Ii еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне қатысу шарттары



жүктеу 135.38 Kb.
Дата11.04.2019
өлшемі135.38 Kb.



II Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесіне

қатысу шарттары
(Астана қ., 15-18 маусым, 2017 жыл)



  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР




    1. Осы Қатысу шарттары қатысушыларға (бұдан әрі – Экспоненттер) және олар тартатын монтаждау ұйымдарына (бұдан әрі – Экспоненттің құрылыс салушысы) қойылатын талаптар, ұсынылатын ақпараттардың нысаны мен көлемі, II Еуразиялық халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесін (бұдан әріКөрме) дайындау және өткізу уақытында қандай да болмасын іс-әрекеттерді орындау тәртібі мен мерзімдері туралы жалпы мәліметтерді қамтиды.




    1. Қатысу шарттары Көрменің http://www.eurasbook.com/ сайтында жарияланған және қажет болған жағдайда мұндай өзгерту (толықтыру) туралы ақпаратты жоғарыда көрсетілген сайтта жариялау арқылы Көрме Ұйымдастырушысы біржақты тәртіпте өзгерте алады. Көрсетілген сайтта жарияланған сәттен бастап, өзгертулер (толықтырулар) барлық Экспоненттер үшін міндетті болып табылады.




    1. Қатысу шарттарында қолданылатын терминдер төмендегідей анықтамаларға ие:




        • Ұйымдастырушы – Көрмені дайындау және өткізу бойынша іс жүзіндегі жұмыстарды жүзеге асырушы ұйым. Көрменің Ұйымдастырушысы ретінде «Фолиант баспасы» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі («Фолиант баспасы» ЖШС) әрекет етеді.




        • Экспонент – Көрме тақырыбы бойынша Көрмеде өз экспонаттарын (тауарлар, жұмыстар, қызметтер) көрсететін Көрме қатысушысы. Ұйымдастырушыға Өтінім-Келісімшартын (1-Нысан) жіберген Экспонент осы Қатысу шарттарын толықтай қабылдайды және өз міндеттемелерін осы Шарттарға, осы Шарттардың бір бөлігі болып табылатын «Көрме» Көрме орталығының алаңы мен мүлкін пайдалану ережелеріне» (http://www.korme-expo.kz/ru сайтында жарияланған), сондай-ақ Қазақстан Республикасының әрекет ететін заңнамасына сәйкес мүлтіксіз орындауға міндеттеледі. Экспонент ретінде кітап шығарушы және кітап саудасы ұйымдары, жеке кәсіпкерлер, халықаралық және ұлттық баспагерлер мен кітап таратушылар қауымдастықтары, халықаралық және ұлттық авторлық-құқықтық ұйымдар, әдеби және ақпараттық агенттіктер мен қоғамдар, басқа да ұйымдар, тұлғалар және бірлестіктер қатыса алады.




        • Бас құрылысшы – Көрме Ұйымдастырушысының мердігері болып табылатын, оның тапсырысымен жобалау, құрастыру/бөлшектеу және көрме стендтеріне, құрылғылар мен жабдықтарға қызмет көрсету, сондай-ақ экспозицияларда дизайнерлік және көркем-безендіру жұмыстарын жасау бойынша барлық жұмыстарды атқаратын ұйым.




        • Экспоненттің құрылыс салушысы – Көрме Ұйымдастырушысында аккредиттелген, Экспонентпен көрме стендтерін, құрылғылар мен жабдықтарды жинау және құрастыру және/немесе Экспоненттің көрме алаңында көркем-безендіру жұмыстарын жасауға шарт жасасқан заңды тұлға, жеке кәсіпкер немесе өзге де жеке тұлға.




        • Көрме экспонаттары – түрлі тақырыптардағы кітаптар, мерзімдік басылымдар, географиялық карталар, атластар және глобустар, ашық хаттар, көшірмелер, маркалар және полиграфиялық өнімдердің басқа да түрлері, сонымен қатар грампластинкалар, компакт-дискілер, видеокассеталар, слайдтар, жабдықтар және баспа-редакциялық қызметтермен қоса жүретін технологиялар. Экспонаттар коммерциялық мәмілелер жасауға үлгі болады және Қазақстан Республикасында әрекет ететін шарттар негізінде көрмеге келушілерге сатылуы немесе кәдесыйлар ретінде таратылуы мүмкін. Ұйымдастырушы көрме стендтеріндегі Экспонаттардың сақталуына кепілдік бермейді. Ұйымдастырушы цензура немесе экспонаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі қатысында өзге де тексерулер жүргізбейді. Экспонаттардың, олардың құрылымы, рәсімделуі, құжаттық қолдауы Көрме уақытында әрекет ететін заңнамаға сәйкес болуына Экспоненттің өзі жауап береді. Көрмеде экстремистік қызметтерді, нәсілдік және ұлттық өзгешелікті насихаттайтын, басқа қатысушылардың ұлттық намысына тіл тигізетін және Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерінің өзге де талаптарына қайшы келетін экспонаттарды жарнама ретінде жариялауға және қолдануға тыйым салынады.




  • Көрме қатысушысының нұсқаулығы – осы Қатысу шарттарының ажырамас бөлігі болып табылатын және тиісті жылдағы Көрменің өтетін орны мен уақыты туралы нақты деректер бар құжат.



  1. КӨРМЕГЕ ҚАТЫСУ НҰСҚАЛАРЫ

2.1. Көрмелік стенд пен қосымша жабдықты жалға алумен негізгі экспозицияда қатысу.

Осы нұсқа Экспонентке жабдықталған көрме стендін 1 шаршы метрге 100 АҚШ доллары бағасымен (ҚҚС-пен қоса) жалға беруді қамтиды. Жабдықталған көрме стендінің ең аз аумағы – 6 ш.м. (2 х 3 м). Жабдықталған көрме стендін жинақтау осы Қатысу Шарттарының 4.6-тармағында көрсетілген.
2.2. Негізгі экспозицияда жабдықталмаған көрмелік алаңды жалға алу және стендті өз бетінше салу құқығымен қатысу.

Осы нұсқа Экспонентке жабдықталмаған көрмелік алаңды өз бетінше жасау (жабдықтау) мүмкіндігімен беруді қамтиды. Жабдықталмаған алаңның ең аз көлемі – 1 шаршы метрге (ҚҚС-пен қоса) 70 АҚШ доллары бағасымен 12 ш.м.


2.3. Негізгі экспозицияда стенд алусыз сырттай қатысу.

Бұл қатысу түрі төмендегілерді қамтиды:



        • Экспонент туралы ақпаратты Көрме қатысушыларының каталогына жариялау – 500 таңбаға дейін;

        • Ақпараттар мен баспа өнімдерін тегін тарату құқығын беру;

        • 1 аккредитациялық куәлік (бейдж) беру;

        • Көрме қатысушысының 1 дана каталогын беру;

        • Көрменің ашылуына байланысты Салтанатты қабылдауға 1 шақыру қағазын беру. Бағасы – ҚҚС-пен қоса, 200 АҚШ доллары.

2.4. Көрменің негізгі экспозициясының Экспоненттері (Қатысу шарттарының 2.1.- 2.2-тармақшалары) төмендегілерден тұратын, көрме алаңын және жабдықты жалдау төлемақысын төлейді:




        • Экспонент туралы ақпаратты Көрме қатысушыларының каталогына жариялау – 500 таңбаға дейін;

        • Көрме қатысушысының 1 дана каталогын беру;

        • Экспонентке осы Қатысу шарттарының 1.3-тармағында көрсетілген Экспонаттардың саудасына құқық беру;

        • Жалға алынған алаңның 2 ш.м. 1 бейдж есебінен аккредитациялық куәліктер (бейдждер) беру;

        • Жүк тиеу/түсіру аймағына және Көрменің көлік қоятын орнына көлік құралының кіруіне 1 рұқсат қағазын беру;

        • Көрменің ашылуына байланысты Салтанатты қабылдауға 1 шақыру қағазын беру.

2.5. Стендтің жақсартылған көрінісі үшін келесідей үстемелер белгіленеді:



        • B түрі: бұрыштық стенд (2 жағы ашық) – стендті берудің жалпы құнының 10%-ы;

        • C түрі: жартылай арал (3 жағы ашық) – стендті берудің жалпы құнының 15%-ы;

        • D түрі: арал (4 жағы ашық) – стендті берудің жалпы құнының 20%-ы.



  1. ҚАТЫСУДЫ РӘСІМДЕУ ЖӘНЕ ТӨЛЕУ ТӘРТІБІ

3.1. Өтініш үлгілері Көрменің http://www.eurasbook.com/ сайтында жарияланған. Көрмеге қатысуға тілек білдірген Ұйым толтырылған және қол қойылған Өтінім-Келісімшартын (1-Нысан) 2017 жылдың 13 мамырына дейін кешіктірмей электронды пошта арқылы Ұйымдастырушының info@eurasbook.com мекенжайына жолдайды. Электронды пошта арқылы жіберілген рәсімделген өтініштердің көшірмелері түпнұсқадағы мөр және қол қойылған құжаттармен бірдей заңды күшке ие деп танылады. Өтініштер келіп түсу тәртібімен қаралады. Ұйымдастырушы берілген өтінішті себебін түсіндірместен қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.


3.2. Ұйымдастырушы негізгі экспозиция Экспоненттері үшін стендтің аумағы мен конфигурациясына сүйене отырып, экспозициядағы стендтің орнын айқындайды, оған нөмір береді және келісу үшін Экспонентке электронды пошта арқылы экспозиция жоспарын жібереді. Экспоненттен экспозиция жоспарының келісімін алғаннан кейін Ұйымдастырушы Экспонентке көрме алаңын жалдау төлемақысының шотын ұсынады.

Сырттай қатысу түріндегі Экспонент үшін төлемақы шоты Экспоненттен алған Өтінім-Келісімшарты қаралғаннан кейін ұсынады. Ұйымдастырушының шоты 5 (бес) жұмыс күні ішінде толықтай төленуі тиіс.


3.3. Экспонент 2017 жылдың 13 мамырына дейін кешіктірмей Ұйымдастырушыға Көрме қатысушыларының (3-Нысан) каталогына енгізу үшін ақпарат пен стенд жоспарын (4-Нысан) жолдайды. Бұдан бөлек, Экспонент сондай-ақ іс-шаралар бағдарламасына ақпарат және қосымша жабдық пен қызметтерге өтініш жолдай алады (6-Нысан). Алынған өтініштер негізінде Ұйымдастырушы Экспонентке 5 (бес) жұмыс күні ішінде толықтай төленуі тиіс шот ұсынады.
3.4. Төлем жасаудың белгіленген мерзімдерін бұзған жағдайда Ұйымдастырушы оны электронды пошта арқылы хабарландырып, мерзімінде төленбеген Экспонент өтінішінің күшін жоюға құқылы (біржақты тәртіпте шартты орындаудан бас тарту). Сонымен қатар Экспонент Ұйымдастырушының арнайы есебінің негізінде Ұйымдастырушыға Экспонент үшін жасалған жұмыстардың барлық шығындарын төлеуге міндетті.
3.5. Экспонентпен тапсырыс берілген және Көрменің ашылуына 12 сағат қалғанға дейін онымен алынбаған көрме алаңы бос деп қарастырылады және Ұйымдастырушы оны өз қалауы бойынша пайдалана алады. Бұл жағдайда Экспоненттен алаңды және қосымша жабдықты жалға алу үшін алынған қаржы Экспонентке қайтарылмайды (Ұйымдастырушымен айыппұл ретінде ұсталады).
3.6. Ұйымдастырушы Экспонентпен ақылдаспай-ақ экспозицияның орналасуын: қызметтік алаңдардың орналасуын, дәліздердің конфигурациясын және осы өзгерістермен байланысты көрме стендтері орналасуының аздаған өзгерістерін (стенд және оның конфигурациясының ауданын өзгертусіз) енгізуге құқылы.
3.7. Ұйымдастырушының өз міндеттемелерін орындауы Ұйымдастырушы және Экспонентпен қол қойылған Актімен бекітіледі. Акт Ұйымдастырушымен 2 (екі) данада жасалады және Көрме өткізілетін уақытта Экспонентке шот-фактурамен бірге беріледі. Экспонент Актке қол қойып, 1 (бір) данасын Ұйымдастырушыға Көрменің соңғы жұмыс күнінен – 2017 жылдың 18 мамырына дейін кешіктірмей қайтарып беруге міндетті. Егер Көрме аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Экспоненттен қол қойылған Акттің бір данасы немесе жазбаша не электронды түрдегі ескерту келмесе, Ұйымдастырушының қызметтері Экспонентпен еш ескертпесіз қабылданды деп саналады, бұл Ұйымдастырушымен біржақты тәртіпте қол қойылған, «Экспоненттен қарсылық болмады» деген белгісі бар Актпен расталады.
3.8. Экспонент өзі өтініш берген көрме алаңынан, жабдығынан және басқа да қызметтерден толық немесе жартылай бас тартқанда, сондай-ақ оларды төлемеген жағдайда (Экспоненттің келмеуі) ол Ұйымдастырушыға келесідей көлемде тұрақсыздық айыбын төлейді:
– Көрменің басталар мерзімінен үш ай бұрын бас тартқан жағдайда – өтініш құнынан 25%;

– Көрменің басталар мерзімінен бұрын үш айдан бастап бір жарым айға дейінгі кезеңде бас тартқан жағдайда – өтініш құнынан 50%;

– Көрменің басталар мерзімінен кемінде бір жарым айдан бұрын бас тартқан жағдайда – өтініш құнынан 100%;
3.9. Ұйымдастырушының еркінен тыс жағдайлардың нәтижесінде Көрменің өткізілетін мерзімі және/немесе орны өзгергенде немесе ол өткізілмейтін жағдайда, Ұйымдастырушы бұл туралы Экспонентті электронды пошта арқылы хабарландырады. Сонымен бірге Ұйымдастырушы Экспонентке (Көрменің өткізілетін мерзімі және/немесе орны өзгергенде немесе Көрме өткізілмеу жағдайына байланысты соңғысының Көрмеге қатысудан бас тарту жағдайында) осы уақытқа дейін қызмет көрсету дайындығына жұмсалған қаржыны шегере отырып ақшасын қайтарады. Экспонент шығындардың өтемақысын талап етуге құқылы емес.



  1. ЭКСПОЗИЦИЯЛЫҚ АЛАҢ, ЖАБДЫҚ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТТЕР

4.1. Негізгі экспозицияның көрме алаңдарын жалға беру, сонымен қатар қосымша жабдық пен қызметтер ұсыну Көрме Ұйымдастырушысы арқылы жүзеге асады.


4.2. Ұйымдастырушы негізгі экспозиция Экспоненттеріне «Өтінім-Келісімшартына» (1-Нысан) сәйкес уақытша пайдалануға жабдықталған (стандартты стенд) немесе жабдықталмаған көрме алаңын, ал қосымша өтініштер негізінде – жиһаз, өзге де жабдық және мамандардың қызметін ұсынады. Қосымша жабдық және қызметтер тізімі, олардың бағасы http://www.eurasbook.com/ (6-Нысан) сайтында көрсетілген.
4.3. Қатысудың сырттай түріндегі Экспоненттерге қосымша жабдық пен қызметтер берілмейді.
4.4. Экспонент стендінің орналасу орны бұл кеңістікте бос көрме алаңы болған жағдайда ол таңдаған орналастыру кеңістігіне, сондай-ақ Экспоненттен Өтінім-Келісімшарт келген уақытқа және Көрмеге қатысу үшін уақытында төлем жасауға байланысты анықталады.
4.5. Негізгі экспозицияның көрме алаңын жалдау төлемінің мөлшерлемесіне:

        • Көрме алаңын пайдаланған үшін төлем;

        • Экспозицияның жалпы аумағын тазалау төлемі;

        • Экспозицияның көрме алаңын жалпы электрмен жарықтандыру төлемі;

        • Осы Шарттардың 4.6-тармағына сәйкес негізгі экспозициялар стендтерінің стандартты жабдық жинағының төлемі;

        • Көрменің жұмыс күндерінде жұмыстан тыс уақытта экспозицияларды күзету төлемі кіреді.

4.6. Жабдықталған көрмелік алаңға:



        • кілем төсемі;

        • стендтің периметрі бойынша қабырғалық панельдер;

        • кіріктірілген фриздік панель (ақ түсті);

        • 2 спот шамы – электржабдыққа қосылған, әр стендке;

        • 70х70 өлшемдегі үстел (әрбір 9 ш.м.) – стендке 1 дана;

        • ISO жұмсақ орындығы – стендке 2 дана;

        • Қоқысқа арналған себет – стендке 1 дана;

        • әріптер (фриздік панельге) – 15 таңба;

        • эл. розетка (220V) – 1 дана;

        • әр 6 шаршы метрге 9 кітап сөрелері кіреді.

4.7. Экспонент өзі жалға алған алаңды толықтай немесе жартылай басқа ұйымдарға немесе Экспоненттерге сатуға (қайта табыстауға, қайта сатуға) құқысы жоқ. Стендте бір немесе одан да көп Экспонент орналасуы жоспарланса (ұжымдық экспозиция), бұл Ұйымдастырушымен алдын ала келісілуі қажет.


4.8. Жиһазды, жарнамалық құрылғыларды және басқа да жабдықтарды жабдықтау, сондай-ақ экспонаттарды орналастыру Экспоненттің көрмелік стендінің шегінде ғана мүмкін болады.
4.9. Экспонент стендте өзінің жиһазын және жабдығын орналастыруға және қолдануға құқылы.
4.10. Экспоненттерге:

        • өз бетінше панельдерді жапсыруға;

        • панельдердегі материалдарды бекіту үшін степлер қолдануға;

        • құрылғыларды бұрғылауға;

        • стандартты стендтің шегінде кез келген көрмелік жабдық пен құрылғыны орналастыруға немесе құрастыруға;

        • стендтерді безендіру үшін өрттен қорғау құрылғысымен өңделмеген, тұтанғыш материалдарды қолдануға;

        • тұтанғыш құрылғылардан 0,5 метрден жақын жерде прожекторлар мен софиттер орнатуға, электр лампаларын қағазбен, матамен және басқа да жанғыш материалдармен орауға тыйым салынады.

4.11. Жабдықталған және безендірілген стендтер Экспонент тарапынан өз бетінше қандай да бір өзгертулерге, толық немесе жартылай бөлшектеуге жатпайды. Экспонент стенд құрылғылар мен электржабдықтарына өзгерістер енгізуге құқылы емес. Осы шартты бұзған жағдайда Экспонент бөлшектелген, өзгертілген жабдық (құрылғылардың) құнының 100% көлемінде, сондай-ақ стендті жалға беру құнынан 5% көлемінде айыппұл төлейді.


4.12. Экспонент келген уақытта немесе Көрменің жұмыс уақытында стенд жиынтығына өзгерістер енгізу қажеттілігі туындаған жағдайда барлық өзгерістер қосымша жабдық тапсырысы деп қаралып, Экспонентпен қосымша 100% үстемемен төленеді.
4.13. Жабдықталмаған көрмелік алаңды жалға алу – егер де жеке дизайн-жобасының әзірлемесі және көрмелік стендтің тұрғызылуы Экспоненттің өз бетінше жүргізілген жағдайда ғана мүмкін болады. Бұл жағдайда Экспонент дизайнерлік және құрылыс-монтаждау жұмыстарын Көрменің Бас құрылысшысының күшімен, сондай-ақ тартылған компания – Экспоненттің құрылыс салушысының көмегімен жүргізе алады. Соңғы жағдайда компания – Экспоненттің құрылыс салушысы Көрме Ұйымдастырушысынан аккредитациядан өтуі тиіс. Стендтің жобалық-техникалық құжатнамасын келісуге және құрылыс салуға рұқсат Актісін рәсімдеуге қажетті құжаттар тізімін info@eurasbook.com/ электронды мекенжайына 2017 жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей өтініш беру арқылы алуға болады. Техникалық аккредитация рәсімдерінен уақытында өтпеген ұйымдар құрылыс-монтаждау жұмыстарына жіберілмейді. Аккредитацияның шарттарымен www.korme-expo.kz/ru сайтының «Құжаттар» бөлімінде танысуға болады.



  1. АВТОРЛЫҚ ЖӘНЕ САБАҚТАС ҚҰҚЫҚТАРДЫ САҚТАУ

5.1. Көрмеде шығармаларды (туындыларды, фонограммаларды, қойылымдарды ойын, мәнерлеп оқу, жанды орындаудағы ән, би арқылы немесе техникалық құралдардың көмегімен көрсету; аудиовизуалды туындының кадрларын көрсету) көпшілік алдында орындау жағдайында Экспонент зияткерлік меншіктегі осындай нысандарды қолдануға байланысты олардың құқық иеленушілерімен өз бетінше келісім жасайды және барлық есептесулерді (төлемдер) жүргізеді.

5.2. Ұйымдастырушыға Көрме аумағында зияткерлік меншікті қолданумен байланысты кез келген түрдегі шағымдар, талап етулер берілген жағдайда Экспоненттің Көрме уақытында зияткерлік меншік нысандарын қолдануына байланысты үшінші тұлғалар тарапынан туындауы мүмкін кез келген шағымдарды Экспонент өз бетінше реттеуге, сонымен қатар соттан тыс тәртіпте Ұйымдастырушыға өтемақы сомаларын, сот және өзге де шығындарды қоса алғанда көрсетілген шағымдар мен талап етулерге байланысты барлық шығындарды міндеттеледі.
5.3. Арнайы сипаттағы барлық іс-шаралар, соның ішінде баяндама оқу, конкурстар, дәрістер, дискуссиялар, авторлармен кездесу өткізу, кинофильмдер көрсету, шығармаларды орындау және стендтен тыс жарнамалық және басқа да ақпараттық материалдарды тарату – Ұйымдастырушымен оларды өткізу туралы алдын ала келісуден кейін және бұл іс-шаралардың көрме мазмұны мен мақсаттарына сәйкес келетіндігі шартымен жүзеге асырылуы мүмкін. Сонымен бірге Экспонент көрсетілген іс-шараларды өткізу өтінішін (5-Нысан) Ұйымдастырушыға 2017 жылдың 13 мамырына дейін кешіктірмей жолдауы тиіс.



  1. ФОРС-МАЖОРЛЫҚ ЖАҒДАЙЛАР

6.1. Ұйымдастырушы форс-мажорлық жағдайлардың әрекетіне немесе оның салдарына: өрт, табиғи апаттар және басқа да қауіптерге байланысты Көрмені өткізбегені немесе дұрыс өткізбегені үшін Экспонент алдында жауапты болмайды. Бұл жағдайда Ұйымдастырушы Көрменің өткізілу мерзімін және/немесе орнын ауыстыруға не Экспонентке көрменің өткізілмейтіндігін хабарлауға құқылы.


6.2. Экспонент форс-мажорлық жағдайлар туындаған жағдайда Ұйымдастырушының да шығынға ұшырайтындығын мойындайды, осыған байланысты залалдар (шығындар) келесідей мәнде бөлінеді: әрбір Тарап өз шығынын өз бетінше көтереді. Ұйымдастырушы тиісінше Экспонентке шығындарды өтемейді; Экспоненттің Көрмеге қатысуымен байланысты жарналар және түрлі қызметтерге жасаған төлем сомалары Ұйымдастырушының форс-мажорлық жағдайлар туындағанға дейінгі Көрмені ұйымдастыруға және Экспонентке көрсетілетін қызметтердің дайындығына кеткен шығындары бөлігінде қайтаруға жатпайды.



  1. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ЖӘНЕ ДАУЛАРДЫ ШЕШУ

7.1. Ұйымдастырушы Экспонентке тиесілі Экспонаттардың немесе басқа да материалдық құндылықтардың үшінші тұлғалармен жоғалуына немесе бүлінуіне, сондай-ақ Экспоненттің атынан өкілдік ететін тұлғаларға және/немесе Экспоненттің (олардың тұлғаларының атынан өкілдік ететін) мүлкіне үшінші тұлғалардың залал келтіруіне жауап бермейді.


7.2. Экспонент мұндай мүлікке залал келтірген жағдайда, ол толық жойылған жағдайда толық құны мөлшерінде немесе олар бүлінген жағдайда қалпына келтіру жөндеу жұмыстарының құны мөлшерінде Ұйымдастырушыдан алған мүлік пен жабдықтың, сондай-ақ Көрменің басқа Экспоненттері мен қатысушыларының, үшінші тұлғалардың мүлкі мен жабдығының сақталуына және бүтіндігіне материалды жауапты болады.
7.3. Экспонент Көрме өткізуде немесе соған байланысты Ұйымдастырушының, Бас құрылысшының, «Көрме» орталығының, өзге де Экспоненттердің, келушілердің, үшінші тұлғалардың жабдығына және/немесе мүлкіне залал келтірген жағдайда, Экспонент келтірілген залалды Ұйымдастырушы (залал келтірілген тұлғамен) растайтын құжаттарды қосымшасымен бірге бергеннен кейін 5 (бес) банктік күн ішінде толық көлемде өтеуі тиіс.
7.4. Осы Қатысу шарттарында көрсетілмеген және Көрмеге дайындық процесі мен Көрменің жұмыс уақытында туындайтын сұрақтар Ұйымдастырушының келісімімен шешіледі.
7.5. Ұйымдастырушы мен Экспонент өз беттерінше өзара реттей алмаған барлық даулар мен наразылықтар Ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша (Қазақстан Республикасы, Астана қаласы) сот тәртібімен шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет