I тауарлы-материалдық Қорлардың есебінің аудитінің теориялық негізі



жүктеу 462.79 Kb.
бет2/3
Дата02.12.2017
өлшемі462.79 Kb.
1   2   3

Бақылау тиімділігінің тесттері.


Егер осының алдындағы аудит жүргізу кезінде бақылаудың тиімді екендігінің айғақтары жинап алынған болса және егер аудитор осы жағдайдың өзгермегендігін көрсе, ағымдағы жылда оларды қайтара тестілеу көлемі белгілі бір дәрежеге дейін азайтылуы мүмкін. 2-кестенің мәліметтері бойынша тексерілуге ұшырауы тиіс негізгі бақылаушы сәттерді атап көрсетейік.
Тауарлы - материалдық құндылықтардың аудиті кезіндегі бақылаушы сәттердің мүмкін болатын тесттері

Кесте-2





Бақылаушы сәттер

Ішкі бақылау жүйесінің міндеттері

№ р.р.

Барлық операцияларға рұқсат берілген (санкция беру)

Барлық операциялар ескерілген (толықтық)

Активтер дұрыс жіктелген (жіктеу)

Активтердің қозғалысы жөніндегі операциялар регистрлерге енгізіліп, дұрыс көрсетілген (дәлдік)

1.

Жабдықтау (сатып алу) бөлімі жеткізу шарттарының орындалуына үнемі бақылау жасауды жүзеге асырады




х







2.

Қорларды жеткізуге тапсырыстарға (өтініштерге) өкілдік берілген адамдар рұқсат етуі керек

х










3.

Міндеттерді (жеткізу шарттарының орындалуын бақылау, қорларды сақтау, оларды есепке алу және жіберуге рұқсат ету) тиісінше бөлу жүргізіледі

х

х




х

4.

Активтер мен міндеттемелерді шарттарға, тапсырыстарға, сонымен қатар тауарды алу мен сақтауға қатысы жоқ тұлғалар тіркейді.




х




х

5.

Шикізат пен материалдар рұқсат беретін құжаттардың негізінде өндіріске жіберіледі

х







х

6.

Кәсіпорында материалдарды жіберуге шектеу белгіленеді және тек өкілдік берілген тұлғалар ғана материалдарды лимиттен тыс жіберуге немесе олардың бір түрін екіншісімен алмастыруға рұқсат бере алады.

х







х

7.

Қорларды күзету оларға бұған рұқсаты жоқ персоналдың кіруіне шектеу қою арқылы ұйымдастырылған.

х










8.

Кәсіпорында рұқсат ету ережелері және нақтылы лауазымды тұлғалардың шаруашылық операцияларына рұқсат ету беруі үшін өкілеттігі (қызметтік нұсқаулар) бекітілген.

х










9.

Материалдарды өндірістік цехтарға беру тек тиісті рұқсат етумен ғана жүзеге асырылады.

х







х

Клиенттің ішкі бақылау жүйесі қаншама тиімді ұйымдастырғанымен, әрқашан да осылардың барлық айтарлықтай бұрмалаулардың алдын ала бермеуінің немесе таппауының тәуекелі қалып отырады

Тауарлық-материалдық қорларды құру мен сақтау белгілі бір шығындарға кездеседі. Шынында, Қазақстанның кен өндіру өнеркәсібінде жабдықтау-дайындау іс-қызметіне қатысты шығындардың жалпы сомасы оларға жасалған материалдық ресурстар қоры құнының 30 пайызға жуық болды. Бұдан шығатын қорытынды, шаруашылық жүргізуші субъектілердің материалдық құндылықтарға деген қажеттілігін ең аз шамадағы шығындармен қамтамасыз ету мақсат болып қойылады.

1.2 Тауарлы - материалдық қорлар аудитінің нормативтік құқықтық реттелуі.
Тауарлы - материалдық қорлар аудитінің негізгі нормативтік құқықтық құжаттары төмендегі кестеде кетірілді.
Тауарлы - материалдық қорларды реттеуші негізгі нормативтік құқықтық құжаттар

Кесте-3


Реттік номері

Құжаттың аты

1

2

1

«Тауарлы-материалдық босалқылардың есебі», бухгалтерлік есептің 7-стандарты, ҚР бухгалтерлік есеп бойынша ұлттық комиссиясының 13.11.1996ж № 3 қаулысы (ҚР қаржы министрінің 28.01.2003ж №27 бұйрығымен енгізілген толықтыруларымен және өзгертулерімен)

2

ҚР-ның салық бюджеттеге төленетін басқада міндетті төлемдер туралы кодексі. 12.06.2001 жыл № 209-2 «2004 ж 22- қазанда жасалған өзгертулермен және толықтырулармен »

3

ҚР –ның Кеден кодексі 05.04.2003 ж №401-ІІ 2004 жылғы 9 шілде жасалған өзгертулермен және толықтырулар

4

ҚР-ның Валюталық реттеу туралы заңы 14.04.1993 ж 1995ж 20 шілдеде жасалған өзгертулермен және толықтырулар

5

ҚР-ның вексель айналымы туралы ҚР- ның заңы 28.04.1997 -1 2003ж 9-шілде өзгертулермен және толықтырулар №482-2

6

ҚР Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы заңы 26.12.1995 №273 2004 ж 11 маусымдағы өзгертулермен және толықтырулар

7

Фискалық еске сақтау мүмкіндігі бар бақылау-кассалық машиналарды қолдану Ережелері:ҚР Үкіметінің №449 қаулысы 18.04.2002 ж

8

Кәсінорындардың, ұйымдардың және мекемелердің шағым талаптар қою және құрау мен шаруашылық келісім шарттар бойынша келіспеушіліктерді реттеу тәртібі туралыЕреже-Нұсқау:ҚР Министрлер Кабинетінің Қаулысы, №111 15.02.1995

9

Жөнелту және жабдықтау кезінде өнімдер мен тауарлардың сақталмауы және жетіспеушілігіне байланысты дауларды шешу кезінді заңдарды қолдану тәжірибесі туралы:ҚР жоғарғы арбитраждық соты Пленумының қаулысы, №4 23.12.1993 ж

10

«Тауарлы- материалдық босалқыларды алуға сенімхат беру және оларды сенім-хат бойынша босату тәртібі туралы» , 06.03.1998ж. №41 әдістемелік ұсынымдар

11

"Қаржылық қорытынды есепті дайындау тапсырудың тұжырымдамалыұ(концептуалдық) негізі".ҚР Қаржы Министрлігінің №542 бұйрығы, 29 10 2002 ж

12

"Бастапқы құжаттардың нысандарын бекіту туралы" :ҚР Қаржы Министрлігінің №128 бұйрығы , 19.03.2004ж

13

"табыс " деп аталатын бух. есептің №5 ұлттық стандартына әдістемелік ұсыныстар:ҚР Қаржы Министрлігінің бух.есеп және аудит методологиясы департаментінің №7 бұйрығы 21.05.1997 ж

14

"Күмәнді борыштар бойынша резерв құру тәртібі" 5" табыс " деп аталтын бух. есеп стандартына әдістемелік ұсыныстар.ҚР Қаржы Министрлігінің №457 бұйрығы .31.12.1997ж

15

"Бух. есеп регистрлігін толтыру туралы" ҚР Қаржы Министрлігінің №72 ереже нұсқау 24.11.1997ж

16

Бух.есеп шоттарының Типтік жоспары:ҚР Қаржы Министрлігің №438 бұйрығы, 18.09.2002ж

17

Көлік экспедициясы келісім шартының шеңберінде жүзеге асырылатын,жүктерді тасымалдауға экспидиторлардың шот фактура жазып беру тәртібі:ҚР Қаржы министрлігі Салық комитеті төрағасының №18 бұйрығы. 23.01.2003ж

18

"Вексельдік операциялардың бух.есебі туралы ":ҚР Қаржы Министрлігінің №23-2-2-6/63/1540 хатты, 07.02.2001ж

Аудиторға клиенттің ішкі бақылау жүйесі алға қойылған мақсаттарға табысты қол жеткізуге деген әкімшіліктің толық сенімділігі үшін дайындалған процедуралар мен әдістемелік басшылықтан тұруы мүмкін екені белгілі болуы керек. Оның ішінде өндіріс циклындағы операцияларды есепке алу үшін кәсіпорын әдетте бағалаудын негізгі жолдары мен тандап алынған әдістерін есеп саясатында немесе оның жеке қағидаларында бейнелейді. Бұл кезде есеп саясаты немесе ереже келесідей аспектілерді сақтауы керек.



  • тауарлы-материалдық босалқыларды бағалау әдісі, сонымен бірге бағалау әдісі барлық тауарлы-материалдық босалқылар үшін бірдей болуы кереқ

  • соның негізінде өнім өндірісі процесі бухгалтерлік есепте тіркелген бастапқы құжаттар тізімі;

  • басшы бекіткен өдіріс циклі бойынша құжат айналымының графигі;

  • тауарлы-материалдық босалқыларды есептен шығару тәртібі;

  • тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу жүргізу тәртібі мен мерзімі;

  • тауарлы-материалдық босалқыларды жіктелімі, бухгалтерлік есеп тізімі және аналитикалық есепті ұйымдастыру.

Кәсiпорындағы iшкi бақылау процедуралары бола алады:

  • мiндеттердi парапар бөлу;

  • мақұлдаудың тиiмдi процедурасының болуы;

  • құжатнама және есепке алу жазулары;

  • тауарлы-материалдық босалқыларды нақты бақылау;

  • тәуелсiз тексерулердi iскe асыру.


II. Тауарлы – материалдық қорлар есебінің аудиті.
2.1. Тауарлы – материалдық қорлар аудитінің бағдарламасы.
Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы мынадай басты мәселелерді қамтиды:

  • Баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы мәліметтермен салыстырып тексеруді;

  • тауарлы-материалдық қорлардың синтетикалық және аналитикалық есебінің дұыс жүргізілгендігін тексеруді;

  • қолда бар тауарлы-материалдық қорлардың сақталуын, оларға уақтылы түгендеу жүргізілгендігін тексеруді;

  • қойма есебінің, тауарлы-материалдық қорлардың қозғалысының бастапқы құжаттарының уақтылы дұрыс толтырылғандығын, соңғы қорытынды есеп беру күніне, субьектінің өндірістік қорларымен қамтамасыз етілуін тексереді.

  • Келіп түскен материалдардың уақтылы толық кіріске алынғандығын және бухгалтерлік жазуларды жүзеге асырылғандығын тексеруді;

  • Сатылып жөнелтілген және қайта өңдеуге берілген материалдық құндылықтардың операйияларының дұрыс құжатталып, бухгалтерлік жазуларының жүзеге асырылғандығын тексеруді.


Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудиторлық бағдарламасы

Кесте-4


Рет нөмір

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

1

Тауарлық- материалдық қорларды алуға арналған құжаттарды ресімдеудің дұрыстығы мен бар екендігін тексеру

Шарттар, шот-фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар мен т.с.с.

2

Тауарлық- материалдық қорлардың саны мен сапасы жөніндегі тілек-талаптарды ресімдеудің дұрыстығын, негізділігін және уақытылығын тексеру

Тиісті құжаттарды (коммерциялық акт, теміржол станциясы түбіртіктері, салыстыру тізімдемесі және т.б) жабдықтаушыға, темір жолға немесе кеме шаруашылығына талап-қуанымдар, 8 журнал-ордер, бас кітап және т.б.

3

Алынған құндылықтарды кіріске алудың немесе орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет есебінің толықтығы мен уақытылығын тексеру

Қабылдау актілері, жүк құжаттар, шот-фактуралар, кірістік ордерлер, қойма есебі тізімдемесі, 6 журнал- ордер, бас кітапты, баланс және т.б.

4

Түскен материалдарды кіріске алудың толықтығы мен ұзақтылығын тексеру


Бастапқы құжаттар (қабылдау, коммерциялық актілер, жүкқұжаттар, төлем тапсырмалары), шот-фактуралар, кірістік ордерлер және т.с.с.

5

Тауарлы – материалдық қорлардың бар болуы мен сақталуын, оларды түгендеуді жүргізудің уақтылығы мен дұрыстығын талдау

Материалдарға жауапты адамдар мен шарттар, бастапқы құжаттар, қоймалық есеп карточкалары, түгендеу актілері

6

Кәсіпорынның өндіріс қорлармен соңғы есеп беру күндерінің қамтамасыз етілуін бағалау

Стандарттар, нормалар мен нормативтер, техникалық шарттар, есеп айырысу, бастапқы және құрама құжаттар

Тауарлы-материалдық қорлардың есебінің аудитін тереңдетіп жүргізу үшін жоғарыда келтірілген аудиторлық тексеру бағдарламасын, кеңейте түсетін олардың ішкі жағдайын бақылауды тексеру тестерінің сауалнамасын жасау қажет.

Аудитор қойылған сұрақтарына алынған жауаптарын зерделеп және талдап ішкі бақылаудың жағдайы туралы қорытынды жасап бағдарламаға сәйкес аудиторлық іс-әрекеттерді жүзеге асырады.

Ұзақ мерзімді активтер сияқты ағымдағы активтерді баптары бойынша мәліметтерін тексерген кезде қолда барлығын, баланстың, Бас кітаптың, есеп регистрларының мәліметтерінің арасында тепе-теңдіктің сақталғандығын анықтап, синтетикалық және аналитикалық ақпараттардың сәйкестігіне көз жеткізудің маңызы зор.

Тауарлы-материалдық қорлардың кейбір жеке түрлеріне аудит жүргізгенде оларға және олардың есебіне ерекшеліктерін ескерудің маңызы зор.

Аудитор жасаған бағдарламасын кеңейте түсу үшін тауарлы- материалыдқ қорларды сатуға байланысты мынадай мәселелерді анықтауға тиісті:



  1. Тауарлы- материалды құндылықтарды сатуға шарт жасалғандығын және, олардың дұрыс рәсімделгенін;

  2. Артып-жөнелтілген өнімдердің құжаттарының дұрыс толтырылғандығын;

  3. Артып-жөнелтілген өнімдердің бағасының дұрыс толтырылғандығын;

  4. өнім сатуға жасалған шартқа сәйкес босату бағасының, өнімді сатушыдан сатып алушыға дейін жеткізу шығындарының төлену тәртіптері ескеріліп, дұрыс белгіленгендігін, ( оларды мынадай түрлерге бөлуге болады: франко-орын, сатушы, франко-қойма, жөнелтуші, франко-айлақ, белгіленген айлақ, франко-вагон, белгіленген франко – айлақ және сатып алушының франко-қойма);

  5. аналитикалық және синтетикалық есеп мәліметтерінің есеп регистрларындағы, Бас кітаптағы және баланстағы жазулармен сәйкестігін.

Есеп айырысу құжаттары алынбаған ТМБ түскен кезде (фактураланбаған жеткізулер), осы түскен құндылықтар төленген, бірақ жолда келе жатқандар (дебиторлық берешек) ретінде саналатын-саналмайтындары анықталады.

ТМҚ аудиті кезіндегі ақпарат көздері

Кесте-5


Реттік



Нысан

Нысан атаулары

1




Бизнес-жоспар, өндірістік бағдарлама

2




Өнімді жеткізу шарттары, келісім-шарттары (жұмыс пен қызмет көрсету), ерекшелендіру, мәміле паспорты.

3




Есептеулерді салыстыру актілері, коммерциялық актілер, орындалған жұмыстар (қызмет көрсетулер) актісі, аванстық есеп беру, орындалған жүмыстарды тапсыру-қабылдау актілері.

4

3-түгендеу

"Тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу тізімі"

5

4-түгендеу

"Тиелген тауарларды түгендеу актісі"

6

5-түгендеу

"Жауапты сақтауға қабылданған (тапсырылған) тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу тізімі"

7

6-түгендеу

"Жолдағы тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу актісі"

8

12-түгендеу

"Тауарлы-материалдық босалқыларды түгендеу нәтижелерін салыстыру тізімдемесі"

9

ТМҚ-4

"Тауарлы-материаддық босалқыларды қабылдау туралы акт"

10

ТМҚ-4а

"Дайындау, сақтау және ондіріс процесіндегі тауарлы-материалдық босалқылардың жетіспеулері мен ысыраптары туралы акт"

11

ТМҚ-46

"Тауарлы-материалдық босалқылардың бұзылуы, сынуы, қирауы туралы акт"

12

ТМҚ-5

"Тауарлы-материалдық босалқыларды есепке алу карточкасы"

13

ТМҚ-7

"Қоймадағы тауарлы-материаддық босалқы қорлар қалдықтарын есепке алу тізімдемесі"

14

ТМҚ-11

"Ғимараттар мен құрылысты қирату және демонтаждау кезінде алынған тауарлы-материалдық босалқыларды кірістіру туралы акт"


2.2. Тауарлы- материалдық құндылықтардың қоймадағы есебінің аудиті.

Шаруашылық жүргізуші шаруашылықтың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп бас жоспарының 1300 «Материалдар» бөлімшесінің синтетикалық шоттарында шикізаттардың, сатып алынған жартылай фабрикаттардың, құрастыру бұйымдарының, конструкцияларының, отындардың, ыдыстардың және ыдыстық материалдардың, қосалқы бөлшектердің, құрылыс материалдарының, қайта өңдеуге берілген және басқа да материалдардың сақталуын, пайдалануын және есебінің ұйымдастырылуын аудиторлық тексеруді қойма шаруашылығын тексеруден бастаудың маңызы зор.

Тауарлы-материалдық қорлардың сақталу орындары бойынша нақты қолда барының есеп мөліметтеріне сәйкестігін тексерген кезде, біріншіден жылдық түгендеудің материалдарымен танысу қажет. Екіншіден сақталу орны бойынша жаппай тексеруге тиісті материалдар топтарын іріктеу : мысалы, оте қымбат тұратын және сирек кездесетін және ішінара тексеру жүргізілетін топтарды анықтау қажет. Қоймаларда материалды құндылықтардың сақталу тәртібіне, сақтау орындарының, қорлардың және түрлерінің сақталу ережелеріне сәйкестігіне ерекше назар аударуды талап етеді. Сондықтан қолда бар материалды құндылықтардың сақталуына тексеруді аудитор қойма шаруашылығын зерделеуден және қажет болған жағдайда оларға түгендеу жүргізуден бастаған жөн.

Аудитор қойма шаруашылығына зер салып зерттеген кезде, қойма ғимараттарының және өлшеу құралдарының жағдайына назар аударуы қажет, сонымен қатар бақылау-өткізу бекеттерінің жұмысының тиімділігіне, өрттен қорғау және басқа да қауіп-қатерден сақтандыру дыбыс беретін құралдарының орнатылғандығына, материалды құндылықтарды қабылдау, босату және сақтау тәртіптерінің орындалғандығына, материалды-жауапкершілікті тұлғаларды іріктеу және тағайындауға, олардың толық материалды жауапкершілігіне, қолда бар ұзақ уақыт жатып қалған және бүлінген материалдар туралы жасалған шартқа, кіріс және шығыс құжаттарының, қоймалық есептің және қорытынды есептің дұрыс жасалғандығына назар аударуға тиісті. Қоймаларды және материалды құндылықтардың сақталу орнын зерттеу, олардың бағыты бойынша қолдану үшін жарамдылығын анықтау мақсаттарында бағалардың сақталу төртібін және ортке қарсы қауіпсіздікті, дыбыс беретін белгілерінің, өлшеу шаруашылығының, басқа да өлшеу құралдарының және т.б. қолда барлығын тексеру қажет.

Материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етудің маңызды шарты дұрыс ұйымдастырылған күзет болып табылады. Аудитор субъектіге материалды құндылықтарды кіргізу жене шығаруда ішкі бақылауды кенеттен тексеруден бастап, күзет жұмыскерлерінің белгіленген тәртіпте кіру, шығу,

рұқсат куәлігін толтыру және тіркеу, олардың пайдаланылғанының бухгалтерияға қайтарылуын және басқа да ережелердің орындалуымен танысады.

Бұндай кезде бір рұқсат қағазымен материалды құндылыктарды екі рет әкету, қол қоюға қүқық берілмеген тұлғалардың қолы қойылған рұқсат қағазбен әкету материалды құндылықтарды ауызша рұқсатпен әкету ж.т.б. сияқты әр түрлі бұрмалаушылықтар тәртіп бұзулар кездеседі.

Кіргізіп-шығару жүйесін тексеру жеке территорияларға бөлініп орналасқан арнайы мамандандырылған өндірістік цехтардың озара байланысының арасын ескеріп жүзеге асырылуға тиісті қоймадағы әр түрлі мақсатқа босатылған материалдарды әкетуге толтыратын рұқсат қағазды мұқият тексеруді және бақылауға алуды талап етеді.

Цехтың өндірістік қызметінде бұрмалаушылық, шектен шығып кету фактілері анықталған кезде (өндірілген өнімді толық кіріске алмау, қосып жазу, ұрлау, есепте дұрыс көрсетпеу) рұқсат қағаз бақылау көзі ретінде қолданылады. Олардың мәліметтерін әкетілген материалды құндылықтардың түр-түрлері бойынша сомасын және құнын шот-фактуралар, бұйрық фактуралар, бұйрық накладнойлар, басқа да жолдама құжаттарымен салыстырады.

Шаруашылықтың қоймасындағы материалды құндылықтардың сақталуын бақылаудың бөлінбейтін бөлігі қойма есебін тексеру болып табылады. Жұмыс практикасы корсеткендей, қойма есебін жүргізудің тәртібін бұзушылық. негізінен материалдардың түрлері бойынша жалған қалдықтың («қызыл қалдық») көрсетілуі, кейбір кіріс құжаттарындағы материалдардың кіріске алынғандығы туралы жазуларының болмауы, қоймалық есеп карточкаларындағы және бухгалтерлік есептегі мәліметтерінің арасындағы алшақтық, шығысқа шығару құжаттарының санының шамадан тыс асып кетуі қалдықтарының дұрыс саналмауы ж.т.б. сияқты фактілері кездесіп қалады. «Қызыл қалдық» келіп түскен материалдық құндылықтарды толык немесе уақтылы кіріске алмаудың, өндіріске босатылған материалдар санының шамадан тыс артық шығысқа шығарылуына, құжаттары толтырылмай материалдарды босатуға, соңғы қалдықтардың дұрыс анықталмауына ж.т.б. жол берілгендігін дәлелдейді.

Материалдар түрлерінің теріс өтпелі қалдығы осы түрге жататын кезекті материалдар келіп түскен кезде уақытша жабылса, ал материалдық құндылықтар саны осы шамаға кемиді. Теріс қалдық тек қана есепте жоқ материалдардың көлемін көрсетіп қоймайды, сонымен қатар ұрлаудың, талан-таражга салудың резервін де көрсетеді.

Кейбір кіріске алу құжаттары, әсіресе фактурасыз келіп түскен материалдар қоймалық есеп карточкаларында көрсетілмеуі мүмкін. Оларды анықтау үшін қойманың бастапқы құжаттарын кенеттен тексеру керек.

Қоймадағы материалдар есебін, материалды жауапкершілікті тұлға болып саналатын қойма меңгерушісі (қоймашы) жүзеге асырады. Бұл қызметке бұрынғы қызметінде материалдарды талан-таражға салған материалдар үшін сотталған, еңбек тәртібін бүзғаны үшін бұрын жұмыстан босатылған тұлғалардың қабылданбауы тиіс. Қоймашыны жұмысқа шаруашылықтың бас бухгалтерінің келісімі бойынша қабылдайды. Оны қызметінен босату тауарлы-құндылықтарға жаппай түгендеуден еткізіп жасаған қабылдау-өткізу актісін шаруашылықтың басшысы қарап бекіткеннен кейін ғана жүзеге асырылуы мүмкін.

Аудитор қоймашылармен жеке материалды жауапкершілік, олардың жұмысын бақылаудың жағдайы туралы келісім жасалғандығын, материалды сақталу орындарында олардың түр-түрлері бағаларының ілінгендігін, қоймадағы жұмыс режимінің сақталуын анықтауға тиісті.

Құндылықтарды тез қабылдап және босатуды қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ нақты қолда барының бекітілген қор шектеу нормасына сәйкестігін бақылау үшін тәртіп бойынша қоймадағы материалды құндылықтар секцияларға, ұяларға орналастырылады. Секцияның ішінде топтары, тұрақты және сорты, көлемі бойынша, қобдиларға, жәшіктерге, контейнерлерге, сөрелерге, текшелерге, ұяларға орналастырылады.

Қоймашы материалдардың өрбір номенклатурасының нөміріне материалдық таңба қағаз толтырып, оны материалдардың тұрған орнының тұсына жапсырып қояды. Таңба қағаздары материалдардың аталуын, номенклатураның нөмірін, өлшем бірлігін, бағасын және нақты қолда бар материалдарды көрсетеді.

Материалдардың қозғалыстарының және қалдығының есебі материалдардың қоймалық есеп карточкаларында жүргізіледі. Әрбір номенклатуралық нөмірге жеке карточка ашылады, сондықтан мұндай есепті сұрыптық есеп деп атап, оларды натуралды түрде жүргізеді.

Карточканы бухгалтерияда немесе электронды есептеу техникаларында ашып, оған қоймасын, нөмірін, материалдардың аталуын, маркасын, сортын, кескінін, көлемін, өлшем бірлігін, номенклатураның нөмірін, есептік бағасын және шектеуді жазады. Содан кейін карточка қоймаға беріліп, қоймашы материалдардың кіріс, шығыс және қалдық бағаларын толтырады. Операциялардың жасалған жұлдызына (күніне) қоймашы карточкаларға бастапқы құжаттарының (кіріс ордерлерінің талап ету накладнойлардың және т.б.) негізінде жазуларын жүргізеді.

Осының арқасында қоймадағы материалдық қорлардың жағдайы туралы жедел мәлімет алуға болады. Егер материалдардың қалдықтары бекітілген қор нормасынан жоғары немесе төмен болса, ол туралы қойма меңгерушісі жабдықтау бөліміне хабарлауға міндетті.

Бастапқы құжаттарының мәліметтерін қоймалық есеп карточкаларына жазғаннан кейін, оларды бухгалтерияға береді. Шектеп жұмсау карталарын қолдау тәртібіне қарай келесі айдың бірінші жұлдызынан кешіктірмей береді. Құжаттарын тапсыруға тізімдеме толтырып, онда еткізілген құжаттардың аталуын және нөмірі керсетіледі.

Шағын сақтау орындары бар цехтарда, сондай-ақ есеп беруге тиісті субъектідегі (пункттер, бөлімдер, цехтар) материалды жауапкершілікті тұлғалардың пункін және белімнің меңгерушілері, цехтың шеберлері жауапкершілігіндегі материалдардың қалдықтары және қозғалыстары туралы айлық қорытынды есеп жасап, оларды бухгалтерияға өткізеді. Бухгалтерияда материалдардың жұмсалу нормасын есептеп шығарып және қорытынды есепті бағалайды. Материалдық қорытынды есебін пайдаланған кезде, босатылған материалдарға басқа құжаттарды жасаудың қажеті де болмайды. Материалды жауапкершілікті тұлғаның қорытынды есебі аналитикалық есеп регистрлары ретінде қолданылғандықтан, жауапкершіліктегі материалдардың есебі жеңілдетіледі.

Шаруашылықтың қоймасындағы материалды құндылықтардың қозғалысының есебінің жағдайын тексерген кезде, аудитор жазуларының дұрыстығына, материалдарды қабылдау және босатудың бастапқы құжаттары бойынша материалдардың қозғалысының есебінің ведомостінің жасалуына ерекше назар аударып, материалдардың жедел-бухгалтерлік есеп жүргізу қалдықтау әдісін қолданған кезінде қойма меңгерушісінің бухгалтерияға тапсырған және материалды жауапкершілікті тұлғалардың жасаған есебіне қоймалық есеп карточкаларының жазуларының дұрыстығына бухгалтерия қызметкерлерінің тарапынан қатаң бақылау жасалғандығын анықтауға міндетті.

Бүлінген тауарлы-материалдық қорларды жабдықтаушылармен ауыстырғанда:




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет