«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» қызметінің паспорты



жүктеу 175.03 Kb.
Дата04.12.2018
өлшемі175.03 Kb.

«II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру» қызметінің паспорты


1

Қызмет ұсынушы мемлекеттік орган

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

2

Қызмет тұтынушы

Жеке және заңды тұлғалар.

3

Көрсетілетін қызмет түрі*

ішінара автоматтандырылған

4

Қызметтің көрсетілу орны

Мемлекеттік қызмет уәкілетті органмен, не болмаса осы паспортқа 1,2-қосымшада көрсетілген мекенжайлар бойынша орналасқан халыққа қызмет көсету орталығы арқылы, «электрондық үкімет»: www.e.gov.kz  веб-порталы арқылы немесе www.elicense.kz  «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - Портал) арқылы көрсетіледі.

5

Қызмет көрсету тәртібі

уәкілетті органда немесе Орталықта мемлекеттік қызмет алу үшін қызмет алушы клесідей құжаттар ұсынады:

1) ІІ санатты объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптау қорытындысын алу үшін:

көзделіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметке тапсырыс берушіден (инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан осы паспотқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш қағаз түрінде (уәкілетті органға жүгінген кезде) немесе Орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында (Орталыққа берген кезде);

қоршаған ортаға әсер етудің оған iлеспе бағалау (бұдан әрі - ҚОӘБ) материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші көзделіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:

жер пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде), сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтималды ластану көздері болған кезде;

орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесі құрамда:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу;

іске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсер етуі мүмкiн, жергілікті мемлекеттік басқару органдары әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтік-техникалық және нұсқаулық-әдістемелік құжаттардың жобалары;

осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі;

2) ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

көзделіп отырған басқарушылық, шаруашылық, инвестициялық және өзге қызметке тапсырыс берушіден (инвестордан) не мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын нормативтік құқықтық актілердің, жоспарлар мен бағдарламалардың жобаларын әзірлеуді жүргізетін мемлекеттік органның басшысынан осы паспортқа 3- қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш қағаз түрінде (уәкілетті органға жүгінген кезде) немесе Орталық қызметкерінің ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында (Орталыққа берген кезде);

қоршаған ортаға әсер ететін оған iлеспе бағалау материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші көзделіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері;

қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары:

жерді пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтималды ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесі құрамда:

жерге жақын қабатта ластаушы заттардың таралу жобасының, есептеудің электрондық нұсқасы, эмиссия көлемдерінің «Excel» форматындағы негіздемесі;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу;

осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі.

Порталда:

1) ІІ санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы паспортқа 3-қосымшасының тиісті деректері бар өтініш;

тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы қоршаған ортаға әсер етудің оған iлеспе бағалау (бұдан әрі - ҚОӘБ) материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші межеленіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш - тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық салым түрінде;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері - құжаттың электрондық көшірмелері түрінде;

қоршаған ортаға кері әсер ететін немесе әсер етуі мүмкін объектілер үшін жоспарланып отырған қызметті іске асырудың мынадай заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттарын (бұдан әрі - келісу құжаттары) (деректерді порталда енгізу/құжаттың электрондық көшірмелері түрінде):

жерді пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтималды ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығы жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық салым нысанындағы эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесі құрамда:

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу - деректерді порталда енгізу/құжаттың электрондық көшірмелері түрінде;

тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық салым нысанындағы iске асырылуы қоршаған ортаға терiс әсер етуі мүмкiн орталық мемлекеттік органдар әзірлейтін Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, нормативтiк-техникалық және нұсқаулық-әдiстемелiк құжаттардың жобалары;

осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі (деректерді порталда енгізу/құжаттың электрондық көшірмелері түрінде);

ІІІ және IV санат объектілері үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алу үшін:

тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы осы паспортқа 3-қосымшасының тиісті деректері бар өтініш;

тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы қоршаған ортаға әсер етудің оған iлеспе бағалау (бұдан әрі - ҚОӘБ) материалдарымен бірге қоршаған ортаға әсер етуші көзделіп отырған қызметтің жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасы, келесі құрамда:

жоспарланып отырған қызметтің экологиялық салдарлары туралы өтініш - тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық салым түрінде;

қоғамдық пікірді есепке алу нәтижелері - құжаттың электрондық көшірмелері түрінде;

келесі заңды және жеке тұлғалармен келісу құжаттары (деректерді порталда енгізу/құжаттың электрондық көшірмелері түрінде):

жерді пайдаланушылар, жер учаскелерінің меншік иелері;

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары;

су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекция (су қорғау аумағында объектіні орналастырған немесе қызметті жүзеге асырған кезде);

жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

жер қойнауын зерделеу және пайдалану органдары (пайдалы қазбалар орналасуы мүмкін учаскелерде, сондай-ақ жерасты суларын пайдалану кезінде және олардың ықтималды ластану көздері болған кезде);

орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті орган;

балық ресурстарын қорғау саласындағы уәкілетті орган (балық шаруашылығы су айдындарында әртүрлі қызмет түрлерін жүргізетін кәсіпорындар үшін);

тұтынушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық салым нысанындағы эмиссия нормативтерiнiң жобалары, келесі құрамда:

мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу - деректерді порталда енгізу/құжаттың электрондық көшірмелері түрінде;

осы жобаны қайталама экологиялық сараптамаға ұсынған жағдайда - мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылатын құжаттарға мемлекеттік экологиялық сараптаманың бұрын берілген қорытындыларының көшірмелері қоса беріледі (деректерді порталда енгізу/құжаттың электрондық көшірмелері түрінде).

Мемлекеттік қызметті көрсетуден:

1) талап етілген барлық құжаттар ұсынылмаса;

2) «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 40-бабында көзделген негіздеме болса бас тартылады.

Егер қызмет алушы талап етілген барлық құжаттарды ұсынбаса Орталық қызметкері өтініш алудан бас тартады және құжаттарды алудан бас тартуы туралы жазбахат береді.



7

Қызмет бағасы және төлеу тәртібі

Мемлекеттік қызмет ақысыз негізде ұсынылады.

8

Қызмет көрсету мерзімдері

1) дәлелді жауап беру (уәкілетті органға, Орталыққа, «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінген кезде) – қызмет алушымен құжаттарды тапсырған сәттен бастап бес жұмыс күнінен артық емес мерзімде;

2) II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру (уәкілетті органға, Орталыққа, «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінген кезде) - қызмет алушымен қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - бір айдан аспайды;

3) II, III және IV санат объектілеріне қайтадан мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру (уәкілетті органға, Орталыққа, «электрондық үкімет» веб-порталына жүгінген кезде) - қызмет алушымен қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап - он жұмыс күнінен аспайды


9

Қызмет көрсету нәтижесі

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі қағаз тасығышта немесе уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат түрінде II, III және IV санат объектілері үшін «келісіледі/келісілмейді» нәтижесімен мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы болып табылады.

10

Нормативті-құқықтық актілер **

1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі .

Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің


2007 жылғы 28 маусымдағы N 204-ө "Жоспарлау алдындағы, жоспарлау,
жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп
отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсерін
бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулықты бекіту туралы" 
бұйрығымен бекітілген    «"Жоспарлау алдындағы, жоспарлау, жобалау алдындағы және жобалау құжаттамасын әзірлеу кезінде көзделіп отырған шаруашылық және өзге де қызметтің қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізу бойынша Нұсқаулық».

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 28 маусымдағы N 207-ө Бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік экологиялық сараптамасын жүргізу ережелері»




II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық

сараптама қорытындысын

беру» қызметінің паспортына

1- қосымша

 

Уәкілетті органның мекенжайы




р/н


Уәкілетті органның атауы

Орналасқан мекенжайы

Жұмыс кестесі

Телефон нөмірі /эл. мекенжайы

1

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

Көкшетау қ. Абай, 89 үй

сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

(8-7162) 40-28-07

e-mail: dpr_2007@mail.ru


II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық

сараптама қорытындысын

беру» қызметінің паспортына

2- қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталықтары

 


Р/с



Орталықтардың атауы (филиалдары, бөлімдері, бөлімшелері)

Орналасқан мекенжайы

Байланыс деректері

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

1.

«Ақмола облысы бойынша ХҚО» РМК филиалы

Көкшетау қаласы, Әуезов көшесі, 189 а үй

8 (7162) 40-10-76

8 (7162) 40-10-63



1)

Көкшетау қалалық бөлімі

Көкшетау қаласы, Біржан сал көшесі, 42-үй

8 (7162) 25-00-67

8 (7162) 25-06-21



2)

Красный Яр ауылы аудандық бөлімі

Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы

Ленин көшесі, 65-үй



8 (7162) 40-43-27

 


3)

Ақкөл аудандық бөлімі

Ақкөл ауданы, Ақкөл қаласы, Нұрмағамбетов көшесі, 102-үй

8 (71638) 2-09-96

8 (71638) 2-18-49



4)

Аршалы аудандық бөлімі

Аршалы ауданы, Аршалы кенті, М. Мәметова көшесі, 19-үй

8 (71644) 2-10-77

8 (71644) 2-28-28

8 (71644) 2-10-77


5)

Атбасар аудандық бөлімі

Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Уәлиханов көшесі, 11-үй

8 (71643) 2-45-94

8 (71643) 4-07-22

8 (71643) 4-12-58


6)

Астрахан аудандық бөлімі

Астрахан ауданы, Астраханка ауылы, Әл-Фараби көшесі, 44-үй

8 (71641) 2-35-96

8 (71641) 2-21-94



7)

Бұланды аудандық бөлімі

Бұланды ауданы, Макинск қаласы, Сейфуллин көшесі, 18б-үй

8 (71646) 2-37-20

8 (71646) 2-37-81



8)

Бурабай аудандық бөлімі

Бурабай ауданы, Щучинск қаласы, Абылай хан көшесі, 28-үй

8 (71636) 4-29-97

8 (71636) 4-28-91



9)

Егіндікөл аудандық бөлімі

Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, Жеңіс көшесі, 7-үй

8 (71642) 2-12-57

10)

Ерейментау аудандық бөлімі

Ерейментау ауданы, Ерейментау қаласы, Мұсабаев көшесі, 15-үй

8 (71633) 2-44-92

 


11)

Еңбекшілдер аудандық бөлімі

Еңбекшілдер ауданы, Степняк қаласы, Сыздықов көшесі, 2а-үй

8 (71639) 2-22-41

8 (71639) 2-22-42

8 (71639) 2-22-18


12)

Есіл аудандық бөлімі

Есіл ауданы, Есіл қаласы, Жеңіс көшесі, 56-үй

8 (71647) 2-22-07

 


13)

Жарқайың аудандық бөлімі

Жарқайың ауданы, Державинск қаласы,

Ғабдуллин көшесі, 104-үй



8 (71648) 9-00-35

8 (71647) 2-22-05



14)

Жақсы аудандық бөлімі

Жақсы ауданы, Жақсы ауылы, Ленин көшесі, 8-үй

8 (71635) 2-17-10

 


15)

Зеренді аудандық бөлімі

Зеренді ауданы, Зеренді ауылы, Мир көшесі, 52-үй

8 (71632) 2-00-74

8 (71632) 2-29-43



16)

Қорғалжын аудандық бөлімі

Қорғалжын ауданы, Қорғалжын ауылы, Абай көшесі, 44а үй

8 (71637) 2-17-83

8 (71637)2-20-36



17)

Степногор қалалық бөлімі

Степногор қаласы, 4 ш/а, 7-үй

8 (71645) 2-00-40

8 (71645) 2-00-30



18)

Сандықтау аудандық бөлімі

Сандықтау ауданы, Балкашино ауылы, Абылай хан көшесі, 119-үй

8 (71640) 9-26-66

19)

Целиноград аудандық бөлімі

Целиноград ауданы, Ақмол ауылы, Гагарин көшесі, 15-үй

8 (71651) 3-12-30

8 (71651) 3-11-98



20)

Шортанды аудандық бөлімі

Шортанды ауданы, Шортанды ауылы, аты аталмаған тұйық көше, 1-үй

8 (71631) 2-17-97


II, III және IV санат объектілеріне мемлекеттік экологиялық

сараптама қорытындысын

беру» қызметінің паспортына

3- қосымша

«Ақмола облысының табиғи ресурстар және

табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ

_______________________________



(мемлекеттік органның толық атауы)

_____________________________________



(Өтініш берушінің толық атауы)

Мекенжайы_____________________________



(индекс, қала, аудан, облыс, көше, № үй, телефон)

Өтініш берушінің деректемелері____________________

(ЗТ/ДК мем.тіркеу туралы

куәлігінің № ,

ЖСН/БСН)

 

 



ӨТІНІШ

 

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



(жобаның толық атауын көрсету керек)

жобасына мемлекеттік экологиялық сараптаманы өткізуді сұраймын

 

 

Қоса берiлiп отырған құжаттардың тізбесі:



_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Басшы __________________             __________________________________________________



(қолы)                                                      (тегі, аты, әкесінің аты)

 

Мөр орны



 

«___»______________20__ ж.



 
Каталог: sites -> upr.akmo.gov.kz -> uploads -> gos uslugi
sites -> Ќазаќстан Республикасыныѕ мемлекеттік ќўпияларын ќорєаудыѕ
sites -> Шжқ «Павлодар қаласының №5 емханасы» кмк байқау кеңесі отырысының №2 хаттамасы павлодар қ. 2015 жылғы 12 қазан Өткізу формасы
sites -> Заң жобаның ғылыми құқықтық сараптаманың
sites -> Беткі сулардың сапасын талдау: НҰра өзені алабының мысалында
gos uslugi -> «II, III және IV санат объектілері үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» қызметінің паспорты
uploads -> «Жерүсті су объектілері жоқ, бірақ ауызсу сапасындағы жерасты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауызсумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшін ауызсу сапасындағы жерасты суларын пайдалануға рұқсат


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет