Іі жүргізуші: «Жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушылары өнерін тамашалайсыздар ! І жүргізуші



жүктеу 74.67 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі74.67 Kb.


І жүргізуші:

Құрметті ұстаздар және оқушылар, қадірлі қонақтар !

16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты фестиваліне
ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР !
ІІ жүргізуші:

«Жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі оқушылары өнерін тамашалайсыздар !


І жүргізуші:

Тәуелсіздік - бұл ата – бабамыздың арманы ақиқатқа айналып тәуелсіздік таңына қолымыз жеткен күн!

Тіліміз жаңғырып дініміз қайтарылған күн !

Рухымызды сақтатып, тарихымызды таңдаған ұлы күн !

Ия бұл ,ұлы күн расымен де оңайлықпен келмеді !

Найзаның ұшымен, білектің күшімен бабалар қорғап қалған еліміз тәуелсіздік жолында көптеген қиындықтардан өтті!



/Екі жүргізуші шығып кетеді, сахна ашылады/
Көрініс

(қобызбен ойналған қайғылы музыка ойналып тұрады, оқушылар жұпыны,әлсіз халықтың рөлін сомдайды)

Жәнібек, Керей сұлтандар бастаған

Ата – баба азаттықты аңсаған,

Бөлініп шығып, Әбілқайыр елінен,

Дербес елдің құрылуына жол ашқан.

Қоныс теуіп, Шу өңірі жерінде

Қиындықтың бәріне де мойымай

Туын тікті Қозыбасы төрінде.
(Барлығы бірге)

Өрле Қазақ!

Алға Алаш!

Жаса, жаса, жаса!


(Музыка ойналып тұрады сахнаның артынан)
Енді бізге қайта оралды заңғарлар,

Сталиндік тозақтарда жаңғандар

Ахметтер, Жүсіпбектер, Сәкендер,

Ілиястар, Бейімбеттер, Мағжандар.


Ахмет:

Алаш туы астында

Күн сөнгенше сөнбейміз.

Енді Алашты ешкімнің

Қорлығына бермейміз.

Өлер жерден кеттік біз,

Жасайды Алаш, өлмейміз.

Жасасын Алаш, жасасын!


Мағжан:

Ей,тәкәппар дүние

Маған да бір қарашы.

Танимысың сен мені,

Мен қазақтың баласы.
(«День Победы» әні орындалады оқушылар жеңіс туын тойлаған адамдарды сахналайды)
Қайрат Рысқұлбеков:
Бас-аяғы сол болсын

Басыңа түскен қатердің.

Ақтық сөзді енді мен

Сотқа да бір айтайын:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырма бірде жасым бар,

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар,

Алам десең, алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

«Еркек тоқты – құрбандық»,

Атам десең, атыңдар! 

(«Көк тудың желбірегені» әні орындалады,оқушылар бір тудың астына жиналған халықты көрсетеді)

Бәрі бірге: Тәуелсіздік жасасын!

/Ту, екі көгершін ұстаған оқушылар роликпен шығады/
І жүргізуші:

Еркіндігім қасиеттім, қастерлім

Өзің барда өзегімде жоқ шер – мұң.

Кеше сенің келбетіңді арман қып,

Бұғаулықта бұғауланып басқа елдің.

Бабалардың басын тігіп бәйгеге,

Аналардың жанарына жас бердің.

Уа, Еркіндік, қош келдің !


І І жүргізуші:

Өзегімді өртке ораған қоғамда,

Өз үйіме өзім өгей болам ба ?

Алшаң басып жүре алмаса алты алаш,

Азаттығың қадірің де жоқ онда.

Саған жету қиын болса қаншалықпиэд№№

Сақтап тұру қиынырақ одан да.

Алла берген азаттықтың әр сәті,

Аманат қой маған саған оған да!
І жүргізуші:

Тәуелсіздікке Арнау оқитын автор Сағынат Ахметов.


Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым,

Елімізге ең маңызды ұлылығың.

Тоқсан бірде тәуелсіздік алғаныңда

Көтерілді әуеге тұғырлы үнің.


Тәуелсіздік еліміздің тірегі

Бүкіл халық оны жақсы біледі.

Егемендік келмесе жұртымызға

Болашағы еліміздің сөнеді.


Алғалы 26 жыл тәуелсіздік,

Көк байрақты көтердік әуеге тік.

Мінеки, Қазақстан егемен боп,

ТМД құрамына біз де ендік.


Бақтан кетпей әрқашан егемендік,

Мәртебеге, атақ – даңққа біз кенелдік.

Биікке самғаймыз біз ылғи дағы

Тәуелсіз боп, мәңгіге, егемен боп.


1991 16 –ншы желтоқсан

Көптен күткен бақыт еді ел тосқан.

Енді міне,тәуелсізбіз, азатпыз,

Егемен ел Мәңгілік Ел – Қазақста.


Самұрық құс – бостандықтың белгісі,

Қыран құсы – еркіндіктің еншісі.

Егемендік қазағымның жемісі,

Тәуелсіздік барша жұрттың жеңісі.


Қыран құсы мекен қылып ед ішін,

Бұзылмастай берік қылды іргесін.

Ел – жеріміз мәңгіге азат болып,

Тәуелсіздік көк Туы желбіресін.


Алға қойып нық сеніммен басты арман

Елбасы бар Нұрағадай басқарған.

Болашаққа бағдар болып саналатын,

Рухани жаңғыруы бар бастаған.


Мәңгілікке өрлейміз біз қашаннан,

Ол мақсатпен бар істі іске асырған.

Мәңгілік Ел – жалпыұлттық,патроиттық,

Идеясы бар және жасалынған.


Жете берсін еліміз шың биікке,

Бізбен болсын жақсылық,сәттілік те.

Тәуелсіздік байрағын желбіретіп,

Мәңгілік ел болайық мәңгілікке.


ІІ жүргізуші: /музыка қатар ойнап жатады/

Қарсы алыңыздар ! Шашу биі



І жүргізуші:

Әні: Н.Тілендиев     өлеңі: Т.Молдағалиев «Туған ел» орындайтындар Есенғалиева Шамшырақ, Уазитов Нұрсұлтан , Уканова Ұлпан /
ІІ жүргізуші:

«Адай» биін тамашалаңыздар !


І жүргізуші:

Ән «Туған жер» орындайтындар Демеуова Еркемай , Исмагулова Айнагул


ІІ жүргізуші

Астанам аспан төрінен

Орын ап дәурен сүреді

Соғады бірге сенімен

Қазақтың әрбір жүрегі
Уканова Ұлпанның орындауында «Елім-ай» әні. Қарсы алыңыздар !


І жүргізуші:

Достық деген асқақ асу еңселі

Достық деген парасаттық өлшемі

Достық деген даналықтың басы бұл

Достығымен өренделер ел бүгін
Адилова Фатиманың орындауында «Аққу биі» Қарсы алыңыздар !
ІІ жүргізуші:
Төреғали Төреәлі «Жаным қазақ» орындайтын Уахитов Нұрсұлтан
/Жүргізушілер сахнаға шығады/
І жүргізуші:

Бақытым республикам Қазақстан

Көгіңде ақ көгершін қаздар ұшқан

Саған жетпес құшағы әлемнің де

Қыс болса бір жетіде жаз ауысқан
Қарсы алыңыздар ! Ерлер биі «Ертұры»
І жүргізуші:

Қазақ деген менің бір елім

Алып жатыр жарты дүние әлемін

Бұл даланы анам жаспен суарған

Бұл далаға жылап келіп жұбанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай

Кең байтақ жерінде қазақ халқы басынан не өтпеді десеңізші...

Талай қиындықты бастан өткерсе де ешқашан мойымай күресе білді,

Азаттық таңы ататынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді.


ІІ жүргізуші:

Қасиетті Қазақстан мекенім,

Ақиқаттың алтын бесігі екенсің

Елім жерім отаным бақ дәулетім

Болашағым өнер білім өркенім
Ән «Қазақстаным ұлы Отаным – ай» орындайтындар Есенғалиева Шамшырақ пен Уканова Ұлпан.
/Сахна жабылады , хорға дайындалады/

Көркем сөз /Сахна сыртында/



/Көркем сөзден соң сахна ашылады/
І жүргізуші:

Байтақ дала – жерім менің


Арта берсін кенің сенің
Көк байрағың желбіресін 
Егеменді елім менің
Хор «Егемен Қазақстан» жеке дауыста Шамшырақ Есенғалиева
І жүргізуші:

Бүгінде біз тәуелсіздіктің тәтті дәмін татып бақытты мемлекетте бақытты өмір сүріп жатырмыз

Ол үшін аға буын алдында жас ұрпақ мәңгілік қарыздармыз !

Көзіміздің қарашығындай қымбатты тәуелсіздіктің маңызын жас ұрпақ үшін өте зор !


ІІ жүргізуші:

Отанымыз тыныштықта

Еліміз бейбітшілікте болып,

Күн сәулесі бақыт нұрын шашсын


І жүргізуші:

Құрметті ұстаздар және оқушылар, қадірлі қонақтар !

16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне арналған «Тәуелсіздік – қасиет тұнған ұлы ұғым» атты фестивалі өз мәресіне жетті.

Көріп тамашалағандарыңызға көп рахмет !

«Жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі» КММ

/ фестиваль/


Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Чукина Ж.Е.

Ұзынкөл - 2017
Каталог: doc
doc -> Английские слова и выражения в оригинальном написании a horse! a horse! MY KINGDOM FOR a horse! англ букв. «Коня! Коня! Мое царство за коня!»
doc -> Викторина по пьесе В. Шекспира «Гамлет, принц Датский»
doc -> Егемен Қазақстан. – 2014. №176. – 10 қыркүйек Біржан С. Елім менің – Қазақстан
doc -> Республиканский форум «Технологические инновации библиотек для информационного общества», Усть-Каменогорск, 10-11 октября 2012 г
doc -> Әож 373. 016;821. 512. 122 Қолжазба құқығында
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет