Айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазының өліміне қатысты сот процесі әлі жүріп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/serikzat_duisengazy/

2023 жылдың 2 қаңтарында 16 жастағы ұлы шаңғы теуіп жүріп, мерт болған еді. 

“Елікті деген осы міне. Ешқайсын әлі жаппаған, ашық тұр бәрі. Мойындамайды, Шымбұлақта да, басқа жерде де солай дейді. Соттың алдында да тағы дауласып қалдық. Бізде заң да, иман да, бәрі өте әлсіз екен. Соны байқап отырмын. Бұл жігіттерде әлі иман жоқ. Адам өліп жатса да, орманды қоршауға болмайды деп дау шығарып отыр", – деп ренжіді айтыскер. 

  • “Ішімде бала қимылдап жатыр": Шымкенттік 55 жастағы келіншек 12 айлық жүктілігіне дәрігерлердің сенбейтінін айтып көмек сұрады

  • Президент елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды тапсырды

Әдебиет өкілінің айтуынша, көшпелі сот отырысы басталған көрінеді. 

"Ұзаққа созылған соттың бір отырысы Елікте паркте жасайын деп жатырмыз. Әлиханымның соңғы көрген жері. Осы жерде көшпелі сот отырысы өтеді. Ардақты ағайын, Әлиханымның соңғы демі үзілген жер. Анау талға соғылған ғой. Айналайын-ай десейші", – деді ақын. 

Фото: https://www.instagram.com/serikzat_duisengazy/

Еске салайық, танымал ақын жақында ұлды болған еді. 


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.