Iii халықаралық Ғылыми форум «ххі ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы»



жүктеу 25.91 Kb.
Дата13.09.2017
өлшемі25.91 Kb.

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ


III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ ФОРУМ

«ХХІ ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы»
26-28 сәуір, 2017 жыл Алматы, Қазақстан Республикасы



III INTERNATIONAL SCIENTIFIC FORUM

«Philological Science in XXI century: problems and prospects»
26-28 April, 2017

Almaty, Republic of Kazakhstan





Ақпараттық хат
Құрметті жетекші және жас ғалымдар!
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филология және әлем тілдері факультеті қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы сіздерді 2017 жылы 26-28 сәуірде сырттай түрде өтетін «ХХІ ғасырдағы филология ғылымы: мәселелері мен болашағы» атты Халықаралық ғылыми форумның материалдарына мақала жариялауға шақырады.
Форум жұмысының негізгі бағыттары:
Әдебиеттану және фольклортану:

  1. Әдебиеттанудың теориялық және методологиялық мәселелері.

  2. Қазіргі қазақ әдебиеті және классикалық әдебиет: интерпретациялық мәселелер.

  3. Қазақстан мәдени кеңістігіндегі шетел әдебиеті.


ІІ. Лингвистика:

  1. Қазіргі тіл білімінің өзекті мәселелері.

  2. Мәдениаралық катыныстар және аударма мәселелері.

  3. Тіл және қазіргі қоғам.


ІІІ. Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі:

  1. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жаңаша әдіс-тәсілдер.

  2. Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудағы жаңаша технологиялар.

  3. Қазіргі филологиядағы пәнаралық зерттеулер.

  4. Филологиялық білім: қазіргі күй және болашақ.

Форумға ғылыми қызметкерлер, оқытушылар, магистранттар мен докторанттар қатыса алады.



Форумға қатысу үшін мақалалар 2017 жылдың 25 сәурге дейін қабылданады.
Форумның материалдар жинағының электрондық нұсқасы 2017 жылдың 25 мамырға дейін жіберіледі.

Мақалаларға қойылатын талаптар:

1. Жарық көретін материалдардың мазмұны:

а) мақала атауы; б) автор(лар)дың аты-жөні. Ғылыми атақ-дәрежесі, жұмыс орны мен қызметі қоса көрсетілуі тиіс.

2. Мақала көлемі – 5 бет.

3. Материалдар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде: әріп түрі – Times New Roman. Әріп көлемі – 14. Жан-жағы – 2 см. Бір интервалмен басылуы қажет.

4. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі мақаланың соңында көрсетіледі. Әдебиеттерден пайдаланылған сілтеме қиғаш жақшамен беріледі (мысалы: [1, 89-б]). Әдебиеттерден алынған дәйектеме қайталанса, алғашқы сілтеменің рет-саны көрсетіледі.

5. Мақала электрондық түрде қабылданады.

6. Мақаланың соңында міндетті түрде ағылшын тілінде түйін беріледі (5-6 сөйлем көлемінде)



7. Мақаланың басылым ақысы – 2000 теңге.
Өтініштер мен жарық көретін материалдар мына мекен-жайда қабылданады: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71. ҚазҰУ Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы (3-қабат, 323, 325-каб.).

Форумға қатысу үшін ғылыми материалдарды мына e-mail: teorialit@list.ru жіберуге сұраймыз.

Байланыс телефондары: Қазақ әдебиеті және әдебиет теориясы кафедрасы +7(727) 3773339 (+1328, 1330 санын қосымша теріңіз).
Каталог: downloads -> materials
materials -> Бағдарламасы «Білім берудегі инновациялар: бағдарлар мен үрдістер»
materials -> Бақылау күндері: 3-28 қазан – жоо-ның үздік оқытушысы – 2016 байқауының факультетішілік кезеңін өткізу. 31 қазан
materials -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты АҚпараттық хат павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
materials -> Ақпараттық хат құрметті әріптестер!
materials -> 6D020500 – Филология
materials -> Атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізеді. Конференцияға әдебиеттану, тілтану саласының кәсіби мамандары, мектеп мұғалімдері, магистрант-ізденушілер шақырылады. Конференция барысында талдау нысаны болар мәселелер
materials -> Емтихан өткізудің мақсаты мен міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:


©kzref.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет