Ұзақ жасаған жапониялықтардың құпиясы олардың күнделікті рационында балық пен теңіз өнімдерінің көп болуында. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: tensaigakkou.ru

Диетолог, жапон және пан-азиялық тағамдардың MYBOX мейрамханалар желісінің қонақ сарапшысы Яна Кацораның айтуынша, жапон асханасы тағамдарының калориясы төмен және оңай дайындалады. Барлық рецепттерде қолданылатын балық құрамында йод, В дәрумендері, мырыш, магний және Омега-3 май қышқылдары бар. Олар тері, шаш және тырнақтар үшін пайдалы. 

"Бұл микроэлементтер жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің қаупін азайтады және атеросклероздың дамуы мен оның салдарын болдырмайды. Сонымен қатар балық пен теңіз өнімдері тіндердің өсуі мен регенерациясына, метаболизмді қалыпқа келтіруге қажетті ақуызға бай. Жапон тағамдарын күрішсіз елестету мүмкін емес және ол энергияны қалпына келтіруге қажетті көмірсулардың негізгі көзі. Бұл өнімде өсімдік тектес ақуыздар да бар. Бұршақ дақылдарымен бірге қажетті аминқышқылдарының профилін қамтамасыз етеді. Ол жануар текті тағамдарды тұтынбайтындар үшін өте маңызды", — деді диетолог.

  • Дәрігерлер мұрынға арналған тамшылардың қаншалықты қауіпті екенін айтты
  • Невропатолог чипс пен газдалған сусынның миға зиян тұсын айтты

Жапонияда диета ұстайтын адамдар балық және дәнді дақылдармен қоса көкөністерді де тұтынуы керек.  Маман көкөністердің витаминдер мен минералдардың маңызды көзі екенін және ішек моторикасын жақсартуға көмектесетінін айтты. 

Сонымен қатар жапон асханасы кимчи, мисо және соя соусы сияқты ашытылған тағамдарды көп пайдаланады. 

"Ккимчиді қалыпты мөлшерде тағамға қосуға болады. Өйткені мұндай өнімдер иммундық жүйені нығайтады және әл-ауқатты жақсартады", — деді сарапшы.

Айта кетейік, бұған дейін Медицина ғылымдарының кандидаты, хирург және онколог Иван Карасев қатерлі ісік ауруының даму қаупін арттыратын өнімді айтқан еді. 


Автор: Айгерим Жумабаева

Айгерим — опытный редактор с богатым опытом в изучении и письме о культуре и истории. Ее страсть к языкам и письму помогает создавать увлекательные тексты.