Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



жүктеу 5.26 Mb.
бет24/26
Дата01.03.2018
өлшемі5.26 Mb.
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Амал бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Сабақтастың бұл түрінде бағыныңқы компонент басыңқыда ха-барланған уақиға, әрекеттің қалай орындалу амалын білдіріп тұрады. Бұл жағынан алып қарағанда, ол әдеттегі амал пысықтауыштың жай сөйлемде атқаратын қызметімен астарласып та жатады. Алайда жай сөйлемдегі амал пысықтауыштың қызметін амал бағыныңқылы сабақтаспен тепе-тең қарауға болмайды. Өйткені соңғысының қызметі алғашқыдан анағұрлым кең де көлемді. Бұл көлемділік, ең алдымен, мынада: бағыныңқы компонент тұтасымен алғанда басыңқыда орындалған не орындалып жатқан уақиғаның қалай болудағы амалын білдіреді де, белгілі бір ойдың желісіне қазық болып тұрады. Ал, қазық бола алу — өз алдына арнаулы ойы бар, тиянақсыз болса да сөйлемдік құрылысы бар сабақтастың бір компоненті екендігін көрсетеді. Осы тұрғыдан алғанда, [Олар] біріне-бірі күлімдеп қарады (Мұстафин). Жұлығынан аяғы ш ы ғ ы п, алба-жұлба болып бүрсеңдеп бір әйел келді (Майлин) деген сөйлемдердегі сирек терілген сөздер мен сөйлемдердің қызметі тең дәрежеде емес.

Амал бағыныңқы сабақтас көсемше, есімше түрлерінің бірінде келуі арқылы жасалады.

1. Көсемше арқылы құрмаласу. Бұл ретте көсемшенің -п, -а, -е және (ма) -й тұлғалары қатынасады. Әрқайсысын жекелей талдайық.

а) -п формантты көсемше. Бұл — амал бағыныңқылы сабақтастың ең бір басты көрсеткіші. Бұлай дейтін себебіміз — амал бағының-қылы сөйлем жайында әңгіме қылғанымызда, ең алдымен осы жолмен келген түрін түсінеміз де, соған тоқталамыз. Бұл түсінікті де. Өйткені -п формантты көсемшелі баяндауыш амал бағыныңқы-лы сабақтастың кілті, ең қажетті бір түрі (шартты бағыныңқының -са, -се тұлғасымен салыстырыңыз).



Қалың иегі дірілдеп, жылаған аузынан бір-екі алтын тістері ашылды. Оның қазір өңі күреңітіп, демі ыстық тартып, бойына асығыс қызу жинағандай. Соңғы машиналар қ и н а л ы п, тракторлар сүйреп зорға өткізген жерлер болыпты (Әуезов). Бану сөзі тәбесіне суық су қүйып жібергенмен б а р а б а р б о п, Жақыпбек шошынған адамша орнынан ұшып тұрды. Тебіренген сайын жазып отырған хаты өзіне сондай бір жексұрын к ө р і н і п, оны да лақтырып тастады (Иманжанов).

211




-п формантты көсемше амал бағыныңқы баяндауышының арнау-лы грамматикалық көрсеткіші бола тұрса да, кейде ол басқа бағыныңқылы сөйлемдерді де (мезгіл, себеп) жасауға қатынаса алады. Бұл осы тұлғаның да көп мәнділігінен болса керек, алайда бұдан -п формантының амал бағыныңқының арнаулы көрсеткіші бола алудағы қызметі ешбір солғындамайды. Ал, оның басқа бағыныңқылардың құрамында қолданылуы бұл форманың жанама қызметімен байланысып жатады.

ә) -а, -е (-ма) -й т ұ л ғ а л ы көсемше. тұлғасына біткен көсемше етістіктің болымсыз түрінде тұрып, амал бағыныңқылы са-бақтас сөйлемді де жасай алады. Қалжыңы, күлкісі араласа, шай өте көңілді ішілді (Мұқанов). Есептің арғы жағы а й т ы л м а й, отырғандар күлісіп кетті (Сланов). Жайнаған туың ж ы ғ ы л- м а й, ...Жақсы өліпсің, япырмай (Абай). Қысқа жіп күрмеуге к е л-мей, бір ту биеңді сойып алдым (Мүсірепов). Бірақ аспалы қолжу-ғышқа үйренген қыз құманды жөндеп ұ с т а й а л м а й, сыңар уысында су тұрмай берекесі кетті (Ахтанов).

2. Есімше арқылы құрмаласу. Бұл ретте -ған формантты есімше -дай жұрнағымен қосыла айтылады.

Талайдан бір а й ы з ы қ а н ғ а н д а й, құшырлана түсіп әңгі-месін айтады (Әуезов). Кең бөлме б о с қалғандай, ой үясы қаңғырап тұр. Бар ыстық менің қойныма т ы ғ ы л ғ а н д а й, шоқпыт қомшаның екі қолтығы қыж-қыж қайнайды, (Мүсірепов). Әр өңешке бір өгізше кіріп бара жатқандай, әркімнің аузына қадалады (Мұстафин). Осы қуаныш қуатын а р т т ы р а т ү с к е н д е й, Сырбай кетпенін жылдамырақ сілтеді (Мұқанов). Таңертең отаудың ішінде болған жайсыз ыю-қиюдың, күні бойғы кикілжіңнің бәрі ұмыт болғандай, қатпары мол Нұрша ерекше бір, шабытпен сілтеп жатыр (Әлімқұлов).

Кейде осындай бағыныңқы сөйлем баяндауышынан кейін «бо-лып» көмекші етістігі қабаттаса келеді.



Нұғыманның баяндамасы талай жараның аузын жұлғандай б о п, елеуреп қызараңдағандар көп болды (Майлин). Әуелі аспан , ақырын шымырлап қайнай бастағандай б о л ы п, лезде құйып келе жатқандай гуілдеп кетті (Мүсірепов).

3. Бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы деп етістігімен аяқталып тұрады.



Жақсылық киім мен мал, көрікте д е п, өлшемей ой мен сырды жаза баспа (Дөнентаев). Оған Абай енді қайтып ырық б е р е д і д е п, Тәкежан да, Шұбар да үміт қыла алмайды (Әуезов).

Мұндай жолмен жасалған бағыныңқы сөйлемдер мағыналық жақтан кейде себеп, мақсат сабақтастарға да тән болып тұрады.


Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем, негізінен алғанда, себеп пен салдардың бір-біріне қарым-қатынаста болуы арқылы жасалады. Мұндайда бағыныңқы компонент хабарланып отырған ойдың себебін білдірсе, басыңқысы сол себептен туған салдарды (нәтижені) баяндап тұрады. Сондықтан да олар (себеп пен салдар) бір-бірімен өз ара тығыз байланыста болып, хабарланып отырған оқиға әрекетінің мазмұнын жан-жақты ашып отырады. Мысал үшін, мына бір сөйлемді алып қарайық: Өткен жаз жерге шөп шықпағандық-тан, халық қолы жеткен көл атаулының қамысын түгелімен отап алады (Мұқанов). Алғашқы «компонентте хабарланып отырған ойдың себебі

212
(шөп шықпау) білінсе, кейінгісінде — сол себептің әсерінен туған нәтиже — салдар (қамысты отап алу) айқындалған.

Сөйтіп, себеп бағыныңқылы сөйлем мағыналық жақтан себеп пен салдардың өз ара астарласып, қиюласа жымдасып келуі арқылы құ-былыстар арасындағы байланыстылықты білдіріп тұрады. Мұндай байланыстылық бір құбылыстың соңынан екінші бір құбылыстың ілесе журуі арқылы өз мазмұнын айқындай алады. Ал, осындай қасиет (бір құбылыстан екінші бір құбылыстың тууы) себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің мағыналық ерекшелігімен үйлесіп жатады да, оның мәнін ашуда улкен роль атқарады. Олай болса, күрделі ойдың кұрамы себеп пен салдардың өзінен тұруы себеп бағыныңқының ең бір негізгі белгісі болып саналады. Бұл ретте сабақтастың осы түрінде уақыт жағынан себеп (бағыныңқы) салдардан (басыңқы) әр уақытта бұрын келеді. Ал, себептің бұрын келуі өзінен кейін салдарды туғызуға жағдай жасайды. Мұндай заңдылық тек себеп бағыныңқылы сөйлемде ғана тұрақты сақталып отырады, сол құрмаластың басқа түрінде, атап айтсақ, себептес салалас сөйлемдерде олардың (себеп-салдар) орын тәртібі алмасып келе береді.

Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлем де, басқа бағыныңқылар сияқты, белгілі грамматикалық тәсілдер арқылы жасалады. Мұндай тәсілдер өз ара екі үлкен топқа жіктеледі: есімше және к ө с е м ш е арқылы құрмаласу.

1. Есімше арқылы құрмаласу. Байланысудың бұл түрінде -ған формантты есімше жеке өзі тұрып, немесе шылау сөзбен тіркесе айтылып, бағыныңқы компоненттің баяндауышын жасай алады. Соған орай, мұның өзі екі түрге ажыратылады.

а) -ған формантты есімше ш ы ғ ы с септік жалғауында келеді. Бұл жол себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемде өте жиі қолданыла-ды. Соған қарап мұны осы бағыныңқының аса бір өнімді жолы деуге болады. Екіншіден, бұл жол — себеп бағыныңқының төл тәсілі. Өйткені бағыныңқы сөйлем баяндауышының құрамындағы -ған + дық -тан түрі тек осы себеп бағыныңқылы сабақтаста ғана кездеседі.



Қастарында көлденең кісілер болғандықтан, Оспан Абайға айтам деген оқшау сөзін бастаған жоқ. Мекеден қайтқалы Базара-лымен алғаш кездескені осы жол болғандықтан, оның шаруа қамын да көп сұрастырған. Сырбай мен Дәулеткен осындай достас болғандықтан, олардың үй іштері де бір семьядай араласып кетті (Мұқанов). Онда жаңағы бүгілмеген аяғының жарасы б і т п е-гендіктен, шалғыға жарамай, ол да бізбен бірге машина айдады! (Айтматов).

ә) -ған форманты есімше соң шылауымен тікесе айтылады.



Болыс пен тілмаш, старшын бір-екі күн жатуымызды сұраған с о ң, бір-екі күнге тоқтадық (Сейфуллин). Сен үйге бармаған с о ң, мен тірі өліп жүрмін ғой. ...Шұға шын ауруға а й н а л ғ а н с о ң, Есімбек жұмсайын деді (Майлин). Етіне таяқ ө т к е н с о ң, біреуін алды жағадан. Үміт дүниесі болған с о ң, кеуіл, жүдә, әр нәрсеге алабұрта береді екен. Анатолий Кондратьевич бюрода өз пікірін қ о л д а п ш ы қ қ а н с о ң, Байжан онымен амалсыз айтысқа түсті (Мұқанов).

Бұл келтірілген сөйлемдердің қайсыбірінде себеп мағынасымен қатар мезгілдік мәннің де барлығы аңғарылады. Мұндай қасиет -ған соң есімшелі баяндауыштың болымды түрінде байқалады. Мысалы, кішкене Төлеубек ырық бермей бара жатқан соң, мұғалімдер әкесін де шақыртқан (Мұстафин) деген сөйлемде мүғалімдердің әкесін шақыруының себебі баласының тәртіпсіздігінен болып тұр, Ал, мұның өзі мезгілдік қатынаспен де байланысты: ең алдымен,

213
Төлеубек тәртіпсіз болды, сонан кейін мектепке оның әкесі шақы-рылды.

Себеп бағыныңқылы сабақтастың ішінде кейде осындай мезгілдік ұғымның да қабаттаса жүруін немен түсіндіруге болады? Тілдік фактілер себеп бағыныңқының тарихи жақтан мезгіл бағыныңқыдан ажыратылғанын дәлелдейді, яғни ол баста мезгіл мәнді сөйлемдер әрі мезгіл, әрі себеп мағыналарының орнында қолданыла берген. Тілдің дамуына байланысты кейіннен себептік мән мезгілдік қатынастағы сөйлемдерден сараланып бөлінген. Алайда екеуінің шығу төркіні бір болғандықтан да, олардың арасында кейде өз ара ауыса берушілік, ұқсастық сақталып отырады.

Ал, бағыныңқы компоненттің баяндауышы есімшенің болымсыз түрінде келсе, мұндай сөйлем әр уақытта ешбір мағыналық қоспасыз себеп бағыныңқылы сабақтастың қатарына жатады.

Әйел, алынбаған соң, мал-мүлік үлесі де кейінге қалды Олар да, сорпа-сүйек т и м е г е н с о ң, жүдеу күздің күнінде тышқан аулап қаңғып кеткен (Әуезов).

Мұндай сөйлемдердің бағыныңқысында хабарланған оқиға бол-мысының болымсыздығына сай басыңқыда да қимыл, әрекеттің орындалмай қалғаны ңемесе орындалған күннің өзінде кері мағынада болғаны байқалады.

2. Көсемше арқылы құрмаласу. Себеп бағыныңқылы сабақтас сөйлемді жасауда көсемшенің екі түрлі амалы қатынаса алады. Соған орай, бұл жолдың өзін төмендегіше ажыратамыз.

1) тұлғалы көсемше етістіктің болымсыз түрінде келеді (бар + ма + й).



Араларына түсетін арашашы б о л м а й, екеуі де әбден титық-тап шаршады (Әуезов). Одан көп жатуға уақыт мүмкіндік б е р- м е й, он шақты күннен кейін мен Павлодар жаққа жүріп кеттім (Мұқанов). Ол мезгілді уақытында к е л е а л м а й, біз біраз кеші-гіп қалдық. Жанар майы ж е т п е й, комбаин тоқтап қалды. Көбінде тұратын жылы мекен б о л м а й, көктемнің қара суығында шатырларды. мекендеді (Мұқанов).

2) -п тұлғасындағы көсемше де кейде себеп бағыныңқылы сабақ-тасты жасай алады.



Семіздіктен майы аузына т ы ғ ы л ы п, Абылғазының аты тіп-ті шаба алмай қалды. Түнде жылқышы ұ й ы қ т а п қап, қалың жылқы егіске түсіп кетіпті (Әуезов). Марфуға сол қызғанышын Тәрбияға с е з д і р і п а л ы п, бір ретте екеуі ренжісіп те қалған (Мұқанов). Сырттан суық, іштен жылу қ ы с ы п, терезе ылғи тершіп тұрғаны. (Мұстафин).

3. деп етістігі арқылы құрмаласу. Ер Төстік жалмауыздың қолында қ а л д ы д еп, елі мүлде күдер үзіп қояды (Фольк.). Соны Ербол б і л і п қоймасын д еп, Әзімбай әдейі үндемеді. Сені абақтыдан қ ұ т қ а р а м д е п, менің ел-жұрқа қарар бетім қалған жоқ. Көлденең ел бұлардың түсін көріп үрпимесін деп, Бақтығұл жүрістің мезгілін дәл осы ымыртқа байлаған. Алғашқы күз бен қыста жау жағының өсек-аяңы б о л а ма д е п, болыс Бақтығұлды кеңсе қызметіне алған жоқ (Әуезов).


Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Бағыныңқы сөйлемнің бұл түрі өзгелеріне қарағанда әдеби тілі-мізде аз қолданылады. Мұнда бағыныңқы компонент басыңқыда ха-барланған оқиға, әрекет мазмұнының не үшін болудағы мақсат жайын айқындап тұрады. Мына бір сөйлемді қараңыз: Тұрмыс жақ-

214
сы б о л у үшін, еңбеккүн көп болуға тиіс (Сланов). Бұл сөйлемде тұрмысты жақсарту үшін еңбеккүннің де көп болу қажеттілігі баяндалып тұр. Сөйтіп, сөйлемнің басыңқысындағы ойдың не үшін болудағы түп мақсаты бағыныңқы компонент арқылы белгілі болады.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас сөйлемнің жасалу жолдары да онша көп емес. Олар екі-ақ түрлі.


  1. Тұйық райлы етістік үшін демеуімен тіркесе айтылады.

Сепкен тұқым ылайдың астына тез түсу үшін, себерден

бірер күн бұрын салыны суға малшып, ауырлатып аламыз. Биылғы егісті сумен қамтамасыз е т у ү ш і н, оған қажетті канал тармақтары даярланып болу керек. Егінді жедел қ о р ғ а у ү ш і н, ағашты егістік танаптардың айналасына да егу керек (Мұқанов). Соғысты жеңіспен аяқтап үйімізге тезірек қ а й т у ү ш ін, мен тезірек жазылуым керек. Күзетші сезіп қ а л м а у үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік (Көбеев).

Бұл мысалдардан байқағанымыздай, осы жолмен келген мақсат сабақтас сөйлемнің басыңқы компонентінің баяндауышы кейде керек көмекшісімен тіркесе айтылған түйық райлы етістікпен беріледі. Мақсат бағыныңқылы сабақтастың мұндай құрылыста келуі (алу үшін бару керек) сөйлемнің мақсаттың мәнін айқындай, аша түседі.

Ертеректегі жазба әдеби тілінің нұсқаларында мақсат сабақтас құрмаластың бағыныңқы компонентінің сөйлем аяғында кездесетіні де байқалады.

Өтірік көрмегенін көрдім деуші куалар да әлдеқашан дайында-лып қойылған, б а ғ а н а ғ ы жақсы а д а м сайлауға ж а р а м а -с ы үшін (Абай).

2) деп көмекшісі бұйрық райдың III жақ түрі, кейде -ар формант-ты есімшемен тіркесе айтылады.



Ат тұяғының дүбірі естілмесін д е п, бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді (Әуезов). Тұншығып ө л м е с і н д е п, төбеден ауа жіберуге мына бұрғыларды әкелдім (Мұстафин). Жолдан келген ері мен қайнылары алаңсыз ұйықтасын д еп, Меңді-қыз терезе біткенді қараңғылап, есікті жауып қойды (Есенжолов). Аяғының сырқырағаны б а с ы л а р м а е к е н д е п, ол тізесін отқа қыздырды (Әуезов). Ордасы көркем б о л с ы н д е п, Ақ мақ-палдан жаптырған... Жез тарақпен таратқан, Жалы жұмсақ б о л-с ы н д еп (Байғанин). Бүктеліп жиналатын керме төсекке топырақ т ү с п е с і н д е п, төбеге әлдеқай музейден алып кеткен жұқа жібек кілем керіп тастапты. Өзі әлсіріп жүрген қозылы қойлар үркіп қақтықпасын, қиналмасын д е п, Әлім Петроға дәл отардан кем қойса жарты километрдей жырақ қонуды тапсыратын (Әуезов).

Мұндай жолмен келген сөйлемдердің қайсыбірінде себептік отте-нок қабаттасып тұрады. Бұл жайды мақсат пен себептік ұғымның өз ара мағыналық жақтарынан жақын келуімен түсіндіруге болады.


Түсіндірмелі сабақтас сөйлем
Бағыныңқының бұл түрі басқалардан өзіне тән кейбір заңдылық-тармен ерекшеленеді. Мына бір сөйлемді талдап көрейік:

Мен өз өмірімнің қабырға кіргенше ұмтылмас ш ағ ы н а й т - с а м, о л сүюден к е ш к е н зарым еді (Әуезов).

Синтаксистік компоненттердің арасындағы мағыналық байланыс жоғарыда талданған сөйлемдердің (шарт, мезгіл) ешқайсысына ұқсамайды. Өйткені мұнда бағыныңқы сөйлем басыңқының не шар-тын, не мезгілін білдірмейді.

215
Әдетте, бағыныңқы сөйлем басыңқыда айтылған хабарды белгілі бір мағыналық жақтан айқындап тұрса, бағыныңқының бұл түрінде мұндай қасиет керісінше болады. Мұнда басыңқы сөйлем бағыныңқыда хабарланған оқиғаның мазмұнын ашып, соны айқындап, түсіндіріп тұрады. Жоғарыдағы сөйлемнің басыңқысы (сүюден кешкен зарым еді) бағыныңқыға (ұмтылмас шағын айтсам) айқындауыш ретінде айтылған. Өйткені сөйлем мазмұнынан субъектінің ұмытылмас шағы — сүюден кешкен зары екендігі айқын ұғынылып тұр.

Түсіндірмелі бағыныңқы сөйлемде оқиға, әрекеттің баяндалу барысы осы шақта хабарланып келеді, сондыңтан екі жақ компо-ненттердің баяндауыштары да осы мезгілдік ұғымға сәйкес айтылады.

Бағыныңқының бұл түрі, көбінесе, шартты рай тұлғасы арқылы жасалады.

Түсіндірмелі (айқындауышты) бағыныңқы сөйлемнің өзіндік ерекшелігі оның төмендегідей болып келетін құрылымымен де байланысып жатады.

1) Ең алдымен, мұнда басыңқы сөйлемнің баяндауышы, көбінесе, есім сөздерімен беріліп отырады.

2) Бағыныңқыда хабарланған ойдың қандай екендігі іле басыңқы сөйлемнің басында ол, бұл сілтеу есімдіктерінің бірімен беріледі де, содан кейін оның (бағыныңқыдағы ойдың) мазмұны айқындалынып, түсіндіріліп тұрылады. Басыңқыдағы ол, бұл сілтеу есімдіктері бас-тауыштың қызметін атқарады.



Бастан-аяқ м ә н і н о й л а с а, бұл ө з і Жігітектен ке-ш і р і л у сұраған с ө з (Әуезов).

Мұнда бағыныңқыдағы хабардың (бастан-аяқ мәнін ойласа) қан-дай екендігі басыңқыда түсіндіріліп тұр (кешірілу сұраған сөз).

Мына төмендегі сөйлемдер де осындай құрылыста келген: Жа-ным-ау, алпамсадай болған кім д ес е м, мынау Кенжем ғой. Сенің малың кетсе, ол азаматтың құны (Әуезов). Жаздыгүні пар ат жегіп пәуескелетіп к е л с е, қыстыгүні көсем салып пәуескелетіп к е л с е, о ла р ү л к е н т ө р е - л е р. Ал, жалғыз ат, жабайы шанаға мінетіндер урядник-мурядниктер. ...дегенмен шешемнің көп мінезінің кейде өзі, кейде көлеңкесі менде қалып қойған сияқты. Сондықтан егер мен сағаң өз е у р е й қоймасам, о л менің сені ж а қ с ы к ө р - м е у і м н і ң б е л г і с і е м е с, мінезімдегі кемшілік.

3) Кейде мұндай сөйлемнің құрылысы ...деген не екен, не десе (бағыныңқы), ...дер ем, деуші ем (басыңқы) түрінде қолданылады.



Есте қалған жалғыз нәрсе, егер менен жолдастық д е г е н н е е к е н д е п с ұ р а у ш ы б о л с а, о л өзі он екі метр терең- нің зілдей басқан ауырдың астында жатып, мені құтқарғысы келген Володя Толстовтың м і н е з і д е р е д і м (Мүсірепов). Жастық д е г е н н е д е с е, жарқыраған н ұ р д е у ш і ем. Нұр д е г е н і ң н е д е с е, е к і ш ы р а қ к ө з д е у ш і е м. К ө з с і з ө м і р н е д е с е, т а с қ а р а ң ғ ы к ө р д е у- ш і ем (Мұстафин).

4) Басыңқы сөйлем бір-ақ сөзбен беріледі, оның өзі баяндауыш-тың қызметін атқарады, ол есімдігінен болатын бастауыш айтылмай тұрады. Бұл жолды алғашқының қысқарған түрі деуге де болады.



Жақындаған шапқыншыға жұрт к ө з і н т і к с е,- Байжан! (Мұқанов). Мұның толық түрі — Жақындаған шапқыншыға жұрт к ө з і н т і к с е, о л Б а й ж а н е к е н.

Демін әрең алған Айбарша көзін төңкере ашып қ а р а с а,— Д ә у л е т!. ...Машинаның есігін ашып шыға Берген адамға қызы мен шешесі қ а р а с а, Р а х м е т. Қақпа алдында қараңдаған

216
әлдекімді көзі алыстан шалған ол т е с і л е қ а р а с а Т ы р- т ы қ! (Мұқанов).

Сөйтіп, түсіндірмелі бағыныңқы сөйлемде алғашқы компонентте-гі хабарланған ойдың қандай екендігі соңғысында — түсіндіріледі.
Ыңғайлас сабақтас сөйлем
Шартты рай, көсемше тұлғасында келген кейбір бағыныңқы сөй-лемдердің синтаксистік компоненттері мағыналық жақтан бір-бірімен тең болып, өз ара ыңғайласа айтылады. Сондықтан да бағыныңқының бұл түрінде, басқа бағыныңқылардай, компоненттер арасында бірі екіншісін айқындайтын әр түрлі мағыналық қатынас болмайды. Мұнда, керісінше, бағыныңқы, басыңқы компоненттер-дегі оқиға, әрекет бір-біріне тәуелсіз, өз беттерімен болып отырады. Бұлайша болу олардың өз ара тең дәрежеде бір мезгілде, ыңғайласа айтылу түрінен көрінеді. Мұндай ыңғайластық мағына, көбінесе, сөйлем құрамында белгілі бір мүшелердің әр түрде жұптаса айты-луы негізінде (кім сол, кімніц ненің, бұрын енді, қандай сол т. б.) және басқа да жолдармен болып отырады. Мына бір сөйлемді қараңыз: Үй тігіліп жатса, жүк жиналып жатыр (Мүсірепов).

Бұл сөйлемде екі түрлі ой хабарланған (үйдің тігілуі мен жүктің жиналуы). Олар бір-біріне байланысты емес, жеке өз алдына баянда-лып тұр. Сондықтан да әрқайсысының өзіндік арнаулы бастауышта-ры бар (үй, жүк). Тек мұндағы орындалған қимыл, әрекет өз ара бір мезгілде болып, бір-бірімен ыңғайласа келіп тұр.

Олай болса, сабақтас құрмаластың әрбір компонентіндегі уақиға, әрекеттің орындалуы осындай бір-біріне тәуелсіз, өз беттерімен орындалатын сөйлем түрін ыңғайлас бағыныңқы деп атаған жөн. Мұның бағыныңқы деп аталуының өзі сөйлем арасын байланысты-рушы баяндауыш сөзінің тиянақсыз тұлғада келуімен байланысты. Бір бүтін единицалық бірлікке түскен синтаксистік компоненттердің ара қатынасы бір-біріне ыңғайласу негізінде болса да, оның өзі әр түрлі мағыналық белгілерде көріне алады.

1. Көкте күн күрілдесе, жерде колхоз мүшелерінің алақаны дү-рілдейді (Майлин). 2. Бұрын кейбір балалық мінездері байқалса, енді әр мінезінен, тұлғасынан бойжеткендік байқалады (Мұстафин). 3. Сырдың күні қандай ыстық болса, түні сондай салқын (Мұқанов). Бұл сөйлемдердің компоненттері арасындағы жалпы мағыналық байланыс бір-бірімен ыңғайласа айтылу негізінде болып тұр. Алайда бұлардағы ыңғайластық дәреже әр түрлі мағыналық белгілердің аясында көрінген. Атап айтсақ, алғашқы сөйлем компоненттері арасында іліктесе айтылу мәні болса, екіншісінде — қимыл, әрекет-тердің өз ара кезектесе айтылатыны байқалып тұр. Ал, үшінші сөйлемде объектілер арасы бір-бірімен салыстырыла баяндалған.

Осыған орай, ыңғайлас бағыныңқы сөйлемдер іштей өз ара бір-неше түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысын өз алдына жеке-жеке ба-ғыныңқы сөйлемдердің түрлері қылып алуга да болатын сияқты, алайда бұлар, негізінен алғанда,, жалпы бір мағыналас, бір әуендес болғандықтан, оларды бір жерге топтап, ыңғайлас бағыныңқы сөй-лемнің аясында талдайтын боламыз. Ол мағыналық белгілер мы-налар:

1) I л і к т е с. Ыңғайлас бағыныңқы сөйлемнің бұл түрінде әр компоненттерде хабарланған оқиға, әрекет бір-бірімен өз ара тығыз байланыста іліктесе айтылады. Алайда бұдан компоненттегі оқиға, әрекеттің орындалуы бір-біріне тәуелді деген ұғым шықпайды. Егер бүтін сөйлем бойынан мұндай қасиет табыла қалса, онда ол басқа

217
бағыныңқыға айналып кетеді. Ал, ыңгайластың іліктес түрінде ком-поненттердегі баяндалған қимыл-әрекетінің орындалуы бір-біріне тәуелсіз, өз беттерімен болып отырады. Тәти Қарағанды көмірін орыс байларына, олар ағылшын байларына сатса, ағылшындар жұмысшыны подрядщиктер арқылы жалдады (Мұстафин).

Мұнда үш сөйлем бар: Тәти, Қарағанды көмірін орыс байларына сатты. Орыс байлары ағылшындарға сатты. Ағылшындар жұмысшыны подрядщиктер арқылы жалдады.

Алғашқы сөйлемнің баяндауышы (сатса) арнайы айтылмай, екін-ші сөйлемнің баяндауышымен ортақтаса келіп тұр.

Талданған сөйлемімізде әр компонент мағыналық жағынан өз алдына тиянақты, сондықтан да олардағы қимыл-әрекетінің орында-луы бір-біріне тәуелді емес, өз беттерімен болып отырады. Тек бағы-ныңқы сөйлем баяндауышы тиянақсыз тұлғада тұрады. Сөйлем компоненттеріндегі әр оқиға барысының бұлай жеке дара баяндалу-лары олардың құрамында арнаулы бастауыштың болуын талап етеді.

Іліктес мәнді ыңғайлас бағыныңқы сөйлемнің құрамында бір-бі-рімен өз ара жұптаса айтылған сөздер болады. Бұлар біркелкі тұлға-да тұрады да, әр уақиға әрекеттің бір мезгілдес кезеңде болғанды-ғын көрсетеді. Бағыныңқы, басыңқы сөйлем баяндауыштары осы не өткен шақта тұрады. Мұндайда, жоғарыда айтқанымыздай, әр ком-поненттің өзіндік арнаулы бастауыштары болады.

Б і р і күйгенін кө р с е, өзгелері соны арашаламақ боп ысылдап отқа атылады (Мұқанов). Қатар алысқан өзге жолдас- тарынан бұрын орталық газеттерде іліккеннен қысылып біреуі отырса, біреуі мені тезірек орталық газеттерге бассын д е п т ұ р ғ а н д а й (Мүсірепов). К ү ш і ң т а с ы - с а, ж ұ м ы с т а т асып жатыр (Мұстафин).

Бұл сөйлемдерде бірі өзгелері, біреуі біреуі, күшің жұ-мыс сөздері бастауыш болып айтылумен бірге өз ара іліктесе жұмсалып тұр. Бастауыш кейде матаса байланысқан сөз тізбегімен де беріледі:



М а й б а с а р с ә л е м і б і р к е л с е, соған ілесе Ж і г і т е к- т і ң бұл ж а у а б ы және келді. Құнанбай баласында сенің кегің б о л с а, б і з д і ң д е өшіміз б а р (Әуезов).

Кейде мұндай сөйлемдерде бастауыш сөздерінің жұптаса айты-луынан басқа кейбір тұрлаусыз мүшелердің де ыңғайласа, іліктесе қолданылуы кеңінен орын алып отырады. Мұндайда олар бірыңғай түрде септік жалғауларының бірінде тұрады да, сөйлем мүшесі жағынан, көбінесе, толықтауыш болып келеді. Екі жақ компонент-тердің баяндауыштары, көбінесе, бір сөздің қайталанып айтылуы-мен болады. Мұндай іліктесе айтылған сөйлемдерді өз ара байла-ныстыруда шартты рай тұлғасының қызметін ерекше атай кеткен жөн.



Құсбегілер оны а ң ғ а ж і б е р с е, -біздің «бүркітшілер» шах- таны қиратуға жіберді. Ж аңа жұмысшылар бұлардың аузына қараса, бұлар президиумдағы Е р м е к к е қарайды (Мұстафин). Жақыпбек шәкірттерге тамашалап қ а р а с а, Б ану Жақыпбекке тамашалай қ а р а й д ы (Иманжанов). Б у р а салттыларды ұ т - с а, машина б у р а н ы ұ т т ы (Мұқанов). А л м а оның ж ү з і н к ө р у г е құмартса, Ж о м а р т оның қүлімдеген көзін к ө р у г е құмартты. (Мұстафин). А с т ы н а н қара-көк а р ғ ы м а ғ ы түс- песе, қолынан ырғай сапты дырау қамшысы тү с к е н е м е с (Мүсірепов).

Іліктес мәнде айтылған ыңғайлас бағыныңқы сөйлем -п формант- ты көсемше арқылы да жасалады.

218
Далада тықыр б і л і н і п, сықырлап есік ашылды. Көз адырайып, аузы ашылып, тісі ақсиып жатыр екен (Майлин).Көп бастар ш ұ л- ғ ы с ы п, көп сақалдар шошаңдасып қалды. Құлақтары қызары-сып, мұрындары сұрланып барады (Мүсірепов).

2) К е з е к т е с. Шартты рай тұлғасы арқылы байланысқан кейбір жай сөйлемдер оқиға, әрекеттің бірінен соң бірінің кезектесіп болғандығын көрсетеді. Мұндайда олардың құрамында жұптаса айтылған мезгіл мәндес пысықтауыш сөздер болады.



Б ұ р ы н кейбір балалық мінездері байқалса, е н д і ә р міне-зінен, тұлғасынан бойжеткендік байқалады (Мұстафин). Ж а з ғ ы-т ұ р ы м ғ ы т ұ р м ы с екпіндетіп жан қыздырып қосылып салынған көп кернейдің күйіндей болса, қазіргі күзгі салымғы тұрмыс көркем скрипканың яки нәзік қылды қобыздың сызылған сарынындай (Сейфуллин). Б ұ л к ү н г е ш е й і н балаларыңыз Қазақстанға ғана даңқты, кісі болса, енді оларды бүкіл Совет Ота-ны білетін болады. (Мұқанов). Ғасырлар бойы қараңғы далаға Октябрь таңы атса, енді міне күні де шықты (Мұстафин).

3) С а л ы с т ы р м а л ы. Мұндай да бағыныңқы, басыңқы компо-ненттерде хабарланған оқиға, әрекеттер бір-бірімен өз ара салысты-рыла айтылады.



Жылқының мазасын бөгелек қ а н д а й к е т і р с е, бұл ұйым-дар байдың мазасын с о н д а й к е т і р і п к е л е д і (Мұстафин). Мұнда басыңқы сөйлемдегі арнаулы ұйымдардың байдың мазасын алуы бағыныңқыдағы жылқының мазасын бөгелектің алуымен өз ара салыстырылып айтылып тұр.

Жоғарыдағы тәріздес сөйлемдер әдеби тілімізде көптеп кездеседі, сондықтан да бұларды жеке бағыныңқының бір түрі етіп (салыстыр-малы) алуға да болатын сияқты. Алайда осы мәнде жұмсалған сөй-лемнің құрылысы бастапқы екі түрге (іліктес, кезектес) ұқсас, соны-мен қатар, мұнда да екі жай сөйлемдер арасында бір-бірімен ыңғайласа айтылу дәрежесі бар. Осыған орай, бұл сияқты сөйлем-дерді де ыңғайлас бағыныңқының аясында қараған дұрыс.

Салыстырма мәніндегі ыңғайлас бағыныңқы сөйлемнің құрамын-да айтылатын жұп сөздер әр алуан болады, соларға сай объектілер арасындағы салыстырмалық дәреженің көрінісі де әр қилы құбылып отырады. Мына сөйлемдерді қараңыз:

1. Көмір мәселесі қандай зор б о л с а, сол көмірді беретін жұмысшыларды жабдықтау мәселесі де сондай з о р. 2. Н а д а н М а л қ а р ескі әдетімен е л ді қ о р қ ы т ы п ұ с т а м а қ б о л- с а, залым Ш ә к е н д е р а л д а п ұ с т а м а қ (Мұстафин). 3. Жа-сырылған азық-түліктерінің табылуы осындай қиындыққа түссе, жасырылмаған азық-түліктерді алу о д а н д а қиын 6 о л д ы (Мұқанов).

Бұл үш сөйлемнің де синтаксистік компоненттері бір-бірімен өз ара салыстырыла айтылып тұр, алайда бұл салыстырылу әр түрлі дәрежеде көрінген. Алғашқы сөйлемде компоненттер арасындағы салыстырмалы мән өз ара бір шамада, тепе-тең түрде болса, екінші-сінде — керісінше, әр түрде келіп тұр. Ал, үшінші сөйлемде салыстырылу мәні бір-бірінен асырыла, үстемелей айтылған. Осыған байланысты, салыстырма мәнді ыңғайлас бағыныңқы сөйлемнің өзі үш түрлі дәрежеде қарастырылады.

а)Теңдестік дәреже. Мұнда, жоғарыда айтқанымыздай, компоненттер арасындағы болатын салыстырмалық белгі бірдей дә-режеде, өзара тең түрде болып отырады. Мұндай қасиет б а ғ ы -н ы ң қ ы д а қандай, қалай, қанша, басыңқыда сондай, солай, сон-ша есімдіктерінің қолданылуынан айқын көрінеді.

219
Ажары қ а н д а й б о л с а, ақылы д а с о н д а й (Майлин). Қазірде А б а й к ө ң і л і қ а н д а й с а л қ ы н б о л с а, Д і л д а д а с о н д а й с а л қ ы н. Күнтудың болыс болып шығуы Құнанбай балаларна қаншалық ойда жоқ сұмдық б о л с а, ояздың өзіне де соншалық ж а т көрінген (Әуезов). Гүлнарды бірінші көргенде Байжанның к ө ң і л і қ а н д а й а у с а, сол көргенде Гүлнардың д а көңілі с о н д а й а у ғ а н е д і (Мұқанов). Д а л а қ а н д а й к ө ң і л с і з б о л с а, үйдегілер д е с о н д а й көңілсіз. Келіншек қ а н ш а қызықты б о л с а, о с ы ү й д і ң к ө р- к і д е с о н д а й қызықты (Мұстафин). Дәрігерлер адамның ауруын білуге қандай құмар болса, м е н қыздардың сырын б і л у- г е с о н д а й құмармын (Әбішев).

ә) Әр турлі дәреже. Мұнда компоненттер арасындағы оқиға, әрекеттердің өз ара салыстырыла айтылуы жоғарыдағыдай біркелкі, тепе-тең турде болмай, әр түрлі дәрежеде болып отырады, Соған орай, бағыныңқы, басыңқы компоненттерде әр турде салыстырыла айтылған сөздер қолданылады.



Арқаның масасының шаққаны. бүргенікіндей болса, Сырдың масасының шаққаны бүйінікіндей (Мұқанов).

Бұл сөйлемде екі турлі масаның шағуы өз ара салыстырылып тұр. Ол салыстырылу әр дәрежеде: біреуінің шаққаны екіншісінікіндей емес, тіптен басқаша. Біреуінің шаққаны бургенікіндей болса екінішсінікі — буйінікіндей.

Мына төмендегі сөйлемдерде де объектілер арасындағы салысты-рылу әр дәрежеде болып тұр:

Үлкендер пұшпақ т ы м а қ к и с е, соңгы жылдарда бозбаланың к ө б і осындай тү л к і т ы м а қ қ а а у ы с қ а н е д і. С е н т і л- м е н а й т с а ң, мен д і л м е н, ж ү р е к п е н а й т т ы м (Әуезов). Мына ж е р і ж а з ы қ б о л с а, ана ж е р і белестенген қ ұ м (Мұқанов). О з ы қ елдердің ө м і р і т а р м а -ғ ы к ө п, құймасы к ө п ө з е н с и я қ т ы б о л с а, б ұ л е л д ің ө м і р і о й д ы м-о й д ы м ш а л ш ы қ т а й, т а я з д а, к ө л е м-с і з д е (Мусірепов). Біреулер ыстықтап к ө й л е к-д а м б а л ш а ң, ж а л а ң а я қ н е қ о ң ы л т а я қ кебісшең ж ү р с е, е н д і біреулер ыстық өтпесін деп, с а п т а м а е т і г і н, ш и д е м к ү- п і, с е ң с е ң т ы м а ғ ы н к и і п а л ғ а н (Мұстафин).

б) Үстемелі дәреже. Кейде бағыныңқыдағы амалдан басыңқыдағы амал асыра, кушейтіле, үстемелей айтылып тұрады. Мұндайда басыңқы сөйлем құрамында, көбінесе, одан да кушейткіш үстеуі қолданылады.



Аудан мың ц е н т н е р жоспар берсе, біз екі мың ц е н т н е р қып қабылдайтын болдық (Майлин). Біржола ұмыту қандай қ и- ы н б о л с а, аз уақытта ысырып қоя тұру о д а н д а қиын (Мүсірепов). Стаханов жер жузілік р е к о р д ж а с а с а, Әкімдер о д а н д а а с т ы (Мұстафин).
Көп бағыныңқылы сабақтас сөйлем
Біздің жоғарыда талдаған сабақтас құрмаластармыздың көпшілігі екі жай сөйлемнен (бірі — бағыныңқы, екіншісі — басыңқы) құ-ралған. Соған орай олар біршің мазмұның екіншісі түрлі жақтардан айқындауда сабақтас сөйлемнің әр түрін жасап тұрады. Тілімізде қолданылатын сабақтас сөйлемнің құрамдық аумағы осы көлемде қала бермей, кейде ол кеңейіп те отырады. Мұндайда сабақтас құрмалас прозалық шығармаларда, көбінесе, уш, кейде төрт

220
сөйлемнен тұрса, поэзияда — одан да кеп санда кездесе береді. Қайсысында да болмасын басыңқы компонент біреу-ақ болады да, қалғандарының барлығы бағыныңқы болады. Бұл ретте бірнеше бағыныңқы сөйлемдердің басыңқымен байланысу жолы да әр түрлі болып келеді: бірінде әрбір бағыныңқы сөйлемдер басыңқыға өз беттерімен тікелей, жекелей байланыса алса, екіншісінде бағының-қылар өз ара бір-бірімен байланысып қана өз басыңқысымен үйлесе алады. Соңғысында алғашқы бағыныңқы сөйлемдер өз басыңқысы-мен тек ең соңғы бағыныңқы арқылы байланысып тұрады. Сондықтан да байланысудың бұл түрі бағыныңқылардың бір-бірімен өз ара сатылауы арқылы болады. Осы айтылғанға сай мына сөйлемдерді талдап көрейік.

1. Бірақ қолма-қол жерден айрылғанын өзгелер мазақ етер деп ойлап, ананың қарасы ұзағанша, ө т і р і к сезбеген к і с і б о л ы п іркіліп қалған. 2. Терезенің түбінен қатты жүрген аттылар өтіп, ауыл иті шабалаңдай үріп қоя бергенде, ү й д е г і ш ешелер о я у е д і (Әуезов). Алғашқы сөйлемнің әрбір бағыныңқысын өз ара жекелей басыңқымен қосып айта беруге болады: Бірақ қолма-қол жерден айрылғанын өзгелер мазақ етер деп ойлап, ө т і р і к сезбеген к і с і б о л ы п і р к і л і п қ а л ғ а н. Ананың қарасы ұзағанша, ө т і р і к сезбеген к і с і б о л ы п і р к і л і п қ а л ғ а н. Ал, екінші сөйлем бағыныңқыларының байланысу жолынан мұндай қасиет табылмайды, сондықтан да алғашқы бағыныңқыларды (кейінгісінен басқасын) басыңқымен қосып айтуға болмайды.

Көп бағыныңқылы сабақтастардың өз ара байланысу жолындағы осындай ерекшеліктерді ескере отырып, оларды екі топқа жіктеуге болады: біріңғай бағыныңқылы сабақтас сөйлем, сатылай бағыныңқылы сабақтас сөйлем.

I. Бірыңғай бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Көп бағыныңқылы сабақтастың бұл түрінде, жоғарыда айтқанымыздай, әрбір бағыныңқы сөйлем өз басыңқысымен тікелей, жеке-жеке байланыса алады. Басқаша айтқанда, бірнеше бағыныңқылардың сөйлемді аяқтаушы басыңқы компонентке бағынуы өз ара бірыңғай дәрежеде болады. Бүл ретте бағыныңқы сөйлем баяндауыштары б і р ы ң ғ а й бір тұлғада да, әр түрлі тұлғада да тұра беруі мүмкін.

Түсі с ұ р л а н ы п, екі танауы желбірей түсіп, тентек көздері жиреніш отын шашып отыр. Денесі ә л с і р е п, сүлдері құрыған-дай б о л ы п, зорға келіп арбаға мінді (Әуезов). Мал қораларында да су өзі келіп, сиыр өзі сауылып, бақылап басқарған бірен-саран адамдар ғана жүр. Көрік өзі қызып, балға өзі соғылып, жалғыз ұста қызыл ұшқынды бұрқыратып тұр (Мұстафин).

Бұл сөйлемдердің бағыныңқысының баяндауышы бірыңғай түрде көсемше мен есімше тұлғасында келген де, әрқайсысы мағыналық жағынан басыңқымен жымдаса үйлесе айтылған. Ал, бағыныңқы-лардың баяндауышы әр тұлғамен берілгенде, олардың басыңқымен байланысуы, жоғарыдағы сөйлемдердегідей, тікелей болса да, мағыналық жымдастықтары жағынан аз да болса солғындық байқалады. Мына бір сөйлемді талдап көрейік: Тек бір тар жерге үшеуі бірдей қарбаласып, қақтығып қ а л ғ а н д ы қ т а н, алдыңғы екі ешкі с е к і р і п кеткенде, қос мүйізі шаңырақтай қартаң құлжа енді секіргелі қамданған еді (Әуезов). Мұндағы екі бағыныңқы сөйлемдердің әрқайсысын басыңқымен жекелей қосып айта беруге болады. Алайда бұдан басыңқыдағы қимыл, әрекеттің мазмұны толық ашыла қоймайды.

221
Осы сөйлемдегі негізгі ой — қартаң құлжаның секіруге қамдануы болса, соған түрткі болған жайлардың себептері алдыңғы бағының-қыларда саралай айтылған. Сондықтан да мұндайда бағыныңқылар-ды тізбектей айту арқылы мағыналық жағынан толық жымдасқан бір бүтін сөйлемді түсінетін боламыз. Мына төмендегі сөйлем бағының-қыларының баяндауышы да, жоғарыдағыдай, әр тұлғада келіп, өзде-ріне ортақ басыңқымен тікелей, өз ара тура байланыста айтылған. Соған қарамастан әрбір бағыныңқының өз ара қосыла келіп, топтаса шоғырлануы — басыңқы сөйлемде хабарланган ойдың түрлі жақтан айқындалуын, сонымен қатар, өздерінің (бағыныңқылардың) бір-біріне деген аз да болса мағыналық тәуелдігін көрсетеді.

Қараңғы бөлмеден қомағай көз қадала қарағанда, жалғыз келген жігіттің ақ жағасын к ө р і п, жүрегі лүпілдеп соғып кетті, Жүргіншілер бейіттің жанына келіп т о қ т а ғ а н с о ң, Ісләм жолдасын т а с т а п, өзі арбадан түсіп бейіттің ішіне кірді. Осындай көп себептер қамшы б о л ы п, көп ел соңына түсіп і з - д е г е н с о ң, байларды босатып алған (Әуезов). Ертеңінде тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бір әдемі күн басталыпты (Мұқанов). Жиын есіне түскенде, бетінен оты шықса да, мұғалімнің сөзіне көнбесіне Бектайдың шарасы болмады (Иманжанов).

Сөйтіп, көп бағыныңқылы сабақтастың бірыңғай байланысу тү-рінде басыңқыға деген қарым-қатынас өзіндік түрде, жекелей ыңғай-да бола береді. Бұл ретте бағыныңқы сөйлем баяндауыштары бір түрлі тұлғамен де, әр түрлі тұлғамен де келе алады. Алғашқысында әрбір бағыныңқының басыңқымен мағыналық байланысы күшті жымдасып айтылса, соңғысында — солғынырақ болады. Сондықтан да мұнда бағыныңқылардың бойынан өзаралық мағыналық байланыс сезіліп тұрады.

II. Сатылы бағыныңқылы сабақтас сөйлем. Мұнда әрбір жеке бағыныңқы сөйлем өз бетімен тікелей де тура басыңқы компонент-пен байланыса алмайды. Басыңқымен мағыналық байланыстың болуы үшін алдыңғы бағыныңқы сөйлемдер бір-бірімен өз ара сатылай жалғасуы (біріншісі екіншісімен, екіншісі үшіншісімен... ең соңғысы басыңқысымен) қажет. Бұлай болмаған күнде бағыныңқы-лардың өз ара үйлесе айтылуы жүзеге аспаған да болар еді. Бағыныңқы сөйлемнің ең соңғысы өзінен бұрынғыларды жетектеп, бір жерге шоғырландырады да, оларды өзі арқылы басыңқымен ты-ғыз мағыналық қарым-қатынасқа түсіреді. Сондықтан да сатылай байланысу түрінде ең соңғы бағыныңқы компонент бірден-бір шешуші роль атқарады. Ол өзінен бұрынғы бағыныңқыларды басыңқымен байланыстыруда аралық дәнекер қызметіне ие болып тұрады. Сөйтіп, көп бағыныңқылы сабақтастың осы түрінде басыңқымен тұлғалық, мағыналық жағынан үйлесе айтылу әрбір жеке бағыныңқының өзі арқылы болмай, олардың өз ара бір-бірімен сатылай айтылуы негізінде жүзеге асады. Бұл айтылғандарды мына төмендегі сөйлемдерден айқын байқауға болады.

Қар к е т і п, көк алғаш тебіндеп ш ы ғ ы п, жер д е г д и бастағанда, Құнанбай Қарқаралыдан шығып Тобықтыға қайтты. ¥сақ балалардың көпшілігі жеке-жеке тайға мініп, бірен-саранда-ры екі-екіден м і н г е с і п а л ы п, Абайларға і л е с е шыққанда, жұрттың бәрінің артында қалған Оспан болды (Әуезов). Күз жаң-быр көп болғандықтан, жер қатты к ө к т е п, салқын ауада көкке мамырлап тойған мал, біреу қасына келіп құрықпен жасқамаса, орнынан қ о з ғ а л м а й д ы. Ашу кернегеп оның бет-аузы қ ы б ы р л а п, денесі қалшылдап к е т к е н д і к т е н, отырғандар одан әрі сөз таластырмады (Мұқанов).

222
АРАЛАС Қ¥РМАЛАС СӨЙЛЕМ


Құрмалас сөйлем құрамына енген жай сөйлемдер, жоғарыда ай-тылғандардай, өз ара әрдайым не бірыңғай салаласа, не бірыңғай сабақтаса байланысып отырмайды. Көп жағдайда құрмаласудың осы екі тәсілінің (салаласу мен сабақтасу тәсілдері) бір сөйлем ішінде қа-тарымен келе беретіні болады. Мысалы:

Қарағандының қары биыл бұрқан-тарқан қауырт еріп еді, сай-салалар суға толып, қырдың тентек өзендері сақылдап тасығалы. кемерлеп тұр. Түн бойы жазғандарын хатшыға көшіртіп алып, Ушаков қайта оқып шығып еді, толып жатқан қайшылықтар бар екен. Бүгін жұмысқа кім шықпай қалса, соны көнбегенге санаймын да, бүгіннек бастап есебін беріп, босатып жіберем (Мүсірепов). Көзін сәулеге үйреткен Асқар терезеден қараса, аспан айнадай ашық екен де, нұры, толқи жарқыраған күн түске тармасып қалған екен (Мұқанов). Шарды түбінде елубасылар салып болған соң, санайтын ұлықтардың өзі болмайды, оны осы мынау столда отырған екі тілмаштың бірі санайды (Әуезов).

Мысалдағы құрмалас сөйлемдердің барлығы да аралас құрмалас сөйлемге жатады. Өйткені ондағы әрбір құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөйлемдер бір-бірімен салаласып та, сабақтасып та байланысып келген. Мысалдағы үш жай сөйлемнен құралған алдыңғы құрмаластың бірінші жай сөйлемі екінші жай сөйлеммен салаласа құрмаласқан да, екінші жай сөйлем үшінші жай - сөйлеммен сабақтаса байланысқан. Ал, мысалдың екінші сөйлемінде бірінші жай сөйлем екінші жай сөйлемге сабақтаса байланысса,-екіншісі үшінші жай сөйлемге салаласа байланысқан. Мысалдың кейінгі сөйлемдерінде де осылар тәріздес құрмаласудың екі тәсілі бірдей араластырыла қолданылып отырылған.

Осылар тәріздес құрамына енген жай сөйлемдері бір-бірімен са-лаласып та, сабақтасып та байланысатын құрмалас сөйлем аралас құрмалас сөйлем деп аталады.

Аралас құрмалас сөйлем құрамында үш, немесе одан да көп жай сөйлемдер бола береді. Жоғарыда келтірілген мысалдағы құрмалас сөйлемдер құрамында үш жай сөйлемнен бар. Ал енді: Алғашқы айларда шоқ-шоқ қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда, қазақ жұмыскерлері оны «сары ауыз» деп жүріп еді, қазір сары балшықтың бетін түгел көмір ұнтағы жауып кетті де, ол «қара жыра» атанды. Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, эке, шешесінің дауыстары дабырлап, сөздері үздіксіз шығады да, Лиза үйге қайтса, сөз ортасынан үзіліп, аяқталмай тоқталғаны аңдалады (Мүсірепов) деген сөйлемдердің біріншісі төрт жай сөйлемнен құралса, соңғысы алты жай сөйлемнен құралған.

Аралас құрмалас сөйлем үш жай сөйлемнен құралғанда, ондағы салаласа байланысу да, сабақтаса байланысу да бір-бірден ғана бо-лады. Ал, егер ол төрт, немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған болса, онда салаласа байланысатын жай сөйлемдер де, сабақтаса байланысатын жай сөйлемдер де бірнешеуден болуы мүмкін. Мысалы, осының алдында ғана келтірілген, төрт жай сөйлемнен құралған аралас құрмалас сөйлемнің тек алғашқы айларда шоқ-шоқ қарағанға тіреле төгілген сары балшық ыржиып жатқанда, — деген бірінші жай сөйлемі ғана сабақтаса байланысқан да, — қазақ жұмыскерлері оны «сары ауыз» деп атап еді, қазір сары балшық-тың бетін түгел көмір ұнтағы жауып кетті де, ол «қара жыра» атанды, — деген кейінгі үш жай сөйлем өз ара салаласа байланыс-қан. Ал енді, сол мысалдың алты жай сөйлемнен құралған соңғысында — Лиза ойнап есік алдына шығып кетсе, деген бірінші жай сөйлем.. әке, шешесінің дауыстары

223


дабырлап, — деген екінші жай сөйлемге сабақтаса байланысса, бұл екіншінің өзі... сөздері үздіксіз шығады да, — деген үшінші жай сөй-лемге сабаңтаса байланысады, ал бұл үшінші жай сөйлем... Лиза үйге қайтса, — деген төртінші жай сөйлемге салаласа байланысса, төртіншінің өзі... сөз ортасынан үзіліп, — деген бесінші сөйлемге сабақтаса байланысқан, сол сияқты бесінші алтыншы жай сөйлеммен де сабақтаса байланысқан. Сөйтіп, мұнда төрт жай сөйлем сабақтаса байланысса, бір жай сөйлем салаласа байланысқан. Талданған мысалдарға қарағанда, төрт, немесе одан да көп жай сөйлемдерден құралған аралас құрмалас сөйлемдерде компонент-тердің бір-бірімен байланысу жолдары біркелкі болмайды: бірде салаласа байланысқан жай сөйлемдер көп болса, бірде сабақтаса байланысқан жай сөйлемдер көп болып келе береді.

Аралас құрмалас құрамындағы жай сөйлемдер де бір-бірімен қалыпты салалас құрмалас пен сабақтас құрмаластардағы жай сөй-лемді құрмаластыру тәсілдері арқылы байланысады.

Салалас құрмалас сөйлемдегі сияқты аралас құрмаластағы сала-ласа байланысатын жай сөйлемдер де бір-бірімен жалғаулықтар ар- қылы да, жалғаулықсыз да байланыса береді. Мысалы: Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, бірақ оның реті болмай қалды. Кеше іңірде Жабай жылқының бір шетін қайырып жүр еді, Игілік аулынан құйғытып шыға келген жолбасар жігіттер мұны ортаға алып, оған қасқырдың қозыға жапқан жаласын жапты. Жабай атынан ауытқып құлай берді де, сол аяғы үзеңгіге ілігіп қалып, ол біраз сүйретіліп барып жерге сылқ етті (Мүсірепов).

Мысалдың бірінші сөйлемінде екінші компонент соңғы үшінші компонентпен б і р а қ деген қарсылық жалғаулығы арқылы құрма-ласса, үшінші сөйлемнің бірінші компоненті өзінен кейінгі жай сөй-леммен д е жалғаулығы арқылы құрмаласқан. Ал мысалдың екінші сөйлеміндегі бірінші компонент екінші компонентпен жалғаулық-сыз, іргелесе байланысқан.

Дәл осы сияқты, аралас құрмалас сөйлем құрамындағы жай сөй-лемдердің сабақтаса байланысу тәсілінде де жалпы сабақтас құрма-ластағы жай сөйлемдердің құрмаласу тәсілінен ешқандай өзгешелігі болмайды. Мұндағы сабақтаса байланысатын жай сөйлемдер де өзі жетегінде тұратын компоненттерге етістіктің есімше, көсемше, шарттырай, тағы басқа формалары арқылы құрмаласады. Жоғарыда келтірілген мысалдардағы сабақтаса баиланысқан жай сөйлемдер дәл осы айтылған формалар арқылы құрмаласқан. Сөйтіп, бұл айтылғандардан байқалатын нәрсе аралас құрмалас сөйлем дегені-міз жай сөйлемдер құрмаласуының салалас пен сабақтастан бөлекше тұратын, үшінші бір тәсілі емес, сол негізгі екі тәсілдің — салаласу мен сабақтасу тәсілінің — бір құрмаластың ішіне топтасқан түрі болып табылады.

Аралас құрмалас сөйлем құрамында оның жеке компоненттері ретінде төл сөздердің болуы да мүмкін. Мысалы: «Пушкин дегеніміз төтенше көрініс, және ол орыс рухының бірден-бір қөрінісі болуы да мүмкін», —деп, Гоголъ Пушкиннің орыс әдебиеті тарихын-дағы ролін өте жоғары және соншалық әділ бағалады, — деген сөйлем де аралас құрмалас сөйлемге жатады. Мұндағы төл сөз құрамындағы — Пушкин дегеніміз төтенше көрініс, — деген бірінші жай сөйлем төл сөздің екінші жай сөйлемімен ж ә н е жалғаулығы арқылы салаласа құрмаласса, төл сөздің — ол орыс рухының бірден-бір көрінісі болуы да мүмкін, — деген екінші жай сөйлемі деп көмекші етістігі арқылы автор сөзі болып тұрған жай сөйлемге сабақтаса байланысып тұр, т. б.

224
V. БӨГДЕ СӨЗ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Адам сөйлегенде я жазғанда сол өзі баяндап отырған мәселеге байланысты немесе соған қатысы бар басқа біреулердің сөзін, пікірін келтіретіні болады. Ондай келтірінді сөздер автор үшін басқа біреудің сөзі яғни бөгде сөз болып табылады. Бөгде сөзге әрдайым басқа біреулердің айтқанынан алынған сөздер ғана жатпайды, сонымен бірге, автордың басқа бір жағдайда, басқа бір еңбектерінде айтқан өзінің сөзінен алынған келтірінділері де жатады.

Бөгде біреудің сөзін келтірудегі мақсат әр түрлі. Бірақ солардың ішіндегі ең негізгісі — сөйлеушінің я жазушының баяндап отырған мәселе жөніндегі өз пікірінің, байымдауларының дұрыстығын дәлел-дей түсу мақсаты. Бөгде сөздерді қолдану тәсілі түрлі-түрлі болуы мүмкін: бір жағдайда бөтен біреуден алынған сөз ешқандай өзгеріс-сіз, түп нұсқасы бұлжытылмай қолданылса, екінші бір жағдайда ол азды-көпті болса да өзгертіліп, тың сөздер, грамматикалық тың фор-малар қосылып, немесе жеке сөздері, грамматикалық жеке формала -ры түсіріліп айтылуы да, болмаса біреудің тек пікірі ғана алынып, ол түгелдей автордың өз сөзімен берілуі мүмкін. Соған қарай бөгде сөз төл сөз, төлеу сөз болып екі топқа бөлінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет