І бөлім. Оқушыларға экологиялық тәрбие берудің теориялық-әдіснамалық негіздері



жүктеу 0.71 Mb.
бет5/5
Дата19.04.2019
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4   5
Қорытынды

Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдайдың күн сайын қиындап бара жатқанын көрсетіп отыр. Соңғы жылдары республикамыздың табиғаты бұрын-соңды болмаған өзгерістерге ұшырауда. Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауііпті көріністері – аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қаупті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында басты орын алады. Бүгінде елімізде табиғатты таза экологиялық ахуалы мінсіз аймақты табу өте қиын шаруаға айналып барады. Бүкіл адамзат баласының мекені, барлық тірі организмдердің тіршілік ортасы Жер планетасы болғандықтан оның тазалығы табиғи қорларын тиімді пайдалану, экологиялық ауыр жағдайларда, әртүрлі аппараттарды да жоймай, халықтың тұрмыс жағдайын жақсартуға болмайды. Адамның және қоғамның іс-әрекетінің қоршаған ортаның физикалық, химиялық, биологиялық және реакциялық ластану деңгейі барған сайын жоғарылап барады. Мысалы: дүниежүзі бойынша жыл сайын жер қайнауынан 100млн. тоннаға жуық әртүрлі тау жыныстарды қазылып алынады, 1млн. тоннаға жақын шартты отын жасалады, атмосфераға 20млн. тоннадан астам түрлі улы химиялық қышқылдармен зиянды газдар 400 млн тонна артық күл, ыс-жалын шаң бөлінеді. Өткен ғасырда қиялына еріп берген жазушылардың, ғалымдардың ғарышқа жол салуына талпынған ізденістерді мыңдаған жылдар бойы аңыз әңгімелерге арқау болып келген. 1957 жылы 4 қазанда іргеміздегі Байқоңыр космодромын тұңғыш рет ұшқан космос кемелерінің біздің ортамызға, жерімізге, ауамызға, суымызға, тіршілік дүниемізге әсері қандай?

«Өз ұясын ластаған құс жаман»- дейді халық мақалы. Қалайша бүкіл адамзат, соның ішінде біздің әр қайсымыз, сондай құсқа айналдық. Күн радиациясы адам организміне, жалпы тіршілік дүниесіне зиянды әсер етеді. Адам, мал арасында аурулар көбейеді. Ауа райы бұзылады. Оқушылардың денсаулығын жақсарту бағытында денсаулық сағаттары президенттік сынамалар, ұлттық ойындар бағдарламаға енгізілген. Келешекте жақсы ұстаз болу үшін әр оқушының жүрегіне жол таба білу, оны қызықтыра білу, ойландырып, сөйлете білу біздің міндетіміз деп түсінеміз. Оқушыларға сан-алуан әрекет арқылы ақыл-ойды жетілдіру және тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын, сенімділігін, жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру, осының бәрі бүгінгі қажеттілік. Адамзат дамуының осы ғасырда тудырып отырған өзекті мәселелерінің бірі – баланың дұрыс дамып жетілуіне экологиялық ортаның әсері. Өйткені адам және табиат бөліп алып қорғауға келмейтін біртұтас натуралдық организм. Осы тұрғыдан алып қарасақ, оның дамуын қамтамасыз ететін биологиялық фактор табиғат немесе экологиялық орта. Осы дипломдық жұмыстың барысында мектеп қабырғасында оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру – олардың бойында табиғатты қорғауға байланысты қалыптасқан жақсы қасиеттерді дамытуды көздедім. Экологиялық білімнің өмірлік маңызына көзін жеткізудің, табиғаттың тұтастығы туралы ғылыми тұжырымдарды санасында қалыптастыруды қарастырдым. Табиғат байлығын молайтып оны тиімді пайдалану жөнінде қазір және болашақта шешілетін мәселелердің және мұнда адамның алатын орны мен ролін тереңірек түсінуге ықпал ететіні туралы атап көрсеттім. Осы жоспармен жұмыс істеу барысында әртүрлі оқу процесінде экологиялық тәрбие жұмыстары оқушылардың ғылыми дүниетанымын дамытатынына көзін жеткіздім. Бұл жұмыстар мәдени ой-өрісін кеңейтеді, патриотизмге, еңбек сүйгіштікке, еліне, жеріне деген көзқарасты қалыптастырады.



Қосымша

Сабақтың тақырыбы:

Қазақстан туған өлкем, Табиғатың қандай көркем!



Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларға туған өлке, оның байлығы, алуан түрлі табиғаты туралы түсінік беру.

б) Туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, экологиялық нашар аймақтармен таныстыру.

в) Табиғатты қорғай білуге, аялауға үйрету.

Сабақтың көрнекілігі: 1.Қазақстанның картасы. 2.Табиағт көріністерінен стенд. 3.Газет-журналдардан мақалдар, суреттер. 4. Альбомдар: Менің Қазақстаным, қазақстанның жануарлары. 5. Табиғат туралы қанатты сөздер.

Сабақтың барысы: 1.Кіріспе 2. Әдеби монтаж 3. Мақал- мәтелдер, жұмбақтар

Сабақты бекіту: Мұғалімің қорытынды сөзі. Қазақстанның орны туралы: Батыстағы толқындаған Каспий теңізі мен Жайық,Еділ жағалауынан батыстағы Алтай тауларына дейін, солтүстікте Орал тауларынан тәңірлі тау атанған Тянь- Шань тауларына дейін ұлан- ғайыр жерді алып жатқан, тұнып тұрған табиғаты бар Қазақстан Республикасы.

1-оқушы: Қазақстан- Туған өлкем,

Жер көпе сендей көркем.

Көрсін деп күллі әлемге,

Жалауыңды желге желпем.

2-оқушы: Көз алдымда көгілдір тау мұнартып,

Аспанымда аққудың әні қалқып.

Құшақтап бір өзіңді туған далам,

Жатамын көк шалғында жаным балқып.

3-оқушы: Тасып жатқан өзендер жағасынан,

Сары белде сағымдар арасынан.

Тарайды дән жұпары бар әлемге,

Қазақтың қасиетті даласынан.

Хор: Қазақстаным.

1-бастаушы: Туған жер, өскен ел- жүрекке жылы сөздердің бәрі де табиғат деген таңғажайып ұғыммен бірігіп жатады. Қазақстанның табиғаты көз тартар аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.

4- оқушы:

Кең дала көремісің сонау жатқан,

Жібектей жасыл шөппен бетін жапқан.

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,

Әне, сол анам еді мені туған.

5- оқушы:

Сұлу дала ! Менің сүйген еркемсің,

Жаным сенен жаратылған өлкемсің.

Қандай жақсы, қазақ болып туғаным,

О, туған жер! тамашасың, көркемсің

(С.Сейфулин).

2- бастаушы: Табиғат адам баласының дүниеге келтіріп, бойындағы бар махаббат мейірімін, күн шуағын жүрегімізге ұялатқан аяулы Ана.

6- оқушы:

Туған жер – алтын бесік, алтын анам,

Ауаңмен, ақсүтіңмен асыраған.

Мен – дағы ұлың едім өзің тектес,

Алысқа несібесі шашыраған.

2- бастаушы: Табиғат адамның бойына қуат, көңіліне шабыт сезімді ләззат, шапағатын ұялтатын сұлулықпен әсемдік әлем. Табиғатп адам денсаулығының сақшысы, жанға дауа шипагер.

Мұғалім сөзі: Қазақстанның қойнауында пайдалы қазбалары өте көп. Жері байдың- елі бай деп тегін айтпаған. Көмір, мыс, алтынның қоры мен есептеледі.

7- оқушы: Қазына қара жерде дейді халық,

Күн көрген осы жерден біраз алып.

Жер анадан үзіліп кете алмаған,

Кемеңгер небір дана, небір алып.



  1. бастаушы: Табиғаттың басты байлығы жер. Қазақстан

272 млн га жерді алып жатыр, 222 млн га ауыл шаруашылығына жарамды жерлер. Күте білсең – жер жомарт деген халықтың дана сөздері бекер айтылмаған.

8- оқушы: Топырақтан өмір исі шығады,

Оны денең тиіп кетсе ұғады.

Еңбегіңді есесінен беретін,

Жақсылықта топырақтан шығады.

Хор : Туған жер.



  1. бастаушы: Табиғат байлығының бір тобы жер бетінің сәулеті. Еліміздің дәулеті – жасыл әлем.Орман, тоғай, жасыл шөп, түкті кілемдей көмкерген даласы бар, жайлауы бар біздің ел.

Мұғалімнің сөзі: ( суреттер көрсетіледі, қазақстан туралы альбом, кітаптар көрсетіледі)

Қазақстан табиғаты алуан түрлі. Солтүстіктен бастасаң орманды дала, шөл мен шөлейт жерлермен қатар әдемі, көрікті жерлер қаншама. Мысалы : Көкшетау, Баянтау, Алатау т.б. Осы жерде төрт түлік мал, қазақтың киіз үйі, жайылым туралы айту.

9-оқушы : Баянауыл басынан бұлт аумайды.

Көл бетінде күлімдеп нұр ойнайды.

Астанадан алыстау демесеңіз,

Алатаудан Баяның бір аумайды.

Хор : Алатау


  1. бастаушы: Тіршілік атаулының өмірлік өзені,

аңсар арманы – таза ауа.

10-оқушы: Бола алмас аспан ұя зауалына,

Жауларды тартар уақыт жауабына.

Бомбасын жер мен суда сынатпаймыз,

Улауға жол бермейміз ауаны да.

Мұғалім сөзі: Сонау 1949 жылдан бастап Павлодар, Қарағанды, Семей даласында ядролық қару жарылып, сынақ жүргізіліп келді. Жарылыс кезінде бөлінген әр түрлі газдар ауаны ластады, сол ауамен дем алған соң тұрғындар көптеген ауруларға ұшырады. Олжас ағаларың ұйымдастырған Невада- Семей қозғалысының талабы бойынша осы сынақтарды жүргізуге 1991 жылы маусымда тиым салынды.

Заман-ай әні орындалады.



  1. бастаушы: Табиғаттың көркін ажарландырып,жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі су.

Мұғлім сөзі: Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер, теңіздер көп. Судың да сұрауы бар дейді халық. Осы мол суды еспсіз, мөлшерден көп жұмсау – судың азаюына әкеп соғады. Мысалы: Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырады, кейінгі уақытта өзен суын мөлшерден көп ауыл шаруашылығы үшін күріш, мақта өсіруде пайдаланды.Өзеннің теңізге апарар суы азайып, соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып көлемі кішіреюде. Тартылған су астынан тұзы шығып кеуіп ұшып ауа құрамына кіруде. Сол ауамен дем алған адамдар ауруға ұшырап, зардап шегуде. Арал аймағының экологисының осындай жағдайға жетуі Қазақстанда үлкен проблема болып отыр. Сол проблеманы шешу үшін М.Шахановтың бастауымен Аралға араша атты қор ұйымдастырылды.

Аралым әні орындалады.



Қосымша

Сабақтың тақырыбы: Бүгінгі күнгі Семей қаласының экологиясы.

Бүгінгі таңда адамзат алдында ең күрделі екі мәселе тұр: бірі әлемді алапат соғыстан аман алып қалу проблемасы болса, екіншісі өзімізді қоршаған тіршілік ортасын- биосфераны келешек ұрпаққа бүлдірмей, ластамай, көркейтіп, көріктендіріп жеткізу, өйткені: тіршіліктің барлығы сыртқы ортамен байланысты.

Қазіргі кезде дүние жүзінде ғылыми-техникалық жетістіктің қауырт өсуі зиянды өнеркәсіп қалдықтарын көбейтіп, қоршаған табиғи ортаға және ондағы тіршілікке көп зиян келтіре бастады. Табиғаттың көптеген заңдылықтарын білмей оңай олжа табуға бағытталған өндіріс табиғатқа жасалған қастандықпен тең. Ел Президентінің «Қазақстан-2030» жолдауында «Біздің табиғат ресурстарымыз орасан зор байлық, әлемдік тәжірибеде табиғи байлығы бар елдер оны игере білмегендіктен кедей елдер қатарынан шыға алмай қалғаны » туралы айтқан.

Жалпы айтқанда, біздің бүгінгі күн мен болашағымыз, байлығымыз бен сәулетіміз- туған өлке табиғаты. Табиғаттың тарту еткен тамаша ғажайыбы орман-тоғай, өзен-көл, оны мекендейтін аң-құстар, балықтар бәрі де халық қазынасы. Табиғатты қорғау мәселесі күні бүгін ғана дүниеге келген жоқ. Соңғы кезде табиғи жайылымдар, шабындықтар көлемі азайып, жан-жануарлардың құрып бара жатқандығы белгілі. Сондықтан да Қазақстанның аймағында қалыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Оңтүстік аймақтың экологиялық мәселелері негізінен су қорларын тиімсіз пайдаланумен, ластануымен байланысты. Әлеуметтік және экономикалық даму- экологиялық мәселелермен тығыз байланысты. Соның ішінде экологиялық дағдарыс аймағы – Семей өңірінің әлеуметтік жағдайы оның айқын көрінісі болып отыр.

Семей өңірінің елі мен жерін емін-еркін улап, тіршілігін тұл еткен атом апатынан бүкіл әлем хабардар.

Радиоактивті тозаң жер қыртысын, топырақты, өсімдіктерді, су көздерін ластады. Сынақтар өткізілген кезеңнің зиянды әсері қазіргі күнде, қауп-қатерлі жылдар өткен соң адамдардың екінші және үшінші ұрпақтарына ауыр зардабын тигізуде.

Семей өңіріндегі Абай, Абыралы, Бесқарағай, Жаңасемей және тағы сол сияқты елді мекендерде соңғы үш-төрт жылдың ішінде ересектер мен жас балалар өлімі күрт көбейіп кетті. Бұл аудандағы тұрғындардың түрлі рак ауруларына шалдығуы, әдеттегіден тыс әлсіздіктен адам организмнің ауруға тез бейімделгіштігі, қан құрамының өзгеруі, генетикалық қордың бұзылуы және тыныс жолдары ауруларына ұшырау жағдайлары жиі байқалады. Психикалық ауруы, өзіне-өзі қол жұмсаушылық жалпы одақтық деңгейден 1,5- 2 есе артып отырғаны байқалады.

Семей өңіріндегі ерекше назар аударуды қажет етіп тұрған жағдай – қарағайлы орманымыздың азайып бара жатқандығы. Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі соңғы жылдары орман қорлары қорғау жөнінде ерекше назар аударуға тұрарлықтай шешім қабылдады. Солардың бірі- Семей және Павлодар өңірінде ағаш кесудің барлық түрлеріне және Республика бойынша жаңа жыл шыршаларын дайындауға салынған тиымдар. Кең ауқымды қамтитын мұндай шешімдердің тектен-тек қабылданбағаны белгілі. Бұл шешімдердің артында еліміздің табиғи байлығына төнген үлкен қауіпке алаңдаушылық, жыл сайын азайып бара жатқан жасыл желек қорларын қорғауға орай батыл ұмтылыс байқалады. Мұның, әрине өзіндік себептері бар. Соңғы жылдарда өрттердің тым жиілеп кетуі, түрлі мақсаттарға ағаштардың аяусыз кесілуі, табиғат байлығын қалпына келтіру жұмыстарының сол кезде нашар жүргізілуі салдарынан ормандарымыз көз алдымызда құрып бара жатқандай болып еді. Орман қорларымызды ортайтып отырған тек қана өрт емес, оның азаюының басқа да себептері жетіп жатыр. Саналы түрде түрлі бригадалар ұйымдастырып, ағашты «өртенген ағаш » деген сылтаумен бас пайдасын ойлағандар бизнес саудаға түсірді. Қаншама құнды ағаштар отынға, тұрмыстық және өндірістік мақсаттарға рұқсатсыз кесілді. Міне, осындай себептерден Семей аймағындағы қарағайлы орманның көлемі үштен бірге ойсырап қалды. Орманшы мамандардың айтуына қарағанда, бір шырша ағашын өсіру үшін 20-25 жылға дейін мерзім қажет болса, бір қарағай өсіру үшін 80-100 жыл керек.

Орман ең алдымен сан алуан аңдар мен құстар, басқа да жәндіктер және жүздеген тірі организмдер үшін тіршілік ортасы. Ендеше орманның ортаюы ең алдымен осы айтылған аңдар мен құстардың, басқа да жәндіктердің азаюына алып келеді.

Табиғат-бүкіл тіршілік атаулының ұясы және аяулы бесігі, құтты қонысы мен өсіп-өнер мекені. Табиғат-адам бойына қуат, көңіліне шабыт, шапағат ұялататын сұлулық пен әсемдік әлемі.



Табиғат-ырыс пен мол қазынаның қайнар көзі, адам денсаулығының сенімді сақшысы. Табиғат байлығы - ортақ байлық, ата-бабалардан кейінгі ұрпаққа мұра болып қалады. Сондықтан туған өлке табиғатын аялау бүгінде жалпыхалықтық іске айналып отыр. Өзімізді қоршаған табиғат байлығын қалыпты жағдайда ұстау- әрқайсымыздың азаматтық борышымыз.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Айдарханов Т, Сапанов Ә. Арал мен Каспий дерті неде деген сұраққа жауап таба алдық па? //Егеменді Қазақстан 1994 ж. 5- қаңтар

  2. Айдарбаева А, Уалиева Г. Жоңғар өлкесі туралы: зкологиялық тазалық тіршілік көзі. //Биология және химия

  3. Шілдебаев Ж. Экологиялық білім мен тәрбиенің рөлі // Қазақстан мектебі, 2004ж № 8

  4. Дүйсембекова Ш.Д. Педагогика (қысқаша дәрістер курсы) Семей,2004

  5. Тілегенова А. Табиғатым – тағдырым // Бастауыш мектеп, №10. 2004

  6. Ақатаев С. Шағалалар неге мас болады? // Қазақ Әдебиеті 1986 ж. 24 бет.

  7. Ақыпбеков Ө. Қапшағай су қоймасының клешегі қандай? // Қазақ Әдебиеті 1988 ж. 26- ақпан 2-3 бет

  8. Әділханов А. Баянауылға араша керек. Ли 1991 ж.

  9. Байханов А. Аралға араша // Жалын 1987 ж. №34 3-10 бет

  10. Бобылева Л. Повышеие эффективности экологического воспитания. // Биология в школе 1996 г. 57-59 стр

  11. Биноградова Н.Ф. Экологическое воспитание младщих школьников //проблемы и перспективы начальной школы 1997 г. 36-40 стр

  12. Город, природа человек. // Проблемы экологического воспитания М. Мысль 1992 г.

  13. Лаптаева И. Окружаюший мир и подросток. Биология в школе 1997 г.26-29 стр

  14. Мамедов Н. Суравегина И. Подготовка учахщися по экологий. Биология в школе 1996 г. 25-28 стр

  15. Монсеев Н. Экологическое оброзавание. Биология в школе 1996 г. 29-32 стр

  16. Черная Г. Охрана природы и поэзия. Биология в школе 1991 г. 63-64 стр

  17. Суравегина И. Методическая система экологического воспитания. Педагогика 1996 г. 47-51 стр

  18. Шербаков А. Школьный заповедник- полигон экологического образования.// Рудный Алтай 1997 21 октября

  19. Суюнбаев Ж. Городские экскурсии и экологическая культура. Наука Казакстана 1997 г. 12 стр

  20. Есеналина Н. Этнопедагогика үлгісінде экологиялық тәрбие беру // Бастауыш мектеп №12, 2004ж

  21. Мұхамедрахымова Ғ, Шайхеслямова Қ, Экологиялық жаңаша ойлау мектеп қабырғасынан бастап тәрбиеленуі тиіс // Қазақстан мектебі,№3,2004ж

  22. Бейсенова Ә, Шілдебаев Ж. Экология (Оқу құралы) Алматы,1999ж

  23. Майор Ф. Воспитание – сверх задача: Обращение к глобальному формулу по защите окружающей среды и развитию. М, 1990г

  24. Манкеш А.Е. Табиғатты бағала да аяла. Алматы,2000ж

  25. Манкеш А. Жас ұрпаққа экологиялық тәрбие берудің бағыттары //Қазақстан мектебі, № 4,2004ж

  26. Манкеш А.Е. Экологиялық тәрбие негізінде баланың рухани жан дүниесін дамыту // Білім берудегі менеджмент №3, 2001ж

  27. Әбиев.Ж., Бабаев.С., Құдиярова.А. Педагогика Дарын-Алматы-2004ж

  28. Дүйсембекова Ш.Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері (оқытушыларға, студенттерге көмекші құрал), Семей, 2003ж

  29. Табылдиев Ә., Қазақ этнопедагогикасы Алматы Санат-2001ж

  30. Жарықбаев Қ., Қалиев.С., Қазақ тәлім-тәрбиесі. Алматы, Санат, 1995ж

  31. Этнопсихология және Этнопедагогика (Ғылыми жинақ), Алматы,2003

  32. Нұрмағанбетов С., Овчинникова Р. Мектептегі кластан тыс жұмыстар. –А., Мектеп, 1969ж

  33. Қырқалов В.П., Шпитальник П.Э. Оқушыларды сабақтан тыс уақытта тәрбиелеу. А., Мектеп, 1975ж

  34. Макаренко И.С., Оқушыларды тәрбиелеудің үлгі мазмұны. А., Мектеп, 1978ж

  35. Әбілова З. Этнопедагогика. А., 1997ж

  36. Безкаравайный С., Жұмабаев А. Мектепте өткізілетінтарихи-әдеби кештер. А., Мектеп, 1968ж

  37. Айғабылова Н. Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары. А., Өнер.1972ж

  38. Әбиев Ж. Жаңа адамды қалыптастыру. Алматы, 1988ж

  39. Бабанский Ю. Педагогика. Москва, 1988г

  40. Сағындықов Е. Педагогика (дәрістер курсы) Алматы.1999ж

  41. Қоянбаев Ж.Б. Педагогика Алматы,1992ж

  42. Сейталиев Қ. Тәрбие теориясы. Алматы 1986ж

  43. Созонов В.П. Организация воспитателной работы в классе. Москва, 2000г

  44. Шаймерденова К. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын халық педагогикасы негізінде жүргізу жұмысының бағыт-бағдары. Алматы.1993ж

  45. Оразбекқызы А. Экологиялық жағдай мәз емес //Ертіс өңірі 29-сәуір 2004ж

  46. Нұрланұлы С. Экология жайы алаңдатып отыр // Ертіс өңірі 18-наурыз 2004ж

  47. Сембай М. Дегелең дерті // Ертііс өңірі 29-сәуір 2004ж

  48. Айнақұлов.С. Аралды аман сақтаймыз //Парасат №4 2003ж

  49. Жылқышыбаева Қ. Ядролық «мұрадан» қалған «жәдігерлер» // Ертіс өңірі 18-қараша 2004ж

  50. Б.Момынбаев, Т.Мұздыбаева. Адамның әлеуметтік дамуына түрлі экологиялық факторлардың әсері. // Білім берудегі менеджмент №5 2003ж

  51. Қалымбетов Т. Экология және ашық кен Алматы, Қазақстан, 1998ж

  52. Тұяқбаев Н., Арыстанов К. Жер қойнауына саяхат Алматы, Мектеп 1989ж







Каталог: uploads -> doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет