Ii синтаксис қ а з а қ с с р-н ы ң «Ғылым» баспас ы алматы — 1967 494. 342



жүктеу 5.26 Mb.
бет3/26
Дата01.03.2018
өлшемі5.26 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Зат есімді тіркестер
Қабыса байланысқан сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір түрі — зат есімнен құралатын тіркестер. Екі зат есім атау күйінде қа-быса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады, мыс.: алтын сағат, ағаш күрек, жібек орамал т. б.

Осындай тіркестер көбінесе екі зат есімнен құралады да, олар өз ара әр уақытта анықтауыштық қатынаста айтылады, бірақ олардың бағыныңқылары сөйлемнің күрделі мүшелерінің құрамына еніп кетуі мүмкін, мыс.: пұшпақ бөрік, алтын жұлдыз, қол тиірмен, қамыс құлақ.

Осы тәрізді, қатар тұру арқылы бірін-бірі анықтайтын зат есімдер тобы екі, үш, кейде төрт сөзден құралуы мүмкін: темір қанат, ба-лапан, қой көз бала, шоқпар бас темір таяқ, су жаңа жібек кілем, қос ауыз мылтық, бір қора қой.

Зат есімдерден құралған сөз тіркестері тұрған орнына қарай бай-ланысқанда, әрбір анықтауыштың тіркес фразалык, (ритмикалық) бір екпінге бағынып, екпін жағынан бір түйдек болып тұрады.

20
Синтаксистік байланыста айтылып, мағыналық топ болып тұра-тын сөз тіркестері түркі тілдерде, оның бірі қазақ тілінде, көбінесе екі (кейде одан да көп) сөздің қатар тұруы арқылы жасалады.

Екі сөзді қалай болса солай қатар қоя салудан сөз тіркесі жасала бермейді. Өйткені, есімдерден құралған тіркестер тобына кез келген зат есім ене бермейді. Оған өз ара мағыналық байланыста бола алатын сөздер, тілде солай айтылып үйреншікті болған сөздер ғана енеді. Сондықтан тас жол, темгр күрек, қол сағат деп айтылады да, керісінше, жол тас, күрек темір, сағат қол деп айтылмайды (орын ауыстырып айтуға болатын жағдайда басқа мағыналық қатынасты білдіреді, мыралы: сағат қалта — қалта сағат, көз әйнекәйнек көз). Зат есімдерден болған сөз тіркесінің бірінші сыңары көбінесе конкретті, материалды заттың аты, кейде солай ұғынылатын басқа есімдер болады. Күш, өнер, өнеге, қайрат, әрекет, айла, айбат, сес, ұйқы, тәртіп, абырой, кінә, түс, обал сияқты абстракты зат есімдер сол түбір қалпында ол топтың бірінші сыңары болып айтылмайды 2.

Бірқатар зат есімдер, жоғарғыдай, анықтауыштық құрамда жұм-салу үшін ол екеуінің алдында басқа анықтауыштар болуды керек етеді; мысалы, жалғыз аяқ жол, бір арқа отын, бір қайнатым шай, екі асым ет, қалқан құлақ бала дегендерді аяқ жол, арқа отын, қайнатым шай, асым ет,құлақ бала деп айтуға болмайды. Сондай-ақ зат есімді тіркестің бағыныңқы сыңарлары тек қос сөз ретінде айтылады да, дара қалпында ондай сөз тіркестерін құрай алмайды. Мыс.: қора-қора қой, тау-тау қырман, үйір-үйір жылқы, мая-мая шөп, тарам-тарам жол, білем-білем қазы.

Бірқатар зат есімдер жалаң қалпында тіркеспейді де, олардың алдында ұзын, келте, биік, шолақ ,қаба сияқты сын есімдері болса, тіркеседі, мыс.: Ұзын құйрық жылан, келте құйрық ат, биік өкше етік, шолақ етек белсенді, қаба сақал шал.

Мұндай күрделі сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары кейде тұрақты тіркес болады да (мыс.: қалқан құлақ , бұлан құйрық, қаба сақал, салпы ерін), кейде бірін-бірі анықтайтын еркін тіркес құрамында жұмсалады.

Қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің мағыналық қаты-настары әр түрлі: кейде екі зат есім тіркесіп бір заттың қандай заттан істелгенін білдірсе (мыс.: күміс сағат, темір пеш), кейде не үшін жұмсалатынын (мыс.: өкше біз, кір сабын) т. б. мағыналарды білдіреді. Олардың қандай мағынада жұмсалуы құрамында сөздердің түр-түрі болуымен байланысты. Мысалы, қол сағат — қолға тағатын сағат, электр сағат — электр күшімен жүретін сағат; тас жол — тас төселген жол, тас балға — тасты тегістеу үшін жұмсалатын балға, тас жүрек — жүрегі тастай, мейірімсіз деген мағынада.

Осылардай, қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің мазмұны бағыныңқы сыңар мен басыңқы сыңардың құрамына, өз ара ма-ғыналық байланысу ерекшеліктеріне қарай түрленеді.
Сын есім мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері
Дүниеде әр алуан зат болса, сол заттардың бірін екіншісінен айыратын не көбіне ортақ сыны, сапасы болады. Заттардың сондай ерекшеліктерін білдіретін сөздер — сын есімдер. Олар заттың сындық, сапалық қасиеттерін білдіретін сөздер. Өйткені затсыз сын жоқта, сынсыз зат жоқ. Сондықтан сын есімдер мен зат есімдер біте
2 Сыр мінез, тұтқын қыз, күлім көз, сандырақ сөз, жетілік қарга сияқтылар бұған жатпайды.

21
қайнасып, бірі екіншісіне қатысты болып, есімді сөз тіркестерінің үлкен тобын құрайды. Бұл құрамда сын есімдер сөз тіркесінің бағы-ныңқы сыңары қызметінде, анықтауыштық қатынаста зат есіммен қабыса байланысады. Анықтауыштық қатынастағы сын есімдер мен зат есімдер тобы әр түрлі сөздерден құралатындықтан, солардың лексикалық мағыналарының ерекшеліктеріне сәйкес сөз тіркес-терінің анықтауыштық мағыналары да әр алуан болады. Мысалы, анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сапалық есімдер заттың т ү -с і н (ақ қар, боз ат, көк шөп, қызыл гүл, тарғыл сиыр), заттың көлемдік сапасын (тар жол, қысқа жіп, кең сарай, жалпақ тақтай, үлкен қайрақ , терең көл), заттың т а б и ғ и күйін (қалың қарағай, салқын жел, тәтті тамақ), адамның, басқа заттың і ш к і сыпатын (жақсы кісі, жаман жолдас, жуас ат, шабан үйрек, сараң әйел), тамақтың д ә м і н (тәтті қауын, ащы сорпа, қышқыл жеміс), заттың с а л м а қ т ы қ сапасын (ауыр жүк, жеңіл чемодан) т. б. білдіреді.

Осындай, әр түрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез келген зат есіммен тіркесе бермейді және барлық сын есімдердің зат есімдермен тіркесу қабілеті бірдей емес. Мысалы, тілемсек деген сөз адамның ғана сынын білдіреді. Сондықтан оны тілемсек кісі, тілемсек бала, тілемсек шал сияқты құрамда айтуға болады. Сол сияқты, асау сөзін асау ат, асау бие, асау тайлақ сияқты құрамда айтуға болады да, асау бала, асау шал, асау тау деп айту ерсі болады. Оның себебі әрбір сын есімнің білдіретін лексикалық мағынасы белгілі заттың (не заттардың) заттық ерекшелігімен үйлесімді, белгілі затқа (не заттарға) тән сапа болады. Сондықтан, мысалы, қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың, асау сөзін көлік малын білдіретін заттардың сапасы деп айтуға болады. Көркем әдебиетте, ондай, белгілі ғана заттың сапасын кейде мағыналық үйлесімі кем басқа затқа теліп, сол арқылы сөз тіркесінің мазмұнын көрікті етіп әсірелеуге болады, мыс.: асау жүрек, асау толқын, жалынды жас, әсем өмір, сұлу сөз.

Заттың түсін білдіретін сын есімдерді кез келген сондай түсі бар затпен еркін тіркестіре беруге болады, мыс.: ақ қағаз, ақ қар, ақ гүл, ақ бидай, көк шөп, көк қағаз, көк бояу, көк аспан. Бұл жағынан малдың түсін білдіретін сын есімдердің жұмсалуында үлкен айырмашылық бар: біріншіден, ақ, көк, қара, қызыл, тарғыл, жирен түстерді мал аттарымен тіркестіргенде, олардың түсі басқа заттардан ерекше болып үғынылады; екіншіден, ондай түстердің бәрін бірдей барлық малдың түсі ретінде қолдануға болмайды..

Сапалық сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында сөз тіркесінің бірінші (бағыныңқы) сыңары түбір қалпын өзгертпейді де, екінші (басыңқы) сөзі түрлі тұлғада айтыла береді. Бірақ соңғының жалғаулы болуының бұл сөз тіркесіне ешқандай қатысы болмайды.

Салыстырмалы шырай сындық сапаның басқа заттың сапасынан артық-кемдігін білдіру үшін жұмсалатындықтан, ондай шырай тұлғалы сын есімдер зат есімдермен қабыса байланысқан тіркес құрамында онша көп айтылмайды. Олар сол салыстырмалы шырай мағынасында көбінесе баяндауыш қызметінде жұмсалады, мыс.: үлкендеу б ө л м е г е екі адам кірді. Бұл бөлмеміз ана бөлмеден үлкенірек.

Күшейтпелі шырай өзі қатысты заттың сындық сапасы әдеттегі-ден артық екенін білдіретіндіктен, зат есіммен қабыса байланысып есімді сөз тіркесінің құрамында өте жиі кездеседі. Ал салыстырмалы шырай жұрнақтары, жалғанған сын есімдер зат есімді сөз тіркесінің құрамына ену үшін көбінесе «келген» көмекші етістігі арқылы ұласады, мыс.: қып-қызыл қан, үп-үлкен қора; өте әсем қалалар, ең жақсы студент; үлкендеу келген көзі (бар), биігірек келген үйлер (тұр).,

22
Кейбір сапалық сын есімдердің мағыналарын күшейту үшін олардан бұрын тастай, сүттей, удай тәрізді қатыстың сындар айтылады, мыс.: тастай қатты қол, сүттей жарық аспан, удай ащы дәрі, зілдей ауыр таяқ.

Қатыстық сын есімдерді бөлек-бөлек алғанда, олардың зат есім-дермен тіркесу қабілеті онша мол болмайды. Туынды сындар көбінесе белгілі зат есімдер тобымен ғана тіркесе алады, мыс.: желсіз дала, бауырмал адам, шіңкілдек дауыс, талапты жас, ақылды бала, қалалық совет.

Сын есімдер, әдетте, зат есімдерге қатысты болатындықтан, зат есімнен жасалған туынды сын есімдердің де сапалық анықтауышта-ры бола береді. Басқаша айтқанда, сапалық сын есімдер қатыстық сын есімдермен тіркеседі; сонымен қатар зат есімдер туынды сын есімдермен, сын есімдер зат есімдермен тіркесіп, күрделі анық-тауыштық топ құрайды:



в) ¥зын б о й лы, талдырмаш д е н е л і жігіт Асқардың замандасы (Мұқанов). ¥ з ы н б о й л ы, қыпша б е л д і жас жігіт Құдайберд і мен к е ң ж а у ы р ы н д ы Қамысбай ойға түсе бере көштің алдын көлденеңдеп жарысып барады (Әуезов). С ұ ң ғ а қ б о й лы, биік м а ң д а й л ы, қ ы р м ұ ры н д ы Ә б іш жұқа ерін, қ ы з ғ ы л т ж ү з д і, сәнді киінген ж а с жігіт (Әуезов). А қ ж а у л ы қ т ы келіншектер, үкілі к а м ш а т бөрікті қыздар көрінді. (Әуезов). Ол... үлкен денелі, саба қ ұ р с а қ т ы, ұзын с а- қ а л д ы, байсалды кісі бопты (Мұқанов);

ә) б и д а й өңді, үріп ауызға салғандай к е л і н ш е к есік алдына шықты (Майлин).

Сапалық сын есімдер сапалық сын есімдерге қатысты болып, лек-сикалық түйдекті тіркес тобымен зат есімге қатысып, туынды және күрделі сын есімдер зат есімдерді анықтап есімді сөз тіркестерін құ-райды, мыс.: қара торы жігіт, ақ сары бояу, көк ала қаз, қара ала бұлт; қасқыр ішікті мырзалар, сүттей жарық аспан, тастай қатты қол, қудай аппақ шаш.

Әдетте, сын есімдер зат есімдердің алдында тұрып анықтауыш-тың қатынаста жұмсалғанмен, кісі аттарына қатысты сын есімдер олардан кейін де тұра береді, мыс.: Біреуді біреуге ұтылап салып, дау туғызбаса, Нүрпейіс пысықтың ішкені ас бола ма? (Майлин).

Сын есімдер анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерінің б а-сыңқы сыңары болуы да мүмкін. Ол үшін олар субстантивтеніп зат есімдердің қызметінде жұмсалады; мыс.:
К е б е ж е қ а р ы н ж у а н д а р,

Сатылған байға суандар,

Қосылып өңкей қу зәлім

Ыржақтап ардан шығып тұр (Сейфуллин).
Сан есім мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері
Лексика-грамматикалық мағыналары аян сөз табының бірі — сан есім. Олардың лексикалық мағыналарымен әуендес көп, аз, бір-ақ, бірталай, толып жатқан, ұшы-қиыры жоқ деген тәрізді сөздер мен сөздер тобы бар. Бұларды да кейбір ғалымдар сан есімдер қатарына қосады. Өйткені олар санмен айтуға болатын үғымдардың орнына жүреді де, заттың санына қатысты сапаларын білдіреді. Ондай алдамшы ұқсастык, сан есім мен сын есімнің арасындағы жақындықтың айғағы бола алар, бірақ көп, аздар сан есім емес, — сын есімдер.

23
Сан есімдер — заттың анық с а н ы н, сан ретін не мөлшерін білдіретін сөздер. Олардың сын есімдерге ұқсас жері — зат есім-дерге қатысты болу арқылы анықтауыштық қатынаста жұмсалуы. Сан есімдер сол құрамда зат есімдерді сан жағынан анықтайды. Олар кейде үйге кірген екеу, екінің бірі, өзгеде құлақ екеу болса, секретарьда төртеу сияқты тіркестерде сөз тіркесінің басыңқы сыңары болуы мүмкін. Бірақ ондай өте сирек кездесетін мысалдарды елемегенде, сан есімдердің синтаксистік табиғаты басыңқылықты суймейтін, негізінде бағыныңқылың ыңғайда жұмсалатын сөздер екенін аңғартады, мыс.: екі бие ел асы, үш бие бұлақ басы, бір бие жоқтың қасы (мәтел).

Сан есімдер зат есімдермен не олардың орнына жұмсалған басқа есімдермен қабыса байланысып анықтауыштық қатынаста жұмсал-ғанда, өздері қатысты есімдердің ең басты сандық сапасы ретінде бір санның басқа санмен алмасу шегі болмайды. Сондықтан оларды, сын есімдермен салыстырғанда, зат есімдермен тіркесу қабілеті күшті сөздер деп танылады, бірақ сан есімдер барлық зат есімдермен тіркесе бермейді, олар талдап, даралап санауға болатын заттармен тіркеседі де, бөлшектеуге келмейтін абстракты зат есімдермен тіркеспейді. Өйткені алдыңғылар — санауға болатын заттар да, соңғылар — санауға болмайтын заттар, мыс.: қой, ағаш, үй, адам, қалам, терезе сияқтылар бір топ та, қылық, жақсылық, мінез, қытық сияқтылар бір топ.

Сан есімдер тіркесе бермейтін, екінші топқа жататын зат есімдер былай бөлінеді:

1. Абстракты сапалық зат есімдер, мыс.: жақсылық, тазалық, жалқаулық, білімділік, сезімталдық, сұлулық, әсемдік, қор-қақтық; қорқыныш, мінез, қытық, наз, әдет т. б.

2. Процесті білдіретін абстракты зат есімдер, мыс.: гүрсіл, тарсыл, ызың, тартыс, жалғас, айтыс, қарбалас т. б.

3. Қоғам құрылысы, ілім — ғылым аттарын білдіретін зат есімдер, мыс.:

Феодализм, капитализм, социализм, коммунизм; марксизм, ло-гика, психология, химия, биология, педагогика. Бұлардан басқа нақ-ты заттармен сан есімдердің жинақтау тобынан өзге топтары еркін де, тұрақты да тіркес құрамында жұмасала береді.

Сан есімді сөз тіркестерінің сыңарлары тұлғалану жағынан бірі-не-бірі әсер етпейді. Басқаша айтқанда, тиісті грамматикалық тұлғалар басыңқы сөзге жалғануына қарап сан есім де тұлғаланбайды. Сонымен қатар сан есімдер арқылы заттың көптігін білдіргенмен, бағыныңқы қызметтегі зат есімдер көптік жалғауда айтылмайдыг мыс.: бес кісінің екеуі, он үйден бір уәкіл, ол алты кісі сыйлық алды; он ешкі, қырық саулық, мың қой, оныншы мектеп, алтыншы бригада.

Жинақтау сан есімдерден басқа сан есімдердің бәрі де анықтау-ыштық қатынаста санауға, есептеуге болатын заттардың атын білді-ретін сөздермен тіркескенде, есептік сандар заттардың қанша екенін білдірсе, реттік сандар заттың сан ретін нешінші екенін білдіреді.

Класта ж и ы р м а т ө р т оқушы сабаққа қатысуга тиіс (Иманжанов). Бөлмеге жаңа екі қонақ келіп кірді (Мұқанов). Бірінші хатым Володяға... жазылды. Бірінші тәжірибе пеші қақ жартыдан артық мыс берді (Мүсірепов). Ү ш і н ш і қ а м б а ғ а аяғын тығып алып, қайтадан ілгері ұмтылғанда, т ө р т і н ш і бір бәленің иісі аңғарылды (Мүсірепов).

Болжалды сандар есімді сөз тіркесінің құрамында заттың сандық сапасын шама мөлшері ретінде көрсетеді.



Олжабек ү ш ж ү з д е й жылқыны айдап келеді (Мұстафин). Біз болсақ, бес-алты қырқаны сыртынан бағып отырмыз (Мүсі-

24
репов). [Біз] Мына е к і-ү ш қараны бағып, қағып отырмыз (Мұста-фин). Фабрика-завод мектебінде т ө р т жүзге жуық қазақ бала-сы оқып жүр (Мұстафин). Ол жаққа екі-үш жүзге тарта жігіт кетіп еді (Мұқанов).

Бұл мысалдарда көрсетілген есімді сөз тіркестері күрделі. Сондай күрделі сөз тіркестері сан есім мен туынды сын есімдер тобының зат есімдерге қатысы арқылы да жасалады, мыс.: екі шекті домбыра, үш сеялкалы агрегат, бес балалы ана.

Сан есімдер уақыт, салмақ, көлем өлшемін білдіретін сөздерге және жасар, жастағы сөздеріне қатысты болу арқылы да күрделі есімді сөз тіркесін құрайды; үш күндік жол, алты айлық азық, бес тонна бидай, он километр жер, жүз метр мата, он жасар бала, он алты жастағы қыз.

Сан есімдер субстантивтенген сапалық сын есімдерге бағынып та анықтауыштық қатынастағы есімді сөз тіркестері жасалады; мыс: екі жақсы, үш еріншек.

Олар қатыстың сын есімдермен тіркесіп күрделі сөз тіркесін жа-сайды, мыс.: қос ішекті домбыра, екі аяқты жәндік, үш балалы ана, сұр шекпенді, еңкек денелі жігіт.


Есімше мен зат есімнен құралған сөз тіркесі
Есімше — зат есімнің қимылдық сыны. Ол сын есім сияқты сеп-теледі, тәуелденеді, көптік жалғауды қабылдайды. Есімшелер сын есімдер сияқты зат есімдермен қабыса байланысып анықтауыштық сөз тіркестерін құрастыруға жиі қатысады. Сөйтіп, заттардың анық-тауыштары болу жағынан да олар сын есімдерге ұқсас. Айырмашы-лығы — сын есімдер заттардың түсін, түр-тұрпатын, сапасын білдірсе, есімшелер олардың қимыл процесін, қимылдың сапасын білдіреді. Сол айырмашылығын байқау үшін сын есім мен сын, зат есім түбірлі есімшелердің зат есімдермен тіркесін салғастыры-ңыздар, мыс.: көк аспан көгерген аспан; ақ үй ағарған үй; семіз мал семірген мал; жас кісі жасарған кісі; гүлді ағаш гүлдеген ағаш; майлы етік майлаған етік.

Есімшелер есімді сөз тіркестерінің құрамында өздері қатысты заттардың не ісі-әрекеті, күйі есебінде не тек тосыннан қосылған қи-мылдық қалпы ретінде жұмсалады, мыс.: келген кісі, шақырған ба-ла, сайраған бұлбұл, көгерген шөп; жайнаған дала, қызарған аспан, айтар сөз.

Есімшелердің ішінде зат есімдермен берік байланыста жиі кезде-сетіндері -ғ ан тұлғалы есімшелер. Бұлар сол құрамда өткен шақтық та, жатыс жалғаулы сөзді меңгерген есімше, осы шақтық та ма-ғыналарда зат есімдердің арнаулы ңимыл процесін білдіреді, мыс.: маңыраған қой, күлген бала, жиналған жұрт, ұшқан құс; үйде отырған бала, жерде жатқан таяқ, колхозда жүрген үгітші.

-ғ а н... тұлғалы есімшелердің зат есімдермен берік байланысының нәтижесінде олардың біразы сын есімге айналып кеткен. Олардың есімді сөз тіркестерінің құрамында жұмсалуына мысалдар: көреген кісі, сүзеген сиыр, қашаған ат, жатаған есек. Береген қолым алаған.

Келер шақтық есімшелер анықтауыштық қатынастағы сөз тіркес-терінің бағыныңқы сыңары қызметінде онша жиі кездеспейді. Солардың ішінде –а-т ы н, -е-т і н тұлғалы есімшелер -а р, -е р, -р, -с тұлғалы есімшелерден есім сөз тіркестерінің құрамында көбірек жұмсалады:



С ө з б і л е т і н а д а м н ы ң әр сөзінде бір тұзақ (мақал).

25
Қ о л д а н к е л е р ж ә р д е м д і көрсеттік (Мүсірепов). С ө й - л е й т і н ж е р і м жаңа табылды. А й т а т ы н а р ы з ы м ы з бар (Мұстафин). Ақылы жоқ адамға адырайған к ө з бітер, дуасы жоқ ауызға сылдыраған сөә з бітер (мақал).

Есімшелер үйірлі тіркес құрамында және оларға қатысты үстеулер мен септік жалғаулардағы есімдер, есімше тұлғалы көмекші етіс-тікке қатысты есімдер күрделі сөз тіркестерінің құрамына енеді:

Б о я у ы к ө ш к е н қарақожалақ пеш, тісі сынған қара сан - дық, ж е р г е т ө с е г е н шоқпыт құрым к и і з, б о с а ғ а д а тұрған с ө р е, сөре үстіндегі кетік шара, аяқ-табақ бәрі де көзге жат секілді көрінеді (Майлин). Сіз-біз деген жылы с ө з тіріліктің қанибеті (мақал).

Есімшелер дара күйінде де, жетегіндегі сөздер тобымен де суб-стантивтенген сын, сан есімдерге қатысып, есімді сөз тіркестерін құрауы мүмкін:



С ө й л е й б і л м е с ж а м а н д а р сөзді өзіне келтірер (мақал). О қ у ғ а ынталанбайтын ж а с бар ма қазір (Мұқанов). Үйде с ә л- д е к и г е н б і р е у отыр (Көбеев). ...көзі адырайып, а д а м б е й н е с і к е т к е н б і р е у есіктен кірді (Майлин).
Есімдіктер мен зат есімдерден құралған сөз тіркестері
Есімдіктер — орынбасар сөздер. Олар көбінесе есімдердің орнына жұмсалатындықтан, олардың сөз тіркестерін құрауға қатысын да сол есімдердің орайына қарай болжауға болады. Негізінде зат есім, сын есім, сан есімдер қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болатынындай, солардың орнына жұмсалатын сұрау есімдіктері (қандай, қай, қанша, неше, нешінші), затты нұсқау үшін жұмсалатын сілтеу есімдіктері және заттың қосынды сапасын білдіретін жинақтау есімдіктері қабыса байланысқан анықтауыштық сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары болып жиі кездеседі.

Бұл құрамда ерекше көзге түсетін есімдіктер деп сілтеу есімдік-терін айтуға болады. Олар заттардың а л ы с-ж а қ ы н д ы қ, дәлдік қасиетін білдіру үшін кез келген зат есіммен тіркесе береді, мыс.: мына ат, ана тау, ол бала, сонау дала; осы пікір, бүл сөз.



Осы, бұл, ана(у), сонау есімдіктері уақыт мөлшерін білдіретін зат есімдермен тіркесіп мезгілдік қатынастағы сөз тіркестерінің де құра-мында айтылады, мыс.: осы күндері, бұл күні, ана жылдары, сонау күндерде.

С ұ р а у есімдіктері зат есімдермен қабыса байланысып, сөз тіркестерінің анықтауыштық сыңарлары болғанда, зат есімдердің сындық, сандық сапаларын айқындауды тілейді, мыс.: қандай кісі?, қай қала?, қанша саулық?, неше үй?, нешінші бригада?

Жинақтау есімдіктері зат есімдермен қабыса байланысып, есімді сөз тіркесінің құрамына енгенде, зат есімдердің жинақталған жалпылама мөлшерін білдіреді, мыс.: бүкіл дүние, барлық жұрт, күллі халық, бүтін әлемге.

Ө з д і к есімдік те зат есімдермен қабыса байланысып, сөз тір-кестерінің бағыныңқы сыңарлары бола алады. Ондай есімді сөз тір-кесінің басыңқы сыңарлары тәуелдік жалғаулардың бірінде өздік есімдік жалғаусыз ілік септігінде айтылады, мыс.: өз үйім, өз шешең, өз баласы, өз сөзі.


Үстеулер мен есімдерден құралған сөз тіркестері
Үстеулер — өздерінің лексикалық мағыналарына лайық заттың қимыл процесін айқындайтын сөздер. Солай болғандықтан олар көбінесе етістіктерге қатысты болып, етістікті сөз тіркесінің құрамында жиі қолданылады. Сонымен қатар олар есімді сөз тіркестерінің де құрамына еніп, олардың бағыныңқы бөлшегі қызметінде жұмсалады. Үстеулердің есім сөздермен тіркесуі кездейсоқ құбылыс емес, әдеби тілде әлсін-әлсін кездесіп отыратын елеулі құбылыс. Бірақ үстеулердің бәрі емес, тек мезгіл үстеулері есімді сөз тіркестерінің құрамына ене алады. Олар сөйлем ішінде зат есім, сын есім, сан есім және бар, жоқ сөздеріне қатысты болып, солармен қабыса байланыста көп ұшырайды, мыс.: бүгін жайлауда, енді көңілді, қазір жас, биыл жетіде, бүгін бар, ертең жоқ.

Бұл мысалдардағы сөз тіркестері мағыналық байланысы берік сөздердің үйлесуі негізінде жасалмаған, олар бүгін келді, енді айта-ды, қазір барамын сияқты тіркестер емес, мағыналық байланыс ар-қауы бос тіркестер. Олай дейтін себебіміз — мезгіл үстеулері есімдермен тіркескенде, олардың тіркесу қабілеті айқын болғандықтан және мағыналық байланысы берік болғандықтан тіркеспейді, сөйлемнің жалпы мазмұны керек ететіндіктен ғана есімді сөйлемнің құрамына еніп, есім баяндауышқа мезгілдік мағына үстеу үшін тіркеседі:



Қасен қ а з і р колхозшы (Көбеев). Біз де бүгін в а х т а д а м ы з (Ерғалиев). ¥лпа б и ы л ж е т і д е (Майлин). Б о з б а л а м ы н мен де е н д і (Жамбыл). Елсіздегі қарақшылар түнде б е й қ а м, күндіз с а қ (Мұстафин). Осы Шыңғыстың осы қара желі өзге уақыттың бәрінде жацсы болғанмен, дәл к ү з д і г ү н і ж а й - с ы з-а қ (Әуезов). Қ аз і р жалғызбын ғ о й, көріп отырсыз (Мұстафин). Айранбайдың жасы қазір 40-т а (Майлин).

Мезгіл үстеулер сөйлемде баяндауыш болған есімдерге ғана қа-тысты болатындықтан, олар есімдерден қашықтап тұрып, олармен жанаса байланысуы да мүмкін:



Қ а з і р ол м а л б р и г а д и р і (Мұстафин). Сәрсеннің қ а з і р екі немересі б а р (Көбеев). Б ү г і н онда бір түрлі сергектік, сезімділік б а р (Әуезов). Жомартта ә л і үн ж о қ (Мұстафин).
МАТАСА БАЙЛАНЫСҚАН ЕСІМДІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26


©kzref.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет