Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



жүктеу 5.26 Mb.
бет14/26
Дата01.03.2018
өлшемі5.26 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

Сұраулы сөйлемнің қызметі жағынан бөлінуі
Сұраулы сөйлемдер диалог, сөйлесу ситуациясының әр кезеңіне сай түрліше құрылып жұмсалады. Сұраулы сөйлемдерді бұл жөнін ескергенде үш топқа бөлуге болады: негізгі сұрақты б і л д і р е т і н сөйлемдер, жетек сұрақты білдіретін сөйлемдер, анықтағыш сұрақты білдіретін сөйлемдер.

1. Негізгі сұрақты білдіретін сөйлем диалогке желі болып отырған таңырыпты әңгімелеудің бастапқы кезеңінде жұмсалады. Негізгі сұраққа мысал ретінде мына сөйлемдерді келтіруге болады: Ей, сен бала директордың шопыры емессің бе? (Нұрманов). Қай ауылдың баласысың, шырағым?

Негізгі сұрақ сұраулы сөздердің (не істеді, қашан, қанша, кім, не, кімде, қайда, неге т. б.), ма, ме, па, пе шылаулардың қатысуымен жасалады. Бұл негізгі амалдарға көмекші ретінде интонация қаты-сады.

Сұраулы сөйлемдердің бұл түрі бір заттың, құбылыстың белгісін білу үшін қойылған бастапңы, әрі негізгі сұрақты білдіреді. Оның ерекшелігі жетек сұрақтармен салыстырғанда толық көрінеді.

2. Жетек сұрақ негізгі сұраққа жауап алу үстінде қосымша туған ойға байланысты сұрақты білдіреді. Бұл сұрақтың функ-циялық ерекшелігін мына мысалдан көруге болады.

Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағайындасақ екен?

Бұған Ілияс дайын тұр. Білімі де, тәжірибесі де сай.

С е н ө з і ң ш е?

Бұл мысалдағы негізгі сұрақ «Бұл құрылысқа бас инженер қылып кімді тағайыпдасақ екен?» Сөйлеуші осы сұраққа жауап ала отырып, тыңдаушыға іліктес тағы сұрақ қойып отыр. Сен өзің ше? Соңғы — жетек сүрақ.

Жетек сұрақтар әр уақытта негізгі сұраққа арка сүйеп жұмсалады. Бұл оның құрамына әсер етеді. Жетек сұрақтар толымсыз болып құралады, көбіне тек сұрақ мағыналы сөзден ғана тұрады.

116
Естіп пе ең, келді ғой?

Кім?

Әбіл.

Қайда?

Осында! (Майлин).

Жетек сұрақ тек сұраулы сөзден құралғанмен, оған қатысты сөз-дер негізгі сұрақтан көрініп тұрады.

Ашық сұрақ мағынасындағы сөйлемдер жетекші қызметінде кел-генде ілгергідей ңұралады. Ол тек сұрак, мағыналы сөздерден құра-лады.

Жетек сұрақ альтернативтік мағынада келгенде ше шылауының қатысуымен құралады. Бұл жетек сұрақ та толымсыз болып келеді. Альтернативті білдіретін мүше ше-ні қосып сөйлем құрайды. Қаты-сатын сөйлем мүшелері бастауыш, толықтауыш, пысықтауыш. Жетек сұрақ баяндауыш мүшені қатыстырып құралмайды. Өйткені бұл сөйлем негізгі сұраққа, негізгі сұрақты білдіретін сөйлемге сүйеніп жұмсалады. Соңғы жағдай — жетек сұрақ білдіретін сөйлемдердің еш уақытта баяндауыш мүшеден құралмауына себеп, мыс.:

Әлде Донбастың күші жетпеді ме? Донбастың күші жете-тін еді, соғыс басталып кетті де, біз үлгіре алмадық.

А л соғыстан бұрын ше? (Әбішев).

Жетек сұрақ кейде шартты бағыныңқы сөйлем + шылау ше фор-масында келеді.

Су шықпайтын жер екен.

Жауын көп қой.

Ж ауын б о л м а й қ а л с а ш е?

Мұнда да жетек сұрақ білдіретін сөйлем тиянақты форма алмай тұр. Өйткені бұл формада да жетек сұрақ негізгі сұрақтың жетегінде жұмсалады.

Бұл формадары жетек сұрақ негізгі сұрақты екінші жақ сөйлесу-шінің жауабына қарай коррективтеп қайта қояды. Бірақ ол негізгі сұрақты қайталамай, тек сұрақтың толықтырылган, жаңарған бөлі-гін — жаңа ситуацияны ғана — білдіреді.

Жетек сұрақты білдіретін сөйлем — сөйлесу процесін ықшамды, жинақы ету мақсатынан пайда болған форма.

Канал «Қараойға» жетті ме?

Жоқ.

Жалтырға ше?

Соңгы сұрақты «Ал жалтырға жетті ме?» деп те айтуға болар еді. Бірақ тілімізде, көбіне, қосымша сұрақты ықшам білдіру үшін арнап жасалған форма басым жұмсалады.

Сонымен, ше шылау сөзі арқылы құралған сөйлем — стильдік мақсаттан туып, белгілі ситуацияға бейімделген синтаксистік форма, сұраулы сөйлемдердің бір түрі. ше шылауын қатыстырып ерекше тұлға алуы — жетек сұрақтың тілде орын алған ерекше синтаксистік категория екенін дәлелдейді.

3. Анықтауыш сұрақты білдіретін с ө й л е м д е р. Бұл сұраулы сөйлемдер екінші жақтың сөзін анықтап алу үшін қойылған сұрақты білдіреді.

Бұл кісілер қай елдікі?

Сабынкөлдікі.

Сабынкөлдікі?

Иә, Сабынкөлдікі (Майлин).

Мирон: Біз мұны. заводсыз-ақ дәл мехцехтың өзінде жасап шы-ғарамыз.

Мырқал: Мехцехтың өзінде?

117
Мирон: Иә, өзінде (Әбішев).

Бұл диалогтегі анықтағыш сұрақты білдіретін сөйлем тек инто-нация арқылы форма алып тұр. Оған шылау, сұраулық сөздер қатыс-паған. Бұл амал — анықтағыш сұраққа тән амал. Және бұл хабар білдіретін сөзге қатысты қойылатын анықтағыш сұрақтың формасы.

Екінші жақтың сұрағына қатысты қойылғанда анықтағыш сұрақ басқа формада құралады.

Күздік бас алды ма?

Күздік пе, күздік биыл кеш көтерілді.

Бұл диалогте күздік пе — анықтағыш сұрақты білдіреді. Ол екінші жақтың сұрағын анықтап алу үшін айтылып отыр. Сөйлеуші кейде оған жауап күтпейді.

Анықтағыш сұрақ екінші жақ қойған сұраққа байланысты қой-ылғанда анықтағыш сұрақты білдіретін сөйлем ма, ме, па, пе, ба, бе шылауларының көмегімен құралады.

Анықтағыш сұрақтар да диалогтік ситуацияға сүйеніп жұмсала-тын болғандықтан ылғи толымсыз болып келеді.
Сұраулы сөйлемнің мағынасына қарай бөлінуі
Ілгергі тарауда сұраулы сөйлемдердің диалогтік ситуацияның әр кезеңіне сай түр-түрге бөлініп жұмсалатынын айттық. Сұраулы сөй-лемдер сұрақтың ішкі логикалық мазмұнына қарай да өз ара бөлініп; жатады. Сұрақтың іштей логикалық мазмұнына қарай бөлінуі тілден арнайы форма табады. Сондықтан да тіл ғылымы сұраулы сөйлем-дердің бойындағы бұл құбылысты да елеусіз қалдыра алмайды.

Сұрақты логиктер мазмұнына қарай,негізінен,екі топқа бөліп жүр7. Топтаудың принципі логиктердің бәріне ортақ болғанмен, дұрыс тұжырымдап, тиісті атауын дәл тауып бергендер — П. А. Бернш- тейн мен А. Н. Шрамм 8. Бұл авторлар сұрауды жалпы сұрақ (общий вопрос), альтернативтік сұрақ (альтернативный вопрос) деп екі топқа бөледі. Біз сұраулы сөйлемдердің логикалық мазмұнына негізделіп бөлінуін танығанда осы авторлардың принципін, қолданған терминдерін ескеріп отырдық.

Сұраулы сөйлемдерді логикалық мазмұнын, логикалық мазмұ- нына сай форма қалыптастыруын ескергенде біз төрт топқа бөлдік: ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, а л ь т е р н а т и в т і к сұрақты білдіретін сұраулы сөйлемдер, р и т о р и к а л ы қ мазмұндағы сұраулы сөйлемдер, түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер.
Ашық сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем
Сұраулы сөйлемдердің бұл түріне тән мағыналық ерекшелік - мұнда сұраққа негіз болып отырған, іздеулі болып отырған мүше белгісіз болып келеді. Сондықтан іздеулі мүшенің орнына кім, не, қайда, неде, қандай, не істеді деген сияқты сұрақ мағыналы сөздер жұмса-| лады.

Ау, Несібәлі қайда?

Мен мұндамын (Майлин).

7 Сұрақты логикалық мазмұнына қарай ажырату алғаш мына еңбектерді байқалады: П. С. Попов. «Суждение и предложение». В сб. «Вопросы синтаксиса современного русского языка». М., 1950, 12-бет; П. В. Ч е с н о к о в. Жоғары аталған еңбегі, 15-бет.

8 П. А. Б е р н ш т е й н, А. Н. Ш р а м м. Аталған еңбек, 197-бет.

118
Бұл сұраулы сөйлемде іздеулі болып отырған — мекен мағыналы предикат мүше. Ол мүше, оның белгілері туралы сұрақ қоюшы ешнәрсе білмейді. Сондықтан да ол сұрақты ашық түрде қойып отыр. Бұл сұрақтың жауабы еркін болады. Мен мұндамын, Немесе: Мен үйдемін т. б.

Ашық сұрақ өз ара мағына ерекшелігіне қарай іштей бөлінеді. Соған қарай ашық сұрақты білдіретін сөйлемдер де өз ара бес топқа бөлінеді 9.

1. Субъектінің іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдер кім? не? деген сөздердің қатысуы арқылы құралады.

Оның сілесін к і м қатырыпты?

Тағы, н е боп қалды? (Әбішев).

2. Субъектінің ісін, предикативтік сапасын, сынының іздеулі еке-нін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдер не істеді? қайтті? кім? не? қандай? неше? қайда? деген сұраулы сөздердің қатысуымен құралады.

Келгеніңізге екі ай болды, не істедіңіз? ...сонда айтпағың не? На-мыс қайда, жігер қайда? (Әбішев).

3. Іс, қимыл объектісі іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлем-дер. Бұл сөйлемдер кімді? нені? кімге? неге? деген сұраулы есімдік-тердің қатысуымен құралады.



Сәулеш, сен кімге ызаландың, маған ба? (Әбішев).

4. Іс, қимылдың сапасының, себебінің, мекенінің, мезгілінің із-деулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдер қалай? не үшін? неге? қашан? қайда? т. б. сөздердің қатысуымен құралады.



Қайда әлгі Мырқал? Олар не үшін қалды? Ол айдаудан қашан қайтыпты? (Әбішев).

5. Зат сапасының, сынының іздеулі екенін білдіретін сұраулы сөйлемдер. Бұл сөйлемдер қандай? неше? қай? деген сөздердің қатысуымен құралады.


Альтернативтік сұрақты білдіретін сұраулы сөйлем
Альтернативтік сұрақта жауаптың ізі белгілі болады. Ашық сұ-рақта іздеулі мүше түгел белгісіз болып, оның орнына сұраулық мағынадағы сөздер жұмсалатынын ілгеріде айтқанбыз. Альтернатив-тік сұрақта іздеуге із болып альтернатив сапа, іс аталады. Ол сапа, іс атаулы сөздер арқылы көрінеді де, олардың сұраулық мағынада ай-тылып тұрғанын шылау ма, ме (ба, бе, па, пе) білдіреді.

Осы сөзге сен тоқтайсың ба, тоқтамайсың ба?



Қыр соңыңнан қалмай жүрген қыздар ма, қырсық па? (Әбішев). Жауап осы альтернатив сапа, істі негізге алып құрылады. Негізге алып, ескеріп құрылады дегеніміз — жауап сұрақта айтылған альтернативтің аясында ғана қалып қоймайды. Жауап, сұрақ берушінің білгенінен, жорамалынан шет болуы мүмкін. Альтернатив сұрақ тек сұрақ қоюшы жақтың білімін, жорамалын танытады.

А,құдай, немене, Нұрлан келді ме?

Жоқ, сіздің Абзалыңыз обкомның екінші секретары болыпты, (Әбішев).

Бұл айтқандарымыз — альтернативтік сұрақты білдіретін сөй-лемдердің мағыналық ерекшелігі. Мағынасына сай бұл сөйлем-дердің



9 Сұраулы сөйлемдерді бұлай бөлгенде, біз 0. А. Арзумянның еңбегін еске алын отырмыз. О. А. А р з у м я н. Вопросительные предложения в персидском языке. Автореферат канд. диссертации. М., 1965.

119
өзіне тән грамматикалық формасы бар. Ол форманы қалыптасты-ратын — ма, ме (па, пе, ба, бе) шылаулары.

Альтернативтік сүрақты білдіретін сөйлемде іздеулі мүшелердің екеу болып келуі шарт емес. Кейде ол мүше біреу-ақ болып келеді.

Ертең біздікіне келесіз бе? Бірсыпыра істер бар еді, соны қа-лай қылу туралы сөйлесеміз бе? (Майлин).

Мұндайда да сұрақ альтернативтік мәнінен ажырамайды. Өйткені екінші альтернатив мүше (келмейсіз бе?) ойда тұрады.

Сұраулы сөйлемдегі альтернатив екі мүше бірі болымды, бірі бо-лымсыз формада тұрған бір сөзден болғанда, екінші сыңары болып кейде тек жоқ жұмсалады 10.

Барамысың, жоқ па? (Майлин).

Сен осы колхоздың бастыгысың ба, жоқ па?

Бұл — сөзді жинақы ету мақсатынан туған стильдік амал.

ма, ме — баяндауыштың позицияға қатысты жұмсалатын шылау. Ол, негізінен, баяндауыш мүшеге жалғасып жұмсалады. Шылаудың бұл қасиеті сұраулы сөйлемнің құрамына, іздеулі мүшені альтернатив ретімен таныту амалына әсер етеді.

ма, ме іздеулі объект баяндауыш мүше арқылы білдіргенде ғана сөйлемнің қалыпты тәртібін бұзбай жұмсалады: Қаз қайтты ма? 0т қалың ба? т. б.

Іздеулі мүше баяндауыштан басқа болғанда оны ситуация, сөйлем мүшесінің орын тәртібі, екпін байқататын болады. Бұл жай мына мысалдардан жақсы көрінеді.



Профессор мені шақырды ма?

Мені профессор шақырды ма?

Бірінші сөйлемде іздеулі альтернатив мүше мені ме, екінші сөй- лемде — профессор ма. Осы екі жайда іздеулі мүшелер екпінмен ай-тылады, әрі толықтауыш, бастауыш мүшелер іздеулі объектіні білдірген жайда, олар баяндауышқа жақын тұрып орын таңдайды.

Бірақ тілде бастауыш және басқа тұрлаусыз мүшелер іздеуліі болғанын анық, дәл білдіру үшін жұмсалатын параллель конструк-циялар бар. Ол конструкцияның ерекшелігін мына мысалдар таны-тады.

Бәтеңкенің тұмсығы қ а н д а й, ж а й п а қ па, с ү й і р ме?(Майлин). Сәулеш, сен к і м г е ызалысың, мағ ан б а (Әбішев)!

Құдалар қ а й д а н қайтты, Қаракемерден б е?

Астыққа н е ш е қатынадың, б е с п е?

Сұрау алдымен ашық түрде құралады да, соңынан сұрақ альтер -натив мазмұнға еніп анықтала түседі. Бұл тек ой процесінің ізін бағып құралған конструкция емес, бүл ма, ме шылауларының жұмсалу ерекшелігіне, позиция таңдауына байланысты қалыптасқан конструкция.


Риторикалық сұрақты білдіретін сөйлем
Сөйлеу практикасында сұраулы сөйлемнің формасы ерекше мақ -сат үшін жұмсалып тұрады. Көлік кеше қайтпап па еді! дегенде сөйлем сұрау формасында тұрғанмен, беретін мағынасы өзгеше.
10 Сұраулы сөйлемнің құрамындағы бұл альтернатив сыңар жауап сөйлемнің басында ұшырасатын сөзді қатыстыру арқылы жасалады.

Тауға жол түсіп пе?

Жоқ, түскен жоқ.

Жоқ — альтернатив жауаптың бір сыңары. Сондықтан да ол сұраулы сөйлемге төл сөз ретінде қатыстырылады. Бірақ қазір ол төл сөз мәнінен ажырап, болымды формада айтылған мүшенің альтерна-тиві ретінде жұмсалады.

120
Сөйлем арқылы сөйлеуші болған, өзі білетін оқиғаны баяндап тұр. Бұл хабарды Көлік кеше қайтып еді ғой деп те айтуға болар еді. Бірақ осы екі сөйлемді салыстырсақ, бірінші сөйлемнің мойнына жүктелген коммуникативтік (функционалдық) міндет айқын көрінеді. Бірінші сөйлем оқиғаны тек хабарлап қоймай, оны тыңдаушыға құптату, мойындатуды міндет етіп құрылып отыр. Ол сөйлем тыңдаушыдан құптаған, мойындаған жауап алу үшін айтылып отыр. Ол үшін сөйлем эмоционалды, әсерлі болу керек. Сөйлеушінің өзі білетін жайды сұрақ формалы сөйлеммен айтуы осы мақсатқа байланысты.

Сөйлемнің бұл структуралық-мағыналық түрін тіл ғылымы риторикалық сұрақтар деген атпен бөліп алып қарап жүр.

Дауыс ырғағының қатысуы жағынан жай сұраулы сөйлемдерге ұқсас болғанмен, риторикалық сұрақтар ерекше жігермен, екпінмен айтылады. Интонациядағы бұл ерекшелікті беретін — дыбыс күшінің (амплитуданың) әсерлі болуы. Сөйлемдегі екпін түсетін сөз ерекше қарқынмен айтылады. Бұл жағынан риторикалық сұрақтың айтылуы лепті сөйлемдерге жақын п.

Риторикалық сұрақтардың болымды, болымсыз түрінің жұмса-луында орныққан заңдылык, бар.

Риторикалық сұрақтың мойнындағы коммуникативтік міндетті ілгеріде атадық. Сөйлемнің болымды, болымсыз түрінің жұмсалуы осы коммуникативтік міндетке байланысты. Сөйлеуші риторикалық сұрақты өзінің ойына қарсы формада құрайды:

Ол маған жолықты ма! (сөйлеуші кісінің жолықпағандығын ай-тып отыр). Ол маған сонда жолықпады ма! (сөйлеуші кісінің жолыққандығын айтып отыр).

Тыңдаушы жаққа болған оқиғаны, істі мойындату, құптату үшін ой эмоционалды, полемикалы түрде айтылуға тиіс. Риторикалық сұ-рақтың болымды, болымсыз түрінің жұмсалуы осы мақсатқа байла-нысты қалыптасқан.



Болған іске реакция тудыру үшін жұмсалатьш риторикалық сұрақтар:

Сен Мүхамеджанды сүйреп алып шыққанда, мен сенің атыңды ұстап түрмап па едім? (Майлин). Әбілет неме-ау, мен саған күні бойы-қақсағаным жоқ па! (Нұрманов). Мен соған келіп тұрғам жоқ емеспін бе! Сонда көрмедің бе оны! Жап-жас адам осы іске барушы ма еді. Ол әлі бала емес пе! Мен дәл кезінде жеттім емес пе! Өзім өз болып бір іс тындырдым емес пе! (Нұрманов).

Болмаған іске реакция тудыру үшін жұмсалатын риторикалық сұрақтар.

Сөйлетіп отырсың ба мені! (Майлин).

Ол маған көнді ме! Бухгалтердің қатыны мұндайдан қалған ба! Осы да жөн бе! Демесін бұрын Бәкенді теңеп пе еді! (Майлин).

Мысалдардан риторикалық сұрақты білдіретін сөйлемдердің қан-дай форма алатынын анық көруге болады. Риторикалық сөйлемдер, негізінен, альтернатив сұрақ формасына сүйеніп құралады.

Тілімізде ашық сұрақ формасы риторикалық сұрақ ретінде жұм-салатыны бар. Олар мына құрамда келеді: бастауышы тәуелденген -ған формалы есімшеден болыл, баяндауыш орнына қайда, қайсы сөздері жұмсалады.

Сенің абдыраңның ішінен табылғаны қайда! Таныс болса, сол! Қылышын сүйретіп қыс келеді. Оны ойлағаның қайсы! (Мұхамед-жанов).

11 Н. У. Туркбенбаев. Интонация вопросительного предложения в казахском языке, автореферат канд. дисс, 1961, 1О-бет.

121
Есімше сөзден жасалған анықтауышты қатыстырған ситуацияда тұрып кейде кім бар деген тіркес те риторикалық сұрақ мағына-сында келеді.



Осыған қызығатын кім бар! Саумадым деп отырған кім бар!

Риторикалық сұрақтың міндеті тыңдаушыдан мойындаған, құп-таған жауап алу екенін біз ілгеріде айттық. Бұл риторикалық сұрақ-ты сұраулы сөйлем тобына жақындатады. Бірақ риторикалық сұрақ- тың тұжырымды пікірді мазмұн етуі оның формаларына сұраулы сөйлемдерден бөлек өмір, даму бермей қоймайды. Риторикалық сұрақ, білдіретін сөйлемдердің аясында формалары өз ара жүйеге түсу, ыңғайласу процестерінің бар екені байқалады. Бұған дәлел — дым емес пе формалы баяндауыш. Бұл тек риторикалық сөйлем аясында ұшырайтын форма. Бұл -ған жоқ емеспін бе, есім сөз + емес пе (жас емес пе) сияқты формалардың ықпалымен тілде болып жатқан теңестіру процесін байқатады. Осы сияқты процестердің ықпалымен риторикалық сұрақ формалары оқшауланып, бөлек категория ретінде қалыптасуда.


Түрткі сұрақтарды білдіретін сөйлем
Сұрақ көп жағдайда хабар алу үшін емес, тыңдаушыны бір іске жұмсау үшін, іске бағыттау үшін айтылады, мыс.: Қатын-ай, үйі құ-рығыр азынап кетті ғой, тағы бірдеме тауып жағасың ба? (Майлин).

Мұндай жағдайда ойдың бұйрық мәнде айтылмай, сұрақ мәнде, сұраулы сөйлем формасында айтылуы ерекше коммуникативтік мақ-сатқа байланысты. Ол мақсат — тілекті ізетпен, сыпайы білдіру. Осы мақсат үшін сұраулы сөйлемнің формасы пайдаланылып отыр.

Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемдер мағынасына сай мынандай екі грамматикалық формада көрінеді.

1. Түрткі сұрақты білдіретін сөйлемнің баяндауышы ауыспалы келер шақ етістік сөз + ма, ме-ден құралады.



Мен бұзауларға су әкеліп берейін, шөлдеп тұрған көрінеді. Сен «төремді» шақыртасың ба, жаздыртатын қағаздарымыз бар еді (Майлин).

Балам-ау осыны Тасқұдыққа жеткізіп тастамайсың ба?

Альтернативтің болымсыз мәндісін қатыстыру да (жеткізіп тас-тайсың ба жеткізіп тастамайсың ба) сөзге сыпайылық өң берудің бір амалы ретінде жұмсалады.

Болымсыз формадағы етістік бұл ситуацияда істі болдыру, соған түрткі салу үшін жұмсалып тұрғандықтан, ол болымды мағынада та-нылады. Болымсыздық мағынасы көмескіленіп кетеді.

Сұраулы сөйлемдердің түрткі сұрақ мағынасы, әсіресе, мына конструкциялардан айқын көрінеді:



Айтсаң, тезірек айтпайсың ба! Ұстасаң, ұстамайсың ба ертерек.

2. Неге сөзінің қатысуымен құралған сұраулы сөйлемдер де түрткі сұрақты білдіру үшін жұмсалады. Бұл жағдайда сөйлемдердің баяндауышы тек ауыспалы келер шаң етістік сөзден жасалады.

Папа-ау, дала әдемі-ақ, азырақ далаға шығып неге бой көтер-мейсіңдер (Майлин).
Б¥ЙРЫҚТЫ СӨЙЛЕМ
Бұйрықты сөйлемдер бұйыруды, өтінішті білдіреді. Бұйрықты-сөйлемдерге грамматикалық форма беретін баяндауыш мүше, интонация. і

Бұйрықты сөйлемдердің баяндауыштары бүйрық рай, қалау рай етістіктерден болады.

122
Үйден шықпаңдар! Отты байқап отырыңдар! Әзір Қозыбақ жұ-мысының арты басылсын! (Әуезов). Бұлармен жақынырақ танысайын (Сейфуллин). Әй, Бақтықұл, жөніңе көшсеңші! (Әуезов).

Бұйрықты сөйлемдер ерекше интонациямен айтылады. Дауыс ырғағы екпін түсетін сөзде аса көтеріңкі келеді. Бұл сұраулы сөйлемдерден көп көтеріңкі. Бұйрықты сөйлем мұның үстіне аса күшті қарқынмен айтылады. Дауыс қарқыны екпін түсетін сөзде қатты болады.


ЛЕПТІ СӨЙЛЕМ
Тіл ойды тек хабарлап қана қоймай, сөйлеушінің эмоционалдық қатынасын қоса танытады. Тілдің бұл қасиеті әсіресе ауыз екі сөй-леу тілінен анық көрінеді.

Тілде сөйлеушінің эмоциясын білдіретін амал көп. Сол амалдар-дың бірі — одағай сөздер, демеуліктер. Бірақ тілдің сөздік қорында басқа да эмоциялық өң беретін сөздер көп. Бұл ретте өте, орасан, қалай деген сияқты сөздерді атауға болады. Бұл сөздер тиісті ситуацияда сөйлеушінің эмоциясын білдіруге көмек болып жұмсалады. Бірақ эмоцияны білдіруде ең басты қызмет атқаратын амал — интонация. Эмоцияны танытатын интонация қатысып, сөйлемдердің қайсысына болса да (хабарлы сөйлемге де, сұраулы сөйлемге де, бұйрықты сөйлемге де) леп қосады,,



Мынау сол ауылдың мүғалімі ғой! Жоқ, қайнага, өтірікке мөр баса алмаймын! Түс аттан! Құдай-ай, мен неғып мұндай құбыжық болдым? (Майлин).

Осы сөйлемдер тиісті интонацияда айтылып, сөйлеушінің эмоция-сын қоса білдіріп отыр. Ол эмоциялық мағына, — таңдану, бір әрекетке бел байлау т. б. Сөйлемдер интонациядан ажыраса, бұл эмоциялық мағына да жоғалады.

Эмоцияны білдіретін интонацияның структурасы білдіретін ма-ғынаға қарай, экспрессивтік өң беруге жәрдемші лексикалық амал-дардың қатысуына қарай түрлі-түрлі болып қалыптасады. Оны мына мысалдардан көруге болады.

Мұқыш: Әй, Рақмет, Ақтанның қаладан шақыртқан отряды қа-шан келеді екен, білдің бе?

Рақмет: Қ а й д а ғ ы отряд?

Мұқыш: Білмегенің! (Майлин).

Әсіресе әнеубір сабы кішкентай, қалақтай ғана жалтырауығын айтсаңшы! (Тілегенов).

Бірінші, екінші мысал мысқылмен, сенімсіздікпен айтылған. Осыған орай сөйлемдегі предикат мүше сәл созылыңқы айтылады. Үшінші мысалда сөйлем таңдану, масаттануды білдіреді. Мағынасы-на қарай сөйлем тиісті интонациялық кейіп алып отыр.

Сөйлемге экспрессивтік мән беруші сөздер қатысқанда, сол сөз-дерге екпін түсіріле айтылады. Бұл интонацияға ерекше қалып қо-сады.

Бізді қайбір маңдайымыздан сипап отыр. Жүздерін ж ы р т а - ж ы р т а айтамын (Майлин).

Бірақ эмоцияны білдіру сөйлемге интонация арқылы жамау қал-пында көрініп қана қоймайды. Эмоцияны білдіру — коммуникатив-тік мақсаттың басты элементі. Сондықтан ол сөйлемнің белгілі структуралық түрлерін өзіне бейімдейді. Лепті сөйлемдер эмоцияны білдіру міндетіне екі жақтан бейімделген: а) құрамы жағынан; ә) баяндауыш мүшенің формасы жағынан.

123
Құрамы жағынан бейімделген лепті сөйлем
1. Атаулы сөйлем формасы — ойға эмоцияны қоса білдіруге жақсы бейімделген тіл амалдарының бірі. Эмоцияны білдіруге арналған атаулы сөйлемдер ылғи изафеттік тіркестен құралады, мыс.:

Жаздың ыстығы-ай! Я, сенгенім! Сенің жоқ жерде кісімситінің-ай!

Бұл типтес атаулы сөйлемдер синтаксистік құрамы жағынан бас- тауыш-баяндауыш болып мүшеленбегенімен 12, логикалық мазмұнында субъект-предикат қатынасы анық танылады. Субъект мүшені ілік септіктегі сөз білдіргенде, предикаттық мазмұнды тәуелдеулі сөз білдіріп тұрады.

Эмоцияны білдіруге арналған атаулы сөйлемдердегі негізгі мү- ше — предикативтік мағынаны білдіруші мүше. Бұл мүше сын есім,| үстеу сөзден, -тын, -тін, -ған, -ген формалы есімше, тұйық рай етіс- тік сөзден жасалады.

Бұл лепті сөйлемде негізгі мүше атау септікте тұрады. Сондықтан оны басқа формадағы атаулы лепті сөйлемдерден ажыратып тану үшін номинативтік атаулы сөйлем деп атадық.



-ғ а н, -г е н формалы лепті сөйлемдер: Күні бойы сарылып үйде отырғаны! Жай отырмайды, бірдемені жасап отырады (Тілегенов). Жүгіріп зорға жеткенім!

-т ын, -т ін формалы лепті сөйлемдер: Әй, осы сенің сенбейтінің-ай! Қолыңа түскен нәрсені рәсуа қылатының-ай. Қиында амал табатының-ай!

-у ы-а й формалы лепті сөйлемдер: Мынаның ең кінсуі-ай! Мына құстың шарықтауы-ай!

Бұл құрамдағы атаулы сөйлемдер эмоцияны білдіруге бейім фор -ма ретінде жұмсалады да, эмоцияның конкретті мағынасы сөйлемніқ лексикалыұ құрамынан, контекстен көрінеді.



-ған, -ген формалы есімше қатысқан атаулы сөйлемдер кейде сықақты, нанбаушылықты қоса білдіреді. Оған мысалды ілгеріде келтіргенбіз.

Бұл атаулы сөйлемдердің қалыптасуына үлгі болған — тәуелдеулі сын есімді сөйлем: Қап, мына қыздың қорлығы-ай! Етістік сөзден құралған атаулы сөйлемдер осы үлгімен қалыптасады. Бұл үшін тіл есімше сөздердің субстантивтену қасиетін, тұйық рай етістіктің атау болу мүмкіншілігін тірек еткен. Есімше, тұйық рай етістіктер субстантивтеніп, тәуелденіп іс-әрекетті заттандырып субъектіге тән қасиет ретінде танытады. Бұл лепті атаулы сөйлемдердің құралу логикасы осы ретпен қалыптасқан.

Сын есім, үстеу сөздер негіз болған лепті сөйлемдердің шақтық мағынасы ситуацияға сүйеніп көрінеді. Олар субъектіге осы шақта коммуникация үстінде тән болған сапаны білдіреді.

Осы жай формалы етістіктің жұмсалуына да тән.



-тын, -тін, -ған, -ген формалы есімшелер шақтық мағынасынан ажырамайды. Шақтық мағына субстантивтенген күйде де сөздердің бойында сақталады. -ған, -ген өткен шақта болған іс-әрекетті атайды, бұл оның бастапқы мағынасы. -тын, -тін бұл конструкцияда ауыспа -лы — осы шақ мағынасын танытып,
12 Атаулы сөйлемдердің құрамындағы негізгі сөз синтаксистік, морфологиялық сипаты жағынан бастауыш мүше тәрізді болганмен, оны бастауыш мүше ретінде тануға болмайтынын көп тілшілер, логиктер мойындап жүр. Бұндай атаулы. сөйлемдер де бастауыш-баяндауыштық грамматикалық қатынастан тыс, ерекше структу-рада құрылған. Бұл жөніндө В. А. Кириллованың «К вопросу о логической структуре односоставных предложений» деген мақаласын қараңыз. «Логико-грамматические очөрки», М., 1961, 181-бет.

124
субъектіге тән тұрақты қасиетті, сапаны білдіреді.



формалы етістік, кейде, ғой шылауын қатыстырып (-уым ғой) лепті сөйлем жасайды. Мұндайда лепті сөйлем тілек, өкініш мағына-сын үстеп білдіреді. Мыс.:

Жолға ерте шығуың ғой! Сол жерде айтуың ғой!

Номинативтік атаулы сөйлемдер предикативтік қатынас негізінде құрылған күрделі баяндауыштардың ауызекі тілде ықшамдалуынан пайда болып отыр. Тілдегі алуың керек еді тәрізді предикативтік не-гізде құрылатын тіркестер атаулы сөйлемдерге теңелу процесіне түсіп ықшамдалады. –уың ғой формалы атаулы сөйлем бұл жағынан -тыны-ай, -ғаны, -уың-ай формаларының қалыптасу ізін қуған. Бұл сейлемде предикативтік ұғымды білдіретін мүшені құрауға қатысатын екінші бір элемент бар. Ол — ғой шылауы. Бұл элемент — саң ғой (алсаң ғой) типті конструкциядағы қызметіне сүйеніп қатынасып отыр. Жаңа құрылып отырған конструкцияның мағынасының жуықтағы еліктеу объектісін де тауып беріп отыр.

Ауызекі сөйлеу тілінде эмоцияны білдіруге бейімделген тағы бір тип атаулы сөйлем бар. Ол сөйлемдердің ерекшелігін мына мысал-дардан көруге болады.

Өзеннің ағысының қаттысын-ай! Саған күтпеген жерден жолық - қанымды-ай! Үйіне барсам, кірпідей жиырылатынын-ай!

Бұл атаулы сөйлемдер құрамы жағынан номинативтік атаулы сөйлемдерге үқсас. Бұлар да изафеттік тіркес негізінде құралған. Өзгешелігі — предикатив мағынаны білдіретін мүше атау септікте емес, табыс септікте тұрады. Сол форма ерекшелігіне қарай бұл тип атаулы сөйлемдерді объектілік атаулы сөйлем деп атаймыз.

Мысалдардан көріп тұрсыздар. Бұл атаулы сөйлемдерде де негізгі мүшеге -ай шылауы қатысады. Бірақ шылаудың объектілік атаулы сөйлемдердің түр-түріне қатысу міндеті бірдей емес. Келер шақ есімше сөздер (-атынын-ай), I, II жақ өткен шақ есімше (-қанымды-ай) шылауды міндетті түрде қатыстырады. Шылау қатыспайынша, сөйлем формасын тиянақтай алмайды. Сын есім, тұйық рай етістік сөздерге шылау факультативті элемент ретінде қатынасады.

Объектілік атаулы сөйлемдер де ренішті, менсінбеу сияқты эмо-цияны білдіру үшін жұмсалады.



Өзі үлкен қызметкер, қиналған жерінің сиқын! Неге қоямын, мүләйімсуін! (Нұрманов).

Сонымен бірге объектілік атаулы сөйлемнің номинативтік атаулы сөйлемнен ерекшелейтін қызметі бар. Ол — аса қатты жиіркеніш, менсінбеу, өкініш сияңты эмоцияны білдіру. Осы эмоциялық мазмұи объектілік атаулы сөйлемдердің жұмсалуына әсер етеді. Диалог үс-тінде атаулы сөйлем жақтық мағынаға сай өзгермей, барлық жағ-дайда тек Ш-жақта жұмсала беретіні жиі ұшырайды. Тіпа, адыра қал! Адам болып сөйлеуін!

Бұл жағынан объектілік атаулы сөйлем кейде репликаға жақын келетіні болады.

Объектілік атаулы сөйлемдер де... есім сөзден құралған атаулы сөйлемге теңесу процесінің әрекетінен пайда болған. Тілімізде эмо-цияны білдіруге бейімделген мына типтегі сөйлем бар: Күлгір дұш-панның сөзін қарашы! Бұл сөйлемдерде қарашы бастапқы конкретті мағынасын солғындатып, негізінен эмоцияны білдірудің амалы бо-лып қалған. Кейін тілде атаулы сөйлемге теңелу процесі пайда бол-ғанда, қарашы түсіп қалып, сөйлем атаулы форма алды. Бірақ тілі-мізде қарашы қатысып, тұрлаулы мүшелер негізінде құралған сөй-лемдер әлі де қатар жұмсалып жүр. Осы генезис объектілік атаулы

125
сөйлемнің тілден номинативтік сөйлемдермен қатар орын алуына

себеп болды.


Баяндауыш мүшенің формасы арқылы қалыптасқан

лепті сөйлем
Тұрлаулы мүшелер негіз болып құралатын лепті сөйлемдер баян- дауышының құрамы жағынан сұраулы сөйлемдер тәріздес. Бұл сөй- лемдердің баяндауыштары, негізінен, мына формада келеді.

1. Лепті сөйлем құрамында ең көп жұмсалатын -ғаны. бар ма формалы баяндауыш. Бұл баяндауыш өткен шақ есімше бар сөзімен предикативтік қатынаста тұрып, үстіне ма шылауын қосып жасалған



Олардың түрлері де көзіме ыстық көрінгені бар ма! (Момышұлы).

2. -месі бар ма формалы баяндауыш мүше де лепті сөйлем құрауға қатысады.



Шөптібай жетіп к е л м е с і б а р ма! (Нұрманов).

Бұл формада предикативтік қатынастағы тіркес -масы, бар, -месі, бар -ға шылау ма қосылып құралған. Предикативтік қатынастағы тіркестің бірінші компонентінің морфологиялық құрамы мынандай; а (етістіктен есім жасайтын жұрнақ), -сы (тәуелдік жалғау). Өзі тәріздес предикативтік тіркестерден (-ғысы бар, -ғаным бар) өзгешелігі — бұл форма тек ма шылауын қосып жұмсалып, лепті сөйлем құрамында ғана ұшырайды.

3. Келер шақ есімше (болымды түрі) ма, ме шылауын қосып (-ар ма)лепті сөйлем құрайтын баяндауыш ретінде жұмсалады. Даусы мұнша з о р б о л а р ма! Аңқау басым әлгі машинесінің артын міне қоярмын ба! (Нұрманов).

-ар, -ер формалы есімше сөздер ренішті, таңдануды білдіретін лепті сөйлемдердің баяндауышын жасауға қатысқанда, өздерінің келер шақтық мағынасын жоғалтып, өткен шақта болған істі білдіреді. Оны ілгергі мысалдардан байқауға болады.

4. Келер шақ есімшенің болымсыз түрі па, пе шылауын (мас па) қосып лепті сөйлем құрайтын баяндауыш ретінде жұмсалады. Бұл формадағы баяндауыш қатысқан лепті сөйлем өкінішпен айтылған арманды білдіреді.



Бәкеннің нашарлығы ғой, болмаса қақаңдатып қойғанша осы қатынды тіліп-тіліп салмас па! Әкім болған соң кәрленген күйімен жүрмес пе! (Майлин). Не амал болсын, білсе айтпас па?

Бұл баяндауыш жақсыз лепті сөйлем құруға көп қатысады.

5. Бұйрық рай етістігінің болымсыз түрі ба, бе шылауларын қа- тыстырып (-масын ба, -майын ба) лепті сөйлемнің баяндаушы ретінде жұмсалады.

Жантаев қызуланып Есіркептерді өз қолынан атпақ болып, нага- нын суырып а л м а с ы н ба! Сол Тұрсын... үйіне айлап ақы алатынды шығармасын ба! Қасқырдан бөлтірік т у м а с ы н ба! (Майлин).

Соңғы мысал лепті сөйлемге тән баяндауыштың генезисін жақсы танытады. Алдыңғы мысалдар лепті сөйлем баяндауышының форма- сының бастапқы төркінінен қаншалықты қашықтап, алшақтағанын байқатады.

6. Шартты рай формасындағы етістік сөз ма, ме шылауын қосып лепті сөйлем құрайтын баяндауыш ретінде қызмет етеді.

Сенің түбіңе жетпесем бе! Сені бүгін жеткізіп тастамасам ба!

-сам ба формалы баяндауыш қатысқан лепті сөйлемді сөйлеуші өзінің мақсатын орындауға бел байлағанын эмоциямен білдіру үшін жұмсайды.

126
7. Келер шақ есімше сөз шылау ма, ме, көмекші етістік еді-мен бірігіп (-ар ма едім) 13 лепті сөйлем құрайтын баяндауыш ретінде жұмсалады. Осындай суықта бір ыстық б о л а р м а еді.


Үстемелеу амалы арқылы жасалған лепті сөйлем
Кейде сөйлемде бір мүше сұраулык; шылаудың көмегімен үстеме-леніп айтылады. Мысалы: сен бе, сен оңбайсың! Былай үстемелеу ой екпіні түсетін мүшені даралау, әрі эмоцияның соған қатысты екенін білдіру үшін пайдаланылады. Сондықтан да үстемелеуді лепті сөй-лем құраудың бір амалы деп білуіміз керек.

Сөйлемдерге тек екі мүше үстемеленіп айтылады. Ол — бастау-ыш пен толықтауыш.



Ол ма, ол, неден болса да құтылып шығады. Сені ме, сені мен қайтсем де оқытам!

Шылау ма, ме үстемелеу, екпін түсіру амалы ретінде -масам ба формасына қатысқанын біз ілгеріде көргенбіз І4. Шылаудың бұл қыз-меті, біздің ойымызша, айқындағыш сұрақ негізінде қалыптасты. Айқындағыш сұрақ формасының екпін түсіру үшін пайдаланылуы арқылы шылау жаңа қызметте жұмсалатын болды. ІПылаудың бұл қызметі дараланып, ерекшеленіп, ма, ме кейін реплика-сөйлем құрауға қатысатын болды. Шылау ма, ме-ге тән бұл қызметтің одан әрі дамуы оның Келдің бе, іске кіріс деген сияқты сөйлемге қатысуынан байқалады.

Байқап отырсыздар, лепті сөйлем құрайтын баяндауышта, көбіне, форма жағынан сұраулы сөйлем жасайтын синтаксистік формаларға ұқсас. Бұл ұқсастық лепті сөйлем баяндауыштарының генезисін байқатады. Бұлар бір форма емес. Синтаксистік қызмет, ситуация оларды грамматикалық омоним ретінде саралап қалыптастырды.

Лепті сөйлем құрау үшін қызмет ететін баяндауыштардың фор-масы, негізінен, риторикалық сұрақтардың эволюциясына сүйеніп, содан дамып қалыптасты. Баяндауыштардың -ғаны бар ма, -ар ма, -мас па, -масын ба деген формалары осылай шыққан. Бұл форма-лардың бөлек, сұраулы сөйлем формаларынан дербес екенін қосымша дәлелдейтін бір жай бар. Ол — лепті сөйлем баяндауыш-тарының өз бетімен аналогия беріп, сұраулы сөйлемде кездеспейтін форма құрайы. -масы бар ма — сұраулы сөйлемдерде кездеспейді. Бұл форма лепті сөйлемдердің өз аясында -ғаны бар ма-ға. аналогия ретінде шықты.

Бірқатар формалар шылау ма, ме екпін түсіруші амал ретінде қатысып қалыптасқанын біз ілгеріде айттық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет