‡І модуль 1-сабаќ (Кілті)



жүктеу 57.82 Kb.
Дата03.05.2019
өлшемі57.82 Kb.
түріСабақ

ҮІ модуль 1-сабақ (Кілті)

Тақырыбы: Синтаксис




І кезең Ұйымдастыру кезеңі


«Көпір»


Сұрақтарға жауап бер

1. Тіл білімінің салаларын ата? Тіл білімінің салалары –Фонетика, Лексика, Грамматика.

2. Грамматика өз ішінен қандай салаларға бөлінеді? Грамматика өз ішінен екі салаға бөлінеді: морфология, синтаксис.

3. Фонетика нені зерттейді? Фонетика дыбысты. зерттейді?

4. Лексика нені зерттейді? Лексика сөз және оның мағыналарын зерттейді?

5. Морфология нені зерттейді? . Морфология сөздердің құрамын зерттейді?






ІІ кезең. Жаңа тақырыпты өз бетіңмен меңгеріп көр.

«Білу»


теориясы

1.Синтаксис сөзінің мағынасы. Синтаксис сөзі гректің «құрау, біріктіру, рет» деген мағынасын білдіреді.

2.Синтаксис сөзінің қазіргі мағынасы. Синтаксис-грамматиканың бір саласы. Сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылыс-құрылымын, тағы басқа ерекшеліктерін зерттейді.

3.Сөйлем қалай жасалады? Сөйлем сөздердің бір-бірімен грамматикалық байланысқа түсуі арқылы жасалады.

«Кім көп біледі» ойыны арқылы сөйлемдер жаздырып,грамматикалық тұлғаларды таныту.




«Түсіну» теориясы


1.Бос орынға қажетті сөздерді қой

Егер грамматикалық тұлғалар болмаса, ой тиянақталмайды, себебі грамматикалық тұлғаларсыз сөздер байланыспайды.

Синтаксис грамматиканың бір саласы, себебі ол сөз тіркесі мен сөйлемнің ерекшеліктерін қарастырады.


«Талдау»

теориясы




ВЕНН диаграммасы




«Жинақтау»

теориясы


Синтаксис туралы білгеніңді жинақта

Тіл білімі



Фонетика Лексика Грамматика




Морфология Синтаксис

«Қолдану»

практикасы




Кітаппен жұмыс. Берілген сөйлемнен сөз тіркестерін бөліп жаз.

Жүсіп Баласағұни өзінің атақты дастаны «Құтты білік » кітабының «Елшілер қандай болуы керектігі туралы баяндалатын» тарауында осы шөгенді айтып өтеді.

1. Жүсіп Баласағұни айтып өтеді.

2. өзінің дастаны

3. атақты дастаны

4. « Құтты білік » кітабы

5. кітабының тарауы

6. осы шөгенді

7. шөгенді айтып өтеді


«Баға беру»

практикасы




Сөз бен сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрау.




ІІІ Бағалау кезеңі (жеке жұмыс)

Деңгейлік тапсырмаларды орындап, балл жинаңдар.

«Білу»

теориясы




І деңгей

1. Сөз тіркесі мен сөйлем ерекшеліктерін грамматиканың қай саласы қарастырады?



Синтаксис – тіліміздегі сөз тіркесі мен сөйлемнің құрылым–құрылысын, қызметін, т.б. ерекшеліктерін қарастыратын грамматиканың бір саласы.

2. Сөйлем дегеніміз не? Аяқталған ойды білдіретін синтаксистік бірлік.

3. Сөйлем қалай жасалады? Сөйлем сөздердің бір-бірімен лексика-грамматикалық байланысқа түсуі арқылы жасалады.


«Қолдану»

практикасы




Мына сөздерден сөйлем құра, грамматикалық тұлғаларды анықта.

Көшпелі өмір салтын бастан кешірген халқымыз табиғатпен мейлінше етене болған.







ІІ деңгей (5 балл + 4 балл = 9 балл)

«Түсіну»

теориясы


Грамматикалық тұлғалар сөйлемде қандай қызмет атқарады?

1. Грамматикалық тұлғалар ойды тиянақтайды, себебі грамматикалық тұлғалар қатыспаса жалаң сөздер ойды тиянақтай алмайды.



«Талдау»

теориясы



224 – жаттығудағы 1 – сөйлемді көшіріп грамматикалық тұлғаларын ажыратып, қай тұлға екенін көрсетіп жаз.

Шөген – түркі дүниесінің ең ежелгі замандардағы спорттық ойыны.

1. – сі - Т.Ж.ІІІ жақ.

2. – нің – Ілік септік

3. – дар - көптік жалғау

4. – да - жатыс септік

5. – ғы - зат есімнен сын есім жасайтын жұрнақ

6. – тық -зат есімнен сын есім жасайтын жұрнақ

7. – ы - Т.Ж. ІІІ жақ


«Қолдану»

практикасы




а) жеке ұғым ретінде тұрған сөздерді байланыстыр.

Бұлақ, кітап, білім, мен, оқы, сынып, жеті.

б) грамматикалық байланысты іске асырып тұрған тұлғаларды анықта. Астын сыз, атап көрсет.

Туған жеріңді, оның бетіндегі әрбір тал шөбін, мектебіңді, оқытушыңды, партада отырған өз орныңды сүй.





ІІІ деңгей (9 балл + 3 балл = 12 балл)



«Жинақтау»

теориясы


Сұрақтарға жауап беру арқылы сөзжұмбақты шеш 1.Сөз неден жасалады?

2.Зат пен құбылыстың атауы.

3.Тиянақты ойды білдіретін синтаксистік құрылым.


д

ы

б

ы

с







с

ө

з







с

ө

й

л

е

м




ж

а

л

ғ

а

у




е

к

і







е

м

л

е



4. Грамматикалық тұлға.

5.Жұп санды білдіретін сан есім

6.Дұрыс жазу ережесі.




«Баға беру»

практикасы




1. Жеке ұғым ретінде тұрған сөздерден сөйлем жасауға бола ма?

Жеке тұрған сөздерден сөйлем жасауға болмайды.

2. Жеке тұрған сөздерді қалай байланысқа түсіреміз?

Жеке тұрған сөздер грамматикалық тұлғалар арқылы байланысады.



Каталог: uploads -> doc -> 1019
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
1019 -> Іі. Негізгі бөлім Салт-дәстүр, оның түрлерін қарастыру


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет