Танымал актриса, продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова Стамбұлға ұшып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Актрисаның айтуынша, рухани азық іздеп келген көрінеді. 

“Византия, Жаңа Рим, Константинополь, Стамбұл! Ұлылық пен кішілікті, тарих пен болашақты, қаталдық пен нәзік сезімді бірдей өзіңе сыйдырып тұрған кереметіңе тәнтімін. Өзіңді бір көрген адам өмір бойы сағынатынын білесің бе?
Рим, Византия, Латын және Осман империяларының астанасы болдың.
Сендегі әр тас, ғимарат, қабырға терең тарихтың куәгері. Жағалауың қанша адамның жан сырын тыңдады екен?! Шағалаң қанша адамның жан жарасын емдеді екен?! Стамбұл – менің жетінші сапарым. Турист ретінде емес, рухани азық іздеп келгем. Ұлыларға құран бағыштауға, қасиетті жерлеріңді аралауға, жан тыныштығын іздеп келдім. Сен оны аямай бердің. Мен де бүгін еріксіз сүйіп қалғанымды жеткізем”, – деп жазды актриса. 

  • SCAT әуекомпаниясы Шымкент әуежайын сенімгерлік басқаруға алды

  • Қостанай халықаралық әуежайы сатылымға қойылады

Желі қолданушылары жыл бойы жұмыс істеген актрисаның бір сәт шетелде демалуын қолдап жатыр. 

“Стамбұлға емес, сіздің сөздеріңізге ғашық болдым”, “Бұл қалада екі рет болдым. Екеуінде де керемет сезімге бөлендім”, “Адамды баурап алатын сиқырлы қала”, “Бала-шағамды асырмаймын деп тынбай киноға да түсіп, бағдарлама да жүргіздіңіз. Енді демалуыңызға рұқсат. Тың идея жинап келіңіз”, – деп оқырман қауым сәттілік тіледі. 

Еске салайық, Алматы облысындағы соққыға жығылған балаларға өнер иесі араша түскенін жазған едік. 

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Жулдыз Абдукаримова (@zhuldyzabdukarimovaofficial)


Автор: Ербол Нурланов

Ербол — талантливый фотограф, зафиксировавший красоту природы и городской жизни Казахстана. Его работы придают нашим материалам визуальное великолепие.