тәрбие түрлерін оқу процесінде оқытуда қолдану. Мектепке оқушылардың жағдайына қарай, тәрбиелік маңызы бар әр түрлі экологиялық жұмыстар ұйымдастыруға болады. Ондай жұмыстардың түрлері сан алуан, мысалы, оқушыларға жеке-жеке тапсырмалар беріп, құстардың ұясын жасауға, тұрған жерлерінің экологиясы туралы шығармалар жазуға, экологиялық күнтізбелік бойынша мерекелерді атап өтуге ұйымдастыру, экологтармен әңгіме өткізу, құстар, табиғат кештерін, экологиялық проблемалар туралы оқушылар конференциясын өткізу т.б. оқу процесінде жұмыстарды ұйымдастыру.

Бұл жұмыстардың әрқайсысысын өз алдына көздейтін мақсаты, соған орай жұмысының мазмұны мен түрлері, ұйымдастыру принципі бар. Сондықтан бұларды сынып жағдайына қарай, оқушылардың жас ерекшеліктерін есепке алып, шығармашылық бағытпен өткізген дұрыс.

Викторинада түрлі жұмбақтар, жаңылтпаштар т.б. түрлі ойындар араласып келсе, өте қызықты, тартымды болады. Өйткені жұмбақпен жаңылтпаш балардың ойын өсіреді, тілін дамытады, мысалы, мына сияқты жұмбақтар кірісіруге болады.



  1. Құс шарықтап ұшады,

Көкке әсем әнге салып,

Қанатын сірә қақпайды,

Бұл не нәрсе ойла тап

(Самолет)



  1. Тал басында ағаш үй,

Терезесі тамаша үй.

Соны мекен етеді,

Қыста алысққа кетеді

(Қараторғай ұясы)



  1. Қозғалады орнынан бірақ рет күнінде

Ел ұйықтаса ел ояю – тыныштық жоқ үнінде

(Сағат)


  1. Көлігі жоқ – көшеді

Өзін кезбе деседі

(Бұлт)


  1. Қанаты бар ұшпайды

Жұрт айламен ұстайды

(Балық)


Осындай нәтиже кез-келген тәрбие шараларын өткізгенде апталық, айлық, тоқсандық, жылдық қорытындылар шығару арқылы оқушылар өз жетістіктерін анықтап отырады. Олар әрбір жеке оқушыға рейтингілік бағалау, диагностика жүргізіліп, ынталандыру шаралары жүзеге асады. Міне, осындай нәтижелі еңбектің жемісін болашақта оқушылар қоғамға пайдасы бар, табиғатты қорғай блетін дені сау, білімді азамат болып шықса көрінеді.

Сот-сабағы.

Сабақтың мақсаты: Дәстүрлі емес түрде оқушылардың білім деңгейлерін арттыру. Мұндай сабақ оқушыларға қоршаған ортаның қайшылықтарын көруге мүмкіндік береді. Ойынға дайындалар кезде оқушылар қосымша көп әдебиеттерін қарастырады, бұл олардың шығармашылық қасиеттерін арттырады.

Құралдар: Табиғатты қорғау туралы нақыл сөздер, суреттер.

Ойынға қатысушылар: бас сот, хатшы, айыптаушылар, адвокаттар, қайғырулы.

Ойын барысы: Тұрыңдар! Сот келеді!- Хатшы.

Бас сот: Ашық сотта қоғамның экологиялық проблемалары және қоршаған ортаны ластануы туралы іс тыңдалады. Кінә, екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде-табиғат қоғам мен адамды кінәлайды. Екіншіде-жабайы өліп бара жатқан табиғатты гүлдендіріп тірілтетін күш ретінде қоғам қарастырылады.

Сот ескереді:- Сіз тек шындықтан басқа екі нәрсе айтуыңыз керек. Өтірік айтқаны үшін куәгерлер жауапқа тартылады.

Хатшы:- Табиғат шақырылады.

Табиғат:- Жерде адамның пайда болғанына 1миллион жылдан асты. Ғылыми техниканың дамуына байланысты өзін менің патшам ретінде сезінді.

Хатшы:- Қоғам шақырылады.

Қоғам:- Өмірден жоғарғы ұйым – қоғам. Ерте дәуірде адам аңшылықпен айналысқан кезде қоршаған табиғатқа тұтастай тәуелді болды. Техниканың дамуына байланысты адамдар күшейіп алды. Табиғатты өздеріне лайықты өзгертті.

Сот:- Енді куәгерлер мен қайғырушыларды тыңдайық.

Қайғырушы:- Жерді шақырамын.

Жер:- Табиғаттану, киіну үшін адам жер, су ресурстарын қолданады. Топырақты бұзды, бұл эррозия дамуына, сумен ауаның ластануына әкелді.

Куәгерлер:- Жыл сайын адам жер қыртысынан 100млн тоннадан артық кендер, жағар және құрылыс материалдарын алады.Қазба байлықтарының өндірісі жердің релфінің өзгеруіне, котловандар түзілуіне, жердің жоғарғы қабатында шұңқырлардың түзілуіне әкеледі.

Сот:- Адам денсаулығына тыңайтқыштардың кері әсер етуінің фактілері бар ма?

Табиғат:- астық өнімдерінде нитраттармен нитрит мөлшерінің артуы адамның көптеген ауруларға шалдығуына әкеледі.

Сот:- Бүгінгі таңда минералды тыңайтқыштармен пестициттердің артық мөлшеріне байланысты аурулардың көбеюіне жол бермеу үшін адам қандай шаралар жүргізіп жатыр!

Қоғам:- Кейбір мемлекеттерде : США, Франция, Германия, пестициттер қолдануын азайтып немесе толығымен тоқтатып жатыр.

Хатшы:- Куәгер Атмосфера шақырылады!

Атмосфера:- Атмосфераның ластаудың негізгі көздеріне қара және түсті металургия өндірісі, жылу, электростанциялары, автомобильді транспорт және т.б. Атмосфераға әртүрлі газдар мен шаңдар шығарады. 1900жылдан бастап отындардың қолданылуы он есе артты. Жыл сайын атмосфераға 200 млн тоннадан артық көмірқышқыл, күкірт, азот окситтері түседі. Бүгінгі таңда 500 млн артық дүние жүзінде автомобильдер бар. Атмосферадағы улы заттардың 60% автомобильдерден бөлінеді. Оның газдарында зиян ететін 200 жуық компоненттер бар. Мұнда СО2, NО2, SО2, көмірсулар, сынап қосылысы және т.б. Атмосфераны ластайтын көздерге ядролық жарылыс және атом станцияларындағы авариялар кезінде атмосфераға түсетін радиоактивтік элементтер жатады.

Хатшы:- Куәгер Гидросфера шақырылады!

Гидросфера:- Өндірістің дамуына және қалалардың өсуіне байланысты суды қолдану мөлшері артуда. Тұрмыстың қажеттілігі үшін әр адамға күніне 300-500л су қажет. Табиғи суларға жер бетінен жауын-шашындармен шайылға минералды тыңайтқыштар үлкен зиян келтіреді. Суды ластайтын заттарға: теңіз және өзен флоттарының жанар-жағар майлары, мұнай, ауыл шаруашылығының қалдықтары жатады.

Сот:- Адам өз қажеттіліктерін мойындады ма!

Адвокат:- Иә, адам өз қажеттіліктерін мойындайды.

Көптеген елдерде жасанды ормандар егуде. Кейбір өсімдіктермен жануарлардың түрлерін сақтауға қорықтар, ұлттық парктер құруда отын ретінде сутегі электрохимиялық отынды элементтер қолдануда.Осы сияқты әртүрлі шараларды жүзеге асыруда. Қалдықсыз технологияны іске асыруда.

Бас сот:- Сот өз шешімін айтады.

Сот жабық деп жариялайды.




Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет