Іі кіші топќа ўйымдастырылєан оќу іс-јрекетініѕ



жүктеу 54.67 Kb.
Дата06.01.2018
өлшемі54.67 Kb.

ІІ кіші тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің

технологиялық картасы

Мерзімі: 07.12. 2016 ж.

Білім беру салалары: «Әлеумет», «Шығармашылық»

Бөлімдері: «Қоршаған ортамен танысу», «Аппликация»

Тақырыбы: «Қоян тонын неге ауыстырады?»

Мақсаты: балаларға қоян туралы мәлімет беру.

Міндеттері:

Білімділік: қарапайым эксперимент жасауға үйрету;

Дамытушылық: тақырып төңірегінде әңгімеге тарта отырып, сөздік қорларын жаңа сөздермен толықтыру, ұсақ қол моторикасын дамыту;

Тәрбиелік: ұқыптылықпен, сабырлықпен жұмыс жасауға баулып, достарына деген жылы және мейірімді қарым – қатынасқа тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: «көжек»

Үштілдік компоненет: қыс – зима – winter, түлкі – лиса – fox, қоян – заяц – rabbit

Керекті құрал – жабдықтар: әр балаға ақ түсті және сұр түсті парақтар мен ақ түсті қояндар


Әрекет

Кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті



Мотивациялық-

Қозғаушылық

Шаттық шеңбер:

Амансың ба, алтын Күн!

Амансың ба, көк Аспан!

Амансың ба, достарым!

Сендерді көрсем қуанам!


  • Балалар, мен сендерге бір бейне жазба көруді ұсынамын.

Жарты шеңберге тұрады, бірге айтады. Бір – бірімен құшақтасып, амандасады.




Ұйымдастыру– іздестіру

Мультфильмнен үзінді көрсету.

(үзінді сюжеті бойынша қыстыгүні жабайы аң қарды иіскеп, бірдеңе іздеп жүреді )



Әңгімелесу.

  • Қалай ойлайсыңдар бұл аңдар нені іздеп жүр екен?

  • Білгілерің келеді ме?

  • Онда ,не екенін табу үшін бір жұмбақ шешіп көрейік.

Жұмбақ жасырады.

Ұзын құлақ қорқақпын,

Үлпілдек жүн томпақпын.

Сәбізді жақсы көремін,

Үнемі қашып жүремін


  • Ол не?

(автор: А. Темирбековна)

  • Дұрыс, бұл – қоян. Ал , енді осы қоян туралы біраз біліп алайық.

  • Ол үшін компьютер экранына назар аударайық.

Қоян туралы ақпараттық слайд көрсету.

(қоянның дене мүшелерін атап айту, тонын ауыстыратыны жайлы мағлұмат беру, қоянның сүйікті тағамы, мінезі жайлы айтып өту)



Тақпақ айтқызу.

  • Балалар, кім қоян туралы тақпақ айтып береді?




  • Қоян неден қорқады?

  • Міне, қазір түлкі туралы өлең жолдарын айтып сергіп алайық.

Сергіту сәті:

Түлкі, түлкі, түлкімін.

Көрдің бе түсін тонымның?

Қара етік киемін,

Бойымда жоқ бір мінім!

*

Иә,біраз айлам бар,



Айладан түсер пайдам бар.

Жолап кетсем қораңа,

Тауықтарың жоғалар.

*

Сезіп қалсам бір пәле,



Табалмастай қашамын.

Үлпілдеген құйрықпен,

Ізімді әркез жабамын.

(автор: А. Темирбековна)




  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Қыста табиғатта қандай өзгерістер болады?




  • Иә, дұрыс айтасыңдар!

  • Қыс орыс тілінде – «зима», ал ағылшын тілінде – «winter» болады.




  • Балалар, қоян қыста өзінің дұшпандарынан қалай тығылатынын білгілерің келеді ме?

Тәжірибе.

  • Ендеше, қызықты тәжірибе жасап көрейік.

  • Жаз мезгілінде қоян міне мынадай сұр тонын киіп жүреді. Ал қыс мезгілінде қоян үстіндегі тонын ақ түске ауыстырады. Себебі қыс мезгілінде далада көп қар жауады.

  • Қардың түсі қандай?

  • Дұрыс, қардың түсі ақ, міне қоян да ақ қардың арасынан көрінбей қалу үшін өзінің тонының түсін ақ түске ауыстырады. Бірінші ақ қояндарыңды сұр түсті қағаздың бетіне қойып көрейікші.

  • Сұр қағаздың бетінен бірден көрініп тұр ма?

  • Иә! Біз көріп тұрғандай басқа да аңдар көріп қояды екен. Енді ақ қояндарымызды ақ қағаздың бетіне қойып көрейікші. Қатты көріне ме?

  • Жоқ, көрінбей қалады. Басқа аңдар да аппақ қоянды аппақ қардың арасынан көре алмай қалады екен.

Қорытынды:

  • Ақ қарда ақ қоян көрінбейді!

Тыныс алу гимнастикасы.

  • Балалар, біздің топқа сиқырлы бұлттар үйріліпті. Олардан қар жауып тұр. Қарға үрлесек, ақ мамық болып түседі екен. Біз бұл ақ мамықтардан өзімізге дос жасап аламыз.

Балаларға бұлттардан жіптермен салбырап тұрған қарларға үрлеуге ұсыныс жасайды.

  • Енді, алдарыңда жатқан қоянның бейнесіне ақ мақта жапсырып, әшекейлейік.

«Шыршаның артында не жасырынған?» дидактикалық ойыны

Балаларға әртүрлі шыршаның артына жасырынған бір аңның суреті бар, суреттер таратылады. Бұл суреттерде, сол аңдардың бір дене мүшесі көрініп қалған. Осы дене мүшесі бойынша, қай аңның үйі екенін тауып алуды ұсынады.


Қызыға сюжет тамашалайды.

Болжауларын айтады.


  • Білмейміз.

  • Иә.

Қуана келіседі.

Мұқият тыңдайды, ойланады, шешуін табуға тырысады.




  • Бұл – қоян.

Барлығы компьютерге қарайды, ақпаратты мұқият тыңдайды.


Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы – қырлы жерлермен,

Ытқып, ытқып секірді.

*

Қарап еді артына,



Қиығын сап көзінің.

Келе жатқан томпаңдап,

Көжегі екен өзінің.

*

Кішкене сұр қоянмын,



Бүгін ерте ояндым.

Орманда еркін жүгіріп,

Өзіме азық жинадым.

*

Мен сәбізді сүйемін,



Ақ тонымды киемін.

Қасқыр менен түлкіден,

Жасырынып жүремін.

Қимылдарын келтіріп, тәрбиешімен бірге орындайды.





  • Қыс мезгілі.

  • Қар жауады.

  • Аяз болады.

  • Адамдар жылы киім киеді.

Үш тілдегі баламасын қайталап, есте сақтауға тырысады.

  • Иә!

Мұқият, қызыға тыңдайды.

Мұқият, қызыға тыңдайды.

Бұлттардан жіптермен салбырап тұрған қарларға үрлейді.

Қоян пішінінде қиылған қағаз бетіне ақ мақта жапсырады.

Жасырынған аңды тауып, өз сөздерін дәлелдеп береді.



Рефлексивті– түзетушілік


Қорытынды:

  • Балалар, біз бүгін не туралы сөйлестік?

  • Қоян қыста тонын қандай түске ауыстырады екен?

  • Қоян тонын неге ауыстырады?




  • Қоян туралы сөйлестік.

  • Қыста қоян ақ түске ауыстырады.

  • Дұшпандарынан қорғану үшін.


Күтілетін нәтиже:
Білу керек:

Болу керек: қарапайым тәжірибе жасау іскерліктері;

Істей білу керек: сұрақтарға толық жауап береді, тәжірибе жасай алады, тәрбиешінің нұсқаулығы бойынша өздігінен әрекет ете алады.

Тәрбиеші: А. Т. Тусипжанова – Шагирова

Тексерілді: ____________
Каталог: uploads -> doc -> 0a9d
doc -> Тест сынып Ұлы Отан соғысы нұсқа
doc -> Пєн атауы: Математика
doc -> Сабаќтыњ тарихы: ХІХ ѓасырдыњ 60-70 жылдарындаѓы ќазаќ халќыныњ отарлыќ езгіге ќарсы азаттыќ к‰ресі
doc -> 1 -сынып, аптасына сағат, барлығы 34 сағат Кіріспе (1 сағат)
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақтың тақырыбы: XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы
0a9d -> Сабақтың тақырыбы: Химиялық байланыс және зат құрылысы Сабақтың мақсаты
0a9d -> Сабақ тақырыбы: Сөздердің байланысу түрлері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет