Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова алғаш ұлының сахнаға шыққан сәтін есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Продюсердің айтуынша, алғашқы концерт Түркістан қаласында өткен. 

“18 жыл бұрынғы фото. Қайрат Нұртас Түркістандағы концертінде түскен екен. Қасында қыздар қазір ана болып отырған шығар”, – деп жазды продюсер. 

Сонымен қатар өнер иесі бүгінде Қырғызстанда ән сапармен жүр. Алайда продюсерге хабарласып, билет таппай жатқан халықтың қарасы көп көрінеді. 

“Қырғыз елінде KN концерті өз мәресіне жетті. Кеше билет таусылып қалды деп, елдер менен билет сұрап жазып жіберіпті. Аллаға сансыз шүкірлер айтып отырмын. Концерт біткен кезде халық жібермей, қайта шақырып, қосымша тағы 3 ән айтып бәріне алғысын айтып қазір ғана тарқағандарын да жанкүйерлері жеткізді. Қырғыз елі өз әншілерінен де жоғары бағалайтынын, Қайрат жайлы жаман ештеңе естігілері келмейтінін ылғи да кез-келгені айтып, мақтанып отырады. Аналық жүрегіммен қырғыз еліне алғысым шексіз!”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Айта кетейік, әнші 35 жасқа толу туған күнінде Тараз бен Шымкент қалаларында ән кешін өткізбек. 

“Керемет кештің куәсі болып, әсем әннің толқуында би билеп қайтыңыздар. Сіздермен бірге әкесі екеуміз де барамыз!”, – деді продюсер.  

 

 

 
 

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

 
 
 

 
 

 
 
 

 
 

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)


Автор: Жанара Кенжебекова

Жанара — исследовательница культуры и традиций. Ее статьи поднимают важные темы многообразия культур Казахстана.