Тимур Құлыбаевтың компаниясына тиесілі "Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясынан қарызын өндіріп алмақ болған. Алайда Астана соты 1,1 миллиард теңге қарызды өндіру туралы шағымын қанағаттандырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kfb.kz

"Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ЖШС үш құрылтайшысы бар:

  • "Joint Technologies" ЖШС (меншік иесі Раушан Сағдиева және Құлыбаевқа тиесілі "Кипрос" компаниясы);
  • "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС;
  • "Көксеңгір" ЖШС.
  • Алматы соты Тимур Құлыбаевқа ҚазҰУ жерін қайтарып беруді міндеттеді
  • Құлыбаевтың компаниясына 2 миллиард теңгеге жуық айыппұл салынды

"Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі" ​​ЖШС "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС өндіретін әлеуметтік газды Атырау қаласы мен Атырау облысының көтерме және бөлшек сауда тұтынушыларына жеткізу бойынша уәкілетті оператор және парктің мәліметі бойынша,  Атырау мұнай өңдеу зауытынан мұнайды қайта тиеу және сақтау қызметтер үшіні 1,1 миллиард теңге қарыз пайда болған.

Айта кетейік, бұған дейін Тимур Құлыбаевтың орнына ұлттық олимпиада комитетінің президенттігіне Геннадий Головкин ұсынылған еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.