Ұлытау облысының Мәдениет, тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының басшысы 2 миллион теңге пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Ұлытау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі лауазымды шенеунікке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. 

Күдікті облыс аумағындағы ежелгі қорымдардағы археологиялық қазбалар жөніндегі жұмыстарды мемлекеттік сатып алу шарты бойынша актілерге қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін мердігер ұйымнан 2 миллион теңге көлемінде пара алған. 

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр. 

ҚР Қылмыстық-процестік Кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.


Автор: Даулет Байгонусов

Даулет — природовед и путешественник. Его увлечение природой Казахстана и исследования вносят неповторимый вклад в наше издание.