Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Дохадағы WTA 1000 турнирінен кейін Дубайда өтетін Dubai Duty Free Tennis турнирінде сынға түседі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ktf.kz

Әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Дубайда өтетін WTA 1000 — Dubai Duty Free Tennis турнирінде өнер көрсетеді. Отандасымыз әлемдік рейтингте 27-орында тұрған белорусиялық Виктория Азаренкоға қарсы ойнайды. Бұл ойын қос спортшы арасындағ үшінші кездесу болмақ. Осы уақытқа дейін қарсыластар екі рет кездесіп, екеуінде де Рыбакинаның мерейі үстем болған. Алғашқы кездесуін Индиан-Уэллс турнирінде өткізсе, екінші рет Australian Open турнирінде жолыққан. 

Елена Рыбакина Дохада өткен турнирдің финалында жеңіліп қалды

Айта кетейік, Рыбакина жал басынан бастап қатарынан үшінші турниріне қатысып жатыр. Ол Абу-Дабиде топ жарып, Дохада күмісті місе тұтқан еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.