«Құқық қорғау органдары академиясы жаршысы» ғылыми журналына материалды беру тәртібі



жүктеу 38.16 Kb.
Дата01.05.2019
өлшемі38.16 Kb.

«Құқық қорғау органдары академиясы жаршысы»

ғылыми журналына материалды беру тәртібі

(Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы ректорының 2017 ж. 9 ақпандағы бұйрығымен бекітілген «Құқық қорғау органдары академиясы жаршысы» ғылыми журналы туралы ережесінің 2.8, 4.1-4.10 тармақтарына сәйкес)

Жариялауға ұсынылған материалдар Жаршының айдарларына сәйкес беріледі:



  • Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы;

  • Конституциялық және әкімшілік құқық;

  • Меншік құқығының өзекті мәселелері;

  • Қылмыстық құқық және криминология, қылмыстық-атқарушылық құқық;

  • Қылмыстық процесс, криминалистика, сот-талдау қызметі, жедел-іздестіру қызметі;

  • Азаматтық және азаматтық-процессуальдық құқық;

  • Прокурорлық қадағалау теориясы және тәжірибесі;

  • Құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдар қызметі;

  • Педагогика, психология және әлеуметтік-экономикалық ғылымдар салаларындағы зерттеулер;

  • Халықаралық құқық және салыстырмалы құқықтану;

  • Шетелдік тәжірибе;

  • Жас ғалым мінбесі;

  • Академияның ғылыми өмірі;

  • Ақпараттық мәлімдемелер;

  • Даналық сөздер;

  • Қызықты дәлелдер;

  • Құттықтаулар.

Жариялауға ұсынылған материалдар мақалалар, ақпараттық бюллетендер, құқықтық статистикалық мәліметтер талдауы ретінде, Академиямен өткізілген іс-шаралар туралы материалдар, шетелдік тәжірибе туралы материалдар, ақыл сөздер, қызықты фактілер және т.с.с. ретінде берілу мүмкін.

Берілген материалдардың мазмұны мен оның растығына жауапкершілік авторға артылады. Автордың көзкарасы Редкеңестің және редакцияның көзкарастарына сай келмеуі мүмкін.

Редакция қажетті түзетулер мен қысқартулар жасауға құқылы. Материалдардан бас тарту туралы шешімді Редкеңес және (немесе) редакция кабылдайды. Материалдар қайтарылмайды.

Ағымдағы нөмірге материалдарды таңдау Жаршының редакциялық жоспарларымен анықталады. Егер де материал авторға (авторларға) қайта өңдеуге жіберілетін болса, материалдар түскен күні болып автордың (авторлардың) қайта өңдеп, қайтарған күні болып есептеледі.

Әр автор (авторлар) бір нөмірде екіден аспайтын материалдар ғана жариялай алады.

Жаршыға материалдарды қабылдау және нөмірдің құрылуы келесі мерзімдерде жасалады:

1) тоқсанның бірінші айының 30-шы күніне дейін – жариялау үшін материалдарды қабылдау;

2) тоқсанның екінші айының 30-шы күніне дейін – жаршы нөмірін құру бойынша Редакцияның жұмысы;

3) тоқсанның үшінші айының 30-шы күніне дейін - Жаршы нөмірінің жобасын баспаға беру, Жаршыны жариялау.

Жаршыға мақалаларды рәсімдеу бойынша талаптар:

- жариялауға арналған мақалаларда ғылыми зерттеулердің нәтижелері болуы қажет. Мақала редакциялық кеңестің құрамына кірмейтін, кем дегенде 2 ғалымның немесе сала бойынша тақырып мамандарының пікірімен ілестіру қажет. Пікірде жариялануға арналған материалдың мазмұны, ғылыми құндылығы және жаңалықтары туралы мәліметтер көрініс табады;

- көлемі жазбамашинасындағы басылған мәтіндегі 5 парақтан кем болмауы және 15 парақтан аспауы қажет, Word for Windows 6.0 редакциясындағы, Times New Roman шрифінде, 14 pt, интервалы – 1,0; жолақтары – жоғарғысы 2 см, төменгісі 2 см, сол жағы 3 см, оң жағы 1,5 см, белгілердің саны – 37 000 дейін;

- мақала электронды түрде, рәсімделген келесі мәліметтердің көрсетілуімен беріледі:

1) сол жақ бұрышында УОК (Универсалды ондық классификатор);

2) автордың (авторлардың) аты жөні және тегі, мақаланың аты, түйіні (белгілердің саны 350-ден 450-ге дейін), кілтті сөздер (6-8 сөз) қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде;

3) мақала мәтіні;

4) әдебиет тізімі;

- мақалаға тапсырысты автор (авторлардың) ғылыми атағы, ғылыми дәрежесі, лауазымы, жұмыс орыны, телефоны, индексінің көрсетілуімен пошталық мекен-жайын, байланыс электрондық поштасы туралы мәліметтер, докторанттар мен аспиранттар үшін – ғылыми мамандығының атын көрсете отырып береді;

- иллюстрациялар (суреттер, графиктер) мақаланың мәтінінде орналасуы қажет және мына графикалық редакторларда (tif, pcc, jpg, pcd, msp, dib, cdr, cgm, eps, wmf форматында) орындалуы қажет. Таблицалық процессорлардың көмегімен жасалып, берілген «Excel», «Quattro Pro», «MS Graph» графиктерімен де қабылданады. Әр-бір суретке қол қойылуы тиіс. Суреттер контрасты бейнелерде болуы қажет. Кестелер мақаланың мәтінінде орналасады. Әр-бір кестеде атауы болуы қажет. Формулалар мен әріптік белгілерінің үлкендігі формулалық МS Word редакторынде терілуі тиіс. Мақалада қолданатын физикалық аумақ өлшемдері, Халықаралық бірлік жүйесіне (СИ) сай келуі тиіс. Жалпы қолданатын (т.б., с.с., т.с.с.) қысқартылған сөздерден басқа қысқартылулар қолданылмайды;

- әдебиеттердің тізімі қажеттілігіне қарай пайда болған сілтемелерде, мақаланың соңында автордың аты-жөнін, тегін көрсетіп, кітаптың (мақаланың) толық атын, басылымның орналасқан жерін (қала, баспаның аты) жылы, парақтың жалпы санын, журналда –жылын, нөмірін, парағын көрсетумен жасалады. Мақаланың мәтінінде сілтемелер пайдаланылған бастаулары тік бұрышты жақшаға алынады;

- жариялануға қойылған қатаң талаптарды сақтаған кезде және барлық ілеспе құжаттар болғанда ғана мақалалар қаралуға қабылданады.

Материалдар үшін қаламақы қаралмаған.

Жариялауға берілген мәтін редакцияланған және автормен оқылған болуы қажет.



Материалдар 7171211@prokuror.kz электрондық поштасына жіберіледі.

Пошталық мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 021804, Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Қосшы ауылы, Республика көшесі, 16, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдарының академиясы.
Каталог: downloads -> materials
materials -> Бағдарламасы «Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер»
materials -> Бақылау күндері: 3-28 қазан – жоо-ның үздік оқытушысы – 2016 байқауының факультетішілік кезеңін өткізу. 31 қазан
materials -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
materials -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
materials -> Iii халықаралық Ғылыми форум «ххі ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы»
materials -> 6D020500 – Филология
materials -> Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференцияға әдебиеттану, тілтану саласының кәсіби мамандары, мектеп мұғалімдері, магистрант-ізденушілер шақырылады. Конференция барысында талдау нысаны болар мәселелер
materials -> Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет